ВЕРНУТЬСЯ

Мейірімге жарытқанда жаратушы аз ғана,

Малта тасқа қына бітіп, шаш шығады тазға да.

Қыр желкеге қырсық мінер ел ішінде көбейсе,

Телмеңдеген кәрі шал мен өңмеңдеген бозбала.

Қойға құдай ғұмыр берсе, қасқыр жағы қарысар,

Мүсәпірдің мұрты сынбас аштан өлсе тоғышар.

Қасиеттің қара қосын иектесе албасты,

Арыстан мен
иттің басы итаяқта тоғысар.

Сараңнан су, қарақшыдан
сұрағанша бас сауға,

Қуыс ізде
қалжыраған қу жаныңды тастауға.

Қасығың мен
тостағанның тазасынан не қайыр,

Қара шыбын құжынаса айран құйған астауға?

Ерте туып,
дүниенің қызығынан қалдық кеш,

Иығыңнан басқан
салмақ көңіліңді
сергітпес.

Тірлігінің
бас-аяғы болғанменен бір тұтам,

Илеуінен ұзап шықса,
құмырсқаға жол бітпес...