ВЕРНУТЬСЯ

Биігінде қар
қалың,
Бауырында қалың
бау.
Жанартаудың
арманы -
Жеке-дара
жалындау.
        Қара тасты
қыратың
Қалың ну боп өсер ме?!
Ала бұлттың мұраты -
Айналу бір нөсерге.
Жігерсіздің
Жақсы аты
Шыққан емес,
досым-ау.
Найзағайдың
мақсаты -
Аспанды бір
осқылау.
Биігінде қар
қалың,
Бауырында қалың
бау.
Жанартаудың
арманы -
Жеке-дара
жалындау.
Қара желдің бір
қамы -
Жел диірменін
жүргізу.
Дарияның арманы
-
Өз арнасын бір
бүзу.
Асаулардың
арманы -
Шідер үзу,
Жұлқыну.
Тіршіліктің бар
мәні -
Буырқану,
Сілкіну!