ВЕРНУТЬСЯ

        (Туған куніне арнап)

        Біздің үйде
қаққан кез жыр қанатын,

Қайдасың деп
болашақ, зулады атың,

Бүгін менің
Жазкемнің туған күні

Ол да осындай
әдемі күн болатын.

Әйелге тән
қасиетті ізгі күймен,

Әр сөзімен жаныма сезім үйген

Әлиша апам
басқарған

бір топ апа

Шампан ішті сол
күні біздің үйден.

Келді үйіме
қуаныш Күн анадан,

Алғыс айтуым
керек сірә да оған.

Бауы берік
балаңның болсын деді,

Бата беріп бар
ана мына маған.

Күн тараған,
бойынан нұр тараған

Сені ерекше
сүйетін Қымқап анаң.

Жаңа үйренген
біздерден әндерінді

Ылғи айтып
беруші ең шырқап оған.

Ешқайсымыз
көрмедік жасқап сені,

Аялады өзіңді
асқақ сенім.

Машинама отырып
ап ән бастаушы ең,

Бала қиял алысқа
бастап сені.

Машина да
тартатын жұлқи алға,

Бір шашқан соң шұғыласын нұр тияр ма.

Әнші болар ма
екен деп осы сәулем,

Біз кетуші ек
беріліп бір қиялға.

Қиялыңның құстарын алға астырып,

Күдікпенен
ақырын алмасты үміт.

Ән айтпадың,
ғылымға бұрдың бетті,

Әке жолын
жөнелдің жалғастырып.

Жарқыраған
ата-анаң жазды өткізді,

Қызықтап жүр
енді олар сары күзді.

Көңілімде болады
күн шыққандай,

Үйге келсең кейде
бір іздеп бізді.

Жақсылықтың
жаныма жуық көгі,

Пендешілік
көрген жоқ жуып, тегі.

Жазирамды
кешікпей көрем деген

Келе жатыр
есіркеп үміт мені.