ВЕРНУТЬСЯ

          Қазақстан-алтын
сандық

Отанға, партияға
менен рапорт,

Қабыл ал ақын
сөзін қадырлы жұрт,

Бұл ермек емес,
яки, сөз құмарлық,

Сөйлеуге
республикам берді жарлық,

Ең биік шықтым,
міні трибунаға,

Үн қостым Жамбыл
тартқан домбыраға.

I

Пар еді байтақ
даламыз

Таныған жалғыз
қазағын,

Арнаған екен
қазаққа

Азабы менен тозағын:

Су сұраса
беріпті,

Топырағы мен
тозанын,

Жол сұраса
беріпті,

Сағым атты
мазағын.

Қуыпты қазақ
сағымды,

Табам деп содан
бағымды.

Үні деп өмір
таныпты

Естілген желден
сарынды.

Тасқынын құмнын
кешіпті

Тынымсыз қозғап
ауылды.

Үдере жүріп
іздепті

Даланың алтын
сандығын

Тереңде жатқан
жабулы.

Табам деп сол
сандықты

Талай қазақ
қаңғыпты.

Тауды кезці,
жаңғыртты,

Түзді кезді, шаң
жұтты.

Таппай алтын
сандықты

Жолда қалды сан
мықты.

Тілсіз дала -
кәрі қу

Ермек етті
албырттм.

Жүгіртіп дала
қаңбақты,

Осы деп байлық
алдапты.

Қазекең оған
нанбапты,

Бетінен алған
танбапты.

Арман кып алтын
сандықты,

Жапанды тынбай
шарлапты.

Ақындар әлсіз
болдырып,

Құранмен бірге
сарнапты.

Сонда бір мұңлы ән
қапты.

Батырлар түзде
дал болып,

Даласын туған қарғапты,

Сонда бір мұңлы
зар қапты...

II

Ағылып өтті жүз
жылдар,

Ғасырлар қалды
кейінде

Россия кетті
ілгері

Тізгінін беріп
Ленинге.

Қазақ та бірге қозғалды

Кеудесі толы
сенімге,

Жаңа күн туды
жарқырап

Кеңіліндей ашық
көгінде.

Жаңа әндер туды
шырқалып

Жасарған ғажап
еліңде.

Даламыз қайда,
даламыз?

Далаға қанат
қағамыз.

Даланың кілтін
табамыз

Таппаған
ата-бабамыз.

Сараңның ашып
сандығын

Алтынын тыққан аламыз,

Ортаға олжа
саламыз,

- Туысқан жұртым,-
орысым

Қонысым - сенің
қонысың,

Қазанда бірге
сыбағам,

Тірлікте бірге
тынысым,

Сенімен тізе
қосқалы

Төгілмей келеді
ырысым.

Ашайық алтын
сандықты,

Әкелші қолды сол
ушін.

Киевім - жарық
астанам

Көзімнің сәуле нурындай.

Қыздарың туған
кызымдай,

Ұлдарың туған ұлымдай.

Басталған емес
бір ісім.

Сенімен бірге
жумылмай.

Далама менің
бірге аттан,

Жорыққа шыққан
жылындай.

Ашайық алтын
сандықты,

«Даланың жумбақ
сырындай

Шақырды казақ
осылай,

Аттанды бірге
достары.

Дүбірге дала
кенелді.

Тігілді қатар
қостары.

Төбеде турды күмбездей

Көгілжім, ортақ
аспаны.

Әндерін шырқап
бірге айтты.

Бауырлас елдің
жастары:

«Тыңға түстік, түстік
тыңға.

Шыңдалады жігіт
сында.

Ей, жас жолдас,
тез қимылда,

Шабандыққа жаумыз
мұнда.

Қос әніңді, қос
моторға,

Тарт соқаны
жоннан жонға!

Жая берсін тұн қанатын

Бізбе іркіліп тоқталатын!

Ал жағындар
прожекторды

Өткір соқа
жыртсын түнді.

Ей, жас жігіт, ұста
мығым,

Әлсіретпе от
жарығын.

Шапшаң жолдас тез
қимылда!

Шабандықка жаумыз
мұнда.

Қажет болса айнал
отқа

Тамырыңа жалын күй
да,

Қос әніңді, қос
моторға,

Тарт соқаны
жоннан жонға!»

III

Сағымы көзді
алдаған

Даламыз қаңдай,
халайық?

Қурайы бір кез
сарнаған

Жапаңды толып
қарайық.

-        Тербелген бұл не, теңіз бе?

-        Теңізден терең ғажайып.

-        Сарғайған бұл не, алтын ба?

-        Алтыннан асыл ғажайып.

Сараңның аштық
сандығын,

Бермесін алдық
даланың.

Інжулер төгіп үнінен

Орағым айтты өз
әнін.

Үйілді қызыл
қырмандар

Үйіндей үлкен
қаланың.

Жинаңдар, түгел
жинаңдар

Отанның қап пен
қанарын!

Вагондар тола
тиелді,

Поездар әрең ырғалды.

Жөнелтті
Қазақстаным

Миллиард пұттық, қырманды

Көріп тұр Қазақстаным

Ашылар алда
тыңдарды,

Күтіп тұр Қазақстаным

Болашақ жарқын
жылдарды

маяковскиймен
әңгіме

Жолдас,
Маяковский!

Мен де ақынмын
өзімше

Ырғақ, ұйқас құрағыш,

Өзгелерді сынағыш

Республикам
Европадан кеңірек,

Аспаным да басқа
аснаннан көгірек,

Бірак өзім
туғаннан соң әлсіз боп

Өлеңім де шыға
беред нәрсіз боп.

Сол үшін мені
сыншылар

Жылдап соғып,
құтқармайды сойылдан;

Түспей жүрген
қарызым көл мойыннан.

Дегеннен соң «өсу
керек!»

Алам ба деп
ақыл-көмек,

Москваның бір-ақ
тарттым өзіне,

От қосуға, ой
қосуға сөзіме.

Жақсы ақындар әзірлейтін
күрске

Орналастым.
Кетпес ісім теріске.

Ұстазымыз: ірі
ақындар,

Ұлы кеуде
жазушылар, сыншылар...

Жалпы алғанда
жаман емес басшылық.

Бар мініміз: уақыттағы
тапшылық.

Сол себептен көп
ұстаздар келе алмай,

Ынтығамыз
дидарларын көре алмай.

Мезгіл қазір емес
сізге дейінгі,

Қалдырғанбыз сан
жылдарды кейінге.

Отан біздің
байлықты әбден ақтарды,

Зор держава
атандық біз мақтаулы.

Тираж өскен, Тослитиздат
молыққан,

Ақындардың
шаруасы да толыққан.

Қазір олар
фаэтонмен жүрмейді,

Машинасыз жер
басуды білмейді.

Қазір олар тұра
алмайды қалада,

Дағдыланған
ормандағы ауаға.

Даналары қос
қабаттан,

Балкондары күнгей
жақтан,

Соның бәрін
қонарлықтай көңілге

Толтырғанша жаңа
стильді мебельге;

Болғанша әбден
жинап бәрін асылдың,

Сіңбіруге мұршасы
жоқ ақынның

Ол аз болса тағы
да бар жұмыстар:

Газондарды кутіп
бағу,

Арам өскен шөбін
шабу,

Жем әзірлеу тауық
пенен шошқаға

Тигізбейді қолын
жұрттың басқаға...

Қара теңіз
жағасында дем алып

Қайтқаннан соң
оралып:

Қаралу бар дәрігерге,

(Түсіретін
әбігерге)

Басына қан шаппас
үшін,

Жүрегі жиі қақпас
үшін

Аз ойлайды, аз
жазады.

Сонымен уақыт
тағы озады.

Сан қобалжу,
уақыт та жоқ тыныстар,

Күн батқан соң
шығармалық жұмыс тар.

Қалмас үшін
өмірден тым алыстай,

Көру керек ақынға
да қалыспай.

Сол үшін ол кейде
жаны төзе алмай

Телевизорға
үңіледі көз алмай,

Стадион. Жүз мың
адам кемінде.

(Кім қызықпас
қызық футбол көруге!)

Санявский эфирді
өзі билейді,

Машықтанған
ерніне ерні тимейді.

Баяндайды ол - ойыншыны,

Баяндайды ел -
көрушіні.

Ақын сонда
танысады бәрімен,

Қанатты жыр
кұйылады әнімен.

Телевизор
шарықтатып көңілді

Көз алдыңа
әкеледі өмірді:

Әнеки «ЗИС.»-тің
инженері

Мандайынан ағып
тері

Соқты қолын, соқты
қатты,

«Торпеда» бұрын
есеп ашты.

Тепловоздың
машинисі сұрланып;

Бір суынып, бір
жанып

Отыр, міне жан
секілді байлаулы.

«Локомотив»
ұтылуға айналды.

Ал генерал сасар
емес, көңілді.

Өйткені оның
командасы сенімді.

Ойнайды ертең.
Алда қанша уақыт бар.

Оған дейін
қиналмайды генерал.

Осының бәрін
көреді ақын көзінен,

Суреттейді
жалынды, жанды сөзімен...

Шешілмеген мәселе
әлі жетерлік,

Соның бір көңілді
алаң етерлік:

Ақындардың орнын
беру,

Рангасы мен
формын бөлу

Қиындықа
кездестіріп күн сайын,

Дискуссияға
айналады жыл сайын.

Сен бәлексің, тұрсың
бірінші орында,

Қызыл Паспорт
баяғыша қолыңда.

Саған ешкім
таласуға батпайды,

Жиналыс сайын
жарыса бәрі мақтайды.

Екінші кім? Кімді
атаймыз дегенде,

Кездесеміз жылда
бір зор бөгеуге.

«Менмін?» десең
өзгелер мазақ етеді,

«Сенсің!» десең
сыбағаң оңай кетеді.

Қандай ауыр
біреуін айту осынын!

Ойландым да
ішімнен біраз шошыдым.

Жолдас
Маяковский!

Өлмеу керек еді
саған!

Көп еді жырын
айтылмаған,

Көп еді күйің
тартылмаған.

Көрсетер ең
өлмегенде

Не екенін
тірліктің,

Жолдастықтың,
бірліктің,

Жүрегіңді көтеріп
биік туындай,

Жарықтай жаның
жалын атып суынбай,

Біздерді үлкен құшағыңа
алар ең,

Ағамыздай,

әкеміздей болар
ең!

Түкірер ең акша
жинар сандыққа.

Түкірер ең
паңдықтар мен салдыққа!

Бастап өзің бізді
адамша,

Баяғыша, жас
шағыңша,

Москваны жаяу
кезіп жүрер ек,

Басқаларша сөйлесер
ек, күлер ек.

Светофор жағып
дереу кек шамын,

Кілт кідіртіп
машиналар топанын

Ашар еді жолыңды
кең,

Өтер едің елеңіңмен.

Миллион кездер
сүйер еді ақынын,

Ең мақтаулы, ен
қымбатты жақынын.

Аралатып
заводтарды, цехтарды,

Жалаңаш қолмен
езің күреп оттарды

Үйретер ең бізге
де жалын кешуді,

Теміршімен
темірдей берік есуді,

Станоктар қасында
елең окуды,

Өлеңді шебер тоқушыдай
тоқуды.

Жолдас
Маяковский!

Біздің ғасыр -
атомдық ғасыр атанды.

Атом тағы құдіреттендірді
Отанды.

Уақыттағы
бейқамдықты жоғалтып,

Әр минутте
ғасырлық істер тындырып

Планетаны
жанартуға әзірміз,

Ең қайрымды
мемлекетпіз қазір біз,

Бомба жасап атомнан,

Ұранын соғыс
шақырған -

Империализм
шабынады алыстан

Халықтарға -
соғысқа қарсы алыскан,

«Байқа!»-дейміз
біз оларға есірген,-

- Біздің бомба
күштірек,

Шықпасын о да
есіңнен!

Владимир
Владимирович!

Өлмеу керек еді
саған,

Көп еді күйің
тартылмаған.

Өлмесең сен, тірі
болсаң не етер ең?

Поэзия туын биік
көтере,

Жарып сөздің
атомдарын дамылсыз,

Жылытып талай
ақындарды жалынсыз,

Барлық еңбек адамының
жүрегін

Толтырар ең жаңа
жырға, білемін.

Тоғышарлар, нан
соғарлар,

Жалған жандар,
арсыз қарлар

Көріне алмай жұрт
көзіне жарықта,

Жанар еді сен
жасаған тамұқта!