ВЕРНУТЬСЯ

          Қыр баласы қырағы
Біле қояр
сұрамай.
Бізбен көрші
тұрады
Бір апай мен бір
ағай.
Бәрін де апай
алады
Тұрмыстағы
бәйгенің.
Өзі қиып
Салады
Терезенің
әйнегін.
Әрең ұстар
кесені
Ағай жанның
шорқағы.
Әйнек қолды
кеседі,
Кеседі деп қорқады!
Апамызға
Ел енді
Керемет таң
қалады.
Үтік-мүтік
дегенді
Өзі жөндеп
алады.
Апайға алған көп
сеніп
Ағай жанның
шорқағы.
Сым ұстасам
Ток соғып
Кетеді деп
қорқады.
Есіктің де
құлыбын
Апай ойып
салады.
Ұстарамен
Ұлының
Шашын да өзі
алады.
Үйренген тек
нұсқауға,
Ағай жанның
шорқа
ғы.
Ұстараны
ұстауға
Үп-үлкен боп
қорқады.
О, балақай
тартымды,
Бұған іштей
күлесің.
Күлесің де...
Қорытынды
Шығаруды
білесің!