ВЕРНУТЬСЯ

            Белгілі 1916 жылдың жазы еді. Жаз
жауынды, мол сулы, қалың шалғынды, қызықты, қалың Албанның ертегідей бай сұлу
жайлаулары: Үш мерке, Дөңгелек
саз, Ұшқарқара, Сырт, лабас - жайлау күндерінің жасыл
торғын шымылдығы, көк жібек бесігі сияқты. Тіршілік, молдық, бақыт, байлық қызуымен буы аспанға шығып жатқан өмір жәрмеңкесін көрсеткендей. Жаз күндерінің жарастығы мен қызығы
қыр баласын мас қылғандай жалынды, желікті.
Шалқыған, көрнекті, мол дүниенің тірі пішінді белгісі
сияқтанып Қарқара жәрмеңкесі қайнап
жатқан.

Жәрмеңке ашылғалы айдан артық болса да, қызуы мен желігі әлі басылып солғындаған
жоқ. Қайта күннен-күнге етек алып, өршіп, дәуірлеп келе жатқан. Жәрмеңке
- тоғыз жолдың түйіскен жері. Бір шеті үлгілі орыс қалалары болса, екінші жағы: Құлжа, Қашқар, Хиуа, Бұхар, Самарқан, Ташкент. Бәр-бәрінен неше алуан қазына шүмектеп құйғандай бо-лып, Қарқара жазығына ақтарылып жатыр. Жауын артынан
Алатаудан аққан селдей болып, сауда пұлы іркілмей төгіліп жатқан. Талай сан қостармен келген мың-мыңдаған
қойлар Қарқара жазығын быжынаған ақ құрттай басқанына
бірталай замандар болған.

Сондай қалың қос-қос жылқы, табын-табын сиырлар да Албан жайлауларын оңды-солды
шиырлап қаптаған. Аясы аз ғана Қарқара жазығы иін тірескен малдан беті-жүзін
көрсетпейді. Қаптай басқан тұяқтан
қабырғасы қайысып тұншыққандай. Ауыр күрсініп
ыңыранғандай.

Тоқтаусыз ағын ертелі-кеш қарлы
таудың арасындағы қырғыздан, тескейдегі қазақтан, жәрмеңке қазанына төрт тараптың барлығынан шүмектеп құйғандай болып, мал баласын тізіп әкеліп жатыр.

Қалың рудың мол жиылған ортасы -
Қарқара. Байлықтың ұлы өрісіне жеткен кең қолтық, мол қолды, аңқау ел: Албан,
Бұғы. Жәрмеңке жыл он екі
айда бір-ақ болады. Болғанда, молынан болады. Үш-төрт ай бұл жәрмеңке бойы аспан атып, дәурен сүреді. Сол кезде жылдық керегін
Албан баласы осы жәрмеңкеден күреп алады.

Өзі бай, өзі көп сауда істеп, көп
керегін алатын қалың ел болғандықтан, саудагердің нісшіл тұмсығы
бұл елдің ортасын ерте күннен таңдап алған.

Өріске шықкан қойдың иісін сезіп,
желге қарсы тұмсығын тесеп,
ішін тартып, жер тарпып, бет түзеп, жота-жотадан қарауыл қарап, торуылға шыққан қасқырдай - аш
пейілді жалаңқая саудагер боркемікті, батпан құйрықты Албанды бекерге таңдаған жоқ. Сауырынан басып жүріп, семізі, момыны, тәттісі осы болатынын
жақсы білген, әдемі таныған.

Қазір де құмырсқаның илеуіндей
болып быжынап, жыбыр-жыбыр қағып бүлкілдеп, қызара бөртіп, ажарланып, күннен-күнге қарнын
қампитып келе жатқан жәрмеңке - сол қазақ даласын торуға шыққан жайындай
болатын. Кегенге кірген борсықтай байлаулы бағланның май құйрығына тұмсығын тығып, сауыры бүлкілдеп қана жылы-жұмсағын соруда болатын.

Бай, момын елдің мол денесі обырдай обып жатқан қомағай ұртқа бойындағы тәтті дәмдісін иігендей төсеп жатыр. Ақ шелегі түскендей ақтарылып, сүйсінгендей, мекірене түсіп,
сүтті желінін кергіге беріп тұр.

Қалауын тапса, қар жанады. Сүт
алғыш кәрі биеші сияқты, жақсы сауыншының қолы сыздаған емшегіне жабысқаннан бері қарай жайлау желіні семізі мен сұлуын, жорғасы мен жортақысын
ноқталап, таңбалап, өз
қолымен атқарып жатқан.

Саудагер сомасы қазақ даласына құда түсіп, құйрық, бауырды асап, аузы қанданып, қолы майланып, жонданып тұр.

Сібір, Түркістан, Қашқар,
Қытайдың атырабындағы талай-талай үлкен қалаларда жарқыраған үлкен магазин,
қатарланған мол сома, шалқыған қалың байлық иесі болған саудагер байлар болса -
бәрінің бұл мырза құйрықтан ауыз тимегені жоқ.  Мол емшекті бір сорып кеткенінің өзінде де, жерден алтын тапқандай
көп қазынаны күреп әкететін.

Сондықтан дәндеген, жетіскен,
түртіншектеп сауудың бабын білген саудагер бұл кезде қарталаныптолықсып болып, енді «пәлен байбатша», «түген байбатшаның» дәрежесіне
жетіп, бұлдану, көргу, кесірленуді де тапқан. «Қайта
келер есікті қатты серіппе» дегенді ол үққан емес. Кезі келсе, суын ішкен
күды-ғына түкіре кету бүйым емес сиякты болған.

Малға келген індет арқылы қанжынға семірген төбет тоқтығына масайып, иесін қаппас па?

Бұрынғы бір кезде бір шолақ мәстекке жалғыз арбасын сүйретіп әзібай, әзіреті қос келді,
шардәрі, тотияйын, бұрыш
сықылды көр-жерді «дүнием» қылып, итініп келген ашкез саудагер енді жоны шыққан кезде, алғашқы көрген жайлауға кергімесе,
кесірленбесе бола ма? Өткен күні бүгінгі тоқ қарнына мазақұра ма? Сондықтан ол өзін өсірген анайы желінді теуіп кетпей,
қайтіп тұра алады? күніндей еске түспей т

Талай жылдар емізуге, семіртуге, кергіге түскен ел бауырының тозығы жетіп ашынатын,
тарылатын күндері де жетіп еді.

Ел денесі саудагер сомасының бұзық ойнағын қалай көтерсе, қандайлық
кентерілікпен шыдап бақса, Қарқара жазығы да ұзын елкесін басқан неше түлік қалың малға соншалық шімірікпей
шыдауда.

Киіздей қалың көк шалғынды Қарқара жазығы ерте күннен
Албанның құт-берекелі жайлауы
еді. Мыңдаған жылқы, сан қора қой ала жаздай ірге аудармай жабысып, жалмап
жатқанда, бұл жазықтың
жібектей толқыған ескелең шалғыны сыр білдірмей шыдайтын, әрбір жауын екілендіріп,
ершелендіріп түсіргендей құлпыртып,
жетілтіп отыратын. Түн асса тыңайып, жетісіп қалатын құт даласы осы жәрмеңкедей мал кезіне әдейі
арналып жаралғандай еді.

Астаудай көк
жазыққа иректеп шимай салып,
үлкен Қарқараның мөлдір сулы, мол өзені ағады. Ол мың сан жан иесін шелдетіп,
тарықтырып, шалдықтырып көрген
емес.

Жазықтың орта кезінде қара құрттай қайнаған
жәрмеңке сол өзеннің
жағасында. Базар ортасыңда ұзын,биік
ағашқа аспандатып көтерген ақ жалауда екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін. Бұл қомағай қарынды, жалмауыз тілекті ертегі обырының айқын тұрған белгісі еді. Обырды туғызған
ана - жалмауыз түсті ұлық. Соның
айқын таңбасы - ертегі айдаһарындай екі басты, жайын түсті самұрық.

Бұның жәрмеңке басындағы тірі жүрген қолдары, атқан оқ,
шапқан қылышы жемқор, семіз қарынды пристав - «Ақжелке» Подпороков та,
айналасындағы жорға құлдары: ұсақ төрешіктер, бұның ішінде қазақтан шыққан өңі жылтыр,
қарны томпақ тілмаштар. Соңғыда маңайына қарайтын екі түрлі көз бар. Бірі -жар
тесегін арамдап қойған,
жүрісі сұйық тоқалдай жағына,
жалтаңдай, жорғалай қарайтын жасқаншақ көз. Бұл - приставқа, судьяға, жәрмеңке ұлығына қарайтын
кезі. Екіншісі - сыздана, кесірлене, керги қарайтын, асқак, мақтаншақ, жемге қадалған қомағай көз. Ол - қазаққа, елге қарайтын кезі.

Бәрі де
жәрмеңке ашылғаннан бері жоталанып, семіріп, қарталанып келе жатқан. Пристав
тілмашы Жебірбаев ұлығы мен
екеуіне түскен малдан үш жүз қой,
елу қараны кешегі күні жемтік
жағалаған қарғадай
айналасынан шықпай жүрген туысқандарымен өз елінің жайлауына қарай жүргізген
болатын.

Бұлар саудагерді, елді, болыс, биді жолдан тайған кедей-кепшік, момын
қалашыны, - барлығын да атасының асындай оратын. Сондайлық күлге аунатып жеген
күлді-көмештің алды кешегі кеткен мал еді. Енді бүгін жаңа екпінмен құдайдай сиынған приставына сеніп,
елдің май қалтасына тағы да сұғанақ қолды сұқпақ болып, базар ортасындағы Ақжелке кеңсесіне
тағы келіп еді.

Өне бойы тер сасыған семіз
пристав, үлкен денесіне арта салған қылышы бар, түгін сыртына теуіп, алдында
үндемей мелиіп тұрған үш
қазаққа тепсініп, ұрсып тұр екен. Ұлығының машықты шабыты келіп тұрғанын жорға тілмаш тани кетті.
Жем оралғалы тұрғанын иісшіл
тұмсығымен сезіп қалды. Есіктен
кіре ол да Ақжелкеге көзі түсісімен тез ғана түсін құбылтып, ұлығымен бірге дәл солша сызданып, ашулы
түске мініп, қазақтарға оқты көзімен қарады.

Жорға тоқал қайығын төсеуге әлдеқашан машықтанған.
Оқығаны сол өнер сияқты. Талабы атаған мұратына жетіп еді. Жәрмеңкеден аз бұрын жолдас болса да, Ақжелке
бұның бойындағы асылын ұғып, өзіне керек мөлшерге шейін
жақындатып, жем сырына араластырып алған.

- Сен ақымақтар, жәрмеңкеге
келген саудагердің алдынан шығып, қарсылық қыласың! Сендерге мұндакеректеріңді
әкеліп беріп жатқан кім?!
Саудагер болмаса, сен Алматыға шұбырар едің, олардың малын жерімізге түсті деп
қаулайсың, сендерде жер бар ма? Жер - патшанікі. Ол саудагер малы да -
патшанікі. Қазынаға, өздеріңе пайдасы тиетін - саудагер. Сен тұяқ ақы алғың келетін шығар. Мен саған
көрсетемін түяк ақыны. Қазір абақтыға жапқызамын, - деп, пристав тақтай теуіп, алдындағы қазақтарды
ықтырып тұр екен. Тілмаш та
келісімен, ұлығының
пішініндей ызғарлы пішінмен, жаңағы сөзді аударып жатты. Орыс тілін шала-пұла ұғатын бір жауапкер жартысы қазақша, жартысы орысша:

-          Тақсыр,
жер патшанікі екенін білеміз. Біздің бағып жүрген малымыз да патшанікі... - дей
бергенде:

-          Оттама!...
Сөйлеме! Үшеуіңе бір айдан абақты кесемін қазір, - деп отыра қалып, қағазына
қаламын сүйкектетіп жаза бастады. Қолдан жасаған ашулы пішін, тікиген суық
мұртының арқасында шын түйілген ыза сияқтанып, айдын беріп тұрды.

Арызшы үш момын қазақ баяғыдан
пара алғысы келген патша ұлығының елге қараған пішіні осылай болатынын сезсе де, сыртына шығарып еш нәрсе
айта алмай, әдеппен ғана тілмашқа қарап, жалтақтап, көмек іздегендей болып еді.
Бұның пішіні де көпірстан суық болып, томсарып, сырт қарап тұрды.

Ұлық ашумен «протокол» деп атап қойып, жазып жатты. Қисынсыз зорлықтың оң-теріске қарамай, еріксіз көндіргісі келіп тұрғанын
сезген арызшылар ішінен қатты
наразылық қарсылығын ойлап, көнгісі келмегендей еді. Әсіресе осы пішін өзгелерден гөрі жасырақ
қара сақалды Қартбайдың түсінде айқын білінгендей болатын.

Ол өз кісілеріне айтқан болып:

-          Бұлай болғанда, қазак баласына кім
жала жапса, соның өзі оң-терісіне қарамай,
мақұл болатын болғаны ғой.
Арызымыз тыңдалмай, ақ-қарамыз тексерілмей еле беретін болған соң, біз де -
бір, белгілі мұттайым1 кісі
де бір болғаны ғой. Саудагер жамандайды. Біздің сөзіміз тыңдалмайды... -
дегенде, тілмаш:

1          Мұттайым -
бұзық. Албанның ішінде өзбектен жайылған сөз.

2          Сұрау -
Жетісу қазағы ел билеуді
айтады.

-          Қой, сөзді қой, пысықсымасаңшы. Сен - тентексің, - деп, ұлық жаққа жалтақтап,
тұжырып қойды.

Алдыңғы жолдасының сөзі өз көңіліндегі мұңы сияқты болғандықтан, Құсайын қария:

-          Біз
қайда барып, кімге мұңымызды
шағамыз. Ел сұраған  ұлығы бұлай десе, қоялық... Мейлі білгенін қылсын.
Қайтейік... - деді.

Арызшылар біртіндеп даусын
шығарып келе жатқанын байқап
отырған ұлық қоздандырмай, басып тастау үшін:

-          Сендерде бас
жоқ. Сендер ит, білдің бе?! - деп, Қартбайдың көзіне қадалып, сұқ қолымен нұқып тұрып сөйледі.

Қартбай бұл
сөйлеп тұрған кезде көзінен көзін алған жоқ. Шын ашулы, ызалы
сияқты еді... «Итсің» деген
уақытта ұлық сөзімен жарыса:

-          Сенің
сүйдемейтін күнің болушы ма еді, ұлығымыз
сен болған соң, осындайды
еститінімізді білеміз... -дей бергенде, Құсайын ақсақал
түртіп қалып:

-          Қой,
олай демегін... - деп, ақырын
басып қойды. Бұл уақытта ұлық көзі қызарып, шарасынан шығып, тасырайып, мұрты жыбырлап, танауы желбіреп ашуланып:

-          Сен
ит, мал жеріңе түссе, маған келіп неге айтпайсың. Сен Мұхамбеткәрім байбатшаның өзіне неге
айтпайсың. Малшысын сабайтынды тапқансың. Мен саған көрсетемін қалай сабайтынды... Абақтыда
танытамын мен саған кісі ұратынды!
- деп, жұдырығымен үстелді
қойып қалып, ауыз үйдегі екі солдатты шақырып алды.

Қартбай жасыған жоқ:

-          Мейлі, сенің
зәріңнен керқып жалына алмаймын. Саудагер - бай, мен -
кедеймін... Ол қылған жақсылықты мен қыла алмаймын... айтты не, айтпады не?! -
деп, айдаған солдаттардың алдына түсіп бара жатып, сөзін тыймай айтып жатты.

Ұлық
ақырып, әзірейілдей қадалып:

-          Жап, аштан
қама! Жоғалт көзің, - деп, тақтай
теуіп, көк көзі шаншыла
қадалып, жазалыларды есіктен шығарып әкеткенше зәрленіп тұрды да, олардың қарасы өшкен соң тілмашқа
бұрылып қарап: - Қарашы
иттерді, - деп басын бұлғап,
есік жаққа көрсетіп,

жуасығандай
пішінмен мұрнынан «мырс» етіп
құлш қойды.

-          Бұлар шын антұрған көрінеді. Байбатша келіп кеткен екен
ғой?! Кеше ашуланып маған да келіп айтып еді. Мыналарды біраз тыйып жіберу
керек. Әйтпесе, жұрттың бәрі жеріме түсті деп қуалайтын болса, Қарқара да, жәрмеңке де тұра алмас, - деді.

-          Бұлар шықпайды, отырады, - деді де, артынан ұлық тілмаштың күлімсіреп, жорғалай
қарап тұрған пішінін біраз
оқығандай болып бағып тұрып,
аяғында тым-тырыстан соң келіп, күліп жіберіп: - Жүз сом, білдің бе? - деп,
тілмашты арқаға қақты.

-          Жүз жиырма
бес, тақсыр, - деп, тілмаш сылқ-сылк күлді.

Кешегі күні тілмашқа жолыққан Мұхамбеткәрім байбатша Ақжелкеге
келіп еді. Бұның жәрмеңкеден
алған қойы бірнеше қос болған. Жәрмеңке басы қалың малдың үнемі жатуына
жайсыздау, тарлау болған соң, ол қойларын маңайдағы елдің жайлауына таман
ауғызып жайғыза бастаған. Сол ретпен тартқан бір қора қой Қартбай, Құсайынның ауылының үстіне келіп
жатып алып, бие бауын жеп, малына араласып, қара құрықты көбейткен соң, іргеңді аулағырақ сал деп еді.. Оған байбатшаның
кесірлі малшысы көнбей, жіберген кісілерін боқтап жіберген соң жанжал шығып, байбатшаның бір малшысын Қартбай
сабатып жіберіп еді. Осы жайды айта келіп, ноғай байбатшасы барлық маңайдағы жайлауда отырған қазақ ауылдарын
жамандап, неше түрлі қылмыстар тауып қиянаттаған. Бұдан былай бірен-саранын жазалап ықтырып
қоймаса, ұдайы бөгет шығара
беретінін айтқан. Және кетерінде дағды бойынша қоштасқан жерде конвертке салып.
бір пакет тастап кеткен. Ол сексен сом еді. Бұл бай өзге, өзі
сияқты саудагер байларша, жүрген жеріндегі жемді аңсап отыратын ұлықтардың бәрінен де осындай-осындайдан жерік асын асатып кететін.
Содан көмейіне тас тығылғандай болып қалған ұлық қайтып оның үстіне шыбын қондырмай, алыстан абалап үріп,
езгенің қарсылық қылықтарын бұның басына дарытпайтын.

Бірақ ежелгі дағды бойынша екі жақты кезек жебейтін жарықтық, жүктің
бір-ақ жағын ғана қанағат қылып отыра алмайды. Екі жағына кезек ауысып, ойнақшып отыру керек. Солайша, екі жаққа бірдей көз жібермесе, пристав Ақжелке бола ма? Қол жететін орайлы
жер келгенде айналаны бірдей қармаса,
бір ай ішінде үш жүз қой, елу қара жинала ма? Екі жақты қатар қармау үшін
жаралмаса, оң қол, сол қол не
үшін керек? Екі жақты адам
екі жақты қылық қылмаса, толық
адам ба? Бұның бәрін қазақ
даласына талайдан көрі жүріп,
зәрі сіңген Ақжелке жат сабағындай жақсы біледі.

Сондықтан ол жәрмеңкенің үнемі
бабын білетін албастысындай болатын. Осы жорығында тілмаш қана үнемі епті болып
оралмай жүр еді. Аяғында Жебірбаевтай серігі табылды.

Жаңағы ісі дағдылы заңы бойынша,
белгілі кезек жолымен сол жаққа қарай атылған, екінші алымға қарай созылған қол болатын.

Қазақ шыдамайды. Абақты - Ақжелкенің желісі
сияқты үлкен сауын орны. Жатқандардың өзі болмаса, ағайыны, туғаны, елі келеді.
Сонда, сонда... Ақжелкенің
сенімін ел де, тілмаш та ақтайды.

Бірақ бұл жұмыс қазір емес. Оның беті белгіленді. Ендігіні екі-үш күннің ішінде өз пәтерінде тілмаш жайлап
келеді. Жеңгетай сол арқылы
күйек астымен келетін... Аз күнде істеледі. Енді қазір басқа жұмыс...

Бүгін почта келді... Басында
Ақжелке ұққан жоқ еді, енді
түсініп келеді. Түсінген сайын ептеп мұрт астынан қомағай
езу еріксіз ырсиып, сүйсініп келеді. Беті, түсі анық белгілі емес, бірақ бір үлкен мол батпан құйрық оралып келе жатқан сияқты.

Семіз, жуан, бай Албан түгелімен
келіп, приставтың түпсіз терең қалтасына ақшасын, қазынасын ағылтатын сияқты.
Енді осыны келістіріп бастап, келістіре атқару керек. Бұл - жаңа жарлық. Таңертеңнен осыны еске алған
сайын приставтың жүзі жарқырап, сүйсінген күлкіге айналып кетші еді.

Баяғыдан, жиырма жылдан бергі
тәжірибесінен бұл біледі...
Елге арналып жарлық шықса, әрқашан оның астарында келетін қатпар-қатпар
қалтарысы, бұлтағы бар
болады. Бой көрсетпей, бұғып
тұрып, түтікпен сорғандай, ел
қазынасын соратын:»ұры сай,
әдемі жылға, бекініс орындары бар. Мына жарлық жарыққа шығып,
іске асатын болғанда, бұрынғының
бәрінен артық, бәрінен бай, қалың-қалың
қазына ашылғалы тұр. Кәрі қасқырдың тұмсығы жанына жайлы тиетін шуаш
иісті қой құйрығының иісін сезіп-біліп, қуанып жайнап кетті.

Жарлықты оқып, артынан туатын
кызыл-жасыл-ды қызықтың шет жағасын пристав сездіргенде, қара пішінді тілмаш
балқығандай масайрайды. Бетіне бақыт, рақат нұры шыққандай
дамылсыз күліп, еркештеніп
кетті.

Бүгінгі күн кешке сағат төртте
Албанның барлық болыстарын Ақжелке кеңсесіне шақыртқан. Сол уақытты екеуі де іштегі үлкен
жұбанышпен асығып күтті. Бұл хабарды Ақжелке жалғыз
тілма-шына ғана білдіріп қойған жоқ. Бүгін таңертеңнен бері кеңсесіне келіп-кеткен
жәрмеңке басындағы ұлықтардың
бірталайына да айтып, көрсетіп, оқып шыққан.

Солардың ішінде тілмаш сияқты үлкен серіктік қылып, оң қолы
болып тұрған орынбасары
Плотников деген уряднигі бар еді. Ұзын
сақалды, иір бойлы, қазақшаға жүйрік урядник - Әрқашан базарды
аралап, қылмысты, жазалы болуға айналып, қылдан тайған адамды торып жүретін -
оң көзі. Елден бұрын
Ақжелкеден жаңа хабарды есіткен сол болатын. Бірақ кеңсе сырын шетке шығармайтын сақ қарға, қуанышын ішіне тығып, қазір де
базарда бұрынғыдан да асыра
қырағылық көрсетіп, маңайын
ықтырып қақап тұрған. Осы
ретті жәрмеңке басындағы
судья, тергеуші, медицинский надзиратель бар, - бәрі де Ақжелкеден жаңалық хабарын естіп,
жанасқан жерде тұмсығымен
сүйкесіп, жай-күйді танысатын бір илеудің құмырсқасындай іштен ұғысып,
бір-біріне ым қағып тарасқан болатын.

Жалғыз-ақ қазақ жайын тергеу, тексеру арқасында өзгелерден
гөрі тереңірек білген тергеуші Ақжелкенің хабарын естігенде:

-          Бұл жұмыс - қазақтың бұрын
көрмеген ісі. Қымыз бен жайлау қызығында
мал сияқты болып жүрген қазақ
үкімет ниетін оңайлыкпен түсінбейді. Еппенен жариялап, басынан елге өмірдің
салмағын таныта, нығыз қылып білдіру керек деп ойлаймын... Сіз қалай қарайсыз,
- деген.

-          Әрине, өрине,
мен де солай ойлаймын. Көп ха-лықтың талқысына салатын қылмай, болыстарға ғанабілдіріп, соларды қысып отырып, үлық салмағын солар арқылы ел миына сіңіру керек. Болыстарды қысса, ел бірге қысылып, нұсқаған жолына түсетінін сіз бен біз білеміз ғой. Сондықтан
болыстарды шақырмақшымын.

- Болыстарға: «Өмір осы. Осыны атқарасың. Қазақ ортасында
қалайша тездікпен атқарып,
оңай реттеуге болады, соны ғана ақылдасасыңдар» деу лайық, -деген.

Жәрмеңке айналасындағы
жайлауларында жиі отыратын Албанның басты адамдарының көбі күндіз жәрмеңке
басынан табылатын. Сондықтан бүгінгі приставтың шақырушылары Албан болыстарының
бірталайын да базардан тапқан.
Бұлардың кейбірі пұл ләпкелерінің алдынан табылды.
Аттарын жүздеп, жетпіс-сексеннен тізіп тастаған базаршылардың ішінде түрлі пұлдар саудалап жүрген жерден
кездесті. Кейбірі жәрмеңке басына тігілген боз үйлерде не қымыз ішіп, не
болмаса карта ойнап, ішкілік ішіп, желік үстінде отырғанда табылды.
Кейбіреулері дүкеннің асбүзылын-да шай-пай, сорпа, яки саудагерлердің мантысына
араласып отырған уақытында
кездескен.

Әрбір болыс өз елінің ішінде жеке
дара шыққан жалғыз қошқар сияқтанып, өркештеніп жүрсе де, мынандай қалың топтың
ішіне келіп, көп болыстан басқа әлденеше шенді, әмірлі ұлықтардың түрін, жүрісін көрген соң,
өзінен-өзі жасығандай бұғыңқы,
бүрісіңкі еді. Ауылдағыдай әмірлі дауыспен айғырсымайды. Ешкімді тықсырмайды.
Сөйтсе де дәреже иесі ұлық
болған соң, базарға өз
елдерінен келіп жатқан қалашыларға төменшіктеп, кішірейіп көрінбей, айдынды болып,
нағыз ұлықша көріну керек. Ең
болмаса аулының момын, жуас, бұйығы
кедей-кепшігінің көзін алдау үшін болса да, қасына тілмаш ертіп, мойнына
дөңгелек сары жезді былғары
сумка салған атшабарын ертіп, кез келген бірен-саран би, қария болса, соларды қасынан шығармай,
тобырын, тобын молайтыңқырап, шоғыр болып жүргенді тілегендей болатын.

Қолында мөрі бар, жаман-жақсы болса да жәрмеңке басындағы Ақжелке, урядник
сияқты ұлықтармен таныстығы
бар, кейбірінің тамырлық айқасуы да бар. Сондықтан бұндай болыстар жәрмеңкеге құр ғана қарақұрық жасауға
жүрмейді. Біреуді қырына алып,

кесір тигізіп, біреуді алқап қолтығына алып, құр жүрмес үшін, астыртын партия сыбырын да
жасасып, қазір жау, қазір дос тауып, маңайын бықсытып, бүлдіре жүретін.

Тоғыз жолдың торабы сияқты, қазақ
бүліншілігінің аяқтап барып сарқатын
жері орыс ұлығы болғандыктан,
жәрмеңкеде жүрген болыстар арқылы
да Плотниковтерге оралып қалатын
түсімдер болушы еді. Осындай қылықпен әсіресе көзге түсіп, білікті болған болыс
Рақымбай еді. Бұл - аз-маз
орысша білетін пысықша жас жігіт. Ертеден ұлық қолтығына
кіргіш, жағынғыш. Сондықтан жәрмеңке басындағы барлық болыстан Ақжелкеге жете танысып, беделі
артқан белгілірек болыс осы болатын. Әлі күнге ұлықтан үлкен
кесек-жақсылық көрген жоқ.
Бірақ жиында қазақ алдында «Рақымбайке» деп атын атаса,
үйіне анда-санда шақырып шай берсе, сол да жеткен сыйы. Сол үшін-ақ Рақымбай ұлығының қасиетін ұғып, қадірлей білетін.

Ұлыққа өзгеден таныстығы артық, араласы көбірек болғандықтан,
жәрмеңке басында бұның аты көп аталып, көтеріңкі, желіктірек
болып жүретін болыс та осы еді. Аяғын шолжаңдай басып, тайтаңдап, маңайдан
келген болыс би, беделді қария, белгілі қажылар болса, бәріне де кес-кестеп сөйлеп, көлденең келіп, орала беретін. Жайдары жүзді, жүйрік тілді, айтқышсынып
тұратын әдеті бар еді.

Бүгінгі приставтың шақыртуы бұны саудагердің асбұзылында тапты. Түс кезінде жақындағы жайлаудан келген бір
старшыны қолына түсіп еді. Таңертең ауылдан келгенде Рақымбай қасына қатыны мен
ерке баласын ерте келген. Жорғақтап тұрған старшынға:

-          Біздің
қатын жәрмеңкеге мәнті жеймін
деп келді. Сен - бай елдің старшынысың, жүр мәнтіге тойғыз, - деп, күнде осылайша әркімге өзін
сыйлатып жүретін әдетпен,
белгілі таныс саудагердің асханасына келіп мәнті жеп, сорпа ішіп, қымыз ішіп, мақтана түсіп, дамылсыз күліп,
желігіп отыр еді.

«Ақжелке шақырады» деген хабар қатын-баласының алдында
естілгенде, көңіліне жайлы тиді.

-          Біздің кәрі
тамыр, не айтпақ екен бұл...
атты тартшы ей, - деп, старшынға бұйрық
етіп, кекірейіп барып атына мінді.

Бұл
келгенде, өзге болыстың бәрі кеңсеге жиналып қалған екен. Рақымбай есікке жақын отырған болыстардың бәрінен өтіп
барып, Ақжелкенің қолын ұстап:

-          Ыздрасти, -
деді.

-          Рақымбайке,
келдің бе.., отыр, - деді де, ұлық
жүзіне сызданған суық ажар жиып алып, маңындағыларға қарады. Қасында урядник, тергеуші, екі тілмаш отыр еді.

Жолдастары именгендей, үндемей
ғана ұлықтың жүзіне қарады.
Ел жиылып болып еді. Екі тілмаш жорғалап ел кісілеріне, болыстарға қарамайды. Ұлықтың ғана әрбір қозғалысын
баққандай. Соған қарай артын тыға береді.
Болыстардың ішінде бұлардың
қол беріп амандасқаны Рақымбай ғана болды. Оған Ақжелке қол бергеннен кейін өздері ойысып барып, қолдарын берді.

Өзге болыстардың ішінде орнын таба алмағандай, әлденеге семіргендей қоразданып, қоқиланып барып,
Рақымбай отырды.

Болыстар саны он шақты еді. Бірақ
әрқайсының қастарында бірен-саран би, кандидат, тілмаш сияқтылары бар. Сонымен
жиыны елу қаралы кісі еді.
Кеңсенің кішкене үйінде қысылып,
зорға сыйып отырды. Көпшілігі жерде малдас құрып, жүгінісіп отыр. Ара-сында жүреден отырғандары да бар. Бәрінің
де беріктері қолында, қолтығында.

Бір кезде әбден толып, шақырылған
болыстардың көпшілігі жиылған соң, сыздаған жүзді, құбыжық мұртты Ақжелке даусын екілендіріп,
жұртқа ала көзденіп, зілдене
қарап, сөз бастады. Бірақ ежелден құр ұлықсып, құр ғана қазаққа қоқиланғаны болмаса,
білімге де, орамға да, шешеддік епке
де оншалық дайыны мол кісі емес, сондықтан сөзді көпке созбай:

-          Соғыс
болып жатыр, көмек керек. Патша сендерге бұйырады. Елдің
бәрі бейнет көріп өліп, қырылып жатқанда, сендер қымыз
ішіп, жайлауда көшіп, қызықтап
жүре беруге болмайды. Мынау бұйрық
келді, тыңдаңдар, - деп алып бұйрықты оқыды.

Бұйрықтың сөзі көп емес. Дәлелсіз, ыңғайсыз, топас жазылған
көп бұйрықтың біреуі еді. Бұны әдет бойынша Жебірбаев аудару керек
еді. Бірақ ол -орысша тілге олақтау, жазба сөзіне әсіресе шорқақ, жем
жағын жақсы қарастырса да, білім, сана жағын жадағай тастаған, әдіс, құлқын арамдығын ғана жақсы білген тілмаш. Мынау - өте үлкен келелі жұмыс, приставтың өркештеніп, кергіп тұрып жариялайтын, патша атынан сөйлейтін, үлкен соқталы ісі. Және өз тілмашы ел ортасында оншалық белгілі,
абыройлы кісі емес, Албанға руы жат, бетен жігіт болатын.

Сондықтан пристав екінші тілмашты
ерте уақыттан әдейі шақырып
алып еді. Ол тергеушінің тілмашы болатын. Күндіз керіскенде оның төресі
приставқа өз тілмашын өзі мініп жүрген атын ұсынғандай ұсынып, соны шақырып алыңыз деп маслихат
берген. Бұл тілмаш тілге жақсы, елге де салмағы бар, сырт пішінінде,
мінезінде қазақ кезіне, ұлық кезіне де жайлырақ тиетін ажары
бар Оспан деген жігіт еді.

Бойға сіңген дағды бойынша,
қызметке кіріскеннен бергі көздеген
нысана мал мен атақ, жылы, жайлы
орын табуға ғана арналғандықтан,
бұнда да сырт көрінісі болмаса, ішінде құралған негізді пікір, бағыт жоқ еді. Ел қамы, көп мұңы дегеннен
«қалың жұрт тұрмысына жайлы, жайсыз болар ма?» деген сұрақтардан бұның басы да, жүрегі де аман болатын.

Соңғы заманда «қазақтан газет, журнал шығып, ел жайын жоқтайтын біреулер пайда болыпты» деген сөздерді бұл алыстағы өнімсіз
бір сарын сияқты ғана еститін. Бойына бұндайдан дарыған ешбір әсер жоқ еді.

Соның жоқ болғаны қазіргі ел мен ұлық
арасында тұрған халына үлкен
жайлылық берді. Ол жарлықтың
мағынасын, артын, түкпірін ойлап машақаттанған жоқ. Елге осы жарлық арқылы келетін ауырлық салмақ қанша болса да, ол - қазіргі минутында
Оспан ойлайтын нәрселер емес.
Өзінің де бұл жарлық туралы толық естіп тұрғаны осы жер ғана болса да,
шімірігіп сескенген жоқ.

Бұндағы жалғыз мазасыздық болса, ол қазір мына тізіліп отырған
болыстар алдында, артында тікшиіп қадалып тұрған ұлықтарының
алдында сүрінбей, қабынбай, тілмаштық міндетін жақсы атқарып шығудың ғана қамы
болды. Ішінен арнаулы мұрат,
мақсат сияқты тілегені де сол.

Тілмаш ұлығының күткеніндей, елге ұғымды қып, жақсы аударып тұрды.
Жарлықта: «Он тоғыз бен отызекінші арасындағы азаматты қазақ елі
әскер керегі үшін тезінен жинап, өкімет қолына тапсыруға керек» деген. Бұл жігіттер соғысқа қару ұстап кірісетін әскер емес. Соғыс көмегіне күш қосатын бір жабдық есебінде майданның желкесіндегі
қара қызметті атқарады. Жарлықтың бұл
жерінде «тыл» деп жазылған
сөз бар екен. Тілмаштың бұл бұрын естімеген, білмейтін сөзі еді: Қызмет женінде алдынан кездескен
бұндай бөгет-тің тұсында ұлықтың
көмегін сұрауға болады.

Сыншы, қатал ұлықтың алдында тіпті заржақтанып,
суырылып, бар жайдың бәрін біліп қойған кісімсімей, білімге озамын дегенше, анда-санда одан төмен кісі болып та көрінген теріс
емес. Әлсіз, шала білімді, кішкене дәрежелі тілмаш, өзінің пенде екенін білдіріп, ығы зор ұлығына артын тыға, көмегін сұрай, сүйіне тұруымен ұлыққа жағуға, жайлы
тиюге, жақсы әсер етуге де болады. Оны қораздандырып, өз-өзінен білімді кісі қылып көрсеткендей болуға да мүмкін. Сондықтан кібіртіктеп тұрып, ғапу өтініп
алып, Акжелкеден:

- Мен мына сөзді ұға алмай тұрмын. Түсіндірсеңіз қайтеді? - дегенде, ұлықтың көзіне кішкентай ғана сүйсінген күлкі белгісі жүгіргендей болып, үғындырып берді.

Қалғанын тілмаш та жайбағыстап,
жақсы атқарып, түгел ұғындырып айтып шықты. Бұл уақытқа
шейін Оспан алдында отырған болыстардың түстеріне анықтап қарап, байқаған жоқ еді. Жаңа көрді. Барлық
болыс ең аяғы жаңа ғана тұшталаңдап
жүрген Рақымбайға шейін күн шартылдап, жай түскеннің артындағыдай құпқу болып, есеңгіреп қалған
сияқ-ты . Бәрі де көдері
үлкейіп, аларып, тілмаш пен ұыққа
қарап, мелшиіп, қыбыр етпей, іштен тынып қатып, қдалып қалыпты. Жалғыз-ақ әр жерде сұланған жүздер, алақтап сасқан кездер біресе Ақжелкеге, біресе
тілмашқа кезек-кезек, жалтақ-жалтақ қарайды.

Өзі аударып шыққан жарлықтың,
жаңағы өз аузымен айтып шыққан сездің қаншалық улы әсері барлығын тілмаш жігіт жаңа
ғана алдындағы ел жүзінен ұқандай
болды.

Ұықтар да сірескендей қыбыр етпей, ел пішініне қадалып тұды. Шошыған, сасқн жүздерді көрген сайын албастысын
арттырып, пысымен баспақ болғндай
болып тұ. Бар ұық-төре келген қалпында өздерін үрпитіп, түктерін сыртына теуіп, шірене
дем алып сызданады. Қарсы тұрған
екі топ бір-біріне кірпік қақпай
қадалып, арбасқандай аңдысып, бірін-бірі бағып тұр.

Осы хал мен тым-тырыстың ішінде
екі минуттай уақыт өтті.

Болыстардың көбі соңғы кездегі
сайлауларда іске ширақ, тіл білетіндеу жастардан сайланып еді. Көбі жиырма бес,
отыз бес арасындағы жассымақ адамдар болатын. Көбінің ел ортасында соншалық зор
салмақ беделі, абырой, атақ айдыны да жоқ. Үлкен істі елдің жасы, үлкен қариясы, атақты, салмақты үлкендері, қарталы жуандары арқылы болмаса, өз
беттерімен бұзып, жарып істеп
кете алмайтын. Болыс ішіне келген үлкен міндеттің барлығын солардың нұсқауымен істеуші еді. Көбінің
болыс болып, дәреже алуына да солар себеп болған.

Ұлық жарлық жариялағанда: «Пәленше екем не дер еді, қалай қарайды...
онсыз мен не айтамын» деген сияқты ойлар көбінің бойын басқандай болды.
Тым-тырыс созылуға айналған соң, осы ойды көбірек ойланған бірен-сарандар
жан-жағына жалтақтап, бас-қалар не дер екен дегендей болып, көзбенен әркімді
алдына салғысы келді.

Ұлық болыстар
көзі бұның жүзіне тіктеп
қарай алмай, жалтарып, төменшіктей
бастаған соң, өзінің орнын қайтадан тауып, нық басқандай болып:

- Жарлық осы, осыны тез аткару
керек. Бұл патшаның өзінен
келген бүйрық. Бегеуге болмайды. Қанша уақытта атқарасыңдар? Тез список тізу,
түзеу ке-рек, сол турасынан айтыңдар, - деді.

Болыстар тағы да үндемей
корғалақтап, бірін-бірі ақырын түртпектеп, үлық жаққа жалтақтай отырып,
бірен-саран жерде ақырын-ақырын сыбырласқандай болды. Аяғында болыстардың қалың
ортасында отыр-ған сүр жүзді, шоқша сақалды, ер көзді Әубәкір ел-ден бұрын даусын шығарды.

Бұл Албанның жаңада шығып келе жаткан отты жігітінің бірі еді. Түсі
әрқашан ашу шақырған кісі сияқтанып сүрланып, екі көзі канталап, екіленіп
қат-ты сөйлейтін. Ұлықтан да
онша кеп ығып, жасқанба-ушы еді. Сондықтан Ақжелке алдында бір-екі кездескенде
бұны белгілеп алып, жек көріп калғандай бо-латын. Майдаламайды, жорғақтамайды.

Әубәкір малдас құрып отырған жерінен кәтеріліп, жүгініп алды
да:

-          Жарлық
сөзін ұлық айтып тұр. Біз бұл сияқты бұйрық жарияланатынын білгеміз жөқ.
Төбеден жай түскендей жаңа ғана естіп отырмыз. Бұл не қылса да, қазақ баласының
бұрын естіп, біліп кормеген кұқайы. Не дейтінін біз білеміз бе? Елмен
сөйлеспей, не айта-мыз? Бірнәрсе деуден бұрын елге тілдессек екен. Бұл арада
жиналған халық, өсыны тілейді-ау деймін. Көне, жұрт не айтасың? - дегенде:

-          Бәрекелде,
рас айтады. Солай, солай... Содан баска айтарымыз жок... не айтамыз?..
Томаға-тұйық не айтамыз, - десіп, кеңсе іші көп дауыспен дауры-ғып кетті.
Отырган болыс, би атаулы күбір-күбір етіп жорғалақтап, Әубәкірге тегіс «төңірі жарылқасын» айтқандай,
жалтақ-жалтақ қарасты.

Ұлық минут сайын зәрленіп,
сызданып шіренулі еді. Елдің мынау даурығында өзіне ұғымсыз, бұрын-ғыдан гөрі
жат, белгісіз бір күйді сезгендей болды. Бұл қазақты көп баққан, көп істес болған
кәрі қасқыр еді.

Бір нәрсеге оп-оңай көнгісі келмей, ауырсынған
уақытта қазақ осылай артына жалтақтап, «кім біледі», «жұрт не дейді» дегенді
айтқыш болады. Ол мәлім, бірақ өзге жерде кеп бөлыс жиналған болса, көпшілік
жаңағыдай қөбалжығанмен, арасынан Рақымбай си-яқтылар сытылып шығып: «бөлады»,
«істейміз», «орындаймыз» дегенді айтып салушы еді.

Бүгін соны ешкім айтпады.
Рақымбайда да айтатын түр жоқ. Алдында отырғандардың артына таман бұғыңқырағандай, ұлықтың кезіне көзім түспесін дегендей, бәсеңдеп, кішірейіп кетіпті. Одан да
бұрын күткен көсемдік шығатын емес.

Рақымбай сияқты жағымтал, жөрға
болыстың тағы бір-екеуіне көзі түсіп еді, олар да алға түсетін, бой көрсететін
сияқты емес. Сырт пішіні
«алдияр тақсыр» дегендей болса да, әрқайсының ішінде сөйлетпей, басып тұрған
күдік бар сияқты. Ұлықтан гөрі де қорқытып, тартпақтап, қысып тұрған бір салмақ
бар. Сондықтан сытылып шығып, Әубәкірден бөлек сез сөйлейтін кісі көрінбейді. Бір
Ақжелке емес, барлық ұлық соны түгел сезді.

Бұрын алдына оңай түсіп, қалаған
бетке оңай беттейтін қазақ бүгін бір қыңырлық белгісін бетіне шығарып, меңіреу,
мықты қабырғаны көтеріп, тұрғызып
келе жатқандай болды.

Бірақ бұндай жарлық күнде жариялана бермейді. Кей жарлық Ақжелкені қырда, қазақ ішінде де үнемі таппайды. Бұл қалада жүргенде ел ортасына
жариялаған бұйрық-жарлық
болса, ондайдың жемісін ора алмай қалатын да уақыт болады. Мынау - кезі келген,
жақсы оралған көңілдегі арманды жақсылықтың бірі. Сондықтан тас табандап
жабысып, қазақты бағындыру керек те, содан әрі ұйлығып,
сасқалақтап, ықтынға түскен елді аш бәріне тору керек.

Мына пішінді көрсетіп отырған ел түбінде жібін босатса, әрнәрсені ойлауға да мүмкін. Сол бетінде шалқытып, дәндетіп, емін-еркін жібермес үшін, қайырып көп сөйлеспеу керек. Әубәкір сияқты болыстарды да сөйлетпеу керек. Ұлық осыны есептеді де, ел аузынан Әубәкір
сөзінен бөтен сөз шықпайтынын
көрген соң, әңгімені тез тұжырып, доғармақ болып:

- Сендер елге жариялайық деген
сөз айттыңдар. Солай болсын.
Жариялап болысымен, тезінен список тізуге кірісу керек. Бұл уақытқа шейін қазақтың елі де, болыстар,
сендер де патшаға, патшалыққа да маңдайларың терлеп қызмет қылған жоқсың.
Сендерден басқалар әлдеқашан
қырылып таусылып, жүдеп-жадап жатыр... - деп, әр сөзін құлшынып, ақырып ұрысқандай болып, сөйлеп келіп: - Енді сендерге де соғыс
ішінде болмасаңдар да, соғысып жүрген әскерге қолғабыс септік тигізетін уақыт
келді. Енді әрбір қазақ, әрбір есі дұрыс болыс, старшын, би, елу басы осыны жақсылап ұғыну керек те, елге де анықтап ұғындырып, тез список тізу жұмысына
кірісу керек. Елге жариялап болып, маған қайта келіп, список тізуге дайынбыз
деген сөз айтып келулерің керек. Мен осыған сендерге үш күн мәулет беремін, сол үш күннің ішінде барлық алдын ала істейтін жұмыстарды бітіріп келіңдер. Сөз
сол... қазір барыңдар!.. - деп, зілденген суық пішінін жылытпастан тұрып, болыстарды таратты.

Өзгелер «тара» деген өмірмен
жапыр-жұпыр тұрысып, салбыраған,
түйілген қабақпен тарап
жатқанда,Рақымбай мен тағы бір-екі
осы сияқты болыстар Ақжелкеге
таман жанасып келді. Бұлардың жүзінде «маған бірдеме деп ілтипат қылар ма екен»
дегендей жалтақтап, құйрығын бұлғаңдатқан
итше жағынған пішін бар. Ұлыққа тонның ішкі бауындай, «мен -
өзіңді-кімін» дегендей қабақтары бар еді. Бірақ үдірейіп тұрған ұлық қазір жылы жүз көрсеткен жоқ.

Екеу-үшеуінің ішінен Рақымбайға ажырайып қарады да:

- Смотри! Жақсы болыс болсаң, енді өзіңді көрсетесің, әйтпесе!.. Біліп қой!.. - деп,
айналып жүріп кетті.

II

Кешегі күн болыстар айтып келген
хабар ел ішін ұйқы-тұйқы
қылды. Бүгін - июльдің сегізі. Жәрмеңке басы кешегі күні кешке-ақ жат жарлықты
түгел естіп болған. Содан кейін күн бойы бүгінгі күннің түс мезгіліне шейін
жаманшылық хабары Албанның бар-лық жайлауларын түгел шарлап, қүйындай күтырып,
қыдырып шыққан.

Қария қабағын шытынып, шын назаланып, айласы
бітіп күрсінді. Қатын-бала ұлардай шулады. Жігіт-желең сол күні-аң «бармаспын»
деген ниетті ойлап, Алатаудың сенімді қиын тасына, қара үңгірдей қалың жыныс
қарағайына қарады. Барлық ел: еңкейген кә-ріден, еңбектеген жасқа шейін,
ертелі-кеш ылғи осы жайды ғана сөйледі. Ел апатты сезді. Азамат басына туған
қара түн осы күн деп білді. Келелі шаруа, күнделік қам, ас, дүние, мал-мүлік
дегеннің бәрі ескерусіз, елеусіз қалды.

Жайлаудың барлық жанының аузында
не қылу, не айту керек? Болыстар не дейді? Ақсақал, басшы, үлкендер не дейді?
Не жауап береді? Азаматын қия ма, қолынан оққа байлап, ұлық қолына бере ме, беремін дей ала ма? Жоқ, артына алаңдай ма? Ұлық не айтады? Не істейді? Осы сияқты шешілмейтін түйін, қарғыстай
қиын жұмбақтың алдында қабағы қатып, демін ішіне жиып, сағат сайын жаңалық күтті.

Бүгінгі күн түс кезінде жәрмеңке жазығының үстінен құйындатып, дауылдатып бір қара бұлт өтті. Тау басынан маңайды көздеп
жүрген, бойы сергек үлкеннің барлығы да Албан жайлауының әрбір тұрғысынан бұл әлеметті көріп
еді. Сол күні кешке таман барлық жайлауларға
бір жаңалық тарады.

Құйындатып, дауылдатып келген қара бұлт жәрмеңке үстінде аз бөгеліп, содан әрі төмен қарай Кегенді басып
барып, Тұзға барғанда жоғалып
кетті. Бұйтіп айбар шегіп
келген «ата-баба аруағы» екен. Патша ұлығына келіп: «Қазақты ренжітпе, солдат алма, бұл елге тие алмайсың» деп кетіпті. Осы
хабар жарқ еткен найзағай
артынан күтірлеп шыққан күркірек даусы сияқты Албан ішін басып кетті. Алып
қашты хабармен елдің өкпесі кепкендей болды.

Шүйінші сұрасқан,
«босанатын болдық», «бармайтын болдық», «бермейміз!.. » деген хабарлар ертегі
сияқты, қара бұлттан екпін
алып, тіл алғандай, қалың елді қайта басты.

Кешегі хабар естілген соң,
жәрмеңке басы адыра қалғандай
болып еді. Бүгін күні бойы бір қазақ
бір сіріңке алған жоқ. Сауда жым-жырт басылды да, базар құлаққа ұрған танадай болды.

Наубайлардың1 оттары жағылған
жоқ. Мәнтінің де буы шықпайды.
Қонағы жоқ асбұзып жұтағандай, қақырап тұр.
Қатарланған жасауы бар, көздің құрты
сияқты қызылды-жасылды пұл
ләпкесі, қаңылтыр-қалайысы жылтыраған ыдыс-аяқ ләпкесі, кең майдандай мал
базары, ұсақ мәліш ләпкелері, жалбыраған қара-қызыл
былғарылар, төңкерілген шойын қазан,
жез шәугімдер, салпылдаған ер-тұрман,
- бәр-бәрі де Албанның керегі үшін жасалса да, бірақ күннің ішінде керексіз дүние болып,
жайрап қалды.

Өлген ердің артында жыл уағына
шейін түлдап іліп қоятын қаралы киім, қаралы аспан сияқты, ләпкелердің дүниесі
жесір-жетім қалды. Өсекші, қомағай саудагер жайын қарны жем тілеп, сабырсыздық
қылып, біріне-бірі қыдырып, айла таба алмай, бастарын шайқасты. Асаусып, жат
мінез көрсетіп тұрған жайлауларға
қарап даурығып, лағнет оқиды.

Ашулы урядник ләпкеші саудагерлердің ортасына келіп тұрып, сыр бермей қыңырайып жатқан
қазаққа қарап, дағдылы жауыз боқтығын айтты. Ешбірінің де емі болған жоқ.

Баяғыдан шыдап келген көнтерілі
алып енді бұ-рынғы момындық, молқолдық, берегендігінен бірақ күнде пышақ кескендей тыйылды. Өзгеден бұрын
ұлы жауы, мың да бір қырсығы - жәрменке деп білгендей болды.

Айналадағы көп жайлаудан мал ағызып, пұл алу-шыны жетектеп
келетін жолдардың бәрі әне жатыр. Күнде қара құрттай қайнап, әрлі-берлі ағылып жататын
жүргіншінің ешбір белгісі де жоқ. Тым-тырыс. Суық түсті жұмбақтай.

Бүгінгі сурет пен дәл кешегі күнді ғана салыстырса да, қаншалық жер мен
көктей, бақ пенен сор арасындай,
айтып бітіргісіз айырмасы бар еді? Кеше ләпкелердің алды елуден, жүзден
қатар-қатар сірестіріп байлаған ер тоқымды ат болатын. Ләпке іштері иін
тірескен сеңдей соғылысқан алушы. Жалғыз еркек емес, ақ күндікті бәйбіше, ақ желекті келіншек,
үкілі құндыз бөрікті сәулім бойжеткен - бір емес, әлденеше. Бәр-бәрінің қасында көп-көп некерлері бар. Өзге
қазақтай қазымыр, саудаласқыш, тартпақ емес. Нағыз жұмсақ жемдей.

Қазір де олар былай тұрсын, керек десе, құлынды бие мініп, баласын ерткен кедей
кемпір де жоқ. Өгіз мініп. бесті-онды қадақ жабағысын теңдеген кедей шал да жоқ. Жалғыз сіріңке, жалғыз кесе болса
да ләпкеден алып, қолына ұстап
бара жатқан жайлаудың бір жаны жоқ.

Күлкіші, аңқау, аңсағай бойлы, күрең жүзді Албан суық көзбен жаңа ғана ең алғашкы рет
жәрмеңкені мазақтай, «кет», «жоғал» дегендей жирене қарады.

«Аруақ келді», «ұлыққа
 ара
бұлт түйілді» деп, алып қашса да, жарияланған жарлықтың шындығында күмән жоқ. Қара тастай мызғымай, бір орында
түйіліп, құбыжықтанып тұр.

Шүйінші, тасаттық, жеңіл желіктің барлығы да сол зіл қара
тасты аударамын, құлатамын
деген ұшық сияқты еді. Бірақ
үшкіргенмен, өкпемен қаққанға бұл кетпейтін, айықпайтын дерт сияқты болды.
Соны білген ел енді: «Пәленше не дейді, түгенше не ойлайды екен?» деген сұрақтарға келіп еді.

Бұл тұтас әр жайлау өзінің сенген
шошағына көз салып, соның аузынан шыққан лебін тыңдайтын күйге жеткен. Өзді-өзінің тұрғысынан бірдеме деген шығыс болар ма екен деп дәмеленіп еді.

Осы ретті Дөңгелек саз Серікбай,
Әубәкірдің аузына қарап, Қарқара, Лабасы, Сырт
жайлаған елдер Жәмеңкедей
қария, Ұзақтай батырының
аузына қарап, солардан жауап күтіп еді. Ертеңді-кеш осыларға кәрі-жасы, болыс-биі, сәлемші-елші айықпай шұбырып келіп жатқан. Күндіз бірнеше ауылдарда «айтылып сойылған»
малдың еттері желінген.

Қазір де екінді мен ақшам
арасында Ұзақ, Жәмеңке аз ғана кісімен Дөңгелек
беттегі Ұзақ аулының
жанындағы көк жотаның басында
кеңесте еді.

Кішілеу дөңгелек
денелі, бурыл сақалды ер Ұзақ қажымас мықты қайрат иесі,
ержүрек батыр болатын. Бұның көп заманнан бергі үзеңгі жолдасы -Жәмеңке. Бұл жетпістен асқан
қарт, қырандай, кәрі шораяқ алғыр шешен еді. Бірақ зорын таппай сөйлемейтін, көбінесе үндемей,
өз ішіне үңілген сияқты ойда отыратын, жадағайы жоқ, тартымды,
жинақты мінезі бар.

Ұзақ та суырылып көп сөйлемейді,
сөйлесе кесіп байлап, бір-ақ
айтатын. Сондықтан қазіргі шешілмей тұрған түйін сияқты үлкен кесірлі, ұлы
ауданды іске келгенде де, күндізгі арманшыл, уайымшыл шалдар сияқтанбай,
қазіргі қасында отырған бірен-саран сарнауық қажылар сияқтанбай, Ұзақ өз ішіне
тығылғандай болып, мойынын
ішіне алып, бір қыңыр оймен тым-тырыс үндемей отырды.

Кешеден бері әншейінде
пысықсып, тілмарсып жүретін Албан ішінің үлкен-кіші, жақсы-жамандарының бәрінің де сөздерін естіп шықты.
Бір де бірінің сезінде түкпір әріс жоқ. Істейтін істің ем-домы жоқ.

Құр ғана
Албанның өткен күні пәлен
еді, бүгін мұндай апат келді,
ауыр күн туды, ақыр заман болды дегеннен басқа, құр жылап зарлағаннан басқа ештеңені
айтпайды.

Бұндайлар
аяғында батырды қажытуға айналды. Сондықтан күндіз заржақтанып, қақсай берген
бірер шалға ашуланып:

- Уа, қоямысың енді, байы өлген
қатынша сұңқылдай бермей.
Айтқыш болсаң, ана ұлыққа барып
айт. Мен сені ұстап отырмын ба? Немесе мына ақыл таба алмай қамалған елге істейтін істі айт. Жарлық шығарған мен деп қақсап отырсың ба? - деп зекіп, сөйлетпей
тастаған. Осы сөздерінен де, онан соң кешеден бергі түйілген қабақ, сұрланған
жүз, жылт-жылт еткен кішкене суық көздерінен де батырдың бірдемені аяқтата
алмай, қиналып, ойлап жүргені
белгілі сияқты еді.

Тентек батырының сырын білетін
Жәмеңке қария ештеме айтып қажамай, бұның ойын өрісіне жіберіп, өзі айтқанын тосып, баспалап, бағып
отырғандай еді. О да көп сөйлеген жоқ.

Бірақ қазіргі
уақытта тамам ел іші қамалған пішін көрсетіп, Ұзақ пен
Жәмеңкенің аузынан шыққан сөзін сабырсыздықпен күтіп отырған.

Бірталайдан бері не дерді білмей,
үндесе алмай, бет-бетімен иығы түсіп тұнжырап отырған соң, аяғында Жәмеңке мойнын сыртқа қарап бұрып салып:

- Баяғыдан бері Албан баласы қарын
шашы алынбағандай болып, ала бөтен амандықпен келіп еді. Мына жетпіс беске келгенше
малы-басы пәле-қазаға ұшырағанын
көрген жоқ едік. Бұл тау арқасындағы елдің ұйқысы қалың еді. Таудың киігіндей кең жайылған
тіршілігі бар еді. Албанның тоқсанға,
жүзге келген шалы болса да, бұл
елдің қыс күнінде жұтағанын,
жаз күнінде індетке ұшырағанын білмеп еді. Мал мен басының амандығы бар-ақ еді. Е... е... е... ол бір дәурен
екен. Көп дұшпанның қастығы
мен торуы айықпаса да, көп зәбір келтірсе де, соны да елемей келе жатқан ел бар
еді. Енді мына бүгінгі күн мынадай кер заманға кездестік. Қалың, апат селге
киліктік. Баяғы өткен ата-бабаның абырой-бағын
бізге берген жоқ. Олардың тұсында
ел бұндай, пәледен аман еді.
Енді сені мен менің заманымда Албан баласы мынаған кез болды, батыр!.. Өткелде
түйенің үлкені таяқ жейді... Айтсаң да, айтпасаң да, тұйыққа келіп қамалдың. Қолыңнан тартып
шығаратын қайрат жоқ. Ұлық
кәр қылғанда бізге қылады. Бірақ бас амандайтын күн емес... Бір біздің
амандығымыз кімге тұлға
болады? Қамалған елге біз сөйлемесек кім сөйлейді? Енді ой-дағыңды айт,
батыр!.. - деп тоқтағанда, Ұзақ екі көзінде шақпақ оты
жалтылдағандай болып, булыққан ашумен:

-          Ел
аман еді, жайлауы жарасып еді. Қарын шашы алынбап еді дейсің. Қазақтың аяғына
жем түсіп, ұлы бойына оқ тигені бүгін
бе екен? Мойныңа бұғалықтың түскені әлдеқашан емес пе еді? Бүгін тұқыртып, біржолата шөктіргелі темір қолы құлаққа келіп жабысып отыр. Баяғыдан қорыққанда неден қорқып, сиынғанда неден сақта
деп сиынып едің? Көптен торып, обырдай обып келіп, енді түгіңмен жалмағалы
отырғаны осы. Бұл бүгін емес,
көптен келген пәле де. Енді жетер жеріңе жеттік... Айтқаныңдай асау болсаң,
енді тұяқ серпетін шағыңа
келдің. Абұйырдың ашылып, мол
дәулеттің ақтарылатын күні міне енді туды... Ел болар болсаң, енді сіресіп, ұстасып көр... Шыдаймын деп ұстас... Мен айтсам, соны айтам.
Жоқ, олай емес болатын болса, әне ұлығың,
бар да ұсына бер!.. - деді.

Бұл
кеңеске Дөңгелек саз жайлауынан келіп кіріскен Серікбай еді.

Оның да кешеден бергі ел сөйлеген сөзге құлағын салып, өз
ішінде қорытып келгендегі байлауы
осылай сияқты еді. Ұзақ сөзі өз ойын бекіткендей болып, бұл тілеген өріске
қарай беттегеніне Серікбай риза болды.

-          Кенемін,
бойсұнамын десе, ақылдасудың не керегі бар? Елдің
сіздерге сөзін бергендегі іздегені
де қалың елдің елдігін көрсететін
бір жол тапсын дегені ғой. Екі қария
екеуіңнің сөзің де қалың көптің тілегіне, ыңғайына
үйлескен сез болды. Ер-азамат біздің аузымыздан «бермеймін» деген сөз шықса екен деп қана тілейді. Жә!
Ол сөзді айттық... Бірақ
қалайша бермейміз? Не айла істеп жан бағамыз, сүйенерлік, сүйкенерлік кім бар?
Соған не айтасыңдар?.. - деді.

Ұзақ өзін қостаған
сөзге емексігендей болды. Тегінде
Серікбайдың ерлігі, кісілігі бар деп бұрын да ішінен жаратушы еді. Сондықтан жасының кішілігіне қарамай,
жолдас сияқты көріп, әрбір
жайдан ақылдасып қоятын. Қазірде
де Серікбай батырдың бетін ұғып,
ақылын мақұл көрген соң, Ұзақ бұның сезіне
риза болып, бұрынғыдан гөрі шешіліп, сөйлеуге ай-налды.

-          Албан
баласы бұл арада отырып
дегенін істей алмайды, енді әйтеуір амандық жоқ. Алды-артыңды өрт алды, ең әуелі қанатын жайып, еркектік
көрсетемін деген өзге қазақ болса, соған атсалысу керек. Сонымен етек-жеңді жиып алғанша,
патша құрығына ілінбейтін
болып қарсыласа тұрып, әбден дайын-далып алған соң, тіпті қожақтай беретін болса, ірге аудару керек.

Жәмеңке, Серікбай болсын, өзге
бермеймін жағында жүрген басқалар болсын, кешеден бері бәрінің де аузына кірген
сөз осы еді. Бірақ ұлық
тығыздатып тұр, жауап сұрап отыр. Бұған әзір жалтартып жауап беру керек
пе, жоқ, үзілді-кесілді бір-ақ айтқан дұрыс па? Ендігі ойға келген түйін осы еді.

Бұны Жәмеңке шешпек болды.

-          Сөз бұған сарқатын болса, мына жауап сұрап, үш күнде кесікті сөзіңді айт, тізіміңді бер деп
отырған ұлық бар. Бұған не деу керек? - деп, біраз
үндемей отырды да, аяғында:

-          Қадалған
жерінен қан алмай тыйылмайтын дерт қой бұл. Ырғасамын, арбасамын деп созалаңдауға болмас, елді бөксе басты
қылып алармыз. Бермеймізге бекінсек, бұған сәл бермейміңді ашып айту керек те, елге қамдан деп жар шашу керек, -
деді.

Кеңесте басынан үндемей отырған бурыл шал Жоламан бар еді.
Соңғы сөз мұның да
күткен-кезегі сияқтанды.

-          Бәлі, мақұл айтады. Созғанмен жауап бермей тұра алармысың, елді ұйлықтырмай, болыс-болыстың бәріне бір бас, бір тас бол да, ел сөзі осы деп, «бермейміз» деген
бірақ сөзді айтыңдар деу керек. Әйтпесе қипақтап, ұлыққа жарымталсып, жақсы атты кісі
боламын деп, елді тұйыққа
қамайтын ала ауыз жоқ емес, табылады. Бір жерге сөз байланса, көптің ауқымынан шыққан тентекті, арам
ойлыны көріп алармыз!.. Сөз - осы, - деді.

Болыстарды айтқанда Ұзақ елдің шырқын бұзатын арам сирақ залалды жауды еске
алғандай болып, қайтадан сұрланып:

-          Ең
алдымен сол тұшталаңдап,
кісімсіп жүрген ұлықсыған немелерге ие болу кере. Аяғыңды қия бассаң қылтаңды қырқамын деп, соларды ауыздақтау керек. Жарықшақ сөз шығармасын,
елді сандалтып, шаң қаптырмасын. Ертеңгі күн көптің айтатын сөзін қалпынан
аудармай, жалтартпай ұлыққа
дәл жеткізсін. Күн жауғанда қойнында,
күн ашықта мой-нында болатын ерке тәйтіктің керегі жоқ. Казаққа үлык дәрі емес.
Көп айтатын қарсы сөзді
соларға сөйлету керек!.. - деді.

Бұл жиындағы үлкендердің бәрінің де көңіліндегі күдігі болыстарда
болатын. Алғашқы сөз байланған
соң ендігі міндет соларды ауыздақтау екені барлығына да мәлім жұмыс, кезекті мәселе сияқты болатын. Бұның
байлауын да Ұзақ айтып берді. Бірақ болысқа ел қабағын танытып, үнемі тәубесін
еске түсіргендей сескентетін бір мінез істеп жіберу керек. Ұлық алдына барғанда қайқақтамас
үшін, қалың топтың ұғымын
анық көрсетіп, шырық бұзған кісіге кеп айдыны қалай төңкерілетінін
ашық сездіру керек. Жәмеңке
осыны ойлады да:

- Болыстың барлығы шырық бұза бермес. Бірақ бәрі бірдей елдік ойлайды, ұлыққа сатпайды деп айтуға болмайды. Ертең
мен бір боз қасқа айтып сойып, бір қауым елді жиғалы отырмын. Албан
болыстарының бәрі де сонда келер. Бұдан
былай тантырамай, аяқты нық бас деген сөзді қауым алдында айтармыз да,
біржолата шегелерміз. Содан әрі ауа жайылған болса, ондай мұттайымның малы мен басын елдің қолы
білсін. Албанның ақ патшамен қатар мың да бір жауы сол дерміз, - деді.

Кеңес бұл
сөзді тегіс мақұлдады.

Тәжірибесіз көрбала ақыл бұл істі құр ғана
ашумен шешті. Мәселе қалың
елдің түгел ереуілдеген қыңырлық, қарсылық бетімен шешілді. Білмегенін көмескі
күйде қалдырды да, балтамен
шапқандай жасап, үлкен наразылық, тұтасқан
құр қарсылықтан басқаны
айтқаны жоқ. Бірақ қалай
айтылса да, бұл байлау
тасқындап, булығып тұрған
көптің бір бетке қарай ақтарылғалы тұрған шын ниетін білдірді.

Сондықтан Ұзақ аулына жиылып, ақсақалдардың байлауын
тосып отырған ел мына сөзді естігенде, шынымен патша құрығынан біржолата құтылып кеткендей болып жабырласып, қуанысып, бейуақытта бата қылысып,
бермейтін болдық деп аттарына
мінді. Сол байлау сол түні-ақ
қалың елдің ішін жаңа екпінмен тағы да қыдырып шарлап, шашырай жөнелді.

Келесі күні Албанның шыр етер
атқа мінген дәмелі жігітінің барлығы
Жәмеңке айтқан боз қасқаға түгел жиылды. Бұнда Ақжелке кеңсесінде болған болыс,
билер де түгел. Өз ортасында шошағы болған ақылшы қариядан бұл
жиында Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай бар. Баяғы бір
түйіннің үстінде аласыз көңілмен түгел жұмылған қабақ бар.

Жәмеңкенің ауылы Ақбейіттің ұзын өлкесінің бойындағы қалың ақ
ауылдардың қақ ортасында еді. Жиылған жұрттың аттары ауыл маңын қара тобыр қылып, жәрмеңкедей жыбыр-жыбыр басып кетті. Қарсы беттегі Лабастың
қарағайлы беттері мен атты қазақ көптік салыстырғандай еді. Өзеннің күнбатыс
жағындағы жалаңаш қызғылт
жотаның өзекке қараған беттері ерттеулі ат, топ-топ болып үйілген, үйірілген
кісіге түгел толды.

Жерошақта будақтаған түтін. Тер
басқан көп күтуші. Қызарып,
жарқырап сойылып жатқан
үлкен-кіші малдар. Ақтарылып, лақылдап, дамылсыз құйылып, бұралып жатқан мол қара
сабалар қазақ жиынының дағдылы шарты сияқты. Ішіліп, қыздырып, желік беріп,
жеңілдендіріп жатыр.

Келелі үлкен жиын Жәмеңкенің алты
қанат үлкен үйінің сыртында,
көк шалғынның үстінде еді. Балалар соққан тас қорадай, жеті қанат үйдің
орнындай үлкен ауданда тізелесе отырған ел кісілері. Үлкен кеңес, бұған жұрттың бәрін жабырлатпас үшін өзге қалың
топтарды үй-үйге кіргізіп, қымыз беріп, шай беріп, алдандырып жатқан. Және
үлкендер кесіп-пішсін. Байлауды солар айтсын. Көп қара-құрық сөз аяғын жерге тигізбейді десіп,
кеңес жиюшылар бала-шаға, жас-желеңнен бұл топты әдейі жырып шығарған. Бірақ басында солай дескенмен,
үлкендер сезге кірісуге айналғандай, айналаньщ бәрінен шошақ бөрікті Албанның
жас-кәрісі топ-топ болып, ағылып келіп жатыр еді.

Жиын ортасында қара бүйра бөріктерін көздеріне баса киіп, үндемей томсарып,
маңайын-дағы болыстарға түйіле қарап қойып, Ұзақ, Жәмеңке отыр. Бұлардың
көзіне көзі түскен жақсы киімді, сусар берікті, жылтыр жүзді шытырайған болыстар мойнына
күнәсі ауған қылмыстыдай жасқаншақ, жалтаң сияқты.

Жиылған соң да жұрт көпке шейін
үндеспеді. Сөздің шешуі кеше айтылған. Ұзақ, Жәмеңке бүгін мына жиыннан соның жауабын естімек. Ұйлыққан топтың бұл арада көшін бастап, алдын созудың міндетін
Серікбай алды.

-          Уа,
Албанның баласы, неге жиналдың? Басыңа күн туған соң жиылдың. Ұзынды күн бір ауыз сөз айтпай, ұйлығып отырамысың, түге?! Кеше
мына қариялардың айтқан сөзін естідіңдер. Ертең жауап беретін күндерің ұлыққа.
Кеңеселі, бірдеме делі... Сөйлеңдер...

-          Уа,
мақұл айтады... сөйле, сөйлеңдер... ел ауыздарыңа қарап отыр... - деп, көп
дауыстар әр жерден шу-шу етті. Топтың әр жері күбір-күбір қағып, қозғалақтап, қақырынып, түкірініп жатты. Осы дауыстардың
аяқ кезінде аңсағай бойлы, жар қабақты
Тұрлығожа даусын өзгеден
асырып:

-          Рас,
сөйлеу керек. Мына қыдырлы үйдің асына жиылысып, дуалы ауыз қария Жәмеңкедей,
анау Ұзақтай батырдың ақылына
қоңсы қона келіп отырмыз. Кешегі заман кетсе де, Албан баласы, шүкірлік,
басшысыз емес, нұсқағаныңнан
қаламын деп отырған ел жоқ. Әуелі қария сөйлесін.

-          Қарияға
қалған сөз сөйленді. Қария айтты айтарын, - деп сөзді Жәмеңке киіп әкетті. Атақты қарияның түсінде, қатпарланған әжім арасында қатуланған томырық ашу
белгісі бар еді. Бірақ сөзін
ашуға билетпей, келеге билетіп, езгелерді қозғамақ болып:

«Кәрі қойдың жасы үлкен, ісек
қойдың басы үлкен», мына отырған жастан шыққан басшың бар. Сөз кезегі бұларға
келді. «Бедері кеткен торқадан бек тоқыған бөз игі» деген. Бізден бедер кеткен. «Қалқайған қара бөркімді шұрқ болғанда сен көрдің, дәулетімнен бейнетім көп болғанда
сен көрдің » деп сыннан еткен шағымызда мынадай кер заманға кездестік. Бұл - елдігіңе
келген сын, Албанның баласы. Елден адал туған ұл болса, белді бекем буып бекінетін шағына келді. Бізге қалған сөз аз ғана, асарымды асап, жасарымды
жасаған мен немді қимаймын? Ұзақ
несін қимайды? Еркек туған елмін деп дөң басына шығар болсаң, қалған жасын салмайды екен, жалтарады екен
деме! Жер тіреген шал да болсақ, қатарыңнан
қалар деме. Біз айтарды айттық.
Егер ол сөз замандарыңа жақпайды
десең, өздерің біл... Айтсын мына ел тізгінін қолына ұстаған жастан шыққан
жақсыларың, - деді. Әр жерде:

-          Уа,
сөзіңе құлдық, уа садағаң
кетейін... Аруағыңнан айналайын!.. - деп, шулаған кәрі дауыстар естілді.
Қорсылдап жылаған бірен-саран кеңілі бостар да көрінді. Жәмеңке сөзі елдің булығып отырған бойын шымырлатқандай
болды. Болыстар көптің
қабағын сезген сайын өз-өзінен бұққандай, қысылғандай еді.
Ақжелке алдындағы томеншіктеген жалтақ кез тағы да бөрік астынан ұрланып, маңайынан бір шығыс
іздегендей сүзіліп, қозғалақтап отыр еді. Болыс тобын
тағы да Әубәкір жарды.

-          Уа,
қарияның кешегі сөзін де, бүгінгі сөзін де естідік, естімеген, алғыс айтпаған Албанның баласы жоқ. Артыңдағы
елдің үмітін ақтасаң естіп ақтарсың. Сүйіндірсең, осылайша сүйіндірерсің.
Ырзамыз! Бұл

-          бір
сөз. Ендігі бұдан соңғы бір
кезең - ұлықтың айтқанына көнбедік.
Бермейміз дедік. Сонда бұл
жеріңді мекен қылғызбайды екен. Жә! Сол күнде бізге анау қалмақ қоныс бере ме?
Қойнын аша ма? Осыған не айтасыңдар? «Бермеймізден!» соңғы елдің қамалып тұрған тұйығы осы болып тұр. Бұған қария болсын,
осы отырған көп халық болсын,
не дейді, кәне?! - деп, ашулы ернін жымырып, қанталаған қызыл көзімен айнала қарады.

-          Әуелі
бір сөзден бір сөзге сырғымайық. «Бермеймізге» осы
жиын түгел сезін сарықты ма?! Әуелі
соны аяқтайық та. Сол мақұл
болмас па? - деп, Серікбай көпке
қарады. Жұрт:

-          Иә, иә...
солай-солай!.. - деп, дағдылы шуымен тағы да қостай жөнелді.

Осы дырдудың аяқ кезінде;

-          Уа, болыстар
сөйлесін. Болыс атаулы сөйлесін...

-          деген дауыстар
шықты.

Иә, жұрт арлы-берлі айта береді ғой. Ертең ұлыққа жауап беретін болыстар. Мына
қария сөздерінен соңыөп ниетін айтқан қарияның ұранын осы отырған болыстар қостай ма, жоқ па?!. Неге айтпайды.., неге ұйлығады?! - деп Тұрлығожа болыстарға қадалды. болыс
атаулы не айтады, соны есітелік?! Жаңағы к

Кешегі ұлықтың ақырғы сөзі әлі күнге есінен кетпеген
Рақымбай көптен қозғалақтап қыбыжықтап отыр еді. Өз маңына ұлық бетімен бірдемені айтып қоңырсытып та келіп еді. Бағанадан
көптің бетінен жасқанып, жариялай алмаса да, енді ұлықтан бір именіп, елден тағы жасқанғанының бабын таба алмай:

-          Болыс
ұлық айтқан жарлықты сендерге айтты. Енді
сендердің сөзіңді ұлыққа айтады. Болыс деген не? Ол
арадағы бір ғана тілші. Болыс-молыс демей, байлауды неге айта бермейді бұл халық. Болып жатқан үлкен соғыс
анау. Ақ патшаға қараған елде қазақ,
қырғыздан басы аман, малы түгел отырған ел жоқ, «енді сендер әскер бермесең де,
көмек бер» деп, асылып отырған
ұлығың анау. Бермеген мақұл деп ел айтады. Болыс бұнда қайтушы еді? Қайратың, амал-айлаң
болса бір сәрі... Неге сенетінді кім біледі?.. Бізге ақыл айт демей, сәлемімді
айт, сөзіміз осы деңдер. Одан басқа
болыс-болыс дей беретін не сөз
бар?.. Солай емес пе?! - деп, болыстарға қарады.

Бірен-саран болыстар: «солай...
солай» десіп, жасқанып күбірлескен болды. Болыстың көпшілігі үндемей, төмен қарасты. Жәмеңке мен Ұзаққа
жалтақтады. Жәмеңке басындағы сезін жұмсақтап айтса да,
мына соңғы сөз қытығына
тигендей, қинағандай еді. Жүзіне ашумен араласқан көкесін кіріп,
суық күлкі пайда болып,
Рақымбайға қарап:

-          Е, е, е! -
деп, қадалып отырып:

-          Жабының
жол бұзатын жорғасындай тілің
бар неме екенсің. Көмейіңді танымай отырған шығармын. Сен болыстықтан түссең,
Албан пысық болыссыз адыра қалар дейсің ғой... - деп келе жатқанда, Ұзақ киіп әкетіп:

-          Ақсақ кемпір сияқты сылти басқан
пысықша! Алдасаң ұлықты
алдарсың. Сен істес болған ұлықпен
біз де кездесіп көргеміз.
Бірақ осы Албанның баласы
ертең кегенделіп кететін күн болса, көз жасы сенің мойныңда, екі дүниеде қос
қолы жағаңда. Заман - сенікі, сөз
- менікі... бар, бастап апарып, тізіп бер. Еріңдер түгел мына Рақымбайдың
соңынан. Бұдан әрі не сөз бар?.. - деп, тым-тырыс болды.

Жиылған жұрт басында ашулы
батырдың пысы басқандай, бір секундке жым-жырт болды да, артынан жамырағандай
жан-жақтан шу-шу етіп:

- Кетсін жиыннан Рақымбай,
жоғалсын... қызыңды... анаңды... әуелі сен жұртыңмен, үйел-меніңмен өртелмей, бір Албан да соғысқа бармайды.
Азамат кететін болса, әуелі
осыны бауыздап кетеді, - деп, Ақбеттің даласы ереуілдеп кіжініп, өрттей
лаулады.

Жиын басы үлкендер лаулаған жұртты әрең басып тоқтатты. Қайта орнығып, тыныштанып кеңесе
бастағанда, Рақымбай жорғақ қағып, Жәмеңке, Ұзаққа жалтақтап, жасып, тапталып, кішірейіп қалған екен. Ешбір
дыбыс шығара алмады. Содан кейін ел бермеске, көнбеске ең соңғы нақ байлауын жасады. Азаматты бермеу
жолында ауа көшу-ге, мал дүниеден, ата қоныстан безуге де шыдамақ болды.
Аяғында ертең ұлыққа жауап
беру үшін қариялардың бойын көрсетпей, жасырақ басшыларын жібермек болып, Серікбай, Тұрлығожа, Айтбай үшеуін сайлады. Ең
ақырында боз қасқаның қанымен анттасып, Жәмеңке Албанның Райымбек, Саурық
бастатқан қадірлі ұлы
аруақтарының бәрін атап тұрып,
«солардың оң сапарын бер» деп, мойнына бұршағын салып тұрып,
тілек қылып, бір әкенің баласындай бір ниетке тас түйін болып буылған елге ақ
батасын берді. Қалың жиын күңірене қостап, «Иә, құдай, иә, Райымбек ата, жар бола көр» деп,
ақ тілекке шын ұйыған
пішінмен беттерін сипады.

Көтерілістің тас іргесі орнатылып, алғашқы бір буын, бір
сатысы осыдан басталып еді.

III

Ұзақ Ақбейіттегі жиыннан қайтып Таңбалы тастағы өз аулына таман келгенде,
маңындағы кепшілік жан-жаққа, ауыл-аулына бытырап тарап кетіп, қасында селдір
ғана топ қалып еді. Осы аз кісінің ішінде өзінің бірге туған ағасы Тұңғатар
қазқы еле жатқан.

Бұл - бүгінгі Албан ішіндегі үлкен байдың бірі. Мың жарым, екі мыңға
тарта жылқысы бар. Үлғайып, ел ағасы болған баласы бар. Азамат, бозбала
ортасының мырзасы атанып жүрген немерелері бар, мал-басқа төрт түлігі сай, тіршілікке, тыныш-тыққа мас болғандай, риза болып
жүрген көп байдың бірі еді.

Жарлық әңгімесі естілгеннен бері қарай бұл болыс, тілмаш, ұлық арқылы мал күшімен немересін алып
қалатын қалтарыс жолдарды қарастыра келіп, аяғында пұл аямаса, жігітін амандап қалатынына көзі
жеткендей болған. Бірақ Ұзақтай туысқаны,
Жәмеңкедей ел қариясы, жалпақ Албанның қамын жеген болып, бұл
ойлаған ниетті өрісіне жібермей, шырқын бүзып тұр. Кешеден, бүгін күндізден бері сол іс бұның әдеттегі тыныштығын бұзып,
жұрттың жиынына, Ұзақтардың сезіне, оларға сүйсінген
елге - барлығына да наразылық кекесінмен қаратқандай еді.

Күні бойы елдің Рақымбайға
кіжінген түсін керіп, бұл
жиында бір ауыз сөз айтқан жоқ. Бірак Ұзақты оңаша
қолына алып, ойдағысын айтпақшы болып келе жатқан.

Сонымен екінді кезінде Қабанды
қарағайды басып, Таңбалы тастың желкесінен асып түсіп, ауылдарына тақап
қалғанда, алдынан өз аулының бір жігіті келіп, оңашарақ шығарып алып:

-          Бүгін түс
кезінде жәрмеңкеден 5-6
солдат келіп, батырдың аулын тінтіп, өзін сұрап кетті.
Іздеп жүрген кісі сияқты. Кешеден бергі сыбыстың бәрі жәрмеңкеге барып жатқан көрінеді, -дегенде:

-          Бәсе, мен соның боларын білгемін, бұл Ұзақты бірдеңе түртіп жүр. Ойын деп жүрген шығар. Әлі ұлық бұның жүрегін
шайлықтырған жоқ. Бірақ бұл бірдеңе кереді. Өзі де керуге
ынтық. Біздің ауылға келді ме, балаларды іздеген жоқ па?

-          Жоқ,
біздің ауылдарға келген жоқ. Әйтсе
де, ел бүгінгі солдаттың жүрісінен сескеніп қалды. Сонымен ауылға келе ме,
келмей ме, қайткені лайық.
Алдынан хабар қыл деп, сіз бен батырға ауылдағы бәйбішелер әдейі жіберіп еді. Қалай қыласыздар? Батырға өзіңіз айтасыз ба, қайтесіз? - деді.

Бұл кезде Ұзақ жанында он шақтыдай ғана
кісілер қалып еді. Тұңғатар
қажы сол жақтағы жотаға таман атын бұрды да, хабаршы жігітке:

-          Ұзақты мен шақырады деп ертіп кел, - деп, өзгелерден жырылып жалғыз
кетті.

Ұзақ келгенде Тұңғатар өлкедегі көп ауылдың желкесінде ұзыннан созылған көк жотаның үстінде жалғыз отыр еді. Батыр
әдеттегі малқорда, бықсыма,
тартпақ ағасын бұндай үлкен істердің тұсында көргісі келмегендей болатын.
Жиренішпен, бөтендікпен сырт қарап
жүруші еді. Бірақ бұрынғы істің көбі қазақ арасында тартысы малға, шырынға
сайып ке-летін партия жұмысы болатын. Ондайда қашқалақтап, сараңдық қылып, Ұзақтан бойын алып қашамын десе де,
тентек өр мінезді батыр ағасына өз
қайратын еріксіз танытқандай
болып, айтқанына көбінесе көндіруші
еді.

Бұл екеуінің арасында жас
күндерінен сөзбен ұғыскан, ниет, бейілмен жарасқан туыскандық белгісі болмаса да, қайратпен арбасқан, қабақпен танысқан ерекше бір жалғастық болушы еді. Сондықтан Ұзақ әрқашан Тұңғатармен бел шешіп сөйлеспейтін де, бұнымен сөйлесетін уақыт өзіне бір азап сияқты көрінгендей болатын.
Бүгінгідей батыр көңілін тұқыртып басқан қиындық үстінде үлкен жұмбақ, ауыр азап үстінде Тұңғатар тағы да берекелі сөз айтпайды. Соны ертеден бастап сезген
сайын Ұзақ төбе басында қоразданып отырған байды алыстан-ақ оқты көзімен атып, жақтырмаған қабақ көрсетті.

Тұңғатарға бұл
үйреншікті жүз сияқты. Ол көбінесе бұл пішінді көрмегендей,
әдейі танымағандай болатын.

Сонымен қасына батыр келіп отырған соң:

-          Бүгін бес-алты солдат келіп, ауылды
тінтіп, сені сұрап кетіпті.
Кешеден бергі сөйлеген сөздерің
-анау. Осы ұлықты ойыншық деп
білемісің, осы? Кеше өзіне ел аман, жұрт тынышта ел бүлдіруші осы деп, үш айға абақты кесіп отырған ұлық бүгін мынадай астаң-кестең үстінде ең
алдымен елден бұрын сені торымай, кімді ториды деп ойлайсың?!

-          Уа,
жаным, не қыл дейсің енді?!. Кеше ұлық жалғыз мені көздеген болса, бүгін бар Албанның баласын қоса көздеп, қоса іздейтін болып отыр. Іздеді деп өле қалайын ба? Ұлыққа
қай қылығым жағушы еді менің? Жер үстінде жүрме, үніңді шығарма, қатын

бол дейді. Соның бәріне бас ие
берейін бе? «Басқа ұрса - өл,
артқа ұрса - көн» дейсің ғой.
Өлтірейін десе де, жағаласпай, қол қусырып ел дейсің ғой. Өйтетін болсам, әкем
Саурықтың аруағынан садаға кетсем болмай ма?! Не айтпақсың? Не қыл дейсің? Төрт-бес солдат
келіп-кеткен екен, шошығаның сол ма? Көрмеген құқайым ба еді?

-          Сен
болсаң, өстесің? Өршеленбесе, Ұзақ
бола ма? - деп, ызаланғандай кекетіп: - Сен ұлықпен ерегесемін деп, сақалыңның
ағына жеттің, кімді жеңдің? Неңе қолың жетті? Алты алаштың баласын қыбыр
еткізбей бағындырып, ауыздықтап
отырған құрығы ұзын патшаға Албан ішінен бір тентек шықса, жүк болады деп кім
айтты осы? Тартынатын, ойланатын шағың бар ма, жоқ па? Өзге болмаса, алдыңда
тілеуі бар балаң бар, артыңнан ерген інің бар. Ең болмаса, ертең кешегі тентек Ұзақтың баласы, інісі дегізбей,
көзге түрткі қылмай, соларды ойласаңшы, ауыл, аудан, ағайынды ойласаңшы, - Уа,
Тұңғатар, тілеуің құрғыр Тұңғатар, не қыл дейсің? Соны айтшы. Күйдірдің
ғой сен-ақ. Өмір бойы «шөк-шөк» деп-ақ өлтірдің ғой сен!.. Айтшы енді, қайтейін
мен? Кәне айт енді!

-          Айтамын,
айтатыным: кешеден сыбыс салып, әр жерден байқап жүрмін. Өзіміздің ауылдың балаларын
мал шығарсақ, түгел амандап алып қалуға болатын көрінеді. Құдайға шүкір, екі-үш баланы алып қалатын
дәулет бар. Өзгенің барғаны барар, бармағаны осылай жан сауғалап қалар. Мынау елді босқа желіктіріп құтыртпа, тоқтат. Қалмаққа барып
жетіспейміз. Мал-дүниеден айрыламыз. Ата қоныс мекенінен ел ауған деген оңай
емес. Ол -үлкен апат, сұмдық.
Ешкімнің де бар Албанды сыйғызатын жері жоқ. Алдымен қыруар малмен өзіміз
сыймаймыз. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында ата дәулет, қан қазына шашылып, төгіліп кеткелі отыр. Осы ақылға кел, тоқтат мынау елді.

-          Болдың ба, Тұңғатар?

-          Иә, болдым. Мен десең, аруақ риза болсын десең, осы сөзге бап... тоқтағын.

Тұңғатардың «аруақ» деген сөзі батырдың бұрын да ашу кернеп отырған бойына у құйғандай болды. Кішкене суық көзі қанталап, от шашып, шарасынан шықкандай шатынап, қарсы отырған қажыға шаншыла қарап:

-          Аруақтан
садаға кет, кәрі ит! Сені бүйтіп алжытқанша, неге алмайды бұл құдай шұнақ? Жоғал көзіме көрінбей, дүниеқор арам сирақ. Албан атынан, Саурықтың зәрінен садаға кеткір!.. Өшір қараңды! Жолама менің маңыма! Осы жолда өлемін.
Бірақ сен маған топырақ салушы
болма! Өлігімді былғама.,.
кет, кет... қазір қасымнан!.. - деп, сезінің аяғында тепсініп, ақырып жіберді. Батырдың қолы қалшылдап, жанындағы пышағына әлденеше рет
барып қайтты.

Інісінің неше алуан қатты сөздеріне бұрын талай рет құлағы қанып, бойы үйренсе де, мына жерде
Түңғатар тіктесіп шыдауға жарамады.

-          Мен
арылдым... Мен болдым... енді бір-бірімізге жоқпыз... мейлің, мейлің, - деп,
атына мініп жөнелді.

Ұзақ бойын қалтыратқан ашумен қамшысын таянып, күн батысқа, жәрмеңке
жаққа қарап, қадалып, жалғыз
отырып қалды. Көз алдында
асау, тентек өмірде өзінің
істеген қылықтары елестеді.
Өзін талай күйдірген Тұңғатардың
қылықтары да бірі артынан бірі тіркеліп, желіге тізілгендей сырғып өте бастады.

«Аруақ, аруақ» дейді-ау, қара
бет! Қай аруақты риза қылып еді? Маған аруақ осыны қабылдайды дерлік бұның не қасиеті бар еді? Тірі туысқан, әлі аруақты күңіренткен қылық осыдан шықпап
па еді? Менің ет жүрегімді өртеген
сұмдық іс осының істеген ісі
емес пе еді?» дегенде, бейуақытта ауыр оймен құлазып отырған кәрі батырдың көз алдынан өткен дәуреннің бір ауыр қайғысы шұбатылып, көлденең-дегендей болды.

Мойнына оралған ала арқан қазір де қап-қара, қан арқаны сияқты. Қаны қашқан көкшіл жүзінде
өлім таңбасы. Ақылды, терең сұлу
көздері жұмылған. Сонда да жас баладай жазықсыз ақ
жүзінде «әкетай» деп қатты тілмен жабысқан әулиелік тазалығы бар. Бұл суреттің батыр көз алдынан өткеніне 15-20 жыл болса да,
өмір бойы, әлі күнге шейін бірхшмен қиналып, өзі-өзімен мұңдасқандай болғанда, осы пішін
батыр өмірінің зор күнәсі сияқтанып, ұдайы елестеп тұрушы
еді.

Бүгін сол ертеде өткен сұмдық күні жаңа ғана болып өткендей,
ерекше ауырлықпен қайтадан келіп, қан жүрегін қаптай басқандай
болды.

Бәкей - ұзақ батырдың өзінен туған баласы. Екі-үш ұлдың ортасындағы жалғыз сұлу қызы еді. Бар баласының ішінде одан
ыстық, одан қымбат болған
тумасы жоқ еді. Ұзақтай
батырды сай-сүйегін босатып, бір өзіне ұйытқан Бәкей бала көп
баланың біріндей, әлдекімдей емес, ерекше еді. Жасынан сұлу болған есті Бәкей табиғаттың Албан ішіне
берген сирек сыйы сияқты, оқымысты
молда еді.

Өлген Саурық батырдың өзіне тартқан баласы тентек, долы Ұзақтың қылышынан қан
тамып тұрған дәурені болатын.
Әдетше, Бәкейдің жас күнінен атастырған күйеуі бар еді. Ол Албан ішіндегі малмен
бірге мал боп ерген бір сасық
байдың өнерсіз, топас баласы болатын. Жасынан әкесінің сөзін сынап, ел сөзіне,
үлкендер келесіне салмақты
сез тастай білген зейінді, өткір Бәкей көп елге сараңдық, көргенсіздікпен аты шыққан қайнына риза
емес еді.

Сондықтан жаздың бір жарық айлы,
желікті, үмітті түнінде тағдыр бұйрығындай
жетектеп тартқан ыстықұйрығы жас сұлуды алысқа тартқан. Бәкей
сұлу жасынан өскен ұясына қош айтып, жүрек жарымен қашып еді. Алып қашқан анау қарлы
көк биіктің астындағы «сақау
қырғыз» жігіті болатын. Бұл -
Балтабай манаптың інісі, Ұзақтың
ата жауы. Ол - күнде кескілескен кекесінді дұшпаны, Бәкей
батыр сүйегіне таңба салды. жалын, махаббат б

Асау Ұзақ ішінен шыққан баласының балалық атын ұмытты. Ағасы Тұңғатар, інісі Қожамберді намысты көтермейтін кісі болып, өлтірмекші, өлмекші болды. Солар әке намысын суық сөзбен тілгілеп, жолдан
тайған Бәкейге дұшпан қылды. Ушықтырып ашу-мен, кек
тілегімен уландырды.

Ұзақ қуып
кетті. Қаракөлдың ұлығын
сатып алды. Қырғыздан Бәкейді
кеңсеге шақыртып алды. «Қазақ бетін қайтадан көрсетпе? Жауыңа кетіп, адасқан болсам, маған істеген жазаң сол
болсын, осы арада өз қолыңмен өлтіріп
кет. Болмаса, сүйгенімді қияйын.

Кім болса да, әйтеуір, қырғыз
болсын, осы елдің біріне беріп кет» деген. Сол сөзге Ұзақ уәде қылып, бұның
уәдесіне ие болмақ болып, Жылқыбай
кеудесіне құран ұрған соң,
Бәкей ұлыққа бұрынғы
жігітімнен кеттім деп, түзу жауап беріп, әкесінің қолына тиген. Бірақ баласы қолына келген жерде-ақ ызамен елтіген Ұзақ айтқан сертін орындамай, осы Үш
күңгейдің бауырына алып келген.

Үйіне әкелген соң, қанаты сынған торғайдай елеусіреп, сөніп бара жатқан баласына қарап, ұзақта әке жүрегі оянғандай... ашуы
басылып, махаббат тілі қайта оянып, жаны жылығандай еді. Қан жүрегін өрт шалған
жас сұлудың сарғайып бара
жатқан жүзі, қара тастай түйілген ашуды қардай ерітіп, емексітіп еді. Өз қылғанына өзі өкінгендей болып, жанашыр мейір оянды. Көзіне қамшы тиген жас қозыдай болып,
дірілдеп жатқан балапа-нына
қайтадан иілгендей, есіркегендей еді. Бірақ сол кезде тыңнан шыққан өрттей, ашық күнде күркіреп жауған өткіншідей жалған ашу, жалған намыс иесі болып, осы Тұңғатар мен
Қожамберді шықты. Екеуі де намыс соққысын көтермейтін кісі болып, Ұзақтың
баласы Бәкей қылған бұзақылыққа шыдамайтын болып, ағайын-туғанды өздеріне ба-ғындырып, соңдарынан ертіп
алып, «өлтіремін» деген жауыз
ниетті шығарды. Ұзақ жалғыз қалды. Әншейінде мықты, алып тентек Ұзақ астына мініп келе жатқан
аты тулағандай болды.

Туысқан, ағайын аузы біріксе,
алысқа шығып жүрген айдын, әншейіндегі мықтылық, ру шебінің ішінде бос сөз екеніне де сонда көзі жетті. Сонда да «бермеймін, көнбеймін» деді. Бірақ екі көзі қанталап, боранды күні адасқан жалғыз жаяуды қамаған аш қасқыр тобындай қан көксеген қатал қол қаусырмалап
қысып кетті.

Тұңғатарлар Ұзақ
үйде жоқта ауылды қаптап
басып алып, Бәкейдің өзі туып
өскен үлкен үйінің ішінде
үлкен жауыз іс істеді. Зар жылап, тұла
бойынан қан ақтарылып, талып қалған:
шешесінің көзінше үлкен үйдің
шаңырағына Бәкейді асып өлтірді.

Өлтірген - бүгін аруақты айтып
отырған осы Тұңғатар, оның атқан оң шапқан қылышы болған -жас, албырт інісі
Қожамберді. Бірақ өзі қылған қаталдықтың артынан өз-өзінен шошынып, дертті болып, келесі жылы өкінішпен
өртенгендей болып, Қожамберді де дүние салды.

Аянышсыз, өкінішсіз, мал кеуделі
Тұңғатар, міне, Ұзаққа атап отырған кәрі аруақ, қасиетті
өліктердің ішінде арманменен уланған, әке жүрегіне әулиедей қадірлі көрінетін, ең касиетті аруақ - Бәкей аруағы. Соның қатал дұшпаны - Тұңғатар. Аруақты айтады! Неге айтады?

Ұзақ жүрегіне оқ
қадалғандай болды. Намыс, өкініш, ашу оғы сияқты. Немесе сондағы жазықсыз қанды ағызғанындай, бүгін бар
Албанның жас атаулы-сын тағы
да құрбанға шалып, өзі
қызығын көріп, жайлауын
жарастырмақ сияқты.

Ерегес, ашу кернеген сайын,
доңыздай семірген қарын құлы, тоқтық, тыныштық албастысы -
Тұңғатар пішініндей болып
көрініп, әдейі сол үшін, соның ұйытқысын
бұзу үшін болса да, апат
тілегендей болды.Кекесін көңілді
үстем қылып, шарыққа шығару
үшін, жүрегіне у жимаққа, кек қаруын өз күрегінің қанына былғамаққа бұрыннан ішке тығып, өзінен-өзі бұғып, тығылып, жасырып келген ауыр
сағатты еске ала бастады. Бәкейінің
жайы, ішіндегі өмірлік жарасы, жалғыз сүйген балапаны өз қолынан өлген бей-шара қарлығашының соңғы күндерін көз алдына келтірді.

Мынау ауыл отырған өлке - оның
соңғы күндерінің куәсі.
Балапан қанындай жазықсыз, күнәсіз
қанының қара жерге тамған орны да осы өлкеде. Таңбалы тастың солтүстік жағы биік жар. Сол жардың басы шөпті тау болып, бір беті биік қабақ болып
барып, желкедегі қарағайлы
тауға жалғасады. Соңғы күндерінде ауылдың барлық жаны жатырқап, жалғыз тастаған
Бәкей қара шапанын бүркеніп,
құп-ку болған жүзбенен осы
қабақтан асып барып қайтқанда,
екі көзі қып-қызыл боп ісініп, жасаурап келуші еді. Ауылдың тұсындағы көкбеттің орта шенінде таздың
теңге-теңге болған аласындай қызыл-қызыл
тақырлар бар.

Желкедегі қарағай кей жерінде
қара қошқылданып, бірігіп, иықтан баспалап, қарап тұрған самаладай әскер сияқтанады. Кейде
бергі беттегі дәл желкедегі
тоғай, қара быжырық болып,
жас ойға түскен қайғыдай
көлеңкеленіп, көкшілденіп жүдеп кетеді.

Осы суреттің бәрі де Бәкейдің
өлер сағатынан үзік-үзік қанды таңба сақтап қалғандай, Өлкеде болған сұмдықты көрген табиғаттың жүзіне
қайғы әжім, қан ізі түсіп сақталып қалғандай Бәкейдің елер шағындағы көңілінен ұшқындап-ұшқындап кеткен қайғы,
қауып ойларындай болып, үздік-үздік, қотыр-қотыр ажарсыз сурет айналаның барлық
пішінінде әлі күнге түгел тұрғандай.

Қарқара жазығына қарай жіңішкелеп созылып кеткен кішкене өзен де күнбатысқа таман барғанда,
көкшіл мұңды сұр далада теңге-теңгедей болып, тағы да
қотырланып жарқырайды. Сай - қайғы, мұң сайы.

Әр жерде шашылған ауылдарда, қаралы кеште шашылған қандай болып, кешегі шашылған өмір шоғы сияқтанып, кешкі оттар жылтылдайды. Кешкі
табиғат Ұзақ көзінен оңашада
домалап аққан ыстық жаспен бірге жұтап,
тоңазып, жетімсіреп тұрып,
жас балапан Бәкейді жоқтайды.

Өткен күннің қанды таңбаларындай
белгілерін сақтап, кәрі суық, қатал заманға қарғыс айтқандай, мұң шаққандай. Баяғы өткен күн болса да,
өмір бойы Бәкей қайғысы Ұзақ жүрегін бүгінгідей жанышқан
жоқ еді. Белі сынып, ет денесі ортасынан омырылып қалғандай, баяғыдан шор болып,
қатудай байланып жүрген жарасын бүгін сыртына ақтарып шығарып, көз алдына барлық
уын жайнатып, жайратып салғандай болды.

Бұл күнге шейін қорғаншақтап, жалтақтап, тіршілікті жабысып сүйіп
келген қомағай тілек енді лап етіп жанып, сөніп қалғандай. Әлім,
әлімді ғана тілегендей. Өмірінде жасырып, тығып келген іштегі уынан қазір де масайғанша семіргендей болып:
«Дайынмын, ал мені... қалқамның алдына қара жүзді болып бармайтындай қылып, көп ниетінің құрбандығы қылып ал... Ел тілеуінің үстінде, мойнымдағы бұршағым,
кеудемдегі жалыным, ал мені... Сенің арманың бүгінгідей сай-сүйегімді босатып
керген жоқ еді. Жалғызым, Бәкей, текке келген жоқсың ғой!
Барамын... барамын... менің де күнім... жақын!..» деп, күнбатысқа
қарап тұрып, ақырғы намазын оқыды
да, Бәкейге арнап құран оқып, бата қылып, етекке қарай түсті. Бұл кезде қас қарайып болған. Түн еді.

IV

Ұлыққа уәде қылған күн жетті. Алдыңғы күндердегі белгілердің барлығы
жәрмеңке басындағы ұлық, тілмаш атаулыға жайлы емес. Жақпаған. Сескендіргендей болатын.
Кермеге келіп қамалар, бағынғыш момын пішінмен аяққа келіп бас ұрар, жалынар, сомасын, атын, асын ұсынар деген ел ойлаған жерден
шықпайтын сияқты.

Ақжелке, урядник, тергеуші болыс
- барлығы да жайлаулардың сарынына ертеңді-кеш құлақ салып, өткен-кеткен тілші, тыңшының бәрін қағыстырып, сұрақ салып, жер тыңдаған ертегі
тыңшысындай, Албанның ішіндегі қыбыр-жыбырдың барлығын естіп жатыр еді.

Қазақ үшін ұялып, қысылғандай болған Оспан сияқты
тілмаштар бетінен басып, ұлық
жүзіне тура қарап сөйлей алмай, өтірік іштен тынып жүдеген кісімсіп, дұшпан көзі қылып күр күрсінетін.
Бірақ алдығры күні кешке Ұзақ ауылында болған ақсақал кеңесінің хабарын сол күні түнде Таңбалы
тастан келген тыңшы жеткізген соң, Акжелке тілмаш атаулыға сырт қарағандай,
бойына көп дарытпай, тіл қатпай қойып еді.

Сол хал анықталған сайын
тілмаштар жағына түсіп, жағынулы болатын. Ақжелкеге бұл күнде тілмаштан Рақымбай ыстық сияқтанады. Қазақтан жұлдызы ыстық сенімді тілші, пайдалы
атарман сол болуға айналды. Ол ерте демей, кеш демей, Ұзақ, Жәмеңкеден шыққан
сөздер болсын, қалың елдің сөз сарыны, сырт пішіні болсын,
барлығының жайынан пристав кеңсесіне келіп, оңаша отырып, ұдайы мәлімдеп тұрған. Кешегі күн Ұзақ ауылына барған солдаттарды осы Рақымбайдан келген тіл бойынша
Ақжелке жібертіп еді.

Ұзаққа алдында ұлыққа
қарсы келіп ерегіскендіктен, үш ай абақты кесілген. Енді соған қарамай,мынау қарсылық, ойлаған қалың елдің
тап ортасында сол отыр. Ақжелке
сияқты өзінен елі төменге құдайсып, өзінен бір саты жоғарыға «алдияр тақсыр»
деп бас иіп, жорғақтап, пендесіп
тұратын нәрсіз, ой-санасыз,
алғаш адамға бүгінгі Ұзақ ісі
естіп-біліп көрмеген сұмдық сияқтанған.

Сондықтан алғашқы Ұзақ айтты деген
сөзді естісімен-ақ, бұл
зіркілдеп ашуланып, бұрын
атын естімеген сұмдыққа,
барлық ұлық атынан намыстанып, қорланып күйгендей
болып, Ұзақты қазір ұстатып әкеліп, жаппақшы да болып
еді. Бірақ артынан ақыл тоқтатып, тергеуші, урядникпен сырдың шет жағасын
шығарып кеңескенде, мәслихатшылар
бұл қылықты әзіргі халге
үйлеспейтіндей көрген. Іштей мұның
бәрі де Ақжелке айтқандай, Ұзақтарды абақтыға алып, уездік қалаға яки губернияға қарай
айдатып та жібергенді сүйер еді. Бірақ ол істі істеу жәрмеңке ұлығының қолынан келмейді. Бәрінің
естіп жатқан алыпқаштысына қарағанда, ел мына хабардан кейін жалпақ дүркіреп, өрттей лаулап тұр-ған сияқты. Бұл күнге шейін істелген істің өзі де елдің жүнін үрпитіп, тозығын
жеткізіп, жетер өрісіне жеткізіп тастаған сияқты. Бұны барлық ұлық бір-біріне ашып айтып, сөз қылмаса да, іштерінен сезеді.

Елдің сауда қылмауы, жәрмеңкеге ат салмауы жаман. Сай-сай,
тау-таудың арасында ұлыққа жотасын беріп, қалың қайрат сызданып, толқыған сияқты.
Қозғалысында, сыбыр-күбірінде жәрмеңкені лағнет орнындай көріп, оқты көзімен атқан қабақ білінеді. Сол күйді күнде
жайлаулардан келіп, сыбырлап кетіп жатқан тыңшылар ұлық атаулының бойына дарытып, сескендіріп
тұр. Сол себепті кеше
таңертең-ақ Ақжелке Ұзақты ұстатамын дегенде, майысқақ, епті тергеуші:

-          Бұл саяси қаталық болар, әзірше бұл істен тоқтала тұрған мақұл. Ойланыңыз. Елді ершітіп, желіктіріп алармыз. Қазақты бүгінгідей
халде сипап барып, ептеп қайыру керек сияқты. Басшысын ұстағанды мынадай желігіп тұрған уақытта бір үлкен белгі сияқты көріп қалуға бола ма деймін, - деген.

-          Ұзақты түбінде ұстап, жаппай, жазаламай болмайды. Аз күнде
сол мезгіл жетеді. Қалай да болса,заққа мына құтырған қазақты бастатып қоя беруге болмайды, - деген урядник. Ұ

Бұл
сөздерге Ақжелке:

-          Әзірше
солай болса, болсын.
Тоқтасақ, тоқтай тұрайық. Мен
бүгін-ақ ұстап алып, қарсылықтың не екенін
танытайын деп едім. Мұндайда
қазақтың сенетін кісісін алдымен қысып, өзге топтан жырып
алса, арты су құйғандай
басылып та қалушы еді. Соны ойлап едім.

-          Олай
екені рас. Бірақ бұл қазақ
басында ғана осылайша асаусып желпілдейді. Аздан соң есі кіреді. Сабасына
түседі. Түбінде Ұзақ емес,
Рақымбайлардың шары жеңеді. Соны тосу керек. Ұзақ жазасын сонда
тартады, құтылмайды, - деген
тергеуші.

-          Рас...
рас... осы дұрыс. Бірақ сол
күн туады ғой... Бәлем, Ұзақ сонда саған біз көрсетеміз! - деп, Ақжелке үстелді қойып қалып, урядникке: - Қазір төрт-бес солдатты
Қзақ аулына жіберіп, тінту жасат. Өзінің қайда
екенін сұрат. Осымен бір
байқай тұрайық. Кейде бұ да қазақка ем болатын... ұқтың ба? - деді. Ұлықтар бір-біріне қарап, көздерін қысты да, үндеспей тарасып кетті. Кешегі Ұзақ ауылында болған тінту осы сөздің салдарынан туған-ды. Іштей сескеніп, жалтақтық қылып отырған ұлықтың бұл ісі баяғы кәрі
бойға сөніп істеген айбаты болатын.

Құр қампиып, жота жонын үрпиту бүгінгі күндерде жалғыз айла, жалғыз шара
сияқты. Сондықтан жалпы қазаққа да себепсіз зіркілдеп, құр тікірейіп,орынсыз
қоқақтауға ауысқан.

Базарға келген бірен-саран қазақ болса, солардың аттарын аударып алып,
арыздарына жауап қатпай, кез келген бөріктіні қамшы көтеріп ақырып, ықтырған
болып ысқырып, зәрленіп тұрды.

Бүгін ұлыққа жауап беретін күн жетті. Ел кісісі не дейді? Ұлық қайтеді? Қандай
пішін көрсетеді? Бұны білу
Албан баласының барлығына парыз сияқты. Бермейміз деген сөзді айтпақшы болған елге баяғыдан
айтқанына көндіріп, айғырсып
қамшы үйіріп, ысқырып келген
ұлықтың алдына барып, алғашқы «көнбеймін» деген сөздің өзін айту да үлкен оқиға сияқты көрінді. Бір ауыздан бермеймінді айту қажет. Сол - елге белгі. Сол бірді-бірге қосады. Құрыстырады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады. Соны шала-пұла ұғынған сайын, әрбір жиылушы жас-кәрінің бәрі
де бойына айдын, қайрат жиып, ызалы, намысты, кіжінулі сияқты еді.

Таңертеңнен бері жәрмеңке жазығын
жан-жақтан құйылған топ-топ аттылар әрлі-берлі шиырлап, шұбартып басып кетті.
Бұл жазыкқа ат жалын тартып мінген еркек атаулысын лек-легімен әкеліп төгіп
жатқан айналадағы бар Албанның жайлаулары еді. Дөңгелек саз, Ұшқарқара, Көктөбе, Көкбұлақ, Сырт, Лабасы, Ақбейіт, Тұз, Кеген - бәр-бәрінен шыққан
будақ-будақ түтіндей, буын-буын топтар жыбырлап қайнап, молайып келеді. Жәрмеңке
айналасындағы үлкен тау,
терең сайлар, кең жылғалардан жазыққа қарай шұбартып, ақтарылып, ағылып жатыр. Ұшы-қиыры, шегі жоқ тасқын сияқтанып тегілуде, жиылуда. Басы
қарлы, жат сырлы қалың таулар бұл заманға шейін қатпарлы қойнына тығып келген сырын ашқандай,
қойын-қойнының барлығынан лек-лек аттыны дәмілсін-дәміл тау құ-сығындай ағызып, көк даланы бастырып
жатты. Тау алғашқы рет етегінде жазылып жатқан далаға қабағын түйіп,
қасын сілкіп, қолын жайғандай
еді.

Жиналыс жәрмеңкенің өзінде емес,
Таңбалы тастың жәрмеңкеге қараған бет алдындағы Айттөбеде. Әзірше кішкене ауданды Айттөбе шошақ
төбелі Албанға сіресіп, лық толды. Көк жазыққа атты адамнан үйген мол қара -
тірі жанды төбедей. Ортасындағы кешегі басшылары - Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай, Тұрлығожалар.
Қалың ортадағы көпшілік
аттарын етекке үйіп-үйіп баңдастырып тастаған, өздері жаяу. Көпшілік малдас құрып, қалың жұрттың жиылып болғанын тосып отыр еді.
Жаяулардың айналасында аттылар. Сірескен қалың шұбар; топ бір араға ентелеп үйілгендей, маңайдың бәрінен жазыққа
келіп шыққан топ-топтың барлығы да осы үлкен жиынға қарай сарқылып жатыр. Айттөбе
алыстан көзге түсіп, еріксіз
асықтырып, белгісіз түспен
сіміре тартқандай.

Кешірек қалып шыдамсызданған топтар жазыққа
шығысымен даурығып сөйлеп, кейбіреулері аруақ көтеріп, көк даланы күңірентіп, дүр-дүр беріп, жарысып-жарысып
алып та келеді. Көпшілік салмақпен сар желіп, семіз сәйгүліктердің
тізгіндерімен алысып, қанат
жайып, шөп құрып келе жатқандай көрінеді. Осымен күн
түске жақындады.

Таңертеңнен Айттөбеге алғашқы құралған қалың топ жиылып келгеннен бері жазыққа шыққан аттыларды осы
төбеге жиыл деп, алдарынан шығып, жан-жақтан бастап әкеліп, яки беттетіп жіберіп жатқан
шапқыншылар бар еді.

Бұлар бір емес, әлденеше кісі. Көбінесе қос-қостан
бөлінген. Мінгендері - семіз, жүйрік. Ауыздығын шайнап, тізгінімен қарысып, қайта-қайта
жер сүзіп жөнеледі.
Жан-жақтан келіп жатқан топтарға сол жүрген хабаршылар ең алғашқы тәртіп көрсететін басқарушылар сияқты көрінген.

Айтқандарын жұрттың бәрі
тыңдап, қалың қолдар нұсқауынан қалмай, Айттөбеге қарай тартып жатқанда, көп айғайшы басшылар желігіп,
көтеріліп, өз дәрежесіне риза
болғандай еді. Сол хал, көбінесе,
езгелердің ішінде Көкбай пішінінен айқын көрінеді. Бұл -
есік пен төрдей теңбіл көкке мінген ұзын бойлы, шоқша қара сақалды, кетік, сұр жігіт.

Дөңгелек саз, Көктөбе жағынан құлап келе жатқан
бір топтың алдынан шауып келіп, жиын ортасындағы сақалды қарияларына сәлем
беріп амандасып:

-          Жәрмеңкеге
жиылған бесті-онды саудагер көппін
деп, кердең қағушы еді. Атаң
көрі... көрсетші енді Албан
баласының тобын. Тура таптап кетеміз... солай емес пе, қария? - деп, жиын ортасындағы Құсайын, Қартбайға қарап, көппен бірге желігіп, екіленіп күліп
алды.

-          Жарайды,
береке қайырлы болсын, Албан
баласы аласыз түгел екен, ел көп екен... қайырын берсін!.. - деп, алдындағы
қалың топқа Құсайын қария ризалықпен
қарады.

-          Бәсе,
осылай болса керек қой, ел
болсаң, ер болсаң, әстісең керек қой, көрейік енді ұлықты,
- деп, ашаң жүзді арық шал Құсайынның
сөзін қостады.

-          Туһ, не
деген халық! Ұлықтың зәресі
кеткен шығар... бәлемнің.

-          Үндеме,
таптап кетеміз. Көбейсін... жиыла берсін.

-          Шошынған
інге тығылсын. Айбат шеге беріңдер. Жасқанбай, жүрегін шайлықтырыңдар,
- деген әр жерден береке, бірліктің пішініне риза болған қариялар дауысы шығып_келеді.

Жастар да - күлкілі, көтеріңкі. Бұлар, көбінесе, айт күніндей қалжың, қылжақ, мазаққа бейім
сияқты. Ұлықты кекетіп, ежелгі шошытып, ығырып, тынышын көтіріп келген жауына енді боқтық аралас
күлкі-мазағын айтады.

-          Уа,
Көкбай, осы жәрмеңкеде ұлық әлі бар ма, жоқ көзі шағырайып,
боқшасын арқалап қашып жатыр ма?.. - деген бір дауыспен бірге көп күлкі
естілді.

-          Ұлық әлі отыр... жауабын береді
деп, күтіп отыр дейді. Әркімге айғырсыған болып, ат аударып алып, басты
ауылдарға солдат шығарған болып, доң, айбат қылып жатқан болса керек.

Жауап алмайтын шығар? Қандай
неме? Нұсқағанынан қалады деймісің Албан баласы, -
деп кекетеді.

-          Патша
айтады деген болады-ау, патша десе өле қалатындай көріп.

-          Бұл ұлықты әлде болса қожаңдатып қойғанша, неге кеш демейді бұл ел, түге.

-          Бәсе,
неге қуып тастамай
отырсыңдар, түге. Ең алдымен осы жермеңкені жайлау керек болды. Сауда бітті.
Асарыңды асадың, жасарыңды жасадың, енді кетіп тұр деу керек.

-          Неге?
Насыбай, шылым алғамыз жоқ. Сауда-4 гердің мәнтісіне тойғамыз жоқ.

-          Иә,
урядниктің қамшысына
арқамыздың қышуы қанған жоқ
дейсің ғой, - деп, әр жерде әр алуан сөзбен кекетісіп, қалжыңдасып, бірін-бірі қыздырып, желіктіріп қалың
топ Көкбайды ілестіріп алып, Айттөбеге
таман желіп келе жатты...

Жиі басқан көп аттың дүбірі көк
шалғын даланы тірілтіп. қуантып
оятқандай.

Үлкен дүбір ішінде қалың топ бір кісінің
аузына қарамайды. Естимін дескендер болса да, қариялардың ортасына кіріп, жаңалық, хабар айтып келе жатқан Көкбайдың сөздері көпшілікке естілмейді. Сондықтантоптың ішіндегі кейбіреулер мойнын созып,
маңын-дағыдан:

-          Не
дейді?.. Не айтады? Ұлық не қылып
жатыр дейді? - десіп сұрасып кеп, әрбірінен
әр алуан жауап алып, шын халге қана
алмай, Айттөбеге жетуге асыққандай.

Топтың ішіндегі жастар көбінесе бір бөлек екшеліп, жәрмеңкені мазақтап, кекетіп,
соның басындағы қылышын асынған терені, тентек солдатты, бағаны кеп сұрайтын
жәрмеңке саудагерлерін сөз
қылысып:

-          Енді насыбай,
шылымды сұрап, саудалап алмаймыз. Тартып, талап аламыз...

-          Уа,
неге? Ол өкпелемей ме? Талай
жылғы дәмдесің емес пе?

-          Уай
қызын!.. Өкпелесе, келмей-ақ
қойсын, арам өлер деймісің? Болды...
енді көшіремін!.. - деп, таңертеңнен айғайлап сөйлеп, елді кеп күлдірген
сары шұбар жігіт өз сөзіне мәз болып, көзін қысып күліп қойды,
қазір даусы да қарлығып қалған.

Бұған маңындағы жастардың бәрі риза. Түгел қызықтап,
тегіс жақсы көріп еркелеткендей.
Кейбіреулер «Жансейіт» деп атын атап, бірдеме деген болады. Қылжақтап, соқтыққысы келетін құрдастары да бар.
Сөзі естілгендердің бәріне
бір қалыпты желікті қалжыңмен
маңайын күлдіре жауап береді.

-          Уа,
Жансейіт! Ұлықты Қарқарадан
қуғанда, саудагерлерге не дейсің?

-          Оның мәнтісі керек қой. Оған сен мәнтімді пісір, отыр. Кетемін десең, сақалыңды
шоқка ертеймін деймін. Жұрт
жапырлай күлді.

-          Ұлықтың қатындарын қайтесің?

-          Ақжелкенің
семіз қатынын қайтесің?

-          Ақжелкенің
семіз қатынын анау Текестің тасына сүйреп шығарамын да, үш күнге шейін бір тілім нан бермей, аштан қатырамын,
әбден қарны орта түскен соң, Ақжелкені де, құдайын да ұмытады.
Сонан соң Жәмеңке қарияға тоқал қылып беремін... - деп, өзі де қылжақтап, еркелеп күліп, - дәрет
суын жылытып береді, - деді.

Жан-жақтан келіп жатқан жас
атаулының бәрінде де осындай
көтеріңкі желік, шексіз ұзақ күлкі, ойын-сауық күніндей
ерекше қызу бар еді. Жайлауларынан
шыққаннан бері әлденеше жерде жарысып, аударысып, бірін-бірі қуып сабасып,
көптігі мен бірлігіне өркештенгендей... Осы ретті талай топтар алдарынан шыққан
Кекбай сияқтылардан кешегіден
естіліп қалған жаңа хабарды -
Ұзақ аулын тінтіп қайтқан
солдаттардың жайын сұрастырулы
болатын. Топ-топтың үлкендерінің арасындағы сөз осы жайдан.

Шаңкай түс кезінде Айттөбенің
айналасы жыбыр қаққан қара бөрікке сіресіп толып, қалың жыныс қарағайдай болды.
Ит тұмсығы батпайтын, самсаған
сары қол, түйілген жалпақ қара
бұлттай болып, көк даланы
қаптай басып, жәрмеңкеге қарап
бет қойды.

Салмақпен басқан қара топыр
шабуылсыз, айғай-дырдусыз келе жатса да, ен даланы қаптап алған көптігімен түйілген қас, тұтасқан ашу, жұмылған қарсылық пішіні сияқтанды. Жәрмеңке жайлау сырын,
қара берік түрін, қорқынышты айдынын жаңа ғана анықтап танығандай.

Өз-өзіне сенген
сияқты сабырмен сызданып алып, түндей басып келе жатқан қалың қолдың алдында
жәрмеңке бүрісіп, шонқиып, жермен-жексен болып, бәсеңдеп бара жатқандай.

Бүгін таңертеңнен бері Айттөбеге
жиналып жатқан қолды Ақжелке, урядник, тергеуші сияқты ұлықтар қайта-қайта сыртқа шығып, өзгелерге білдірмей байқап қарап,
бақылап жүр еді. Бәрінің де
түрінде анық сасқандык біліне бастады. Енді ешқайсы да бір-бірінен хауып
алдындағы үріккендігін жасыра алмады.

Бірақ сейтсе де, қожақап
дағдыланып қалған едетпен, біріне-бірі ашып сөйлесіп, ақылдаспаса да, ыммен, қабақпен ұғысқандай болып, жәрмеңке басындағы солдат атаулыны түгел
қаруландырып, атқа мінгізді.

Өздері де қатын-балаларын ел көзіне көрсетпей, жәрмеңке басындағы қазақтарға
сездірмей, бір-екі үйге жинастырып қойды. Барлық үкіметке қатынасы бар кісіге іштерінен қару
асындырды да, топты қарсы алатын ұлықтардың
қасына жинастырып алды.

Ұлықтардың елге қарсы
істеген қамдары осы сияқты еді. Өзгелерден гөрі ширағырақ, білім шалымы артық, қазақ бабын көп бағып, байқап
көрген тергеуші пәтерінен сурет тартатын аппаратын алғызып, Ақжелке кеңсенің алдына қара шұға жауып,
дайындап қойды.

Ішкі есебінде білмеген қазақ
зеңбірек пе, әлде не дер. Білгендері - алдыңғы қатардағылары суретімді басып алып қойып, артынан қудалар деп
жасқанар деген есебі бар еді.

Тілмаштар ұлықтарының ішкі жай-күйін ұқса да, соңғы сағатқа шейін бұлардың көзінен таса болмай,
алдарына көлденеңдеп, құйрығын
бұлғаңдатқан ауыл итіндей, бұлаңдап көрініс беріп жүрді.
Маңайласқан қазаққа ұлықтан бұрын зекіріп, «олай жүр, былай жүр» деп, қара құрықты көбейтіп, айғайшы, жағымтал күтушінің тонын киіп еді. Бірақ астыртын
қазақ хабарына да құлақ салып, ол жақтан да
сескенеді. Сондықтан Жебірбаев пен Оспан таңертеңнен Айттөбедегі топырды көрген соң-ақ, жәрмеңке басындағы
қатын-балаларын маңайдағы ауылға
қыдыртқан қылып, жылжытып жіберген. Ел кісісіне бұлар сыр бермейді. Жалғыз-ақ арасында сөз үғар, жеткізер
дегендерге жансыздап:

-          Бұның арты пәле болады. Албан ішіне
әскер шығады. Ел қырылады. Босқа
құтырып неге керек? Жаркентте
әскер тұр. Қарақолда пәлен ұлық, түген зеңбірек қару бар, - деп, кептің жүрегін
шайлықты-рудың қамында болатын.

Топ жәрмеңкеге жақындаған кезде алдынан атты, қылышты,
мылтықты солдаттар шығып, көлденеңдей
шауып, айбар шекті. Бұларды
жіберіп, топ ажарын байқамақ болып, Ақжелке мен барлық ұлық кеңсе алдында тұр еді. Солдаттар елді құр жасқандырам демесе, ешкімге де тіктеп
қарай алмайды. Қамшысын құр
аспанда үйіреді. Ешкімге қолы жетпегендей, қамшы тимейді.

-          Тоқтаңдар,
кеңсеге бәрің сыймайсыңдар! Араңнан кісі шығар, - деген сөзді тіл білетін қазақ-орыстар елдің алдын кес-кестеп, қайта-кайта айтып жүр.

Бұл сөзді тыңдамай, томсарған жүзбен
ілгері басып, жылжып келе жатқан топ болса, олардың алдында атамандары тоқтай алмай, сырғып өтеді.

- Мен бір айла істемекпін. Осының әсері талай мылтық, талай шенді төренің
жүзінен кем болмай-ды. Тоқтаңдар, үндемеңдер, - деп пысық тергеуші сурет
тартатын аппаратын қалың елдің алдына көрініс бергендей көлденеңдетіп, бір
жерден бір жерге қозғап, көптің көзіне түсірмекке тырысып жүрді.

Ақжелке қарнын шертитіп шалқайыңқырап, иығында асулы тұрған қылышының
сабына бір қолымен сүйеніп тұрып, жақындап келіп қалған елге үрпиіп, сызданып
қарады. Көппен жалғыз өзі арбасқандай болып, алдындағы топтың жүздеріне жағалай
қарап шықты. ЬІққан, жасқанған момындық пішіні қазақ жүзінде жоқ. Оны қалай
тесірейе қара-са да ұлық көздері таба алған жоқ. Қайта көпшілікте қолдан
жасаған сыртқы момындықтың ар жағынан айқын көрініп тұрған кекесін мазақ,
нығыздық белгісі бар.

Кей кездер ашумен, пердесіз жиренішпен атыса қарағандай қабағын түкситіп,
күрең жүзіне қан толып, ісініп сүзе қарайды. Ел түсі ұлықтың кеп қойқағын, еркелік
тәйтіктігін көтеретін сияқты емес.

Тілмаштар бұл кезде осы түрді ұққандай болып, ертеден сырт қараған ұлықтың
қасынан жырағырақ орын алмақшы еді. Жәрмеңке басында қазақ докторы Жарлығапов,
тағы белгілі екі тілмаштан басқа жас песір, мал пелшірі сияқтылар бар еді. Бұлардан
қазір де ұлық қасында семіз, қызыл Жарлығапов пен Жебірбаев қана бар. Оларды
тергеуші ерте бастан қасына алып, бірер сөзбен бөгеп, басқа жаққа жалтақтаса
да, жібермей қойған. Оспан мен езге ұсақ оқығандар ебін тауып, елдің арасына
кіріп кетіп, топтың дәл алдына шықпай, орта буынында алдыңғы кісілердің
арасынан бұғып қарап, жасырынып жүр еді.

Ел қастарына келіп қалғанда, жалғыз тергеуші арлы-берлі қарбаласып аппаратын
олай-бұлай сүйреп, әр жерде шырт-шырт басып жатты. Ішіндегі пластинкасы бітсе
де, ендігісі жан айласы сияқты сасқалақ пен құр шыртылдату болатйн. Бірақ кеңсе
алдында тұрған өзге ұлықтың өзге айбарының барлығынан қазақ тобына осы қозғалыс
кебірек әсер етті, Кейін сөйлеген көп әңгімеде жұрт осыны бірқатар келелі жұмыс
сияқты, үлкен сырлы ұлықтың жұмбағы сияқты көріп, неше алуан әңгіме қылып еді.

Топ кеңсе алдын түгел қамап алған соң, бірер секундтей тым-тырыс болып тұрды.
Екі жағы да неден бастарды білмей, аз ғана дағдарғандай еді.

Аяғында тығылғанмен де, Оспан құтыла алмады. Ақжелке әркімге оны іздестіріп, топ ішінен
суыртып алғандай болып, түксиген жүзбен:

-          Мыналар
кім, айт. Жауаптарын айтатын бір кісі шығарсын. Сол осы жерге, бері таман
келсін, - деді. Тілмаш аударғанда ел аз уақыт үндемей тұрды. Ақырында
арттағы реттен бірнеше дауыс:

-          Үш кісі сөйлейді...
Үш кісі сөйлейді... қайда
әлгі кісілер, - деп, шу-шу етті.

Ұлық жалаңаш қылыш
ұстап тұрған солдаттарға «елді кейін ысыр» деп нұсқап еді, солдаттар: «шегін,
шегін, кейін кет» десе де, ел ентелегендей болып, ерегісе түсіп, ілгері бірер басты. Кейін серпілмеді. Ұлықтар байқамағандай болса да, көздерінің астымен топ-тың ілгері
жылжыңқыраган жерлеріне қымсына қарап қойды. Ақжелке ел жақтан
бетін бұрып алып тілмашқа:

-          Үш кісі
болса, үшеу болсын. Бері шығар, кімдер. ол? - деп, топқа түйіліп қарады.

-          Ол
біз, біз... мына біз, - деп, Тұрлығожа ілгері ентеледі. Серікбай, Айтбай бұның екі жағында бірге шықты. Бұлар артқы топтан бір-екі адымдай
ғана жырылып, шығып тұрды.
Тергеуші бұларға да аппаратын
бұрып алып, Серікбай тұрған
жақтан шырт-шырт өткізді.
Серікбай өзін ұлықтың оғына оқшау байланып, жеке-дара болып шыққандай, көріп
кіш-кене қымсынып, бәсеңдеп қалғандай болды. Сәукеле сақалды сұлу жүзіне аз
ғана қысылғандық белгісіндей
қызыл жүгірді. Кірпік қақпай, аңдып қарап тұрған Ақжелке үшеудің озгелеріне
қарамай, Серікбайға көздегендей болып, осыған таман беттеп бұрыл-ды да:

-          Сен не
айтасың? Патша жарлығына ел не дейді?.. Сөйле, - деп қадала кетті.

Серікбай алғашқы қымсынып қалған қалпынан жазыла алмай, бөгелектеп тұрып, сөз бастады.

Бірақ сөзі бұрынры ойдағы дайындаған сөзі емес, жуасып,
жұмсақталғандай кібіртік еді. Өзі де ырза бола алған жоқ. Тізектетіп, әуел
бастан-ақ елді алдына сала:

-          Елдің жауап
беруі қиын болып тұр. Елге
ауыр тиіп тұр... Көптің өзі біледі! Жұрттың ісі... Жұрт өз аузымен айтсын. Бала бересіңдер ме? -деп елге қарай бұрылып, дауыстап жіберді.

Жұрт бір
ауыздан:

-          Жоқ! Жоқ! -
деп, шу-шу етті. Маңайдан түйілген
көп қабақ, тістескен жақ, ашу
мен қанын ішіне тартқан
жүздер, ұлықтарды оңды-солды
шаншып, шошытып өткендей болды.

Жұрт. жаңағы Серікбай сұрағымен
шу-шу еткен-де, Тұрлығожаның
бойына ел ұранымен бірге тасқындап кернеп келген ашу қаны білінгендей болып еді; ол ел тоқтай
бергенде, Серікбайдың қолын қағып қалып:

-          Тоқта,
олай емес, - деп, ашулы шатынаған көзбен
Ақжелкеге қадалып тұрып, ойдағы сөзін желілеп, кие жөнелді. Даусы барлық топқа түгел естілгендей, зор ашулы, саңқ-саңқ етті. Даусының зілді қаттылығының
өзімен-ақ ұлықты бетке былшылдатып ұрып тұрғандай болды. Бұның даусы шыққаннан-ақ, елдің
айызы қанып, әр жерде суық
жымыңдаған жүздер көрінді. Ұлық та тесірейе қарап, түйіліп,
тісін басты.

Тұрлығожа алғашқы сөзден-ақ езінің даусын да, түсін де еркін билеп
алып, жатық бастады.

-          «Хан
әділінен тайса, қарашысы бұзылады» деген. Бұл күнге шейін бізді билеп келген
патша мына жарлықты шығарамын деп елге екі сөз айтты. Әділінен тайды. Біз ақ патшаға қарағалы елу жыл толған
жоқ, елу жылға шейін солдат алмақшы емес еді. Одан танды, бұл - бір, - деп, оң қолы мен сол қолының
бармағын басты. - Бір сом жиырма тиыннан артық түтіннен рамат алмақшы емес еді,
биылғы жыл жиырма бір мен қырық бестің арасына келгеннен алым алды, артық алды.
Бұл - екі жерді алды, қонысты
алды. Ел күн көріп отырған суды алды. Бұл - үш. Өз жерімізді өзімізге сатты... Біз өгей бала есепті болдық... ұлықтың, әділмін деген патшаның бір сөзінде тұрмай, екі айтқанына ел көптен

бері наразы болатын. Бүгін мына
солдат деген сөзді шығарып,
тағы жалған сөз сөйледі. Бұл күнге шейін түзелер, оңдалар деп
күтіп келіп еді, енді түзелмейтініне көз жетті. Елдің шыдамын тауысты. Бұдан арғыға шыдай алмаймыз. Бала
бере алмаймыз, рас па, халық?
- деп еді.

-          Рас, рас,
бере алмаймыз!.. - деп, мың-мыңдаған жиын бір де бірі қалмай, дүр-дүр етті.
Айғайды жер жарғандай қылып
аспанға шығарды.

Қалың ел құр айғаймен тұрмай, қозғалактап, жыбырлап, кеңсеге
таман ентелеп, сырыла түсіп қозып
кетті. Өр жерден тістеніп айтқан боқтық, ашу сөздер де естілді. Ұлықтың құлағына бұл да
жетіп еді. Бірақ естімеген, сезбеген
кісі болып, ешкімнің жүзіне көздері анықтап тоқтай алмай, жағалай қыдырыстады.

Сол кезде жұрттың қозғалақтап, арлы-берлі теңселіп, сығылысып қалған топтың арасынан
бір кедей шал егізін жетелеп келіп қалған екен. Екі көзі қанталап, құтырғандай болып, қолдары дірілдеген қатты ашумен ұлыққа қарап тұрып, пышағын суырып алып:

-          Кім бала
беремін десе, жарып өлтіремін,
- деп, ұзын қара пышақты жалақ-жалақ еткізді.

-          Дұрыс, дұрыс, - деген қалың дауыс тағы да шу-шу етті.

Ақжелке мұны
көрмегендей, Тұрлығожаға қарады.
Оның түсінде әлі де таймаған ажар, қайтпаған
қажырлы ашу бар еді. Жұрт
айғайы басыла бергенде:

-          Патша
бала алмасын, мал алсын, егер, тіпті, қоймай бала аламын десе, мына қолына
қазір жабдық берсін. Ұрыста
ор қазып, шепке ұсталып, қойша қырылғанша, жастығын
ала жататын болсын. Астына ат, қолына қару берілсін. Жұрт осыны тілейді, -деп, сөзін бітірді.

Бұдан қалған сөзді
Айтбай айта бастап еді, бірақ оның даусы ақырын шығып, кібіртіктеп сөйледі. Жұрт Тұрлығожадан қалған сөзге құлақ салғысы келмегендей, жан-жақтан қаптап, жабырласып
сөйлеп, ду-ду етіп, Айтбай сезін ешкімге де естіртпеді. Барлық жиын кеңсені
қоралай қамап тұрған айналаның барлығынан Тұрлығожа айтқан сөздерді неше алуан қылып
айғайлап, шулап, дамылсыз
айтып жатты. Бірақ бұл
кездегі сөздерді ешкім де түгел естіп, түгел ұққан жоқ. Әсіресе ұлықтар естіген жоқ.

Бұларға қазіргі топ шуы не айтып
тұрғаны белгілі болды. Ақ тістері ақсиып, екі езулері көпіршіктеніп, қанталаған
қызыл көздермен сүзе қарап,
айғайлап тұрған қара беріктер оң сөз айтып тұрған жоқ. Жабыла түскелі, түтіп,
талап жібергелі ентелеп қамап,
арсылдап тұрған көп жайындай
көрінді.

Сыр бермеймін деп, сіресіп тұрған ұлықтар Тұрлығожа сөзінен
кейінгі ел сөздерін көрген соң, бәсеңдеп, кішірейіп, жасып кетті. Жұмысын бітірген
кісімсіп, тергеуші аппаратын алып кейін кетті. Ел сөзіне жауап бермей-ақ
Ақжелке де бетін бұрып, сырт қарай берді. Кеңсе алдындағы ұлық, елден бұрын
жотасын беріп, ұйлығып сырғақтай бастады.

Күндіз келген жолдастарының
жарым-жартысын қалың топ ішінде жоғалтса да, әлі де қасында қалғандарын маңына
жиып, әр алуан сөзбен ұлықты жерлеп тұрған Жансейіт Ақжелке сырт қарап жылжи
бергенде, естіртер-естіртпес қылып:

-          Қамшымен
басқа тартып кетейін бе осы.
Қызыңды... ә, ә, - деп, қамшысын ыңғайлап, шын сәл ниетке мінгендей, оң қолын топ
ішінен суырып көтере беріп еді. Қасында тұрған Құсайын ақсақал:

-          Ой, қой! -
деп, қолынан ұстай алды...
Қасындағы өзге жігіттер де:

-          Қоя
тұр. Бүгін емес... ол күн
жетер... сонда болсын, - десіп, тоқтатып алды. Топтың ентелеп кіжініп, ұлықты оқты көзімен атқан түстері
Жансейіт қылығын қазіргі сағатта орынсыз көрмейтін де сияқты еді.

Бағанадан ел пішіні мен ұлық жүздеріне кезек-кезек қарап, тістеніп тұрған Жансейіт қазір де өз қылығын бір қазақтың
баласы да сөкпейтіндей көріп
еді. Ол ел күйін ұққандай болатын.

Егер бұның
қамшысы көтерілсе, кеңсе алдындағы ұлықтардың бір минутте тозаңы
аспанға шығатыны анық еді. Мысықпен арбасып тұрып, жеңіле қашқан жыландай көздегі оты сеніп, жотасын бере
жөнелген.Ақжелке елді дәл осы секундте қатты қызықтырғандай болып еді.

Қап, қап... - деп, басын шайқап
Жансейіт алғашқы ағынынан тоқтап
қалды. Көп жігіттер осы сияқты өкінгендей болып тараса бастады. Бүгінгі күн бұрын айғырсып, қоқақтап тұрған ұлықты
жамбасқа алып жыққандай, елдің пысымен жеңіп шыққан күні еді.

Оны осы топтың ішінде болған жас-кәрі,
тентек-момынның бәрі де ұқты.
Ұсынса қол жеткісіз
бәйтеректей болып тұрған зор
кеуделі тәкаппар пішінді, жат сырлы ұлық, бүгін жалпайып жерге түсіп, абыройы ақтарылып, жүні жығылып
қалғандай болды. Дүркірей желіккендей, көтерілген екпінді пішіні бар ел саспайтұғын салмақпен қайта
лаулап, жан-жаққа тарап жатты. Екінді кезінде күні бойы жәрмеңкені басқан қазақ селі айығып қалды. Үлкен айдынмен үркіте, шошыта келген қалың
қайрат, қара бұлттай қатты
ашу, қазірде қайта серпіліп, уақытша сабасына қайтқандай болды.

V

Иірілген ұзын кең өлкеде шұбатыла отырған кең ауыл. Бұл - Дөңгелек саз. Серікбай ауылдарының жайлауы, екі жақтағы биік-биік қырқа-қырқаның астында да
осы сияқты көп-кеп, тарам-тарам өлкелер, қуыс-қуыс, қойын-қойын сияқты. Барлығында осы өзектегі сияқты көп ауылдар. Ел жайлау-дың ерісінде,
таудың төріне келіп отыр. Шырғанақты
биігінің қатпар-қатпар қолтығына Албан ерлей, құлай келіп сіңген еді. Ең жоғары орынды алып, қарағайлы төске шейін
ерлеп келіп қонған - Серікбай ауылы.

Ауылдың желкесі тік, көк жасыл биіктер, Өне бойларын
селдір-селдір қарағай басқан.
Кей биіктің жота-жотасынан етегіне қарай құлай біткен қарағай қазақтың иегіне шыққан қара бұйра шоқша сақал сияқты.

Маңайдағы биік таулардан кешкі көлеңке
созылып түсіп, өлке бойын аламыштап, көлеңкелі, сәулелі қылып құйылып тұр. Жасыл дүние керікті нұрын әлі жоғалтқан жоқ. Алдыңғы таулар, көлденең созылған жақын белдер - қарағайсыз,
жалаңаш. Бірақ ол да жасыл.
Беттері жаңбыр суы сүйіп өткен айқын-айқын ажымдай айғыз-айғыз. Су жолы
жіңішке жыландай ұзынынан
созылып, кей жерінде ғана аз-аз иірілгендей, барлығы да биік, тік кезеңнің
етегінен басына шейін шұбатылады.
Түйілген қабақтың арасындағы
ежелгі суық ажымдай.

Өлкенің жазығында әр жерде су
сойған жіңішке сызықтары бар. Алдыңғы белдердің кейбірінің жотасынан арғы
беттегі қарағайлардың бастары
қылтиып көрініп, иек артып, баспа қылып қарап тұрғандай. Өр жерде шоқ-шоқ
болып тұрған қарағай топтары
кеш мұнарын жамылып
кекшілденеді.

Темен жақтағы екі жасыл биіктің қосылған жерінен алыстағы Қулық тауының бір
кесігі көрінеді. Сағыммен көгеріп, мұнарланады.

Ауылдың желкесіндегі көрі қарағайдың кейбірі қурағандай
бүрсіз. Көпшілігінің кек жамылғысы бар көлеңкелі, саялы. Кешкі тыныш әуеде биік
бастары мызғымай, қалқып қарап
тыныштық алады. Мең-зең, жым-жырт тоғайда анда-санда үнді торғай шырыл-дайды,
кейде ағылып-тегілгендей, кейде шық-шық еткен дыбыстары келеді.

Өлке бойындағы ауылдардың кейбірі
кішілеу төбешіктердің басына, кейбірлері өзектегі өзен жағасына мінбелеп қонған. Көсілген
биік тәскейде әр түлік мал шашырап жайылып жатыр. Алыста биік бетте тырмысып
жүрген қой жыбырлаған құрттай
болып үйіледі. Әсіресе үстеріне күн сәулесі түскенде, ұзынша сопақ ақ құрт сияқтанады.

Көп ауылдың қойлары қорасына
келген. Дөң басына ауылдан қайта-қайта желісі үзілмей келіп жатқан кешкі
ауылдың дауыстары естіледі. Кезек-кезек маңыраған үлкен қойлардың дауысы.
Арасында бірдемені іздеп, таң қалған сияқты адасқан қозы, ешкі-лақ үні де
естіледі. Тынбай ізденуде, іздесуде сияқты.

Кешкі ауа дыбыс атаулының
барлығын іліп алып көтеріп, екілендіріп тұр. Анда-санда ауыддан сиырын аукаулаған қатындар дауысы, күйіп-пісы сөйлеген бала сөздері, өмірмен ақырып жұмсап тұрған шешелер даусы да танылады.

Анда-санда сиыр мөңірейді. Қабақта, астырта шіңкілдеп кісінеген қысырақ айғырдың таныс дауысы
да естілді. Ұзақ созып кісінеп келіп, кейде иелік
нығыздығымен қайырып-қайырып,
оқыранып қояды. Бұзауына жақын келіп шешуін күтіп тұрып, бір-ақ қайырып мөңіреген сауын сиыр байқалады. Кеш жақындаған сайын өлкенің даусы зорайып, тілі мол-йып келеді.
Сылдырлаған өзен суының да
дауысы жетті.

Қатынына «А-а-ай!» деп айғайлап,
бірдеме айтып тұрған еркектер дауысы жиілеп тұр. Өмірлі ісшіл, қатасы жоқ. Өзі-өзіне сенген дауыс. Еңбек ортасында
үлкендерге бірдеме деп былдырлап жүрген балалар дауысы, бала сөзі. Қойын сауып болған ауылдың бет алды,
айналасы шұбартып шашылған үлкенді-кіші мал.

Кешкі көп тілдің бірі болып,
жекелеп үрген иттер даусы келеді. Ішінде төбет, күшіктер де бар. Басында
бір-екі дауыс үзіліп-үзіліп естілсе, кешкі жаңғырық молайған сайын, екіленіп желігі артып келе
жатқандай, бірін-бірі
қыздырып қостап, дырду көбейтеді. Кейде ізденіскен, өштескен, өршеленген, бүлініп,
бұзылысқан дауыстар да шығады.

Төбеде күйкентай
ұшып, кейде аспанда қалтылдап тұрып шырылдайды. Біресе тынымсызданып, мазасы
кеткен күйменен шық-шық қағады. Біресе өрістеп, ұзап кетіп,
шашырап жайылған қойды айғайлап үркіткен кешкі қойшы дауысы асқындап
кетеді. Біресе сайда, дөң астында шырқап салған қозышы баланың әні келеді.

Кейде төменгі ауылдар жанында биік таудың
бетіндегі жалғыз аяқ жолмен көлденеңдеп күндізгі серне,
түстіктен, қымызды ауылдың қызуынан қайтқан көп аттылар көрінеді. Жастары қия беттен шауып
өтіп жатыр. Кейбірі ән салады. Кешкі мезгілде дабырласып әңгімелескен дауыстары желігіп саңғырлап, өлке бойына тұтас естіліп тұр. Осы
ретпен кешкі ауыл тіршілігі өзгеден ерекше, өзіне ғана тиісті болған жарастығына
ауысып еді.

Ауыл кешке ғана барлық қалпымен
толық тіршілік етеді. Бұл уақыт - ауылдың еңбек уақыты. Барлық
мал мен адамның у-шуы түгел шығып, толық араласқан уақыт. Ауыл маңының шұбарланып,
жанданып, күндізгі құлазыған
мең-зеңдіктен дырдуға ауысқан шағы. Сансыз көп тіл біткен, ажарланған шақ. Кешкі ауыл тіршілік жәрмеңкесі сияқты.

Қазақ жайлаған табиғат болсын, мал мен адам болсын,
- барлығы да кешкі батар күннің алдында күндік өмірін қызу дырдумен шығарып салады. Қырдың күні
малдың у-шуымен, адамның сергек айғайы, қарбаласқан қарекеті, желікті әңгімесімен
батады.

Өлкедегі жақсы жайлауға жарасып отырған көп ауыл, табиғаттың
күні өтіп, түні ауысқан шағын
сондай өткел үстіндегі шұбарланған,
жанданған жарастық қызуымен қарсы алады.

Осы күйдің Серікбай ауылының
үстіндегі ең қызулы шағы еді.
Қасындағы төрт-бес басты жолдасымен Серікбай айналаға үндемей қарап, табиғаттың Албан баласына берген
жарастық, молшылығына ішінен
шүкіршілік қылып, өмірінде ең алғашкы рет соны көпсінгендей еді.

Бұл қасындағылардың
әңгімесін тыңдамай, өзі мен өзі ғана болып: «Не болар, неге соғар
екен? Шынымен-ақ мынау елдің мынау дәурені енді келіп біткені ме?» дегендей
ойлармен көз алдындағы тіршіліктің қызулы
қызығын ерекше рақаттанып, сүйсініп, қызықтап отыр еді.
Қасындағылары жақын ауылдардағы ағайын, көрші көңілдестер, бір-екі қария, кедей-леу жігіттер,
ауылдасы, ат үстінде бірге жүретін жолдастары еді.

Қарияның бірі - аласа бойлы, арық денелі Жақсылық. Көп ішінде бұның да азамат болып қалған жалғыз
баласы Жұматайға солдатқа
бару деген қауіп бар-ды. Соның қамын ойлаумен үйіндегі кемпірі мен екеуі жалғыз
отырғанда жыласып, жүдесетін. Үйі, ауылы соңғы күндерге өзіне жат, бөтен сияқты
болып құлазығандай, қайғы-уайым орнындай болып еді.
Солай болғаннан бері қарай топ ішіне келіп, Серікбайдай ел сенген басшылардың
қасында болып, желіккен сенішпен сөйлеген көпті көріп, кішкене бой жасағандай
болатын. Соңғы күндерде күндізгі уақыт болса, үйінде отырмай маңындағы ауылдарға
қыдырып келіп, жайлы хабар есітуге
ынтық болатын.

Серікбайдың қасына жаңа кешке жақын келіп еді. Әдетше жаңалық, игілік хабары бар ма деп сұрағанда, бір қалыпты
белгісіздіктен баска ешбір жұбаныш ести алмады. Аяғында жым-жырттық бойын сескендіріп шошытқандай болған соң, қасындағылармен әрнені айтып, әңгіме іздеп
отырды. Қарияның қасындағы
екі жігіт бұл сияқты емес. Олар әлденеге сенімді, қажырлы, желікті сияқты болатын. Бұның бірі
Серікбайдың ұдайы қасында
жүретін пысық, сөзуар жігіті Баймағамбет еді. Ол төменгі жақта әндетіп, дабырлап, даурығып сөйлесіп бара жатқан жігіттерге қарап:

-          Мына
астырттағы ауылдан серне жеп қайтып барады. Бүгін осы Дөңгелек саздан тақ отыз-қырык тоқты не ғып
желінбеді екен?!

-          Отызды
айтасың, Көктебені қоссаң, осы Шырғанақ өлкесінен бір елу молынан желінген шығар. Елдің тұмсығы қанданып-ақ жатыр, - деді екінші
жігіт Өтеу.

- Тұмсығы қанданған деп соны айта ма екен? Ұлықты талап, соның малын жесең,
мына жердегі новоселдің қаласын шапсаң, соны айтады... өзіңнің қораңдағы қойынды жейсің де, тұмсығым қанданды дейсің, - деп,
Баймағамбет кекетіп қойды.

-          Казақ-орысты шаппай-ақ, асыңды амандап қалшы, «бадырақ, сен
тимесең, мен тимеймін» деп, осы оған сен тимей, саған ол тимей, тыныш тұрсаңдар жетеді-ау, - деп Жақсылық
зорлықпен күлген болды.

-          Ол тыныш
қоймай тие берсе қайтесің, қария?.. Көне беремісің?

-          Көнбесең,
сонда көнбе! Бірақ қазақ-орысты шаппай-ак, өз үйіңде отыр да, өз басынды аманда. Осы үйтемін-бүйтемін
деген сөзді тіпті құлағым
жақтырмайды. Елдің мынау жүрген жігіттері олай демейді. Ұстасатын болсақ, мықтап ұстасамыз. Тұрысып көреміз
дейді.

-          Тұрыспасы
бар ма?!

-          Е,
тұрыспайтын несі бар?! - деп,
Өтеу киіп кетті. - Тұрысармыз, әйтпесе осы ел ат,
айғырын неге жаратып мінісіп алды. Қару-найза неге баптап жүр. Түйміш неге
жасап жатыр? Шаруаны неге ескерусіз далаға тастады? Соның бәрін тұрысамын деп, шыдай-мын деп істеп отырған
жоқ па?

-          Қаруың
қайсы?! Мен білмеймін. Біздің Жұматай
соғысатын қаруым деп, қарағайдың басына үшкіртемір қадап алыпты. Найзамыз дейді. Мылтығың қайда, қылышың  қайда? Солдат саған қасыңа
келетін шығар-ау маған найзаңды сал деп.

Көпшілік үндемеді... бөгелгендей
болып еді. Бірақ Баймағамбет ертеден бұл сөзді көп естіген, кеп жігіттің бұған қарсы жүрген жауабын да білетін.

-          Соғысқа
кетсе, бір есебі табылар. Қару алмайды, қажыр алады. Бір-екі жүрегін
шайлықтырып шошытып жіберсе, солдаттың әзі-ақ қаруын тастай береді. Өз қаруымен
өзін сипалаймыз, солай емес пе? - деп, Өтеуге қарап көзін қысып, күліп қойды.

Ой, тәйір-ай, қалың Албан түгел жиылып, қанат
жайып қаптаса, солдат әнеугі жәрмеңке
басындағыдай ығып кетеді. Осы тартпақ сезден жек көретінім жоқ. Соғысқа шыққанда шал атаулының барлығын
аулаққа апарып, бір сайға қамап
тастау керек еді, -деді. Жұрттың
бәрі күлді.

-          Соғысып
жатыр ғой әне қырғыз. Қарақол
айналасындағы ұлықтардың бәрі
үрпиіп, есі кетіп, босып жатыр дейді. Қырғыздан кем болыппыз ба? - деп, Серікбайға
қарады Баймағамбет. Бұл сөзді
бүгін түстен бері естілген бір сыбыстың бетімен айтып еді.

Дөңгелек
сазға күндіз көрші ауылда сірне жеп, қалың жиын күрес салып, аударыс жасап,
ойнап жатқанда жәрмеңке жағынан келген бір қызыл бөрік, қырғыз соғыс бастапты
деген ұзын құлақ бір хабар айтқан.

-          Қырғыз
соғысса, қаруы бар шығар?! - деп, аз үміттенгендей боп, Жақсылық Серікбайға
қарады.

-          Онда
да қару бар деймісің, бірақ өжет,
қайратты, ашулы ел. Бастаса, бастағаны-ақ. Тек солай болғай-ақ та, - деді Серікбай. Бағанадан үндемей
отырған Серікбайдың сөзге
кіріскені әңгімешілердің
иығын көтергендей болды. Ел ортасында ертелі-кеш сөйленіп жатқан ұзын құлақ хабардың бәрін
түгел естіп, түгел жиып, бәр-бәріне талғаусыз түгел сене беретін Өтеу:

-          Атаң
кәрі деп алып, қырғыз бір
бастаса, тоқтамайды. Албанбұғы
тізе қосатын шағың жетті деп, олар ерте бастан қамданып жатыр деген. Ойардың
ат, айғырын ұстап, жігіт
атаулының топтанып атқа мінгеніне, найза-мылтық жиғанына көп болды деген.

-          Ат
мініп, найза, сойыл ұстаумен
іс оңғарылатын болса, осы Албан да тегіс-ақ соған кірісіпті ғой... Қарқара айналасындағы елдің тыныш
отырғаны жоқ деседі. Бәрінде
де не сәйгүлік бапталып жатса керек. Ұзақ батыр Тұңғатар жылқысындағы нелер томырылған құр аттарды айтбозымның дәмелі жігіттеріне ұстатып мінгізіп жатыр дейді, -
деді бағанадан үндемей отырған
қара шал Қалдыбай.

-          Е,
өзіміз соны істемей отырмыз
ба? Осы Дөңгелек саздағы ауыл-ауылды
қазір кешке аралап шықшы. Күндіз-түні белдеу мен арқаннан ешкімнің де аты
кетпейді. Бәрі де әлденеше таң асып,інін тартып жарап, дом болып қалыпты. Нелер
семіз бағландардың еті қазан-қазан болып қуырылып, меске тығылып жатыр. Жігіт
атаулының дайын емесі жоқ, -
деп, Баймағамбет жүгініп алды.

-          Егін,
пішенге саламын деген жалғыз құла
қасқаны мен де байлап отырмын.
Оның несі бар! Осы жолдан қалған жан - жан, мал - мал, қызын... ұлықты жәрмеңкеден шығарып алып Жаркентке
шейін бір тырқыратса болады. Бауырынан сиген Албан баласының жалғыз арманы
сол... мен неге қарап қалайын... керек десе, Жансейіт те айналдырған екі атының
бірін Құнапияға беріпті.
Содан кедеймін бе? Бұл
келебеден аяйтын, аянатын түгім жоқ... - деп, Өтебай да көтеріліп алды.

Баймағамбет Жансейіттің аты аталғанда күліп жіберді.

-          Ол
ит өзімен қоймай, бүгін мына Көктөбеде жүз қаралыдай жігіт жиналып еді,
әзімдікін беріп болдым, енді Албан жігітінің бірі жаяу болмасын, ат керегі
өзіме келсін. Аяғы Оспан тілмаштың жылқысынан алсам да, осында жылқысы бардың
бәрінен сенімді жүйрікті тауып беремін деп жар шашып жүр, - деп, отырған жұрттың бәрін күлдірді.

Серікбай Оспанды айтқанда қалың елдің ішіндегі шіріген
жұмыртқа, сенімсіз жалғыз бұзақыны еске алғандай болып:

-          Оспан
ағайыны ғой. Оған істесе, Жансейіт істейтіні рас. Әйтпесе, ұлыққа көтін тығып, жемтік жағалаған құзғын сияқтанып елдің лайсаңынан
пайда іздеп жүрген Оспан ешкімге де қолынан ат бермес. Берсе, ол Оспан да
болмас еді.

-          Ол
ғой жәрмеңке басынан шықпайды?
Бар Албан қырылған күнде
жалғыз бас қайда барып күн көремін
дейді сол?.. Орыстың теріс жазуын білдім деп, елдің тілеуінен, ата-баба жолынан
безіп-ақ кеткені ме? Бұның не
білгені бар?.. - деп, Жақсылық Серікбайға қарады.

Серікбай:

-          Не білгені
бар дейсің, жәрмеңкеден шықсам, біреу жамандап қояды; елге қосылып кетті деп ұлық қырын қарайды деп, тығылып отыр. Оған ел не керек? (...) Албан
болмаса, өзгені барып та сауа алады. Ана Жебірбайдың баласы Албанды сауып, осы
жаздың өзінде қоралы қой жиып алып отырған жоқ па еді? Тек елді азғырып, бөксе
басты қылмасын де!..

Бәсе, жеген жемін елден аулақ апарып жесе екен. Төре деп,
біледі деп, аңқау елдің содан ақыл сұрап жүргені де бар көрінеді, - деді Баймағамбет.

-          Ел деп, қай
ел дейсің, өзінің ағайынсымағы да барып жүрген. Кеше соның ауылы Қарақолда
пәлен жүз солдат бар, пәлен зеңбірік бар, жәрмеңкеге пәлендей солдат алғызды
Ақжелке, мұнда қазір пулемет
те бар.

Қазақ қарсылық қылса, қырылады.
Ақжелке бір ауыз хабар берсе, Жаркенттен пәлендей әскер қаптап келгелі отыр.
Ертең-ақ елдің аптығы басылады. Сонда басшы болған кісілер жазасын тартады деп
айтысады дейді, соның ауылының бір қариясы, - деді Өтеу.

-          Кім дейді сонда
жаза тартатын? - деп, Жақсылың Өтебайға қарады.

-          Кімді аяйды
дейсің, ешкімді де талғамайды.

-          Міне,
осындай сөзді бықсытады олар болса, елдің жүрегі шайлықсын дейді ғой.
Жасқандырғанда. Ұзақ сияқты,
біз сияқтыны жасқандырады ғой.

-          Оспан
айтты деп, жасқанған кісі болса, бара берсін, осы сөзді кеше Әубәкір аулындағы бір жиында да бір емес,
екі емес жаңағы қария айта берген екен, Жансейіт пен Әубәкір: «Оспаныңмен қосып ақылыңды... тек
енді үніңді шығарма?!» депЧиршытып жі-беріпті, - деді Өтеу.

Серікбай:

-          Жансейіт
одан іркілетін емес. Бүгін Оспанның жылқысынан
ат әперемін дегенді содан кейін әдейі айтып жүрген көрінеді.

-          Бәсе.

-          Бәсе,
сөйтпей болмайды. Жалғыз ұлық емес, қытығына тисе, ел де ұлықтан кем тимейтінін сездіру керек.

-          Білмеймін,
сөйткенмен сол Оспаныңның ауылы елдің жиыны болсын, тілеу батасы, қару-сайман жиып қамдануы болсын, бәрінен де бойын алып қашып, шетірек тұрған көрінеді, - деді Жақсылық.

Бұл
хабарды да Өтебай естіп еді.

-          Оның
рас. Осы әлкеде шаруаны ұмытпаған
жалғыз ауыл солар. Кеше егін мен пішеніне кісі де шығарып, үй де кешіртіпті
дейді. Оспан: «құр желіккенді
қойсын, егін-тегінін жинауға
кіріссін» деп, жәрмеңке басынан қатын,
баласын жіберіпті де, шешесі мен ағайындарына жаңағыдай деп тапсырып жіберіпті.

-          «Қара
ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы». Өртеніп жатқан ел мынау, әлі де мал-дүниеге көзі
тоймай, ойдан-қырдан сыпырып-сиырып
жатқан Оспан анау ма? Сөйтпесе Оспан тілмаш бола ма? - деп, Серікбай күрсініп
қойды.

-          Шаруа
демекші, осы ауылдың егіні пісіп, түсуге айналыпты деп хабар келіп жатыр, Пішен
болса, ол да шабылмай қалып барады. Бұл не күн болды?.. Егіннің шығысы ерен еді. Есіл қазына шашылып-ақ
қалғаны ма, түге! Бірдеме қылып, жарым-жартысын болса да жиғызып алмадық, - деп, Серікбай аулының шаруасын
басқарып жүрген ағайыны қара шал уайым айтты.

Серікбай бұның соңғы күндердегі осы сияқты ызыңдарын
кеп естіп қажығандай еді. Сондыктан қабағын шытынып:

-          Қой
енді ызыңдамай, қой дегенім
қайда? Осы елді ойнап жүр деймісің өзің?
Даладағы егін түгіл, қолдағы қоралы қой, қостылы жылқыдан да безерсің әлі, тұра тұр.

-          Безгенімізше
талшық керек емес пе? Түстік өмірің
болса, күндік мал жи деген... - дей беріп еді.

-          Күндік
малың бар болсын! Осы қолыңдағыға ие болып тұрсаң да болады. Осы да жетеді. Маған байлық керек емес. Мен Оспан
емеспін. Дүниеқор қылғың келеді ғой. Мен егін жиямын десем, ертең
осы елдің бәрі егіні мен пішеніне кетеді. Жаңа өзің не естідің, құлағыңнан ағып кетті ме? Елдің барлық жігіті ат мініп, қару асынып күтініп жатыр дегенді естіген
жоқпысың? Соның ішінде қайсысы байлығына, барлығына сеніп қазынасын үйіп қойып
отыр. Ер басына күн туған деген осы. Бұл күнде бас амандығынан, ел намысынан басқаны тілейін деп отырған
кісі жоқ. Аттан, қамдан,
шаруаны таста, барыңды ортаға сал. Ертең ұран шақырылған
күні аталған жерге түгел жиыл. Шаруаға, дүниеге алаңдама. Осы өткелден өтпей
тыныштық жоқ, мал, дүние - арам. Тобыңды жазба, шашырама, күндіз-түні дайын
отыр. Бір еркекті шет жайылдырма! Бүгін болмаса, ертең басталады деп, әдейі осы
елге осылай ақыл беріп отырғамыз жоқ па? Соны айтып отырып, мен шаруа ойлап
тықақтьрс қылсам, ел қайтпек?
Кімді ұстайсың сонан соң? Шақырғанда кім дайын болады? Бидайымды теріп жүр едім
дейім бе? Не айтамын? Не бетімді айтамын Албан баласына.

-          Е, өзгелер шаруасын ойламай жатыр ма? Әне, жіберіпті ғой Оспан!

-          Оспан Албан
баласы ма екен? Ол - арам сирақ. Ол елден шыққан, жат боп кеткен. Ол Албанның
аруағынан садаға кетсін.

-          Бір
Оспаннан басқа шаруа ойлаған тірі жан жоқ. Жұрттың бәрінің де егіні-тегіні пісіп тұр. Бірақ ешкім қыбыр еткен
жоқ, - деді Баймағамбет.

Серікбай шал сөзіне ашулы еді,
өйткені үйде қатын-қалаш та бүгін Оспан сөзін естіп, бірдеме деп күбірлеген
болатын.

-          Маған
Оспан істеген істі үлгі қылма, сен. Оспан дүниеліктің құлы болса, ана қасыңдағы тақыр кедей Жансейіт не қылып отыр? Жалғыа
атын ел керегіне жарайды деген жігітке мінгізіп отыр, Соны ойла, Ана Ұзақ, әне Жәмеңке неғып отыр? Оспандай-ақ мансап иесі ұлық болатын ана Әубәкір, ол не ғып отыр? Бәрі
де шаруасын судай шашып, артығын үлеске салып жатыр. Сен үйдесең, ертең керек
қылса. осы қолымдағы аз жылқымның барлығын мен де осы Дөңгелек саздың үлесіне саламын. Білдің бе? - деді.

Бұл уақытта төменгі жәрмеңке жақтан шығып, Серікбай ауылын бетке алып
келе жатқан екі атты дөң басында
әңгімеде отырған Серікбайларға қарай бұрылып еді.

Аттарын қара тер жапқан
жүргіншілер бұларға қарай
беттегенде, екпіндеп желіп келе жатты. Қазірде күн батып, ымырт жамылып қалған.
Ауыл-ауылдың дырдуы саябырлап, азайып, әр жерде жер ошаққа лапылдап жанған
оттар ғана көзге айқынданып тұрған.
Ауылдың көп тілінің ішінен соңғы уақытта дамылсыз үрген иттер дауысы ғана
басымда-ғандай, біресе күшік дауысы шәу-шәу етіп, артынан үлкен төбеттер,
соқталы ашулы қаншықтар дауысы жапырлай шығып, ауыл-ауылдың барлығын азан-қазан
қылғандай болатын. Кеш қараңғылығы тұтасып молайған сайын иттер дағдылы
міндетіне құлшына кіріскендей, Өткен-кеткеннің барлығына шабалана үріп қоя
беріп, алыста көрінген қара-құра
болса, алдынан шығып бөгеуіл салып, ауылға келгенді ауылға әкеліп, өтіп бара
жатқанды өзі қуып жібергендей,
қанжығалап арсылдап шығарып салып, ауылдың амандық тыныштығын өз мойындарына
түгел көтеріп алғандай болатын. Екі атты Серікбай ауылына жақындап келгенде алдынан тобымен қамап
шыққан көп иттер, қазір бұлар төбе басына келгенге шейін у-шу етіп, өзге
дыбысты естіртпей, өлкені азан-қазан қылды.

Аттылардың қараңғы кешке
пішіңдері оп-оңай танылған жоқ. Жалғыз-ақ төбенің етегіне келгенде ғана сапақұрманы бір-біріне шылдыр-шылдыр соқтықты. Біреуі тәуір киімді, күміс
ер-тоқымды, ұзын бойлы,
екіншісі қасындағы атшысына
ұқсайды. жаққа қараған күміс үзеңгілері жарқ-жұрқ етіп, екі аттың ер-т

Бұл Ұзақ, Жәмеңкеден Дөңгелек сазға хабар алып келе жатқан тілші
хабаршы Көкбай болатын. Жәрмеңке
басында қалың Албан жиылып, Ақжелкеге жауап бергеннен бері қарай екі жұмадай уақыт өтті. Содан бері жайлау-жайлаудың әрқайсысында ер азамат түгел
қамданып, ат-сайманын дайындап, жеке-жеке әзірленуден басқа, ел-елдің
арасындағы қатынас тілді де реттеп алып еді.

Күн-күн сайын жәрмеңке басындағы
ұлық істеп жатқан қам болса, яки шеттен - Қарақол, Жаркент жағынан естілген жаңғырық, жаңалық болса, бәрін де ел-елдің басты адамдары өз маңайына
естіртіп жариялаудан басқа, манайдағы Албан руларының барлығына да хабаршылар
жүргізіп, мәлімдеп отыратын. Соңдықтан ертеңді-кеш жаңалық хабарлар үзілмей,
бірі артынан бірі шығып, ерсілі-қарсылы қыдырып тұрған.

Албан іші түгелімен осындай
реттеліп алғаннан бері қарай Ұзақ,
Жәмеңке, Тұрлығожа, Серікбайлардың
ауылдары күнде келген жаңалықтарды тарататын штаб есепті болған. Жалғыз бұнымен қоймай, әрбір естілген дақбыртқа қарай бесті-онды басты кісілердің
кеңесі болып, өзгелерге ананы істеу, мынаны істеу керек деген байлауларын да
жіберіп отыратын.

Албанның қалың ортасында ұлыққа тіреу болып, елге қастық
қыламын десе, себі тиетін жері жәрмеңке болғандықтан, жұрттың көзі Қарқара жазығына көбірек қадалғандай болатын, оның не істеп, не ойлап
жатқанын ел білуге, естуге қажет. Ақжелке әлі барлық көмекші ұлықтарымен сонда отыр. Маңайдағы бесті-онды солдатты жиып, қазақ-орыс қалаларынан
аз-аздап астыртындап жігіттер жиып алып қаруландырып жатқаны да бар-ды.
Сондықтан Ұзақ, Жәмеңке осы жәрмеңкеге құлақтарын көбірек түріп, соның әрбір қозғалысын
аңдығандай, тесіле қарап бағып отырған.

Бірақ жәрмеңке басындағы ұлық қазақтың өзіне сырын айтпайды. Ел болса, бұрынғыдай жәрмеңке басына бармайды.
Ондағы қазақтан қалған
тілмаш, оқығандар болса, бір ауыз тіл әпермейді. Ел қозғалысынан бойын алып қашады. Сонда да
жәрмеңкенің ниетін білмей отыруға мүмкін емес. Қарақол, Жаркент, Алматы жағынан
шыққан жаңалық болса да сонда
келеді.

Осының бәрін есептеп келіп,
ақсақалдар кеңесі жәрмеңке басынан өздері тілеулес болып, жансыздап хабар
әперетін бірен-саран кісіні іздестірген. Сол кісі оңай-ақ табылып еді.

Ол - жәрмеңке басында тұраты  өзбек саудагері Сұлтанмұрат. Бұл - епті, есті адам. Қазақ,
қырғыздың патшаға арналған наразылығын ішінен бұ да қостайды. Сондықтан
жәрмеңке басына жан-жақтан келіп жатқан жүргіншілердің барлығымен әңгімелесіп, керекті
хабарды мезгілімен толық қылып алып, Ұзақ, Жәмеңкелерге ұдайы жеткізіп тұрған.
Соңғы кезде жәрмеңке басындағы бірен-саран солдаттан әңгімешіл аузы бос
таныстар тауып алып, Ақжелке істеп жатқан қарекеттен де оны-мұны естіп тұратын.
Бұның жиған хабарларын ел кісілері әр түрлі әдіспен алатын болған. Жалпы елдің
жәрмеңке басына баруы азайған соң, енді үнемі Сұлтанмұратқа келе беретін
бірлі-жарымды кісі болса, оның жүрісі алақандай жәрмеңкеде қақап тұрған ұлықтардың
көзіне түсіп қалуы оңай нәрсе. Осыны ойлап, Ұзақ, Серікбайлар ақылдасып келіп,
Сұлтанмұраттан жансыздап хабар алу үшін әр рудан он шақты кісі шығарған. Бұлардың әр күні әрқайсы келіп
кетеді. Кейде екіден, үштен келеді.

Кей кезде әсіресе, соңғы
уақыттарда алғашқы он кісі бір-бір кіріп шыққан соң тағы тың адамдарын да
жіберетін болған. Бұлар
бес-алтыдан да келеді. Кейде тіпті елеусіз болсын деп, өгіз мінгізіп, жалғыз-жарым
кедей-кепшікті де жібереді. Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда қыла келеді.
Әр күні әр ләпкеден әр алуан ұсақ-түйек
алады. Бірақ бір қадақ сабын,
яки бір кез шыт қана алатын болса да, саспай көп қыдырып, көп саудаласып жүретін қазақ әдетінің осы көздерде пайдасы тиген. Алушысы жоқ болып қаңырап тұрған ләпкешілерге
әңгіме де керек. Сол ретпен жағалап жүріп, Сұлтанмұратқа арналып жіберген хабаршы елеусіз келіп, елеусіз кететін.

Бүгін сол әдетпен жәрмеңке басына
түсте жіберілген кісі Үшкүңгей жотасының бауырындағы жайлауларға үлкен хабарлар
алып келіпті.

Соны естісімен, Ұзақ Серікбайға осы Көкбайды шаптырған.
Аттан түсіп сәлемдесіп, Серікбайдың қасына келіп отырған соң Көкбай қатты жүрістен терлеп,
пысынағандықтан, үлкен қара бөркін қолына алып, бөгелместен әңгімеге кірісті.

- Бүгін Сұлтанмұраттан хабар келді. Қарақолдан
хабаршы келіпті. Бұл жарлық
қазақ, қырғыз, ұйғырдың барлығын да түгел көтерген көрінеді. Лепсі, Талдықорғаннан
бері қарай қазақ көтеріліпті.
Ауамыз, көнбейміз, бермейміз
деп, маңайындағы қалаларға
шабуыл жасап, қару жиып,
қарсылыққа қамданыпжатыр дейді.
Әскер шығып, соғысып қалғандар да болса керек. Одан бері Пішпек, Алматы, Қарақол айналасындағы елдер
көтерілуге бас қойды. Қырғыздар қазақ-орыс қалаларына шабуылды түгел
бастапты. Жызақта үлкен қарсылық болып, қаланың үсті түгел қырғын
майдан дейді. Ұйғыр мен қырғыз қазақтан озған көрінеді. Бұлар шапқан қалалар жетім-жесір болып,
өртелгені өртеліп, қырылғаны
қырылып, Пішпекке, Қарақолға, Тоқпаққа шұбап жатыр дейді. Ұлықтан
үрей кетіпті. Қырғыз Пішпектен Қарақолға мылтық, жабдыққырғыз мылтықты,
қарулы дейді. әкеле жатқан солдаттың обозын талап алыпты.
Осы күні бар

Тыңдаушылардың Серікбайдан басқа барлығы Көкбай әңгімесі басталғаннан-ақ ентелеп:

-          Е, е, пәле,
пәле е, е!..

-          Бәрекелді...
бәрекелді... е, е! - деп, иісінгендей мекіреніп, құлай тыңдап отырып, Көкбай тоқтағанда, Өтеу:

-          Айтып
едім ғой, қырғыз істі бастапты деп! «Атаң кәрі» деп алып, бір бастаса ол
тоқтамайды.

-          Қырғыз емес,
ұйғыр да кетіпті де?!

-          Ел
болсаң, осындай бол... ой, тілеуіңді берсін, -деді Баймағамбет.

-          Бұл анық хабар ма өзі? Тіл әкелген
кім екен? -деп, Көкбайға қарады Серікбай.

-          Анық
шығар... анық кой... - деп, Өтеу сөйлеп еді, Көкбай оны тыңдамастан:

-          Анығы сол - қырғыздың басты кісілері Албанның
қарияларына осының бәрін жеткіз деп әдейі хабар салыпты.

-          Басшысы кім
деді?

-          Басшысы
Батырқан, Қыдыр, Саудамбек. Әзірге хабаршылар солардың атын айтады. Кіріскен
жалпаққырғыздың баласы мойын бұрып қалған жоқ. Бәрі де ат үстінде жау-жараққа түгел қол қойыпты. Және хабарды бір Қарқара емес
Алматыға, Пішпекке, мынау Асыға да жіберіпті, қосылып, қамданып атка мінсін.
Әнеугі айтқан сәлемдері шын бслса, Ұзақ, Жәмеңке, Серікбайлар енді
маңайдагы қалайарды ескерсін. Қарулансын. Жәрмеңкені талқандасын деп айтыпты
дейді. Ұлықты қусын депті. ел. Бір

-          Бәрекелді, сөзіне! Ой, тілеуіңді берсін.

-          Еркек
мыналар екен ғой. Енді бөгелетін не қалды? - деп, Баймағамбет сабыры кетіп сұрланып, біресе жүгініп, біресе ырғалып,
малдасына отырып тыпыршығандай болды. Әлі де салмақпен сабырынан аумай, Кекбайдың пішініне ойлана қарап отырған Серікбай:

-          Жә!
Қарияларың не дейді?

-          Қариялар,
енді бұл хабарды ұлық та есітті. Бұл отырмас, кетер, бірақ кетерінде
бірен-саранды болса да қармап кетпей тыныш кетпес, ең әуелі ел кісілері сақтық қылсын. Жігіттеріне тегіс хабар
берсін. Әуелі айналадағы ұсақ
қалаларды ескереміз бе, қайткендей боламыз? Серікбай, Тұрлығожа, Әубәкір мұнда келсін. Кеңесіп алайық. Тағы бірер күн мына хабар анық па, ұшқары ма, дерегін тосайық деседі.

Серікбай:

-          Құр үйде жатып тосқан емес, енді сол
қырғыздың ішіне кісі жіберу керек қой. Сөз байласу қажет қой, - дей бергенде,
Көкбай:

-          Оныңыз
рас. Ол жерде де бәріміз соны айтыстық. Сонымен жаңа менімен бірге
Саудамбектермен ауызба-ауыз тілдесіп қайту үшін үш кісі аттанды. Қанат жаяйық,
бірігейік, тізе қосып, бір бастайық деп, Асыға да кісі жіберілді. Жан-жаққа
кетіп жатыр.

Олай болса, жарайды, енді, Баймағамбет,
сен ат қамда. Біз Көкбаймен
ауыл жаққа барып ас ішейік.
Өтеу, сен қазір Әубәкір, Тұрлығожаға, осы маңайдағы
ауыл-ауылдың барлық белгілі кісілеріне хабар қыл. Тұрыңдар енді. Құдай бұйырса, бірдеме болар. Аруақ жар болып, оң сапарын берсін, - деді.

-          Айтқаның
келсін, қарағым. Құдай жолыңды берсін.

-          Уа,
оң сапарын бере гөр. Иә, Райымбек атам аруағы, жар бола көр, - деп, екі шал
кемсеңдеп көздеріне жас алды.
Соңғы кезде шаруақор қара шал
да алдыңғы уайымдарын ұмытып,
көтеріліп қызып алғандай еді.

Екі жігіт Серікбай сөзінен соң орындарынан шапшаң тұрып, кетуге айналып еді. Көкбай Өтеуге қарап:

-          Тұрлығожа, Әубәкірді де Секеңмен
бірге қариялар шақыртқан. Олар да солай атына мінсін.

-          Секең
кетсе, Әубәкір мұнда керек болмаса, біреуі қалғаны мақұл болмас па? - деп, Баймағамбет отырғандарға қарады.

-          Әубәкір мұндағыны реттесін. Енді
толғақ жиілеуге айналды ғой.
Хабары да, ісі де енді бірінің үстіне бірі жиілейтін шығар. Бұндағы ел бәріміз кетіп қалсақ ұйлығып
қалар, бірен-саран басшылық кісі топ ортасында қала тұрсын, - деді Серікбай.

Ешкім қарсы айтқан жоқ. «Мақұл, мақұл, солай-солай» десті. Сол күні түнде-ақ ел жатқанша Көкбай хабары Шырғанақтың бауырын түн желіндей есіп отырып,
жағалай жар шашып, шарлап шықты.

Қатын-балаға шейін айт күніндей сергек, дырдулы, шулы, күлкілі,
нөсерлі, дауыл алдындағы құйындаған
жел лебімен желпілдеген түңліктей, жайлау-жайлаудың бәріндегі кәрі-жас, еркек-ұрғашы бой сергітіп сілкінгендей, құлшынғандай болды.

Бұл түнде таң атқанша дамылсыз шабаланып ит-тер үріп, ауыл-ауылдың
арасында сатырлап шабысқан аттылар. Қалжыңды желік араласқан күлкі, дабырлаған
неше алуан дауыстар, шырқап салған еркек, ұрғашының әндері, қызулы,
қызық ойын-сауығы жайлау
түнін желікті той күніне ауыстырып жібергендей болды. Түңлігін жауып, отын өшіріп жатқан ауыл жоққа тән.
Өлке-өлкенің бәрінде жалпылдап жанған оттар. Асылып жатқан қазан-қазан ет. Түн
аспанына ойнап ұшып жатқан от
ұшқындары - бәр-бәрі де қыр
баласын қолтығынан көтеріп
алып ұшып, әлденеге
жүр-жүрлеп тұрғандай болды. Бұл күй бір Шырғанақ бауыры емес,
иісі Албанның барлық көк шалғынды, қарағайлы, мол сулы жайлауларына түгел
жайылған желік болатын.

Осы түнде жолдағы елдің неше алуан тіл менен әлденеше түрге
түсіп, ұйқысыз түн өткізіп дабырлап, шулап, балаша балдырлап
бой жасап жатқан тіршілігін көріп отырып, таң атқанда Серікбай, Тұрлығожалар Ұзақ, Жәмеңкемен уәделескен жерге
жетіп еді.

Биік төскейдегі көп үлкен ақ үйлі
маңқиған боз ауыл, қора толған қоймен,
маңындағы кісендеулі,
арқандаулы көп жарау сұлу
сәйгүліктерімен өз-өзіне сенгендей күйде екен. Ризалық, тоқтық пішінін
көрсетіп, шертиіп, сыздана түсіп, көзін жұмып тыныштық алып, мызғып тұрғандай. Бұнда да жаздың
түнін ұйқысыз өткізген ел таң аппақ боп атқанда, көздің
шырымын алмақ болып, жаңа
ғана тыныштыққа бой ұрыпты. Әлі ауылда кәрі қойшыдан басқа түрегеп жүрген сергек жан көрінбейді. Түн бойы ектеп тыным алмай
жүріп, шаршаңқырап келген жүргіншілер елді оятпай, жұрт тұрғанша аз ғана тынығып алмақ болып, ортадағы
үлкен үйге кіріп жатып қалысты.

Ұлы сәске кезінде Серікбай оянғанда, басқа жұрттың бәрі тұрған
екен. Төр айналасында
Жәмеңке, Ұзақ сияқты үлкендер
отыр. Әуелі соларды көріп
сәлем беріп, басын көтеріп
алды. Айналада жағалай отырған ылғи қара бөрікті кәрі-жас
бәрі де лаулап, желігіп сөйлейді.
Алдарына қымыз да келіп қалған екен. Қасында отырған Тұрлығожа ерекше желікпен
омыраулап, кеуделеп келіп:

-          Тұр,
тұр, не жатыс бар! Әуелі
сүйіншімді бер, -деп келіп, Серікбайдың басындағы тақиясын жұлып алды.

-          Е, не бар?!
Не айтасың?

-          Асыдағы
Қызылбөрік көтеріліпті, хабаршы келіп отыр. Іспесік
аламын деп келген тамам ұлықты бар солдатымен қырғын қылып, айдап тастап-ты...

-          Рас па? Шын
аита ма?! - деп, Жәмеңкеге қарады... барлық үй ішіндегі үлкен-кішінің жүзінде
түгелімен ризалықпен жымиған қуаныш
бар.

-          Рас.
айтады, Асы Қызылберігі сенен озды, - деп, Жәмеңке кәрі жүзі қатпар-қатпар
болып жиырылып, ақырын күлді де: - Барлаймыз, барлаймыз деп, тамам елдің
артында біз қалуға айналдық. Ұлық есін жиғанша бет қаратпай,
үсті-үсті ұрып жіберетін кез
келді... Мына асыңды іш, кеңеселік, - деді.

VI

Кешегі күн Асыда бұрын Алатау жоны көрмеген ірі уақиғаның
болғаны рас еді. Бұл
жайлаудың қалың елі Албанның
мол руының бірі Қызылбөрік болатын. Бұдан басқа етек-жеңін жұлғызып,
төрге қашып шыққан жаяудай,
тау етегіндегі жайлау, күзеуінен айрылып, қазақ-орысқа беріп, тау жоталап, қарағай кезіп, Асыға келіп, жер иіскеп
отырған Алматы уезінің Жанысы, Қаңлысы, тағы әр рудан жиналған ұсақ-ұсақ құрамалы болатын.

Асы - Алатаудың қыр арқасында
ойып алған ас-таудай, ұзын
кең жасыл өлке. Төсін жоғары беріп, керіліп түскен сұлудың оң иығын басқан
қалың қара бұйра шаштай
болып, Асының оң жағын қарағайлы таулар басады. Өлке бойында көк жар солып
аққан Асы суына, айналадағы қатпарлы қалың ұлы биік,
қыртыс-қыртыс үзын жоталардан сала-саламен тұщы бұлақ, мөлдір
көк сулар сарқырайды.

Жардың күн шығысы қоралай біткен ұзын жоталар. Соның етегіне шейін
далиып жайылған кең жасыл жазық, ұлы қойын сияқты. Жазық қара құртша қайнаған неше
түлік мал. Иін тірескендей шұп-шұбар болып, ендеп шашылып, бой жасап жатқан
қазақ дүниесі - жайлау малы.
Қанатын жазып, көк жазықты қаптай басып, еркеленіп дәурен сүреді. Көк далаға төгіп қойған жасаудай айналаны жандандырып,
жасартып тұрғандай. Әншейінде толысып, тусыған дүниеге жарастық бергендей.
Қалың ел жаздай жайласа да, өлке қызығынан, жасыл төрінен, жастығынан айрылған
жоқ. Шұбартып басқан қалың
малдың ортасында қамысты айдын көлдің аралығындағы қаз, үйректің жұмыртқаларындай болып, бөлек-бөлек ұя сияқты үйіріліп, дөңгеленген сансыз көп
аппақ ауылдар. Жайлаудың бар тіршілігі кез алдында, тай қазанға қайнаған судай
болып, ерсілі-қарсылы қозғалыспен жыбыр-жыбыр қағып тіршілік күні қайнайды.

Мезгіл августың басы
болғандықтан, Асының түні суыңқырап, дағдылы күзгі жауыны жиілей бастап еді.
Бүгін де түске шейін айналаны бұлыңғыр сұрғылт тұман бүркеп келіп, бірталай
уаҚыт жауын жауған. Қазірде шаңқай түстің кезі жеткенде қалың бұлттың барлығы жыртылып-жыртылып айрылып,
жан-жаққа ауа кешіп кетіп
жатқан.

Жуылып тазарғандай ашылып, көк
мелдір бөп тұрған аспаннан
Асы өлкесіне жайнаған жарық күннің сәулесі де түсіп еді. Бірақ дәл осы шақ
астаудай Асы жайлауын бұлт
арасында тұрғандаи, ертегі
орнындай қылып керсететін. Өйткені айналадағы қатпарлы қалың жота, қарағайлы қара биіктерден ақ сұр тұман әлі айыққан жоқ. Алатау басына шөгіп өткен қара қошқыл қою сұрғылт бұлттың төмендеп ұшқан жартысы қарағайға, жар тасқа жабысып, аспан ұйқысындай қаптай
жауып, уйіліп, үйіріліп тұр.
Жалығып қалғыған ақ тұман Асы айналасындағы тауларға шұбатылған сәлдедей
оралып, бұралып жүр.

Биік таумен дәл қосылған жері
қоюланып, қара қошқылданып кетеді. Қиналып, өртеніп қосылғандай. Күпісін
айналдырып киген қарағайлы
биік шошақтың басы тұман
ішінде әлдене түстей сұлу, сағымды шағына сүйсініп, бұлтты қабағын шытынған сияқтанады. Ауырлықпен, азаппен емес, көңілдің
жайлы рахат тыныштығымен еркеленіп шытынған сияқты. Тұманды аспан сүйсіндіріп
қалқытқандай. Сағымды қиял бұлтты,
салмақпен қош-қошын айтып, жоғары көтеріліп, таудың басынан асып барады.

Жазық үстіне кең аспанда кесек-кесек ақ мамықтай болып ақ бұлттар қыдырады. Көк
далаларда, кішкене төбелерде ауыл, мал үстінде момындық белгісіндей болып, ақ бұлттың жеңіл,
жайлы көлеңкесі ұшады,
түтіндей, будай төңкеріліп, сызылып өтеді. Қоңырлық пен шаңқыған жарық ауысады.
Адам ойындағы өкінішті естегі мен күн шуақты қызық рахат
сағатының ауысқаны сияқты
арманды ыстық кешегі мен күдікті күпті бүгінгінің
ауысқаны сияқты.

Кеше Асыға Алматыдан шыққан көп
әскер келген. Ішіндегі бастығы уезд помощнигі Хлыновский бұл Асыдағы Қызылбөріктің сыр бермегендей
томаға тұйық наразылығын
сезгендей. Алдында болыс, тілмаш арқылы естіліп жатқан жайсыз хабар барды. Оның
үстіне Жаркентке қараған Албан жәрмеңке басына жиылып, «бермейміз» деген жауап
айтыпты. Желкедегі қырғыз да алай-түлей болып жатыр. Алатаудың қойын-қойын, өлке жотасының барлығы иін
тірескен қарағайдай болып бірігіп,
тұтасқан қарсылық белгісін
білдіріп тұрған кез. Бір Асы
ғана емес, Алматы, Пішпек, Жаркент, Қарақол, Лепсі, Талды-қорған - барлығы да
өртенгелі дайындалып күтініп тұр.

Алматы ұлығы бұл жайды жақсы білуші еді. Сондықтан қазақ ортасына көп шығып,
қаталдықпен атағы жайылған Хлыновскийді әдейі шығарған. Қасында тоғыз солдаты
бар, бірнеше ұсақ чиновниктерімен оннан аса кісі еді. Бірақ Асыға арнап келген жұмысы -баланың
списогін алу. Елдің барынша аңдып, бағып отырған дертті мәселесі. Толғағын
жиілетіп, жарасының үстіне қадалған оташының қанды ауыз бәкісіндей, елді шиыршық
атқызып тулатып тұрған мәселе.

Бұл қабақты бұрыннан күтсе де, кеше Асыға келгеннен бері
ұлық біржолата сезген, ел қабағы қарыс жабылған, суық, қырын
қарайды. Қапқалы тұрған
кескекті жайындай жылымайды, жылтырамайды. Ұлықтарға арналған үйді де болыстар
зорға дегенде әкеп тіккен. Сойыс, жасау-жабдықты да әрең берген.

Әншейінде байпаңдап жүретін
болыс, кандидат, старшындар да сүлесоқ, құр сүлдері жүрген сияқты. Өздеріне арналып тапсырылған жұмысты шама келгенше өзгеге сілтегісі
келеді. Орысша білмейтін бөркеміктеу,
жуан қарын босаң болыс қайта-қайта
ұлыққа келіп:

-          Тақсыр,
ел шабан... елдің жайын білмеймін. Жалғыз біздің қолымыздан іс атқару қиын
болып тұр. Осы елдің
Дәулетбақ, Жылқыбай сияқты қариялары бар, соларды қасыңызға шақырып алсаңыз
қайтеді? - деп әлденеше рет арыз қылған.

Ұлық басында болысты жер-жебір қып зіркілдеп, ұрсып,
қуып шықса да, көзін алартып,
жер тепкілеп шабынса да, бірер старшынды киіз үйге қаматып, арест қылып қойса
да, аяғында болыс сөзіне еріксіз көніп:

-          Соларды шақыртып кел. Қасымызда болсын,
-деген.

Бүгін таңертеңнен бері Дәулетбақ,
Жылқыбай қасына ерте келген көп қариялары жуан семіз байла-ры, Қызылберіктің
басты кісілерімен үлықтың қасын-да болатын.

Ел қабағын астыртын сезіп байқап
алған ұлық өздерінің қаладан шыққан тобын азсынып,
оның күшіне анық сене алмай, таңертеңнен әрі жауынға, лайсаңға қарамай, осы Асы маңында жүрген қазақ-орыс
атаулының барлығын шақыртып, әз қасына жиып жатқан. Келгендердің ішінде
көпшілігі санақшы, бірқатары
судья, приставтардың жіберген стражнигі, тағы солар сияқты әр алуан жұмыспен жүрген бірен-саран саяқ-сандырақ кезбелер болатын. Жиыны
жиырма шақты адам болды. Қазақ жиынына бұрынғы уақыт болса, үлкен топ сияқты көрінер еді. Топтанып келген
бес солдат болса да, елді үрпитіп, дүрк өргізіп, тұтас үркітуге жарайтын. Бүгін жиырмадай қару асынған адам айналасына келген
соң, ожар, тасыр ұлықөкжектеп, кердең басып, ел кісілерін шошытып, ықтыруға кірісті. Бірен-саран
шабарман старшынды өз қолымен де ұрып
жіберіп, болыс, би қарияларды бойын жазғызбай ақырып, ықтырып, бет қаратпай
жасқандырып тұрды.

«Түс кезінде Сөгеті болысынан жұмысқа алынатын жігіттердің іспескісі тізілмек. Ұлық келіп ығырып, тізім алғалы жатыр.
Елдің болыс, биін, қариясын
жиып алыпты. Тізімді бергелі жатыр. Тілмаш посемейный спесікті ұлыққа алып бармақ.
Дәулетбақ, Жылқыбайлар
үндемей отыр. Мойын ұсынып
қалыпты. Ұлық шошытып, әдейі
жасқандырғалы зәрленіп тұрған
көрінеді» деген хабарлар. Асы өлкесіндегі барлық елге жауын айыққан соң, күркіреген күн дауысындай болып
бір-ақ тарады. Ел дүр етіп, хабарласып-қамданып, бір ауылдан бір ауылға аттылы-жаяу шұбырып, әр жерге қалың-қалың топтар жиналып қалды.

-          Ойбай,
баланы әкеткелі жатыр.

--Солдат қаптап кетіпті.

-          Дәулетбақ,
Жылқыбайды қысып жатыр дейді!

-          Кеткені ғой
енді азаматтың. Ел басына күн туғаны ғой?!

-          Қайда
бұл, түге, осы елдің еркегі?!
- деген сөздер кәрі-жас, ұлы-кішінің
аузында, шалқып жанған өрттей болып, лау-лау етті.

-          Уа, құдай, уа, аруақ! - деген қатындар дауыстары да шықты.

Әр жерге топтанып жиылған жиын,
бір тұрған жерінде шыдам
таппай, екінші жиынға келіп қосылып,
одан үшіншіге қарай жаяу-жалпылы шұбап,
жоғары таман сырғи-сырғи қаптап келе жатты.

Жоғарыдағы қарағайлы
биіктің етегінде жартасты көк өзекке тігілген ұлық үйлеріне тұс-тұстан ағылған наразы елдің топтары
шұбырып, шұбап, біреуді-біреу итермелеп, жетелеп келе жатты.

-          Жүр, не
тұрыс бар?

-          Көріп
алайық, көрейік. Қыруар елді жылатқан қандай екен, білсін.

-          Қайда осының
болысы, старшыны қайда, түге?!

-          Қариялар
неге солардың қасында отыр?..

-          Бәсе,
соны айтсайшы. Ала бер өзің
деп, неге былай шыға бермейді.

-          Осы,
ер азамат қайда?! Атына неге мінбейді, тым болмаса, айдынын неге көрсетпейді?!

--Жүрегін шайлықтыру керек еді.
Ең болмаса, алғашқы жолы бетін
қайтарып, іспескі бермей жіберу керек, - дескен топ ішінің неше алуан тілдері
тыным алмай, жапыр-жұпыр
сөйлеп, көп қызуын арттырып
келе жатыр.

«Азамат қайда»
деген сөзге жауап айтушы да
табылды. Бұл алдыңғы кеткен топтарға жаңа ғана ентігіп келіп
жеткен жаяу шал қойшы
болатын.

-          Қызылбөріктің
сойыл ұстауға жараған азаматы жаңа тегіс аттанып,
мына Жауырдың асуына қарай беттеп, қарағайға кірді.

-          Қойшы, рас
па?

-          Қай арада жиылды?
Қашан етті? Неғып көрмей қалдық!

-          Жаңа бір
қалың шоғыр анамен кетіп еді, жылқы ма деп едім. Рас болғаны-ақ.

-          Уа,
тілеулерін берсін. Уа, беттерінен жарылқасын.

-          Иә, аруақ,
қолдай гөр. Иә, Райымбек ата!

-          Уа, құдай, ер азаматты сақтай гөр,
қарақтарым не болады? Күнің
не болады? Жалғызым-жалғызым,
- деп, кедей кемпір жылады.

Көзінің жасына жалынатын артаң бәйбіше, қыз-келіншекке шейін жастарын сүртіп,
қызарған жасты көзбен ұлыққа
тігілген үйлерге жалтақ-жалтақ қарасты.

-          Уа, кім
бастап кетті, қанша жігіт? -
десіп, қайта сұрады.

-          Бәсе кім бастады? Бұл қай уақытта
жиналып қалды?

-          Рас-ау, бұрын сөйлескен сөздері, жиындары жоқ, не қылып дайын бола
қалды?

-          Дайын
болмай, осы сергелдеңде кім қарап
отырады? Басына күн тумайтын шығар.

-          Иә, күн
туса, өп-сәтте сүттей үйірілерсің, Ал-банның баласы.

Хабаршы шал көптің алдына көлбеңдеп шығып, таяғына сүйеніп,
ентігіп тұрып:

-          Бағана ұлық іспесікті алғызды деп хабар
шығысымен жұрт атқа
жүгіріскен жоқ па?
Ауылдан-ауылға топтанып, іркіліп, жиылған тоитар, бір сағаттың арасында екі-үш
жүз кісі болып қалды. Қолдарына мылтық тауып алғандары бар.

-          Иә,
мылтығы бар жігіттер бар ғой...

-          Табылады,
табылады, е, е, иә!

-          Мылтықтары аз ғана, бірақ бәрінде де сойыл, шоқпар бар. Жиылып
алған соң қайда, қайда барамыз дескенде, қызыл Ыбырай: «Жүр, артымнан ер, мына
тоғайды кесіп өтіп, дәл сол ұлыкқа
тіккен үйдің желкесінен шығамыз. Сонан соң іспесікті шын алатын болса, көріп
аламыз» деп, сол бастап кетті. Жігіт атаулы түгел соны қостап, аруақ көтеріп шауып жөнелді. Арттарынан да
ағылып кетіп жатыр. Біздің Матай да құнанына мініп кетті.

Бұл алдыңғы топ еді. Бөгеліп,
әңгіме тындап тұрғанда,
арттарынан келе жатқан тағы бірнеше топтар да келіп жетті. Артқылар шалдың
әңгімесін көздерімен көрген екен, түгел шындады.

Ел тегіс Ыбырайдың атын хан көтерді.

-          Уай,
аруағыңнан айналайын. Бәсе, азамат басына күн туғанда, сондай бір жігерлі жан
неге шықпасын.

-          Ыбырай қалмақты, қытайды, қырғыз, қазақты да түгел көрген.
Ол соғыстың да бабын біледі...

-          Уа, ол
ма?!., Ол біледі.

-          Ердің,
сабаздың заманы бұзық заман
ғой. Әйтпесе, шын батыр ғой.

-          Батыр-ақ,
денесін көрмеймісің?!

-          Қара сойылға
тақ бес кісіге жалғыз өзі төтеп беруші еді! Тек жолы болғай-ақ та!..

-          Оң
сапарын берсін, жолы болсын. Жігіттер тобын бастап, ертіп кеткен Ыбырай екені
рас еді. Ол дөңгелек үлкен
жауырынды, зор, жуан қызыл жігіт болатын. Жасы отыздың ішіне келген, қылдай қатты, сояу қара мұрты, шоқша сақалы бар ер жігіт еді.

Қызылбөрік ішінен өзіне сайлап он
шақты мықты жігітті ертіп алып,
қалмақтан, қырғыздан, айналадағы қазақтан үйірлеп жылқы алып, бірінен-біріне өткізіп, ат үсті суық жүріс
жүретін. Атағы шыққан ер,
өжет, қырағы, сергек ұры еді.
Соңғы шақта қашқындау да болып жүрген. Өзінің де, жолдастарының да бердеңке
мылтығы, алтыатары, айбалта, найзалары дайын болатын. Таңертеңгі ауыл-ауылдан
жосылып, шұбырып жатқан топ
өз аулының үстіне келгенде бұл
қасындағы он-он бес жігітімен
ылғи жүйрік, жарау сәйгүліктерге мініп, қыл жалаулы найзаны көтеріп шауып келіп:

- Тарт менің артымнан. Бүгінгі
күннен қалған жан - жан, мал - мал. Қырық жыл қырғын болса да; ажалды еледі. Уезд болмақ түгіл, жандаралы болса да
көріп алайын. Тек іспесікке қол қойсын. Сонда ойынды бастаймыз.
Жүр, неге тұрсың, түге, -
деп, тауға қарай қалың топты шұбыртып
шаба жөнелген. Қазіргі уақытта бұлар
Жауырдың төменгі қара шатына кіріп алып, бой жасырған соң, артқы жұрттың барлығына хабар жіберіп,
жиғызып алып, сол арада тұрып,
тегіс жиылған жиынға біраз қызулы, сенімді сөздер айтқан. Содан кейін артынан құлшынып, шулап, қуанып ерген бірнеше жүз
жігітті бастап алып, алдына өзі түсіп, қалың қарағайдың бір қабат ішімен тау кенерелеп,
біресе жотаға шығап, біресе терең шат, құз, сайларға түсіп кетіп, ұлықтардың қыр желкесіне таман беттеп, ағылып, қаптап келе жатты.

Осымен бірер сағаттай жол жүрген
соң Ыбырай бастаған қол жартасты шаттың жазыққа шығатын аузына жақындап
келгенде, Ыбырай жігіттерін бір қалтарыс
қойынға иіріп тоқтатып тастап, өзі қасына
бір жолдас алып, қарағай ішін аралап, етекке қарай құлап кетті.

Тіккен үйлердің дәл желкесінде қақпа сияқтанып біткен қос жартас
бар еді. Соған келгенде аттан түсіп, ойдағы жиынға баспа қылып қарап отырды;
белгі алмақ. Демі дірілдеп, мұрты
түксиіп сұрланыңқырап алып, дүрсе қоя беретін мезгілін күтті.'

Қорымтастың басынан томағасын
тартқанда, ойдағы қағушының алдына кірпік қақпай қадалып қарап: «жүйрік тағының
қызыл жоны қашан бұлғаң етеді» деп телміріп күткен аш қырандай
болып, ойдағы ұлықты қазір алатын жемі есепті аңдып қарап отырды. Ойында асықтырған
қызу бар. Бұл күнге шейін
ызасын өткізіп, зығырын қайнатып келген жауына енді тісін қайрап, қызыққандай құлшынғандық бар.

Артында тіленіп жаланғандай болып
ұрланып тұрып, тықыршық атқан көп жігіті тұр. Олар Қорымтастан қашатын қырқылжың ақ
шуланды тауға шығармай, жазыққа
түсіріп әкеткелі қантай құйылатын
алғыр қыран есепті, қанды
ауыз ұялас құмай сияқты. Сырқынды кәрі аңшы қашар деген бетті ертеде аңғарып,
болжап алып, сол өрісті алдымен келіп өзі алып, енді иек артпа, баспадан ажалды
киікке сұғын қадап отырғанға ұқсайды.

Бұл кезде Хлыновский айналада болып жатқан жай-күйді ескермей,
елемегендей болып, алдындағы қарсылығы жоқ болыс, старшындар мен момын қариялар
тобына зәрін шашып ысқырып, ықтырып тұрған. Аз болса да, айтқаны болғанға ұқсап, ел кісілері жиналып, қарсы алдында мүләйім пішінмен үндемей отыр. Списокке кісі кетті. Ол
ескі список, ешнәрсесі анық емес, шала, шатақ список. Енді соған қарап,
старшынның ішіндегі жігіттердің дәл санын алып, қазір-ақ тізім жасамақ.

Хлыновский Асыға келіп, өз қолымен список тіздіруіне Алматы
ұлығы саяси мағына берген. Ел
алғашқы кезде ұйлығып,
үркеді. Сол үркініш үстінде біріне-бірі малша тығылып, сүйкенісіп барып,
аяғында жалпаққанат жайып, тұтасқан қарсылыққа бет қойып кетуге болады. Сондықтан ұйлығып, не қыларды білмей, дағдарып тұрған шағында үлкен қаладан атақты ұлықтан бірнеше жерге бірнеше кісілер, қару
асынған солдатпен шығып, топты ықтырып отырып, өз қолымен тізім жасап жіберсе,
соның артынан ел жалтақтай, үркектей келіп, аяғында қамытқа басын сұғады. Жалғыз-ақ алғашқы дағдарып,
аңырып қалған көзін өткізбей, тез қамту
керек. Сол уақытта ең алғашқы ұйлыққан
топты қолмен жетелеп әкетсе, қалғаны артынан өзі де ұсынып, шұбай береді. Алдыңғыны көріп,
сұмдық емес екенін сезеді.

Екінші өзге елге: «Асыдағы Қызылбөрік кенді, берді, түгі кеткен жоқ. Ел
болса, сондай болсын» деп, өтірік
дакбырт таратуға да керек. Хлыновский Асыға әкелген жай осы. «Осыны ер басына келетін
міндет» деп түсінген, құл сияқты жуан мойын тонқылдақ төре жиылған ел кісілерінің: «Әзір айтамыз, жағалатып көреміз» деген сөздерінің бір де бірін әрге
бастырмай, тізімнен басқа бір ауыз сөзді сөйлетпей иіріп тұрды.

Бұл хал таңертеңнен бері список келгенше созылып келіп еді.

Дәулетбақ, Жылқыбаймен келген ел кісілері болыстан, старшыннан үміт
қылғанды әлдеқашан қойса да, соңғы уақытқа шейін тым
болмаса Дәулетбақ пен
Жылқыбай бірдемені айтар деп дәме
қылған. Соларға қайта-қайта жалтақтасып:

-          Осы тіл
қатпай өлеміз бе?

-          Бәсе, бірдеме деп неге бастамайды?!

-          Дәуке, елдің жайын біліп отырсың. Томаға тұйық тізім беріп, бір ауыз сөз айтпай қайтқанда. елге не бетімізді айтамыз?

-          Сезіңді
тыңдағалы отыр ма? Ығырып тұрғанын көрмеймісің? Не дейді, түге, - деп Жылқыбай
Дәулетбақ үшін жауап беріп,
қасындағы жұрттың қыңқылын жақтырмады. Бірақ өз көңілінде де мына сияқты болып келе
жатқан қалың ырзалық жоқ болатын. Ол ішінен: «Іспесік алса алар, қарсыласамыз
деп осы кәрі басымызбен абақтыға
түсейік пе? Ел жігіт жинауға келгенде өз ақылын табар. Кімді ұстап
алар екен көремін» деп, ішінен ғана ерегісіп, сыртынан ұлыққа қарсыласпай, үндемей отырған.

Дәулетбақ Жылқыбайға осы
сияқты сөзді айтса да, ұлықтың
өзіне қарап сөйлеген сөздеріне жалпаңдап, жылдамырақ жауап беріп, тізім алу ғана емес,
жігіт алуға да соншалық күйзеле қоймайтын
сияқты.

Осымен отырғанда ұлық тілмашты списокке жіберген. Бұған шейін екі қарияға қарап,
қамалып отырған ел кісілері:

-          Бұ не осы?

-          Мына күнді
итке берсін.

-          Тіпті,
біз осында неге отырмыз осы?!
- десіп, күбір-күбір етіп, наразы жүзбен томсарысып, таң қалғандай болып, бір-біріне
қайта-қайта қарасты. Бәрін де
Дәулетбақтың тапжылмай
отырған отырысы бөгегендей,
сол қинағандай болды.

Бұл жиында ел кісілеріне бір ауыз
сөз айтпай, сырты момын боп, үндемей отырса да, өзінің не қылатынын анық біліп отырған кісі Дәулетбақ қария еді.
Ол Алматы уезіне қараған Қызылбөрікті көп заманнан бері аузына қаратып, билеп келе жатқан жуан, мықты
қария болатын. Атасынан бері қарай
осы өңірдің елін билеп, төстеп келген жуандық беделінен басқа бұның ауылы
барлық Албан ішіндегі ең бай,
ең мол ауыл болатын. Асының оңтүстік жағында жіңішке өзеннің алабында қап-қара
шұңқырдай болып көкшіл тұманға оранып, иін тірескен қалың жыныс қарағайлы
далашықтың өлкесі бар. Сол далашық
Дәулетбақтың әкесі
Дәркембайдың ата қоныс мекені
болатын.

Қызылбөрікке қараған шүйгін
қоңыстың ең қыртыстысы сол еді. Жер шұрайы, мал кіндігі далашық. Сол өлкенің өн
бойы - тау, даласы, жыныс қарағай, көк өзек, мол суымен барлығы да Дәркембай,
Дәулетбақтың неше мыңдаған
жылқысына, әлденеше мың қой, ірі қарасына жыпыр-жыпыр толулы, шым-шып тіккендей
болып, сіресіп, лықып, толықсып
тұрған.

Басының өсімі кеше ғана өткен бір атаның кіндігі, бұл күнде үш жүзге тарта жан болған.
Сол үш жүз жанның шешесі - кәрі бәйбішенің әлі күнге көзі тірі еді.

Осы сияқты мал мен басының сайлығы Қызылбөрік ішінен Дәулетбақтың атын қыдырлы
байдың атындай атантатын. Төрт
түлігі сай амандық, тоқтық өзгелерге
бұны киелі кісідей көрсететін.
Сондықтан ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған да замандар болған. Сол Дәулетбақ бүгінге шейін
артынан еріп келген ел кісілерін үндемей отырып ұлық алдына аударып, жығып бермек ниетінде еді. Сондықтан қыбыр
етпей, мызғымай, ұлыққа
жабыса түсіп, әдейі жым-жырт болып отырған. Басында, алғашқы жігіт алады деген
дақбырт шыққанда, бұл да көппен бірге «бермеген мақұл» деген
сезге шығып қалғандай болып отырған. Дәл сол кезде қаладан азамат баласы
келген. Сол шала-пұла орысша
оқыған, соңғы кезде саудагер
боп ұшықиыры жоқ мал тауып,
ауылды, дүниені билей бастаған-ды. Қалада кей ұлықтармен таныс, тамыр да
болатын. Соның алып екпіні әкесінің
алғашқы сөзін жапқызып, «тыныш
отырсаң, тоқ боласың, бай боласың» деген көпке келтірген. Сонымен зорын таппай, ұлыққа да, елге де бір ауыз
сөз айтпауға байласқан. Шындап қыспаққа алып кетсе, ұлық жаққа шығу керек.
Қазақ босқа қырғын табады. Мал, дүнне шашылады. Бойды бағу мақұл дескен.
Осымен, әдетте, елге әрбір үлкен істің кезінде бірдеме айтып отыратын Дәулетбақ
үндемеген соң өзге Қызылбөрік бас біріктіріп қам істемей, сөз байламай, айналамен қатынас та жасамай, шабандап қалған.

Бүгінгі хабардың Асы елін басына
жай түскендей үркітіп, дүркіреткені осындайдың салдарынан еді.

Дәулетбақ үндемеген қалпында отыра берді. Маңайындағы ел шыдамы таусыла келіп, аяғында:

-          Бүйткенше
кетейік.

-          Қой,
кетейік. Енді не істесе, ұлық өз білгенін істесін.

-          Рас,
не істесе де, бізсіз істесін. Елге не бетімізді айтамыз? - десіп, осы байлауға
тегіс келіп қалғанда, списокті атшабарға көтертіп, тілмаш салаң етті.

Осы ең соңғы қамшы сияқты болып,
Дәулетбақ, Жылқыбай маңында отырған Қызылберіктің бәрі бірдей:

-          Ал тұр.

-          Тұр,
тұр... - десті де, дүрк тұрып, ұлықтың, солдаттың қыжыңдап, оны-мұны дескендеріне қарамастан, оң
жақтағы кішкене белең астындағы көрші ауылға қарай шұбыра, топтала женелісті. Солдаттар ақырған, айқайлаған болып
еді.

-          Біз болыс,
старшын емеспіз. Ел кісісі болса әне, қариялар бар, - деп, бір-екеуі сыданып жауап берді де, жүріп кетті.

Бұлар
белден асып, ең шеткі ауылға келгенде, бағанадан төменгі ауыл-ауылдан жиылған қатын-қалаш,
кемпір-шал, бала-шағаның барлығы алдарынан қалың тобымен қарсы жүрді.

Бағанағы әр жерде үйіліп жүрген шұп-шұбар топ, қазірде
әлденеше жүз кісідей болған екен»
Бәрі де томсарулы, мұңлы.
Көпшілік жүзінде тығылып тұрған ашу бар. Қатын-бала көздерінде - мөлтілдеп, іркіліп тұрған жас.

Алдарынан бұлар қозғалғанда,
еркектер жақындай бере:

-          Әкетті... ер
азамат, қош бол...

-          Айрылдың,
айрылдың боздағыңнан, түге, - дей бергенде, алдыңғы қатындар тобы дағдылы жоқтау дауысына
салып:

-          Боздағым,
жалғызым...

-          Қураған
ұлық... боздағым... - десіп,
сайды азан-қазан қылып шулап қоя берді. Жағалай жоқтау, сыңсу, зарлау, қалың
айғай-шу жер-көкті жаңғырықтырды. Топ селдей қаптаған бетімен шұбарланып, шулап, кезеңге шығып қалды.

Төрелер айғай-шуды ести сала, қаптап
келе жатқан топқа көзі түсіп,
қаруларына ұмтылды. Көп мыл-тықтың құлақтары сырт-сырт, сарт-сұрт ашылып, жабылып, қол-қолға ұсталып кезеліп қалды.

Дәл сол шақта желкедегі жартастан самсап шыға келген қалың қолдың айғай, дырдуы да
естіліп еді.

Ұлықтар тобы осы жаққа жалт-жұлт қарасып:

-          Мына жақта, мұңда...

-          Мынаны қара, - десіп, еңдері қашып
сасқалақтап, мылтықтарын кезеп алысты.

Ыбырай бағанадан аңдып отырып, ел
кісілерінің көпшілігі ұлық үйінен
жосыла жөнелгенде, қасындағы жігітін жүгіртіп жіберіп, артындағы асығып тұрған жігіттерін тезбе-тез дүрк жиғызып алып еді.

Қатындардың шуы Ыбырайға да,
барлық жігіттерге де ең соңғы белгі болған. Қорыққанға қос керініп, ұлықтарға
қарсы алдына шыққан қатын-қалаштың
тобы да жасанып келе жатқан жау сияқтанды. Бұлар айналаны қарап, қамап алып, ел
әдейі соғысқа, көтеріліске тегіс белсеніп шыққан екен деп ойласты.

Ұлық тобын дәл бұл минутте ешкім де басқарып билеп,
басшылық еткен жоқ. Әрқайсысының
да кез алдына қалың елдің қаптағалы
тұрған жаулығы да елестеп,
енді ажал сағаты таянған сияқтанды.

Сасып хабарласып, оқыс үркіп,
шошып қалған топ алғашқы:
«мылтық ал» деген айғайымен
бірге тегіс қаруланып қалып еді. Сол әуелгі екпін есі шығып, шатасқан топтың
ішінен кейбіреулердің біржолата есін алғандай еді.

 Қазіргі халде ұлың тобыньщ атыс бастауы өрескел екенін біле тұрса да бір, екі, үш солдат бұйрықты күтпестен, желкеден шыққан жігіттер тобына қаратып тарс-тұрс мылтық атып жіберді.

Ыбырай тобы жаңа ғана айғай
дырдумен көрініске шығып, шептей жалғасып алса да, алдарынан тізіле қалған солдат мылтығын көріп, бірер
минутке ойланғандай, арбасқандай болып үндемей түр еді. Бірақ көпшіліктің тұрысы осы болғанмен, Ыбырай өзі
қасында мылтығы бар жолдастарымен әуелден-ақ қаруларын қолына ұстап дайын тұрған. Кезеніп кезек күткендей.

Солдаттардың алғашқы оғының
артынан екінші, үшінші мылтық даусы да күрс-күрс етіп жеделдеп, ілесе таман
түсіп, ұлық үйлеріне өзгелерден жақынырақ келіп тұр еді. Алғашқы
мылтық соларға қарай
кезелген. Қолдың бұл шетінде
мылтық жоқ еді, зу-зу етіп шыжылдап өткен оқтардан аттары осқырып
үркіп, ортқып-ортқып кетті. Бұл
жердегі көпшілік ығысып, жапырылып өрге қарай шалқасынан түсті. Шошынып үркіп,
атқып кеткен аты беткейге қарай
ойнап шыға берді.

Сол кезде Ыбырай алдындағы тастақ бетке екпіндеп кеуделеп
шыға беріп:

- Ат! - деді де, өзі жаңағы
жігітті жыққан солдаттың мылтығынан шыққан жеңіл кек түтін айыға бергенде бердеңкені басығып жіберді. Дәл сол секундте қасындағы
үш-төрт мылтық та ынтымақ
қосып, күрс-күрс етті. Жартасты, қарағайлы тау зор дауыспен жөткіріп-жөткіріп
жібергендей болды. Бұлардың
түтіні айыға бергенде, Ыбырай кездеп атқан солдаттың сереңдеп барып артына қарай ұшып түскені көрінді.

Екі жақ та жапыр-жұпыр ауысып қалды. Қатын-қалаш бұрын естіп-көрмеген көп мылтық
даусына қарамай, алдындағы ұлықтарға
қарай өлі де шулап, шұбар тобымен шұбырып келе жатты.

Қазіргі ерсілі-қарсылы атыстың соғыс майдан екенін ұққаны да, ұқпағаны да бар. Бірақ қай-қайсысы
болса да; жаннан кешіп, үлкен қызы
толқындай ұлықтарға қарай
қаптауға айналды.

Солдаттар мылтығы алғашқы рет жапырлап атылған бірер жолдан
соң саябырлай бастады.

Хлыновский:

-- Тоқтат,
тоқтат, атпа, атпа!..
Шегін... мынау ойға төмен қарай, - деп бұйрық етіп, қамалған
топтың алдын созып ықтай жөнелді.

-          Шегіну,
шегіну керек.

-          Атыспау
керек... кісі салып тоқтасу керек, - дей бастады...

Бірақ сол сөзді айтса да,
ешқайсысы да тағат қыла алмай, ойға
қарап жылдам-жылдам басып шұбырып, шегініп бара жатты. Орындарында болыс, старшындар,
Дәулетбақ, Жылқыбайлар қалды. Кеңседегі барлық қағаз, список те жұртта қала берді. Тілмаш ұлықтарға еріп
кетті. Солдаттар қайта бұрылып бет қарай алмай, тегіс жаяу-жалпы күйінде жосып
берді.

Ыбырай алғашқы мылтық даусы
шыққанда үркектеп қалған
жігіттердің барлығын, өзі бір солдатты жыққан соң ақырып айғай салып, қайта
жиып алды. Сол кезінде алғашында үркіп қалсада, артынан есін жиып алып, қайта келген жігіттер босып бара
жатқан солдаттарды көріп:

-          Енді
қаптау керек, қапта! Қапта! - десіп, жартас тасасынан шығып, ілгері қарай
үмытылуға айна-лып еді. - Жоқ, қаптама! Қырылып қаласың, шаппа! Тоқта, шаппа, -
деп, Ыбырай акырып тоқтатып алды.

-          Енді
олар қашты, ешкайсысының аты жоқ, тегіс жаяу. Үзаңқырай түссін. Қолдарында қару жоқ. Бос қырыламысың? Әуелі мына кеңселерді басып ал. Содан
кейін екі жарылып, екі жағынан қамап отырып, алыстан ұрыс саламыз. Қызыңды... өңшең жаяу, қазір-ақ зәресі кетеді,
енді қан шығармай қаруын аламыз, - деді.

Бұл сездер бұл уақытқа шейін
ақылы орнына түспей үркектеп, біресе шошынып қорқып, үркіп кетіп, біресе тасқындап ерекше батырсынып кетіп, бойын билей
алмай тұрған топтың жүрегін
орнықтырып, қанын салқындатқандай болды.

Жаяу топ қашқан бетінде
тоқтамастан жарты шақырымдай жерге кетті. Мылтықтарын құр қайта-қайта шошайтқаны болмаса, атуды тегіс саябырлатып тоқтатқандай
болды. Бірақ біржолата басылып қалды
демесін деп, анда-санда кеңселерден асырып бір оқ, екі оқты ғана тауға таман
жіберіп бара жатыр.

Ыбырай да қазіргі халде солар істегенді істеп тұрды. Аналар қанша
атса, бұ да сонша атты. Баяғыдан машықтанған жігіттер мергендігінің арқасында қашып бара жатқан топтың артымен екі жақ
жанынан бердеңкесінің оғын бұрқ-бұрқ түсірді де тұрды. Бұл оқтар оларды әдейі тықсырып қойып, ойдан төмен айдап бара жатқан
оқ сияқты.

- Қу солай, қу, өзір кісісіне
тигізбе! Бірақ артқы топтың дәл
өкшесінің түбінен түсіріп ат! - деп, қасында өзімен бірге кезек атып тұрған
жігіті Қасенге қайта-қайта ақыл айтып тұрды. Осы атыспен, оқпен арбасып Ыбырай
тобы тұрғанда өзге
жігіттердің көпшілігі аттың басын екпіндетіп қоя беріп, кеңселерге келіп,
үйіліп түсіп топырлап жатты.

Солдаттар қашқанда, аңырып тұрып қалған қатындар тобы да осы кезде
кеңселерге жетіп еді. Шауып келіп жатқан жігіттердің кейбірі жер тарпыған
ашумен тігулі тұрған үйлерді сойылдап етті. Ұлыққа көрсеткен айдын ба, болмаса қыжылдаған кектің әлдебір шығыс
іздеп күр қарбаңдап сасқаны
ма, әйтеуір, қазақ ашуының
бір алуан көрінісі осы болды. Алғашқы шапқылап келген топ ішінен екі-үш жігіт
бос тұрған киіз үйлерді
салып-салып өткенде, кейін келген топтың талайының сойыл, шоқпарлары бірнеше
үйлерге жапыр-жұпыр тиді.

Бұлардың ішіне әлдекімнен қорқарын білмей, өйтеуір бас паналап қашып тығылған болыс, старшындар,
үйге тиген сойыл өз бастарына тигендей болып, құр ес кеткен үркектікпен алақ-жұлақ етіп, қолдарын көтеріп, жасқанып, бастарын қорғай берді.

Аяғыңда топ есін жиып, көпшілік аттан түсіп,
лаулап келіп үйдің ішіндегі қағаз,
киім, көрпе-жастық, кілем, киізді көпіртіп шашып, пышақпен тілгілеп, тасталқанын
шығарды. Бір жиырма-отыздай кісі список осы шығар деп қолдарына түскен кітап атаулыны
дал-дал айырып жатты. Бұлардың
кебі тәрелердің жолда оқуға алған жазықсыз романдары еді. Списоктің өзін тауып алғандар да жаңағыны істеді.
Будыраған қалың қағазды үлкен кітап бір сағаттың ішінде тілім-тілім,
жапырақ-жарақ болып қолй         ды-қолға шашылып кетті.
Қатын-қалашпен араласып кеткен жарым-жарты жұрт ұлықтардың үйде қалған киім-кешегін жұлып-жұлып алысып, талқандап, тартысып, жеңін жең, бойын бойша,
борша-борша қылып алып, дар-дар айырысып жатты. Дәулетбак, Жылқыбайлар әлдеқашан бас амандап, безіп шығып
еді.

Бұл кезде солдат қарасы ұзап, шақырымнан қашық жерге кетіп қалды. Әлі шұбырып жылжып
ойға қарай жосып барады...
Алдарында жатқан бір қалың
жылқы бар еді. Соған қарай беттеді. Осыны көріп алып, Ыбырай кеңселерге шауып
келіп, айғайды салып жүріп, жігіттерді қайтадан атқа мінгізіп алды. Бірақ жылқы
ішіне барған солдаттардың бір-екеуі атқа мініп қалыпты. Солар қиялап, Алматыны бетке алып, құлаш ұрып жосылтып жөнелді.

Алдындағы көп жылқыға тамам солдат қаптай жүгіргенде, езге ешқайсысы ештеңе ұстай алмаса да, олардың арасындағы
екі жырынды қазақ-орыс екі жарау айғырды ұстап алған. Соларға Хлыновский:

-          Шап,
Алматыға! Сүгетіде соғыс басталды. Қазақ қырғын жасап жатыр деп айт. Тез жүз
кісі, екі жүз кісі әскер жіберсін. Пулемет жіберсін, - дегенге ғана шамасы
келді. Астына ат тиген қазақ-орыстар өзге сөзге қарамастан,
ноқталап, жайдақ мінген
айғырла-рын тебініп борбайлап шаба жөнелген.

Бұларды көрісімен ауылда атқа мінген жігіттердің жиырма-отызы қуып жөнелді.

Ыбырай:

-          Жіберме! Екеуін
де өлтір... ол хабаршы. Құтқарушы
болмаңдар! - деп, өзі қалған қалың топты екі жарып, жаяу қашқындардың екі жағынан шығып алып,
алыстан атыс салып бара жатты...

Осымен түн болғанға шейін қуып
отырып, Асының ең төменгі
ылдиына шейін айдап барып тастады. Бұл кезде солдаттар
саны онға жетер-жетпес қана
еді. Өзгесін жолшыбай атқанын
атып, атпағанын тобынан жырып алып қалып, сойылмен ұрып"жығып реттен шығарып тастаған.
Ыбырай тобынан алғашкыдан басқа ешкім елген де, жаралы да болған жоқ. Қорқақ тере Хлыновский бұрын өзі өз болып, қыр баласының
мұндайлық ашулы жайын көрмегендіктен, енді бірде-бір кісісін өлтіріп алсақ, өзімізді тегіс қырғынға ұшы-ратар деп жолдастарына «дәлдеп
атпа» деп әмір қылған. Жалғыз-ақ қысылған
жерде ауыл жігіттерінің аттарын атып, жығып отырды.

Ереуілшілер де «ұлыққ осы қылған да жетер» деп қалған топты түгел ұстап,
түгел қыруға бекінбеді. «Арты жаман болар, ұлы қырғын болып кетер» десіп, тоңқалаңдай берген. Аяғы оларды тау-тасқа
қуып шығарғанда, кеш батқан соң Ыбырай өз қолын бастап, қайта қайтқан. Жолшыбай
оқ тиіп, жаралы болған бес солдатты көрді. Қалғандары сойыл тиіп жығылғандар
екен. Оларды тұтқын қылып, қаруларын алып елге
келді.

Бұл кезде алғашқы Алматыға қашқан екеуді қуып кеткен жиырма кісі де келіп еді. Бұлар былай шыққанда өзді-өзін байқапты,
ішінде жалғыз бір бытыралы шитіден басқа мылтық жоқ екен. Сонымен бір солдатты
атып өлтіріп, екіншісінің оғы көп, мылтығы сайлы болғандықтан, ұстай алмай қалыпты. Түн болып құтылып кетіпті.

Бұндағы жігіттер бастығы Ыбырай болып «қап-қап» десіп, сандарын соқты. Алматыға
хабар кете барды. Енді ел бүгін істеген ісіне көр, жаза күту керек. Соны ойлауға айналғанда, ақыл сабасына жаңа ғана түскендей болып:

-          Енді не де
болса, кету керек... ауа кешу керек, үлықтар қырады...

-          Қаша
көшкеннен басқа не бар? - деп сол түні-ақ Асы тас-талқан болып, көшуге кіріскен.
Бұлардың беті Қарқара... Содан арғысы беймәлім...
Енді алдыңғы елде Қызылбөріктің ісін істеп, қамдана беру керек. Сондықтан
Шырғанақтыдан шығып, Серікбай келіп жатқан ауылға, таңертең ел тұрып жатқанда қос-қос айғырмен Асыдан түнде шығып шапқан,
шапқыншы хабаршы да келіп жетіп еді.

VII

Серікбай тұрып үй іші жиылған соң, Ұзақтың үйіне шай жасалды. Ас үстінде жұрт бәрі әңгімеде еді. Болып жатқан
оқиғалардың жайынан әр алуан
сөздерге кетіп отырғанда, Ұзақ
мұртынан дқырын жымиып күліп:

-          Осы ұлықтан айналса да болады-ау, өншейінде жырым-жырым болып жүрген Албан
баласын шоқтай иіріп, бір тілеудің жолына түгел қосып берген жоқ па?!

-          «Ауыл иті
ала болса да, бәрі көрсе,
бірігер» деген, торып тұрған бәрі
кімді-кімге тықпас дейсің, -деді Жәмеңке.

-          Тек, жол
болғай-ақ та, қызыл қарын жас баланың көз жасын, жаратқан
ие игей-ақ та! - деп Серікбай күрсінді.

-          Көп тілеуі
көл деген... жол болады! Несі бар... жол болған, міне, осы... Қызылбөрік не ғып
отыр, естімедің бе? - деп, Тұрлығожа
Серікбайдың уайымына наразы пішінмен қарады.

Ұзақ
алғашқы бір ойының соңында еді:

-          Ақ
патша тоз-тоз қылып әкетіп еді, құдайға
шүкір, қартайған шағымда
болса да, елдің бір әкенің баласындай жамырап табысқан күнін бір көрдік. Жалғыз
арман: жас шағымызда кездеспеді, не керек!..

-          Бәсе,
соны айтсаңшы, біресе партия деп жұлысып, бірде ұлыққа пара беруге таласып, итшілеп жүріп күн өткізіп, енді мына күнге келгенде
өлімтігін сүйреген бір қураған
шал болып отырмыз, -деп, Жәмеңке арманды жалынмен «аһ» деп күрсініп алды.

-          Шіркін-ай
десеңші, батырдың баяғы жирен оязды сайлау үстінде, шарай топтың кезінше қақ
басқа қамшымен салған жалынды, жас шағы болса... - деп, Тұрлығожа шалдар
арманын барынша ұққандай болды.

Бұның айтқан сөзі Ұзақтың осыдан он-он бес жыл бұрын істеген ісі еді. Жирен ояз ел
партиясының үстінде: «Атаған кісіңді сайлаймын» деп, Ұзақтан атақты сары жорға атты алып, дәл
сайлауда қарсы жақтың шарын
асырып жіберіп, батырды алдауға айналған. Сонда Ұзақ топ алдына шығып келіп:

-          Олай
болса, кеше параға алған атыңды бер, көзіңді... - деп келіп, қамшымен бастан тартып жіберіп, белдеудегі
атын шешкізіп алып жүріп кеткен.

Бұл әңгімені Тұрлығожа қозғағанда Ұзақтың
бұрынғы күндегі талай-талай
істері есіне түсті.

-          Ол бір
тепсем темір үзбеймін бе деп, екі иінді жұлып жеп, құтырып жүрген тентек заман
еді ғой... талай ұлықты талай
жерде ит қылып едік. Бірақ соның бір де бірі берекелі іс емес, керегі не? Жұлқыласып, сілкілескенің ылғи өз бауырың, өз Албаның.

Соны жеңдім дегенге мәз болып, сандалып адасып өттік.

-          Ер болсам,
осы мына істі сонда істесем етті дейсің ғой. Рас, рас... арман-ақ, арман-ақ, - деді Жәмеңке.

-          Киіз
туырлықты қазақтың бүгінгідей ынтымақ тілегі қосылып, ел болам деп ту көтерген, ұран салған бір
күнін көре алмай өттік. Енді міне, сойған қойдай бұзып-жарып, он екі жілікке бөліп боршалап тастаған заманда шығып, біз де кісі болдық
дейміз. Мақ-танар, жұбанар
жері бар ма?

-          Мынауың
арман, батыр. Шын жақсының арманы осы-ақ тағы, - деп, Тұрлығожа
сүйсінгеннен көзі жасаурағандай болды.

Жәмеңке Ұзақ сөзінің сарынына бой ұрып, өз ішінен де сол арманды молынан
тауып, жолдасының сөзіне қатты ойланулы еді.

-          Е,
е, рас, рас, - деп, басын изеп отырып.

-          Бар
дәуренің желдей есіп берекесіз өткені рас. Енді жанар отың сәнген шақта,
жақсылық қылдың не, жаманшылық қылдың не, - деп, біраз үндемей отырып, - «бұрын батыр болсаң да, сенің басың бұл күнде жерде жатқан қу тезек»
депті-ау баяғының бір қызы...
бүгінгі біз сол дағы...

-          Неге
олай дейсіз? - деді Серікбай, кәрі жолдастарын аяғандай болып Жәмеңкеге
ажырайып қарап. -Неге дәурен
өтсін, мынандай тілеу үстінде арман бола ма екен?! Жақсылық қылсаң, қай кезде де оның аты жақсылық емес
пе? Тақ осы өткелде не көрсең де, олер шағыңда абыройың әулие шоқыдай аспанмен
тілдесіп өлмейсің бе, тәйірі
деген.

-          Бәсе,
арман бұл күнде жоқ, кетті, -
деп, Тұрлығожа көтеріліп алып
сөйлеуге айналғанда, Ұзақ жақтырмағандай болып, қабағын
түкситіп:

-          Ие,
айтарсың, айтарсың! - деді.

Дәл сол кезде тыстан Айтбай
жүгіріп келіп:

-          Ойбай, не
ғып отырсыңдар, солдат айналаны қамап алды! - деді. Жұрт тұтқиыл хабардан
сескеніп, үрпиісіп аңырып қалды.

Ұзақ кесесін төңкере
салып:

-          Қап, қап, -
деді.        

-          Осы жиыннан құтылуға шамаң
келгенің құтылып бақ енді. Не отырыс бар, тұр! - деп, Жәмеңкеге ақырып жіберді.
Сол кезде ауыл айналасында мылтық тарс-тұрс атылып қалды. Жұрт қамданып тұрғанша,
он шақты солдат қылыш, алтыатарларын жалаңаштап алып, үйге кіріп-кіріп келді.

Ауыл айналасында тағы жиырмадай солдат тұр еді. Үй ішіндегі барлық
жұртты тысқа алып шығып, жәрмеңкеге қарай тай-тулаққа мінгізіп алып жөнелді.
Ауылдан бір кісіні шетке шығармады. Бұл топтан ешбір жан қашып құтыла алған жоқ. Албанның барлық бас
көтерген, қарсылық ойлаған
басшысын бір-ақ жерден үйіп-төгіп жинап алып, баудай тізіп, жәрмеңкеге өкеп
қамап тастады.

Кешегі күн Асыда болған оқиға бүгін таңертең жәрмеңке
басындағы ұлықтарға да мәлім болып еді. Бұл хабарды Алматыдан шығып, кеше түсте Асыны басып жүрген саудагер
жүргіншілер әкелген. Олар не оқиға болғанын бірен-саран кісіден естіп алып, бұл жерге кідірместен, ілгерілеп жүріп кеткен. Бұлар ішінде Есік, Түргеннің жәрмеңкеге
қарай келе жатқан екі-үш қазақ-орысы бар еді. Солар Асыдан
шығып, кезең асып алған соң, өзге саудагерлерден жырылып алып, бөгелместен шапқан-ды. Ішінара қазақтың
ашуынан үркектеп қорқу да бар еді.

Бұлар таңертең ерте келіп, ұйқыда жатқан таныс урядникті оятып алып,
кеше болған оқиғаны мәлім еткен. Содан кейін жарты сағаттың ішінде жәрмеңке
басындағылар ұлығынан бастап, солдаттарына шейін оқиғадан хабарланған. Тегіс
асығып, хабарласып, әскери кеңестер жасап, үрпиіп қамданып, дайындалып алған.

Ақжелке бұл уақытқа шейін де қамсыз емес еді. Ол
алғашқы жиында елге басшылық еткен кісілердің бар сөзі мен барлық істеп жүрген
істерін Қарақол арқылы Алматыға білдірген. Жарлық күткен. Оның үстіне
Қарақолдағы өзінен үлкен ұлықтардан қырғыз ішінде, өзге қазақтар арасында не болып
жатқаны туралы, жәрмеңке басында қандай қамдар істеу туралы да кеңес беріп, бұйрық істеулерін сұрағанды. Сол
алғашқы кеткен шапқыншылардан бері қарай Қарақол, Қарқараның арасында екі жақтың тілшісі
кезек-кезек дамыл алмай жүріп тұрды.

Соңғы күндерде Қарақол: «Қырғыз
көтерілісі молайды. Нағыз үлкен ереуілге айналды. Бұзықтар, қанішерлер қаптап
кетті. Қалың ел бұзықтыққа
бет қойды. Енді қазақ-орыстың ұсақ
қалалары қамсыз отыруға болмайды. Қазақ ортасында оқшау отырған қалаларға хауіп
зор. Тезінен солардың жігіттерін жиып, қаруландыру керек. Қазақ қолына қару
тү-сірмеуді ескеріңдер. Қару түгіл темір сайманнан да ештеңе қазаққа берілмейтін болсын. Қазақтың атын
да тағаламасын. Жәрмеңке басына жүз-жүз елуден әскер жасап, соны ұдайы таратпай сақтаңдар. Солдаттар қазақ-орыс қалаларынан алынсын. Хабарды үзбеңдер, ереуіл басшылары не
істеп жатыр. Ел ішінен хабар беретін сенімді кісілердің санын көбейтіңдер.
Тыным тапқызбай жүргізіп,
хабарланып тұрыңдар.

Елді бүлдіріп жүрген кісілер
жақында тегіс ұсталып,
жазасын тартады. Солардың тізімін тізе беріндер. Алматыдан жарлық күтіп тұрмыз. Ол хабар жақында келеді
деген сияқты талай-талай жарлық үсті-үстіне келіп жатқан». Бұл осыдан бір жұма бұрын келген тілшілердің хабары еді. Осы айтқанның барлығын Ақжелке
ойдағыдай қылып орындап тұрған
маңайдағы Жалаңаш, Нарынқол,
Саржаз сияқты ұсақ қалалардың
жігіт атаулысы шұбап келіп,
ықтиярлы әскердің тобын құраған.
Көбіне мылтық, қару жетпей,
алынбай қалғаны да барды. Қазірде жәрмеңкенің жүздей қарулы солдаты бар.
Араларында жауыға өршеленіп, құлшынып,
тісін басып тұрған старосталар,
көрші елдермен жерге таласып жүретін жуан байлар да барды. Барлық әскерге
осылардың жайған уы бар. Сондықтан жәрмеңкедегі Ақжелке әскері асығып іс күтіп, қазақ
ауылдарына ойран салып, шауып-шаншатын кезін мейрам күніндей күтулі еді.
Жәрмеңкенің қолына ұстаған
қара қайрат несі, қаруы осы
болса, бұдан басқа астыртын жүріп, жайлау-жайлаудан
жіңішкелеп, жансыз хабар жеткізіп жатқан тілшілері де бар. Бұл екінші түрлі құрал болатын.

Бірақ осы соңғының саны көп емес,
хабары да анық, толық дәлді емес. Бар міндетті атқарып жүрген бір ғана
Рақымбай. Не хабар келсе, сол арқылы келеді. Әр жерге кісі жібертіп, жұрттың не айтын» не істеп жүргенін
елеусіз болып отырып тыңдатып, сосын соның бәрін Рақымбай өзі қорытып, астыртын
келіп Ақжелкеге айтып кетіп тұратын.

Осы халмен күннен күн артқан сайын оқиғаның өсуін, өршуін
тілеп, Ұзақ, Жәрмеңкелерді ұстап қалмайтын сағатын қазіргі
өмірінің мақсатындай көріп, құлшынып
жүрген ұлықтарға кеше кешке
Қарақолдан келген хабаршы көңілдегідей
жақсы бұйрық әкеліп еді.

Бұл ұлықтар басында
көп уақытқа шейін қазақтың қозғалысынан, жыбырынан шошынып қорқып, сасқалақтап
келсе де, аяғында төрт-бес күннен бері маңдарына жиып алған әскерлері жүзге
жеткен соң, белдері көтеріліп, енді семізденіп, шертие бастаған. Алғашқы
қорыққан күндерін еске алмауға тырысып, сондағы қорқытып ықтырған ел басшыларын енді аяспайтын мың да бір жауы қылып
алып еді.

Әлі де қорқу, іштей сескеніп шошу
жоқ емес.
Бірақ сөйтсе де бірден жоғарыдан
келген бұйрыққа сүйеніп,
екінші қолда дайын тұрған
қарулы әскерге сүйеніп, біраз іс істеп көруге болады.

Сол күйдің үстіне кеше кеште
келген бұйрықта: «қырғыз
бүліншілігі асқындап кетті. Бұл
дерт өзгелерге де жайылып
кетуі қиын емес, жігіт бермеймін деп отырған қазақ та қосылуы мүмкін. Сол істі
істетпей, оқиғаның алдын алу үшін енді тезінен Албан руының басшыларын абақтыға
алу керек. Бұрынғы өздерің көрсеткен список бойынша, екінші сол күнгі жиынға
басшылық қылған он жеті кісі тегіс ұсталсын»
деген.

Хабар кешке келсе де, түні бойы
кім-кімді, қалай-қалай, қай-қай кезде ұстау туралы кеңестер болып, түн ортасында сөз байланып еді. Осы халдың үстіне таңертең
Асы оқиғасының дақбырты жетті. Ол шошыта, қорқыта келді. Бұрын жүректері орнына түсіп, қайтадан белі
көтеріліп асқақтай бастаған ұлықтар
ұйқысынан оянған жерде мына сұмдықты естігенде тағы да біраз уақытқа
шейін жүні жығылып, есі шығып қалып
еді.

Осы халдың үстіне ерте таңертең
Рақымбай салып жетіп келді. Ол Қабанды қарағайдағы бір ниеттес жақын ауылына қонып шығып, таңертең жәрмеңкеге
келе жатып, Таңбалы таста отырған
ауылдың айналасында арқанда жүрген кеп атты және белдеуде де байлаулы тұрған бірнеше ерттеулі аттарды
көріп еді. Бұлардың бәрінің де үсті айғыз-айғыз болған тер. Ашығып қатып қалған екен. Түн бойы салынып қиналып келген түстері бар. Арасында жалы төгіліп, бүгіліп тұрған айғырлар да бар. Қызылбөрік
таңбасы.

Белдеудегі аттардың ішінен
Серікбайдың қызыл жорға атын
да таныған. Осымен ауылды жағалап жансыздап өтіп бара жатып, қасындағы жалғыз
жігіт жолдасын жіберіп, дөң басында жүрген бір шалдан ауылдағы кісілердің кім
екенін жансыздап сұратқан-ды.

Аңқау шал Рақымбайдың да, жігітінің де ниетінен түк
білмейтін шалалық, жадағайлықпен естіп-білген әңгімесінің бәрін айтқан..

-          Келіп
жатқан Серікбай, Тұрлығожа,
Жәмеңкелер. Түнде шақырумен келген. Кеңес болмақ. Ұлыққа енді не істейміз десіп,
ақылдаспақшы. Оның үстіне Асыда қырғын болыпты. Содан келген шапқыншы да бар.
Анау екі айғыр соныкі, - деп, Таңбалы тастың бар сырын ажарлап, өңдеп айтып
берген.

Жолдасы шал әңгімесіне бөгелген соң, Рақымбайдың өзі де
шалдың қасына сәлем беріп келіп, бар әңгімені бастан-аяқ қайта-қайта сұрап, қанып алып еді.

Сол бетпен келіп Ақжелкеге:

-          Албанның
барлық басшысы Таңбалы таста жиылып жатыр, - деп, естіген-білгенін баяндаған.
Содан кейін ұлықтар тез
кеңесіп:

-          Енді
тосуға болмайды. Іс істеу үшін ең қолайлы
сағат осы. Таңбалы таста басшыларынан басқа жай адам жоқ. Осыларды тез барып
тізіп алса, қалған ел быт-шыт болады.

-          Енді тосу
жетті. Асы хабары естілген соң, ел тағы да желігеді.

-          Бәсе,
енді оқиғаның алдын алу керек. Ең қолайлы шарттың бәрі осы сағатта жақсы
үйлесіп келіп тұр. Қазір
әскер жіберіп, мыналарды абақтыға алу керек, - деп, Ақжелке сөздерін тергеуші
қостаған. Урядник, приставқа екпін берген.

Бұл кеңес ұзаққа созылған жоқ. Сонымен азғантай
бөгелген соң, урядник қасына отыз солдатты ертіп алып, Таңбалы тасқа келіп,
жоғарыда айтылған істі істеген.

«Албанның бар басшысын Таңбалы
таста ұстап алып, жәрмеңкеге
әкеп қамапты» деген хабар түс кезінде
жәрмеңке айналасындағы жайлау-жайлаудың бәріне де жетті. Бірді жылатып,
бірді қайғымен күрсіндіріп,
солдырып, тамам елді қабағын
түсіріп үркіткендей болып, тез шарлап жайылып кетті. Басшыларынан бір сәттің
ішінде айырылып қалған
ру-ру-дың барлығы да көзге қамшы тигендей есеңгіреп, жасып қалды. Не қыларды
білмей қамалып, ұйлығып
сасқан құр қарбалас. Құр қайта-қайта айта берген уайым барды. Үлкен-кіші түгелімен жалғыз
ғана қарғыска сүйеніп:

-          Тілеуің құрсын, көзің ашылмасын?

-          Уа, қырғын
тап, өртеніп өл, атың өшсін!.. - деп, барлық ел түгелімен күңіреніп, нәлет
айтуда еді.

Бірақ бұл ең алғашқы сағаттар болатын. Аздан соң
елдің ақылы орнына түсіп, бір жағынан Асының көтерілісін естіп, қайтадан
біріндеп қайрат жиып, екпіндеп тіл шығарып, арлы-берлі қозғалып қоздана
бастады.

Бұл күні бойына есі жиылған елдің барлығы: «Әнеугідей қаптап жәрмеңкеге барамыз. Кісімізді сұраймыз, олар жазықты емес, жалпақ
ел жазықты. Қылатын болсаң, осы елдің бәріне қыл дейміз... » деп, қайта
лаулады. Жайлау-жайлаудың асығыста тапқан ақылы осы еді. Сондықтан топ-топ
болып, тан жәрмеңке басына қарай тағы да бөрікті Албан ағыла бастады.

Бірақ
бүгінгі жиын әнеугі жиын емес. Қанша айтқанмен, ондайлық көбейе алмады.
Бірен-саран жайлауда:

-          Жауап алып,
босатар. Әуелі байқайық...
қайтер екен.

-          Өздерінен
де тіл келмес пе екен? - дескен шабандық та болды. Және жәрмеңке маңына келген
елдер алдын ала бірімен бірі тілдесіп, «е» десіп аттанған емес. Сондықтан әр
жайлаудың кісілері әр бөлек топ болып, әр кезде келіп, өзгелермен бастары құрала да алмады.

Тобы жиын Дөңгелек саз еді. Бұдан Қарқараға қарай шыққан үш
жүздей кісі болатын. Басшысы: Әубәкір, Баймағамбет, Жансейіт еді. Ұзақ ауылында болған кісілерден
жалғыз аман шыққан Баймағамбет
болатын. Оны таңертең тұрған
соң Серікбай Ақбейітке бір жұмысқа
жұмсап жіберген-ді. Сонымен
солдаттар келгенде, ауылда болмай аман қалған.

Ұзақ ауылына
келіп, жат хабарды жылап-шулаған қатын-қалаштан естісімен, бұл құйындатып,
шапқылап отырып Дөңгелек сазға жеткізіп, содан Әубәкірге бастатып, екі жүздей
кісі болып, жәрмеңкеге беттеген.

Бұлар желе шауып Қарқараға қарай құлағанда, манайда әр жерде шашырап
жүрген бірнехпе бөлек-бөлек топтар қосылған.
Сонымен жиыны үш жүзге жақын
қалың топ болып, жәрмеңкеге жақындап қалып еді.

Алдарынан шауып-шауып отыз-қырықтай қарулы солдат шықты. Бұлар ел кісілерін жәрмеңкеге
әкелгеннен бері қарай маңайдағы жайлаудан келе жатқан кісілердің барлығын
жәрмеңке басына жібермей кейін қайтарып:

-          Ол
кісілерден жауап қана алынады. Бүгін сауда жоқ. Жәрмеңке басында сендер
істейтін іс жоқ. Қайтыңдар, тараңдар, - деп қайтарып жатқан. Түстен бері
жазықтың әр жерінде ұйлыққан
топтың көпшілігін осылай деп таратып та жібергендері болған.

Әубәкірлерге де соны көп айтты, тараңдар деді.

Бұл сөзге
Әубөкір:

-          Біз елдің
жіберген елшісіміз, кісіміздің жайын сұраймыз. Ел атынан арыз айтамыз. Жібер бізді! -дегенде, солдат ішінде
тұрған қазақшаға жүйрік қазақ-орыс:

-          Арызды бұндай көп кісі айтпайды. Бәрің бірдей бармайсың. Елдің бәрі қайтып жатыр. Қайтыңдар! -деп тағы айтты.

-          Біз
кісімізді керіп, ұлыққа
тілдесіп қайтамыз. Ол кісілерде жазық жоқ. Мына ел жазықты, соны
айтамыз. Бізді босатасыңдар... босатасыңдар!

-          Жіберіңдер!

-          Арыз
айтамыз... жібер бізді, - деп, Әубәкір сөзін қостап көп дауыстар дабырлап қоя берді. Ел кісісі ептеп
солдаттан етіп, жылжуға да айналды. Сол кезде солдаттардың бастығы ақырып:

-          Қайт кейін,
біз сендерді жібермейміз. Ұлықтар жіберуге бұйырған жоқ, -
деді.

Әубәкір елдің алдына тепсініп шығып,
ашулы дауыспен:

-          Неге
бұйырған жоқ? Ел арызын тыңдамайтын қайдан шыққан ұлық?!
- дегенде, бастық орыс Әубәкірге
қарап, бір есеп ойлағандай
болып тұрып:

-          Олай болса,
бәрің бармайсың, екі кісі басшы шығар. Солар сөйлесіп қайтады. Соған міне, сен
жүр, - деп, Әубәкірге
нұсқады.

-          Барамын,
мен-ақ барамын... - деп, Әубәкір атын тебініп ілгері шықты. Қасына Қартбайды ел
қосты. Сонымен екеуін ертіп
солдаттың бастығы кетіп қалды.

Қалғандарға: «Қайтыңдар, кейін
шегініңдер. Кісілерің келеді, босатылады» деп, алдап-сулап тұрып солдаттар
кейін жылжытып, жәрмеңкеден ұзатып әкетіп бара жатты.

Әубәкір келгенде Ақжелке мен
тергеуші түскі тамақтарын
ішіп алып, қызара бөртіп кеңесіп отыр еді. Жәрмеңкеге кіргенде, Әубәкір көшеде Оспанды көрді. Оған жүріп, ұлыққа айтатын сөзімізді жеткіз демекші еді, бірақ тілмаш солдаттар әкеле жатқан Әубәкірді көріп теріс айналып, мойнын бұрмай жалтарып
кетті.

Жотасын беріп, қашқалақтап бара жатқан Оспанға Әубәкір
айғайлап:

-          Қашып
барасың ғой! Жарайды, бар, бар... сен сияқты шіріген жұмыртқа қайда қалмаған! - деді. Оспан естімеген кісі
болып, мойнын ішіне алып, көзін
жерден көтерместен бұрылып
кетті.

Ұлықтар Әубәкір сөзін
тыңдаған жоқ. Арызын ауызға қағып айтқызбаймын десе де, Әубәкір іркілместен жарыса сөйлеп айтып жатты.
Бірақ ұлық бұны елеген жоқ, құлағын салып тыңдап, ұққысы да
келген жоқ. Әубәкірге қарсы дау сабап, зіркілдеп ашуланып,
тақтай теуіп, зәр шашып:

-          Сен
болыссың, патшаны, ұлықты ұмыттың. Өзіне
тапсырылған міндетті, қызметті тастадың. Сенен бұзық кісі жоқ! - деді.

Әубәкір
сасқан жоқ.

-          Бұзық
сенен өтіп маған келген жоқ. Жеп қоям дейтін шығарсың. Құдай-ақ та. Жазығым
болса, бұзық болармын. Жазықсыз кісіге түк те қылмассың, - деп әншейіндегі айғайлап сөйлейтін даусына
салып, кезі қанталап сұрланып кетті.

Бірақ соңғы жауабынан соң ұлық сөзді доғарды да, жанында тұрған
солдаттарға:

-          Мынаны
да апарып жап! - деді. Содан кейін Әубәкірдің анау-мынауына қарамастан,
тыңдамастан, өзгелерді қамаған үйге апарып жауып тастады.

VIII

Бүгінгі күн осындай үлкен істерді
істеп тастап, көптен асығып қамданған
қарекетіне мықтап кіріссе де, жәрмеңке ұлығында «ел қайтеді» деп жалақтаған күдік те бар еді. Күні бойы
жәрмеңкеге жайлау-жайлаудан дамылсыз шұбай берген ел сол күдікті молайтып, сестендіргендей болды.
Сондықтан ұлықтар кеңесі бүгін
түнде бірнеше кісіні Қарақолға
жіберуге байлады.

Түн болды. Абақтыдағыларға урядник келіп:

-          Сендерді
жапқызған Қарақолдан келген бұйрық. Сонда бірталайыңнан жауап алады. Соған Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір деп санап, он шақты кісінің атын атады да, - осылар қазір
Қарақолға жүресіңдер. Сонда жауап бересіңдер, - деп, аталған тізім бойынша топ
кісіні алып шықты. Бұлар
тысқа шыққанда, Қарақолға
алып баратын айдауыл солдаттары мен ат, арба дайын тұр екен. Мінгізіп алып түн ішінде Қарақолға алып жүріп кетті.

Жәрмеңкенің абақтысына әкеп
тобымен қамағаннан бері қарай, Ұзақтар ұлықтың да, солдаттың да ажарын әбден байқап, танығандай болып еді,
бұлар бұрынғы ат алып, ақша алып, жемсауын толтырғаннан
кейін жуасып, жорғалап кететін әдетінен айрылған. Ондағысын ұмытқан сияқты. Әлденендей
ниетпен тығылып, түйілгендей. Сол ажарын көріп Жәмеңке:

-          Мына кәпірлердің сұрқы бұзылған екен. Мен күдер үздім. Еркек тоқты құрбандық деп еді.
Бізге не қылса о қылсын, тек ел аман болсын, - деп еді.

Маңындағы жолдастарының бәрі де бұл сөзді естігенде үндемеген.
Бәрінің де ішінде үлкен күдік ұялап
қалғандай. Сыртпенен қатынастары болған жоқ. Өзара да көп сөйлестірмей, көп солдат қамап,
аңдып бағып тұрды. Сонда бірер
әрідікте Үзақ, Жәмеңке, Серікбай
болып күңкілдескенде:

-          Енді не де
болса, ел тізесін айырмасын, жігін жазбай, қасарысып көрсін.
Сыртқа тіл қатуға болса, сол сәлемді айтысайық, - деп байласқан-ды.

Бұл байлау абақтыдағылардың аласыз бір ниетпен, зор ашумен
нық байлаған байлау еді. Осымен кешті күткендей еді. Үстеріне Әубәкір келгенде
бұлар томсарып қана қарсы алды. Босаңсып, үркіскен жоқ. Жалғыз-ақ Қартбай Әубәкірді абақтыға шейін шығарып салып, Әубәкірді қамап келе
жатқан солдаттардың иығынан абақты ішінде отырған Тұрлығожа-ның басын ғана көргенде,
Тұрлығожа:

- Елге сәлем айт. Берекесінен,
ынтымағынан айырылмасын. Сескенбесін, - деп қана қалған.

Одан арғы сөзін естіртпей,
солдаттар Қартбайды қуып
жіберген. Осы халмен түн болғанға шейін отырғанда, абақтыдағылар өздеріне ұлықтың не істейтінін біле алмай, томаға тұйық күйде келіп еді. Қас қарайғанда
урядник келіп Қарақолға
жүресің деп, он шақты кісіні алып шыққанда, бұлар артында қалып бара жатқандарға қайта-қайта: «Қош... қош... құдай аман-есен көрісуге жазсын. Аруақ жар болсын... » деген сездерді
ғана айтысып шығып кетті.

Абақты іші қайтадан жым-жырт болып, тоңазып,
жетімсіреп түнеріп қалды.
Қартбай абақтыға түспей, аман қалған соң бұл күні жәрмеңке басынан кетпеуге
бекініп, Самұратқа келіп,
соның үйінен абақтыдағылар туралы ұзын
ырға хабар алып отыр еді. Аяғында түнде Ұзақтарды жүргізгелі жатыр екен деген хабарды естісімен, атына міне
сала Дөңгелек сазға шапты.

Ендігі мұның ниеті түн бойы қолға түскен жігіттерімен Қарақол жолына
жетіп, тау ішінде айдалған кісілерін соғысып, айырып алып қалмақ еді. Осы байлауды айдалғандарға
естірте алмады. Бірақ Самұрат
екеуі болып сөйлескенде,
асығыста тапқан ақыл осы ғана болған.

Жазалыларды Қарақолға жеткізетін
айдауыл Қарқара жазығының жым-жырт түнін сара тіліп, салдырлаған арба, сатырлаған
қарумен дабыл қағып жөнеле
берді. Пар-пардан жегілген семіз жарау аттар тығыз бұйрықтың қыспағымен тоқтаусыз жортып, сар
желіп, кейде шауып, асығыс тартып келеді. Қарқараның Қарақолға қарай беттеген жағы көпке шейін созылатын көгалды жазық болатын. Жиырма-отыз шақырымдай жер жүрген соң ғана Алатаудың қырғызға
қараған бет бектеріне барып
ілінеді. Тақыр жолда асығып шапқан көп аттың дүбірімен бірге темір қару-жарақ та сатыр-сұтыр қағады. Айдауыл дамыл алмай, тыным таппай жортады.

Осыдан озамын деген шапшаңдықпен
Қарқарадан шығып, жолдағы Көктөбе елін хабарландырып, Дөңгелек сазды қыдыра шарлап, жігіт атаулыны
дүркіретіп Қартбай да шауып еді. Бірақ бұрын түн баласында аттарын арқаннан шығармайтын бозбала, ер азамат
бүгін әлденеден қамсыз, дайынсыз қалыпты. Жәрмеңкеден түнделетіп келген асығыс
бұйрық, тығыз хабар
көпшілікті қамсыз күйінде тапты.

Тәртіпке, реттілікке ысылып көрмеген жайлаулар бүгін түн ішінде
ешбір жаманат күтпей, салақсып
қалған екен. Сонда да ауыл басы сайын екі-үштен ат табылып, дайын атқа дайын жігіттер де мініп қалып еді.

Жайлау қолы жүз шамалы кісі болып, қамданып жиылып алып, бастығы Баймағамбет,
Жансейіт, Қартбай болып Қарақол жолын кесіп аламыз деп аруақтап, Шырғанақтыны бөктерлеп,
оңтүстік пен күн шығыстың
орталығына таман ат қойып шаба жөнелген кезде, жаздың қысқа таңы қылаңдап,
сызылып атып келе жатқан уақыт болып еді.

Бүгінгі ниеттің жолында атын да, қаруын да, жанын да құрбан қылатындай екпіні бар жүз
жігіт екшеліп, жалындап шыққанмен, бұлар ойлаған мақсат іске аспайтын болды. Кешігіп қалды, айдауыл жай жүретін шығар деп
мөлшерлеп еді, олай болмады.

Іркілместен шапқылап отырып,
болдырғанын жолға тастап, ешнәрсеге алаңдамай, бөгелмей, Алатаудың бөктеріндегі
қара жолға алдыңғы Баймағамбет,
Жансейіт бастаған топ келіп киып түскенде, бұлардың саны алпыс, жетпістей еді. Өзгелер бөлек-бөлек шоғыр болып, арттарыңда үздік-создық
болып келе жатқан. Жолға жеткен соң алдыңғы көп аз ғана талас қылып, тер басып,
қаржалып қалған аттарын арлы-берлі аяңдатып, артын тосып жүргенде, Қарақолдан
түн қатып келе жатқан үш
арбалы ұйғыр келіп жетті.

Арбакештердің хабары Дөңгелек аз жігіттерінің жүрісі құр арам тер екенін білдірді. Қазір
күн ұлы сәскеге жақындап қалды. Ұйғырларға түн ортасында тау ішінде
жолыққан жүргіншілер бұл
кезде Қарақолға жетпесе де, жақындап қалатын кез болыпты. «Қап-қап» деген
жалынды арман үйіліп қалған қалың топтың аузынан дүркін-дүркін шықты. Жігіттер
енді қайда барарын, не қыларын біле алмай үйлығып, сан-далып қала берді.

-          Енді
ең болмаса, жәрмеңке басында қалғанына ара түсейік. Солардан тілхат алайық, -
деп, Баймағамбет бірдеме айтты.

-          Қамсыздық
түбімізге жетті ғой... кетті ғой есіл ерлер.

-          Кімді енді
басшы қыларсың? Кім түлға бола-ды? - дегендей, өкінішпен қөсылған шын үлкен
кү-дік белгісі де білінді. Ақыры Жансейіт, Баймағам-бет көпшілікті:

-          Енді
жасымайық. Жүніміз жығылмасын. Тобымызды жазбайық. Қамсыз боламыз деп көрерміз
не көрсек те. Жігіт атаулы бұдан
былай күндіз-түн демей дайындықта болсын. Хабар күтейік. Жәрмеңкенің ұлығын қысайық. Тіпті болмаса, мына басшылардан
жаманат хабар келетін болса, анау-мынауды қойып, осы жәрмеңкені басып алайық. Ең болмаса, қалғанын арашалап қалайық.
Қару алайық, - деген сездерді айтты. Осы сөз байлау сияқты көрініп, бүгінгі
жолсыз жүрген көпшілікке
уақытша болса да жұбаныш болатын
сияқтанды. Сонымен бұл топ қайтадан Дөңгелек сазға қайтты.

Бұл кезде, дәл ұлы сәске уақытында жазалыларды
алып қашқан айдауыл Қарақолға
кіріп еді. Жартасты қалың
таудың қойнына тығылған
кішілеу дала соңғы күндерде өзі
өз болып көрмеген ерекше күйлерді басынан атқарып тұр еді. Бұл қала соңғы
сағатына шейін кекшіл, мықты, ер қырғыздың ашуының астында ұдайы сескеніп, шошынып тұрған.

Өз ішінде өз күшіне сене алмаған қауіп күдіктен басқа бұған айналадағы крестьян, қазақ-орыстың ұсаққалашықтарынан
жетім-жесір болып, босып келе
жатқан қатын-қалаш,
бала-шаға, кәрі-құртаңның
-үркіндісі де үлкен құбыжықтың
белгісін көрсеткендей
болатын.

Келгендердің барлығының қалалары ойран болған, малдары
таланған, егіндіктері өртелген.
Шабылған ұсақ қалалардың
көпшілігінде қорқырап аққан адам қаны. Жақын, жанашырының қанын көрген де бар. Бастарына жесірлік, жетімдік келіп, қорғаны, еркегінен айрылғаны да
бар. Не қылса да талай жылдан
бері үндемей жымдай қатып,
мелшиіп тұрған қарлы Алатау, мылқау тас соңғы күндерде шат-шаты, қойын-қоншы, құз-құзынан ашулы кектің отын шашқандай болып тұр. Талай жылғы патшалық ұлықтың арамға былғанған саясаты көптен
бергі жайып келе жатқан уымен тау қойнын тоздырып шапқа түртіп тулатып алып,
енді сол кесірінің салдарын көрші отырған еңбекші елдердің арасына араздық оты
сияқты қылып, шығарып тұр.

Қырғыз ауылын крестьян, қазақ-орыс шапса, бұлардың
қаласын өртеп, ер азаматын, тірі жанын қырғыз кескілеп қинап, бостырып тұр.

Жайын тау, жайын суық араздық
сырын ашты. Қарақол айналасы қан сасығандай адамның өлексе жемтігіне толып
барады. Түн асқан сайын
ауданы кеңіп, бүліншілік орны лаулап келеді. Жады, тылсым буған меңіреу суық
тас енді ұлы құздан жер сілкінгендей күтірлеп құлап, дүниені басына көшіріп асыр
салып жатыр.

Осы халдың үстінде Қарақолға ертелі-кеш
қорған іздеп, қашып-босып
келіп жатқан мұжық арбаларымен
қатар, ертеңді-кеш маңайындағы қырғыз, қазақтан қолға түскен «айыптылар да»
арба-арба болып келіп, абақты алдына төгіліп жатқан-ды.

Бірақ кішкене қаланың кішкене абақтысы ақырзаман болғанда жер
дүниені бір өзінің ішіне сыйғызатын тарының қауызындай болып, күндіз-түні
топырлаған адам бұлағы өз ішіне сыйғызып сіміріп жатыр.
Обырдай обып, үнін шығармай жұтып
тұр. Түн асса, абақты іші кеңейіп қалады.

Оның есебіне қала маңындағы қиын
шат, ұры сайлар қазақ, қырғыз ереуілшілерінің
жемтігіне толады. Қасқыр, суыр, борсықтар, шаңқылдақ сары, тазқара, ала қарға, құзғындар сияқты аспан мен жер тағысы түгел
мерекеде. Неше алуан тілмен қуанышты жиын қаракөз, қызыл
жүздерден түстік жейді.

Кешегі бір болымсыз тыныштық,
амандық күнінде ата-анасы үйіріліп айналған алма бет, -бүгінгі күнде иістенген
бір жапырақ ет болып, жайын
тісінің арасында жұлынып,
сыдырылып асалып жатыр. Кезегіне ол сыбаға келмегендер өз бетімен шұбырып, суалып,

таусылып барады. Бір кезде тіршілікті
тілеп лүпілдеп соққан жүрек
те, өмірлік күйінен жаңылған.
Үйіліп қатқан бір-ақ уыс қара қан ғана болып, о да жығылғанын, жеңілгенін мойнына алып
тұр.

Осындай күймен айналасы адамның қанжынына толған «қасап» қаласына жақындап келе жатқанда,
арбадағы жазалылар әрбір сай жыраның жанынан өткенде жеңдерімен мұрнын басып, біріне-бірі ештеңе айтпаса да,
іштей шошынып сиынып өтті.

Келісімен бұларды да абақтыға қамады. Бірақ көп кідіріп, жайландырған жоқ. Белгісіздік халында екі-үш сағаттай уақыт еткен соң, дәл түс
кезінде абақтыға әміршілер
келіп: Ұзақ, Жәмеңке, Әубәкір үшеуің жауап бересіңдер
деп, ертіп алып женелді. Бұларды
жауапқа шақырған Қарақолға келген ояз десті. Бірақ кеңсеге үшеуін үш солдат жалаңаштаған
қылышпен күзетіп алып келгенде, шақырушы жалғыз ол емес, қасында тағы бір үлкен
төре бар екен. Ол Алматыдан келген әскери прокурор еді.

Ояз жазалылардың жайын мәлім етісімен, тергеуді сол бастады.
Жастау, семіз, зор сары ұлық
дәрежеге, тоқтыққа семірген асқақ, есіріңкі тәкаббар көрінеді.

Әйтсе де бұрын да іштерінен «неге болса да шыдадық»
деп бекініп алған, одан бері жол бойында көп нөрсені керіп, естіп, абақтыда да бірен-саран қырғыздан өзгелердің көріп жатқандарын анықтап біліп алған
жазалылар енді ұлықтың сырт
ажарынан сескенетін, жасқанатын халден өткен сияқты еді.

Бұлар өздерін
соншалық теменшіктеп жасыған, жазалы кісі сияқты көрсеткен жоқ. Келген жерде сыпайы,
тәрбиелі, қоңыр, момын пішінмен түрса да, бойларын еркін, кең үстады. Ұлықтарға «кінәсізбін, зәріңнен қорқа алмаймын» дегендей
сенімділікпен, үлкен салмақпен қарасты.

Тілмаш бұларды білмейтін бір өзбек екен. Қазақша сөзді жақсы ұғынып, ұлық сұрағын қазақша түсінікті қылып аударады. Прокурор әуелі өзгелерден жасымен, ақ сақалды керінісімен де өзгешерек
сияқтанып тұрған Жәмеңкеге
қарады да, алдымен содан жауап ала бастады.

Төре қолына қағаз, қарындаш ұстап отырып, алдымен аты-жөнін, жасын,
болысын, ауылнайын сұрады. Жәмеңке жолдан шаршап қажып келген кәрі жүзін әдеттегі түксиген
суық қалпынан жазбастан,
қасын андасанда кекесінмен жыбырлатып тұрып, алғашқы сұрақтарға бір-бір ауыз сөзбен ең
қысқа жауаптарын берді.

Жәмеңкенің ойында: ұлық
жауап алды не, алмады не - бәрібір үстімізден келген жамандаулар жеткілікті болған. Жауапқа қарап бұл түзелмейді, сондықтан әншейін шиеленістірмес үшін ғана жауап айтқан
болу керек. Жауап келелі ұзын
сөз емес, әйтеуір бірдеме десе болар деп қана ойлап еді. Өз жауабын осылай
бермекші еді.

Сол жайын аяғына шейін ойланып шығар-шықпастан ұлық:

-          Елдерің
жігіт бермеймін дегені рас па?

-          Дегені рас.

-          Ол сезді
елге кім үйретті, соны айт, - деген, -басшысы кім?

-          Басшысы
жоқ, жалпақ елдің өзі айтты, бұндай
сөз үйретіндімен айтыла ма екен? Барлық Албан түгел бермеймін дейді. Соның бәрін бірдей кім оқытыпты.

-          Неге
бермеймін дейді?

-          Ел:
ұлық бізге әділетсіздік
қылды. Жерімізді, суымызды алып, өзімізді шелге тастап қамап, тауға қуып шығып
отыр. Шығынын, алымын алып отырып, не айтқанының бәріне көніп, істеп отырсақ та, бізді әлі
күнге өз елім, дос елім санамайды. Жау деп біледі.
Бізге екі сез айтса, ел
жалған болады-ау деп те ойламайды. Баяғыда солдат алмаймын деген, солдат алғысы
келеді, жерді алмаймын деп еді, оны алып отыр. Наразылығымызды айтсақ,
тыңдамайды. Сезімізді жеткіз деген кісімізді айдайды. Абақтыға алады.
Жазалайды. Өзімізді ренжітсе, өзіміздің арызымызды тыңдамаса, сөйлетпесе, ол ұлықты жақсы ұлық деп қайдан айтамыз? Оның айтқанын қалай істейміз? - дейді.

-          Жігітті біржола бермейміз дей ме?
Жоқ, пәлен-дей шартымызды орындамасаң бермейміз дей ме? Елдің, ұлық мынандай іс істесе, көнеміз дейтіні бар ма?

Бұл сұрақ Жәмеңкенің
күтпеген өзі еді. Оның ойына
осы сұрақпен қатар тезінен
бір байлау келгендей болды. Ештеңе шығарына сенбесе де, болымсыз да болса, бір
кішкене үміт елестегендей еді.

-          Ел: берсек, қара жұмысқа бермейміз. Нағыз солдат қылатын қызметіне алсын дейді. Бұны
басынан айтқанды.

-          Қара жұмыста
болса, соғысқа кірмейді, аман
қалады. Бұлай болғанда
солдаттықты неге тіленеді?

-          Біз
де өзге солдат болып жүрген ел сияқты елміз. Біздің де еркегіміз - еркек, ұрғашы емес. Сондыктан жұрт қатарлы тең орында боламыз. Қолымызга
қару берсін дейді.

Прокурор кекесінмен суық жымиып:

-          Қаруды қай жерде алғыларың келеді? - дегенде:

-          Қаруды
қазір ел ортасында қолымызға берсін. Содан соң біздің ата-анамыз, ел жұртымыз бұрын бұндай сұмдықты
көрген жоқ. Солардың көзі
қанып, бойы үйренгенше еліміздің ортасында әскерлікке үйретсін. Ел жігіттерінің
қолында қару көріп, өз бастарын сақтайтын құралы бар екен деп көңілін орнықтырсын.
Содан кейін әскер өнерін үйренген соң, ұлық жігіттерді
алып керегіне жаратсын, - дейді.

-          Сен сол
елдің ақсақалы, есті кісісің, сен де осыны айтамысың?

-          Мен де осыны
айтамын.

-          Бұл - өрескел сөз. Ешкімнен де бүйтіп
әскер алынбайды. Сен елге бұның
теріс екенін түсіндіруің керек. Соны сен ұғындырамысың? Елдің айтқаны болмайды.

-          Ол болмаса,
ел де болмайды.

-          Елді
сендер көндірулерің керек. Ақыл айтып тоқтату керек. Әйтпесе ел де қатты жазаға ұшырайды. Сендер де үлкен жаза тартасыңдар.
Ұқтың ба? Істеймісің
айтқанды?

-          Мен
қайтып істеймін? Елді мен қайтіп көндіремін? Ұлық басыңмен сен
көндіре алмағанда, ұлықтығым, қайратым жоқ, көптің бірі - қара қазақпын, мен қайтіп көндіремін?

-          Сен
айтсаң тоқтайды. Сен ол елдің басшысысың. Елді айтқанға көндіріп жігіт әперемісің, жоқ бұрын ешбір
қазак естіп көрмеген жазаны
көремісің? Айт қазір осыны! - деп, прокурор баяғыдан бергі сөзі дарымағанға қатуланып келіп, орнынан тұрып, тақтайды теуіп қалып, қабағын түйіп Жәмеңкеге қарады.

Жәмеңке ызалы жүзбен, езуін зорлықпен тартып жымиды да:

-          Мен саған
өтірік уәде бере алмаймын. Ол іске шамам келмейді, - деді.

-          Сен осы
айтқанды істейсің. Біз саған істетеміз. Ықтиярыңмен көнесің бе, жоқ па?!

-          Көне
алмаймын...

-          Көнемісің, кәрі ит, көндіреміз!

-          Ендеше менің
кәрі қа... ы кесіп ал, білдің бе!

Тілмаш бұл сөзге келгенде, артында аяздай соғып тұрған ұлықтың ызғарынан жасқанып, жүріп
келе жатып аяғы сынған аттай тосылып, омақатып қалды. Бірақ сонда да айтпауға болмайды. Сондықтан кібіртіктеп
тұрып, бірдеме деген болып
еді, прокурор ақырып әмір
етіп, солдаттарға Жәмеңкені әкет деді де, Ұзаққа қарады.

Бұған да
сол шартты қойып еді.

Ұзақ:

-          Сенімен мен
қай сезде ұғысушы едім. Айтар
жауап, берер уәдем жоқ. Сенімен сөйлеспеймін.
Апарсаң, үлкен ұлығыңның
алдына апар, - деді.

Прокурор:

-          Сен
де Жәмеңке сөзін айтамысың? Осы
айтқаныңды ғана қуаттаймысың?
Жоқ, басқа да айтарың бар ма? - дегенде: - Мен сенімен сөйлеспеймін. Сенің ісің - зорлық. Зорлықшымен сөйлесуші ме еді? Жауап бермеймін, - деді. Бұдан әрі екі-үш қайырған сұ-раққа тым-тырыс
жауап қатпады.

Солдаттар оны да кейін әкетті. Бұдан соң Әубәкірге кезек келгенде, ол көзі қанталап, жүзі ашумен сұрланып,
асығып тұрғандай еді.

-          Менің
айтатыным: не Жәмеңке айтқанды істе, не болмаса. елдің екінші айтатын сөзі баяғыда ақ патшаға қарағанда солдат
алмаймын, алымын ғана аламын деген. Бүгін ол сезім қате екен, енді солдат алғым келді десең, баяғыдан
бергі елден алған алымыңды түгел қайтар. Содан бергі елдің шығынының барлығын қолына түгендеп санап бер де,
солдатыңды ал, анаған көнбесең,
ел осыны істесін дейді. Менің жауабым осы, - деді.

Осыдан соң ояз, прокурор екеуі
болып арлы-берлі қағытқан,
қажаған, ұрысқан сөздің
ешбіріне де жазалылар жасыған жоқ.
Өзге ешбір сөздеріне жауап бермей, осы айтқандарын қайта-қайта айтып, тұрып алған соң, «Қайта апарып жабыңдар!» деп
әмір етті де, ұлықтар үшеуін де абақтыға қайта қаматты.

IX

Прокурор, ояз жауап алып, абақтыға
тыққаннан бері қарай үш күн өтті. Бұл
уақытта сыртынан да, абақты
ішіндегі өзге тұтқындардан да Ұзақ, Жәмеңкелер еш қанықты хабар ала
алмады. Ұзын құлақ сияқты естілген шала-пұла
сыбыста: «жақында ұйғырлар көтерілгелі жатыр. Қырғыз тегіс атқа мініп, қару ұстапты. Абақтыға Ұзақтар сияқты қолға түскен бірнеше қырғыз
басшыларын қасындағы жиырма, отыз кісілерімен әкеліп қамап тастапты. Сол ұйғыр кісілерінен де бірталай басты
адамдар осы абақтыда жатқан көрінеді. Бәрі де не боларын білмейді. Бірақ
елдеріне «көнбе, болма, алыса
бер» деп хабар айтып, «ұлыққа мойындамай, жасымай жатқан жайы бар» деген
еміс-еміс хабарлар ғана естіледі.

Бір тәуірі - Қарқара жағынан
әкелген Албан кісілерінің барлығын да бір камераға қамап еді. Әлі топтарын
жазған жоқ. Бұларға бұрын жатқан, соңынан ұсталған қазақтардан да жеті-сегіз кісі
әкеліп қосып, осы күнде бір бәлмеде жатқандардың ұзын саны он сегіз болып еді. Бәрінің де
айыбы біреу-ақ. Жігіт бермеймін деген ел үшін жатқандар.

Қалың елден жырылып шығып, қамау үйі, күшті тұтқынға алынған жазалыларға күндік өмірдің
өзі де жылдықұмбаққа
толғандай көрінеді. Сағат
сайын бір ерекше қаталдық, қастық
күтеді. Түсі белгісіз болса да, заты мәлім сияқты. дәурен сияқты,
толып жатқан белгісіздікке, ж

Осындай іштей ширатылған күдік,
қауіп үстінде еңбексіз, алданышсыз отырған топ әр кезде әр алуан сөз сөйлеп, бірде үмітке беттеп, амандыққа сенгендей сөз сөйлесе, бірде бірінен бірі жасырмай ашық айтып, үлкен қауіп-қатер
барлығын да сөз қылысады.

Қайдан шыққаны, кімнен хабар
екені белгісіз, бірақ бүгін таңертеңнен бері: «Қашқар көтеріліпті, ол жақта патша солдаттары
жеңіліпті, енді Қашқар әскері осы жаққа қарай беттеп, мұсылман
атаулыны төрелер зорлығынан құтқармақшы» дейді дескен сөздер

шығып еді. Бұл хабар да күндегі
күдікті, қорқынышты хабармен араласып келіп жататын, болымсыз үміт белгілері
сияқты. Бұған қазақ
камерасындағы көпшілік сенгендей де еді. Бірақ Ұзақ, Жәмеңке
басынан сенген жоқ. Бұлардың
сенбеуі өзгелердің де күдігін
күшейтті. Әйтсе де абақтыға түскеннен бері созылған томаға тұйық жұмбақты халге бұлардың тапқан жалғыз
айласы сол сияқты болып,
құмалақ салу шығып еді.

Кейде жеті-сегізі бір араға
жиылып, кейде екіден, үштен қоралай отырып, жалпақ, кең нардың үстінде
бұршақтан құмалақ тартады.
Күн сайын ертеңді-кеш салынатын құмалақ
жалғыз, тілші, жалғыз комескі үміт беретін ермек сияқты.

Бүгін Қашқар хабары естілгеннен
бері соған арнап салынған құмалақ жоқ еді. Сондықтан жұрттың көбі бір қалыпты сөздерден, жүдеуліктен қажығандай,
жалыққандай болып, нар үстінде жантайысып қалғып жатқанда, Кәрібоз деген
ақсақал басын көтеріп
Әубәкірге:

-          Ей, Әубәкір, құмалағыңды әкелші, Қашқар туралы не сөйлер екен, - деді.

-          Иә,
жайшылықта құмалаққа тыным таптырмаймыз. Салатын болсақ, енді салайық та, қанша
айтса да, жақсылық қой мынаның өзі,
- деп Сыбанқұл да басын көтерді.
Әубәкір қамданып, құмалағын
алып, нардың ортасына таман малдасын құрған бойынша, үндемей жорғақтап сырғып келді.

Бұл
уақытта Ұзақ, Жәмеңкелер де
басын көтеріп, түнеріп
қарасып күтіп отырысты.

-          Жақсы
лебіз - жарым ырыс деген ғой, мына кісілер сенбейміз дегенмен, өзім әлі содан күдер үзгенім жоқ. Сол жақта
әйтеуір бізге жайлы бірдеңе бар, - деп, Әубәкірдің жездесі нүке
де сырғып келді.

Әубәкір әлі де үндемей сазарып отырьіп құмалақ тартты. Құмалақтың бас-аяғы
түгел жазылып болған соң, жұрт тегіс бірталай уақыт үндемей
отырысты да, аяғында біріне-бірі: «Сөйле, сөйле, сен сөйле» десіп, қолдарымен үштен, төрттен уйіріліп түскен топтарды қозғап-қозғап қойып, қайта-қайта жүректегі үш құмалақты қозғалақтап сырғыта беріп кеп,
аяғында:

-          Оңды-солды
айқасып кеп түскен құмалақ
осы.

-          Рас, мынаған
қарағанда, хабары да, өзі де
келді.

-          Бәсе, мынау
- қан майдан аралас қой.

-          Несі
болса да, ұмар-жұмар бірақ-ақ болады. Қашқардан өскер келді. Құдай бұйырса,
босаймыз, түбі аманшылық, тыныштық, - деп, жаңағы Сыбанқұл, Нүке айтқан сөздердің барлығына қорытынды сияқты
сөзді Кәрібоз ақсақал айтты.
Көпшілік бәрінің ортасында ағасы
сияқты Кәрібоздың сөзін дуалы сөздей көріп:

-          Айтқаның
келсін... балың пайғамбардың балы болсын.

-          Осы
айтқаның болғай-ақ та, қария, аузыңа құдай салғай-ақ та!.. - десіп, жұрт жабырласып алғыс айтып, енді құмалақты жиыспақшы
болғанда, бағанадан үндемей отырған Әубәкір:

-          Сендер
солай дейсіңдер ғой. Мен бірақ соған сенбеймін. Құмалақ олай сөйлеп тұрған жоқ. Тақ мен білген құмалақ шын болатұғын
болса, бір үлкен қырғын болады. Сонда жартымыз өлеміз, жартымыз шығамыз, - деп,
Кәрібозға тесірейіп қарап, үндемей тына қалды. Жұрттың бәрі:

-          Аузыңа тас.

-          Тіл-аузы
тасқа болсын.

-          Тіпу, тіпу,
түкір жерге! - деп, Нүке де Әубәкірді
түрткіледі.

Құмалақ жиылған соң әркім орын-орнына таман сырғып барысып, қайта
жантайды. Екіден, үштен ғана үйіріліп, біріне-бірі бұрылып жатып, ақырын-ақырын, күңкіл-күңкіл
ғана әңгімелеседі. Өйткені, құмалақтың
аяқ кезінде есіктің төсігінен
белгілі әдет бойын-ша екі сұқ кез тағы келіп қадалып, ұрлана жалтақтап, бұлардың
жай-күйін бағып, аңдуға келгенін сездірген.

Құлыпты қара есіктің кішкентай тесігінен сығалай қараған сол екі кез
камерасындағыларға әрқашан үркіте, сескендіре келгендей әсер ететін. Алғашқы абақтыға отырған күні-ақ сол сұғанақ, сұқ көздер екі-үш қарап, қайта жоғалып кеткен уақытта Жәмеңке өзгелерге қарап:

-          Абақтыда
кісіні сескендіріп, жүрегіңе шаншудай қадалатын көпір - осы кішкене тесік.
Көріп тұрған қорлығың,
қыспағың да, соны көрсетіп зәрленіп, иығыңа шығып тұрған мың да бір жауың, ұлығың да сол тесіктен қараған
суық көзден түгел көрініп тұра-ды. Жүректі қобалжытып, қажытатын да сол, - деп еді.

Содан бері жұрттың
бәріне де тесікке қадалған
көз, бұлардың өкпесінен
қадалған дерттей, маңдайына қарап кезеген ажал оғындай болып көрінетін.

Кейде жалтылдап, кейде жыпылық
қағып аңдушы көздер камераның ішін оңды-солды кезгенде, нар үстінде отырған
қазақ жазалылары, қараңғы
түнде күн жарқылдағандай, нажағай ойнағандай үндемей томсарып, ішінен тынып
қалатын.

Құмалақтың арты осындай иә
томсару, иә болымсыз ғана күбір мен жадырауға айналып еді. Тыныштықпен сүт
пісірімдей уақыт өтті. Сәл
кезде бағанадан қабағын қатты түйіп, қозғалақтап аунақшып, тыныштық ала алмай
отырған Жәмеңке қатты күрсініп, көтеріліңкіреп келіп:

-          Апыр-ау,
бұл қалай болып барады? Менің
жайым кетейін деді ғой, ішімді өртеп
әкетіп барады, -деді де, қайтадан шалқасынан құлай түсіп, шыдамын тауысқан азап қинаумен ішін басып бүктетіліп
кетті.

Жұрттың бәрі үрпиіп шошынып қалды.

-          Не дейді, не
болып қалды? Бәтір-ау?!

-          Жаңа сап-сау
еді ғой, неліктен болды?

-          Қай
жерің, қалай ауырып тұр өзі? - деп, Кәрібоз Жәмеңкеге қарай
жылжыды. Жұрттың бәрі есі шық-қандай
сасқан, үріккендей. Бәрі
бірдей қиналып жатқан қарияға қарай қозғалысты. Аздан соң Жәмеңкеге айнала телміріп отырып, не болып
қалғанын білмей таңданыса
бастады.

-          Іші-бауырымды
ертеп, езіп барады. Төтенше не боп қалды дейсің? Не де болса, жаңағы жеген тамағынан
болды... маған... сонда бірдеңе қосып жіберді ме деп отырмын. Бағанадан шыдаған
болып едім... енді жайымды көтіріп
барады... біткені осы шығар... қа-тын, бала, ел-жұртқа сәлем айтыңдар... қош енді, -деді де, қайтадан бүктетіліп бір
жиырылып, бір жазылып, жанын қинаған азапқа түсті.

Минут сайын түсі көгеріп, кәрі қабағы қарыс жабылып, тастай
түйіліп, демі ауырлап ұшына
бастағандай болды. Көзін ашпайды. Ендігі қайғы-дертті соңғы қинау сағатын жұмулы көзбен өткізгісі
келгендей. Өмір бойы үйтіп-бүйтіп, алдаған болып, әрнәрсені көрсетіп, қадірлі
де, жақсы да кісі қылған
сияқтанса да, ағайынға, елге абыройлы, салмағы зор басшы қылған сияқтанса да,
аяғында бүгінгі келіп тоқтаған соңғы сатысы барлық сол өткен күндегі
болымсыздың бәрін жоққа
шығарған, мазақтаған, адастырған сияқты.

Түзде, абақтыда, жау тұтқынында өлген өлім жасы жетпіс асқан шағында Жәмеңке басына келген
қабат қаза, ауыр жаза сияқтанды.

Іште тұншықтырған ауыр дерт бар. Кескіленгендей
тілім-тілім болып, бірде күйіп өртеніп, бірде сара тілгендей ашып, бүріп құрыстырған дене қинаумен бірге
көңілдегі соңғы сезімнің қазіргі халден жиренуі, түңіліп, тоңазып суынуы да
сондайлық. Аз уақыттың ішінде өлімге барлық сезімімен бой ұсынып
алып, бір рет бар күшін жиып келіп:

- Абақтыда, жау қолында өліп
барам, соны арман қылмасам, өзге арман жоқ... Жәмеңкенің жемтігі... қашанғы өлмей... сүйретіле бермек...
бірақ жалғыз арман... әйтеуір... жаудан өлген соң, не де болса... қан майданында қарсыласып... өлмедім...
кәрі қолым... тым болмаса...
жастығын ала өлмеді... -деді.

Қасындағы жұрттың көбі Жәмеңкенің
өзімен бірге басынан-ақ
шошынып күдер үзе бастап еді. Айнала отырған ағайының барлығының кезінен де
дыбыссыз жастар тамшылады.

Ешнәрсе айтысып сөйлескен жоқ.
Жәмеңкенің өз айтқаны рас. Құмалақ
салардың алдында бір шай қайнатымдай
бұрын барлық тұтқындарға сорпасымақ бір-нәрсені әкеп берген. Сонда: «Мынау
Жәмеңке шалдыкі» деп атын атап, бір табақшаны Жәмеңкеге ұсынған. Не болса да, содан болды. Көңілде сайрап ұғылып тұр. Прокурорға берген жауабы жұрттың есіне түсті. Оның үстіне жасы жеткен шал. Бұны өзге жазамен елтіру қиын. Атқызу заңнан тысқары жұмыс сияқты. Сондықтан өз ажалынан елді демекке әдейі астыртын у
беріп отыр.

Бұл жайды өзгенің
бәрінен бұрын ашық, толық
түсінген Ұзак еді. Ол
басынан-ақ, ең алғашқы ұсталған күннен бері-ақ осындай бір
істің бәр-бәрінің басына да
келетінін білгендей. Соған ішінен өз басын әбден дайындаған. Жүрегін әбден
орнықтырып алып еді.

Сондықтан бүгінгі құмалаққа да, оған қарап үміт, жұбаныш тапқан жас-кәріге де ешнәрсе айтпаған. Бірақ үміт ойлап желпінген
жоқ-ты. Сондайлық өзгелерді шошытқан Әубәкір сөзінен де
бұл сонша үркіп, қорқып
сескенген жоқ.

Жәмеңке баяғы заманнан бері тізесі айрылмай келе
жатқан үзеңгі жолдасы, жан серігі еді. Екеуінің бірін-бірі ұғынып, іші-тысымен үйлескендігі ерекше
болатын. Өз тұсында бұл екеуінің тәттілігіндей тәттілік,
бірлік ешкімде де болған жоқ. Қай істе болса да, бұлар жай-күйлерін айтыспай ұғысатын. Қабақпен неше алуан жұмбақтарды танысып, сөйлеспей,
емеурінмен ғана келісіп қоятын.

Осы жолы ел қарсылығына басшы болып, үлкен сөзді ұстанып шығарда да екеуі өзді-өзі
болып кездесіп, екі-үш ауыз сезбен ұғысып,
түкпір танысып келіскен-ді.

Өзге жерде, кең байтақта, ауылда
болса, Ұзақ Жәмеңкенің басын құшақтап отырып жылар еді. Барды айтып
арылып, арыздасар еді. Егіліп отырып арманын ағытар еді. Бірақ қазір соның қайсысын істесе де, Жәмеңкенің де, өзінің де намысына тиетін сияқты.
Досын риза қылмай ренжітетін, күйдіретін сияқты. Жәмеңке, Ұзақ ниеті - үлкен ниет, екеуіне бірдей
ортақ ниет болатын - сол жолда бүгін Жәмеңке өлсе, ертең Ұзақ та өледі. Жәмеңкеге
сен өлесің-ау деп жыласа, онысы
Жәмеңкенің ниетін толымсыз көрген, қата тапқан кемсінгеннің белгісі болар еді.
Екеуі де кере, біле тұра кіріскен.
Неге болса да шыдаймыз, көтереміз
десіп, нық уәделесіп алып кіріскен. Және тұтқында, жау қолында отырып жыласа, екеуінің де сүйегін
сындырғандай, өздерін өздері қорлап,
кішірейіп жасытқандай болар еді.

Бұндайды Жәмеңкеден де, өзге барлық қазақтан да Ұзақ ерекше анық түсінеді. Баяғыдан бүның
айрықша мінезі өсындайда керінетін, сыналатын, сөз болатын, дүшпанға табашы
болар дейтін жер келсе, ондайда бүл етінен ет кесіп алса да былқ етпей, сыр
бермей, қасқырша дыбысын шығармай өлуге жараушы еді. Жәмеңкенін қайғысы қабырғасын
сындырғандай боп батса да, Ұзақ босаңсудың орнына сүрланып,
тістеніп, ешкімге де тіл қатпады.
Көзі қып-қызыл болып, ашумен
жарқылдап қарайды. Қатайып, сазарып отырып алды.

Жалғыз-ақ
Жәмеңке ақырғы рет бұған қарап, «қош» дегенде:

- Өмірі қабақпен танысып өтіп
едік. Менің не күйде отырғанымды да біліп жатырсың. Қош, қариям, серігім, не
айтайын. Жаның құдайға
аманат. Артыңнан мен де жетермін... өкінбе... арман жоқ! - деді.

Содан әрі өзгенің бәрі кеңкілдеп, кемсеңдеп, қайта-қайта мұрнын тартып жыласып, Кәрібөз «ясинді» оқып, иман айтып, үшкіріп
отырғанда, Ұзақ үндемей ғана
Жәмеңкенің жүзіне тесіле қарап, жым-жырт отырды.

Мезгілден-мезгіл өткен сайын
Жәмеңкенің халі ауырлап, әкетіп бара жатты. Сезден қалғанына бір талай уақыт болды. Соңғы уақытта жалғыз
ғана үздіктіріп ышқындырған, толқын-толқын қинау азап бар. Анда-санда аузынан
кек жалқаяқ ақтарылады. Ішін
өртеп тілгілеп бара жатқан аурудың күштілігі орасан жат сияқты. Қара өзегінің ішінде пышағы бар дұшпан қолы аралап, ақтармалап жүрген сияқты. Іші-бауыры тілініп, жыртылып,
өртеніп келіп түйіліп ауырғанда, тыныс бітіп, әл құрып, жоқтыққа батып, тұншығып кеткендей болады. Құр ғана түйреп,
түйіліп ауыртқан аурудың өзі ғана есінен шатастырып, ақыл-ойын жұтып бара жатқандай болды.

Қатты қинаған дерт көрі жүзіне де
өте суық, құбыжық таңбасын
басқандай. Әншейінде әжімі
көп, қатпары мол көрі бет мына көріп жатқан азап үстінде танымастық болып өзгеріп кеткен. Барлық жүзі сазарып,
күл беттеніп, өлім таңбасын басып, көкшілденіп алған. Түкті қабақ жиырылып,
құрысып келіп, қатты жұмылғандықтан,
көздің орнын да түгел басып алған сияқты.
Анда-санда үлкен зорлықпен
аларып, ашылып жабылған көздерінде
ол дүниенің меңіреу қараңғылығын, жоқтығын керіп, шегіншектеп, шошынып тұрған үріккендік бар сияқты.
Көзінің қарасы азайып, ағы молайған. Төмен иә тура
қарамайды. Жоғары қарай шапшып, шалқалай береді.
Шошытқандай болып қанталап аларады.

Маңдай, бет ажымдары жыбырлаған
жүз құрттай болып, әншейіндегі
бет пішінін, тіршілік ажарын жоғалтып, сол бетті жайлайтын көр ішінің құртындай керінеді. Қинау толқынын әсіресе анық көрсетіп тұрған кәселеу ұрты мен еріндері. Ышқынып келіп еріндерін жымырып, ішінде мың бұралып толқыған дертпен бірге қоса
қиналып, қозғалақтап жөтелгенде, ауыз белгісі біржолата жоғалып, орнында бейнеусіз,
сиықсыз, ирек-ирек, әжім-әжім сызықтар ғана қалады. Осындай іші-тысын бірдей өртеген қинау жаза, адам айтқысыз
азап үстінде екі сағаттай жатып, Жәмеңке қайтыс болды. Жолдастары тегіс жұтап,
жүдеп жылап отырып, иманын айтып дем салып, ақырғы болымсыз көмектерін беріп,
қызметін істеумен бірге ең ақырғы жалынды, арманды «қош-қошын» да айтты. Дене қайраты
бітсе де, жан қайраты әлі талайға жетерлік екпіні бар, жас жанды асыл қария сонымен
кете барды.

Камерада сол күні күнімен, түні бойы Албан кісілері Жәмеңкеге қайта-қайта
құран оқып, күрсініп, қабақ шытып, қаралы болып отырып, ұйқысыз күн мен түнді өткізді.
Ертеңіне таңертең ғана бұлар сырттағы өздерін бақылап жүрген кісілеріне Жәмеңкенің
жаманатын айтты.

Бұлардың жай-жапсарын білемін деген кісілерді үнемі жібере бермейтін. Күніне
бір-ақ мезгіл бір ғана кісі көрісуге болушы еді. Сол кеңшілікпен пайдаланып, Әубәкірдің артынан іздеп келген
қатыны кірген екен. Алыстан байын көрісімен, бұндай сұмдықты бұрын басынан атқармаған момын, әлсіз әйел жалғыз сүйеніші екі көзі
болып, мөлтілдеп жас ағызып, амандаспастан, даусын шығарып та жылауға айналып
еді.

Әубәкірдің өзіне де бұл көрініс қатты әсер етті. Ерекше
босаңсып, еріп бара жатқандай
болды. Ішіне ыстық шоқ тастаған сияқты. Күйік, амалсыздык дерті білінді. Бірақ
сол жайды байқаған сайын өзін
тез іркіп, тоқтатып алу керек еді. Басынан сөйтпекке бекінген.

Сол себепті жылап тұрған қатынына жақындай бере, амандаспастан:

- Жылама, коз жасыңның мұнда
тиынға да керегі жоқ. Жылайтын болсаң, кайт казір! - деп, өзі де бір тамшы сұп-суық жасын іркіп алып:  көп сөйлесуге мезгіл емес, бекер келгесің ғой, сонншлық алыстан. Балаңды да, өзінді де бір аллаға тапсырдым. Бар, қайт! Кеше кешке Жәмеңке қайтыс болды. Тамаққа қосып бірдеме
берді ме деп күдіктенеміз. Ас артынан кетті.

Содан басқа сөз жоқ. Елден келген
өзгелерге соны айта бар. Қош! Құдайға
аманат! - деп, қатынын сөйлетпестен
қайта айналып жүріп кетті. Бұл хабар Қарқара маңына жеткенде жайлау-жайлаудың барлық
елін дүрк өргізгендей болды.

Алдында да Асыдағы Қызылбөрік босып келіп, үркіндінің алдын бастаған соң, одан бері қырғыз, ұйғыр хабары да үсті-үстіне қат-қабаттап келіп жатқан соң, Қарқара маңындағы Албан
буынып-түйініп, бір үлкен іске әзірленіп қалған сияқты еді. Енді қай кезде, қай
істің тұсында басталатыны белгісіз. Бірақ ел бойын кернеген ашу мен кек түн
асқан сайын тасқындап, молайып келе жатқан. Осы соңғы күндерде Қарақолдан
ертеңді-кеш онда әкет-кен кісілері туралы хабар алып, жәрмеңке басын-дағылар
туралы да үзбей, ат ізін құрғатпай,
біреуден біреу хабарланып, амандық, тыныштықтарын біліп тұрғанды.

Бірақ олардың жатуы созылып
барады. Сондықтан бір-екі күннен бері кісілерімізді қайта сұрап аламыз. Ел болып жиылып, жәрмеңкеге
барып: «шығарып бер, босат» дейміз дескен әртүрлі байлаулар болған. Іс жалғыз
жәрмеңкенің өзіне қалса, Жансейіт, Баймағамбет байлаған сөз бойынша Қарқараға
әлдеқашан шабуыл жасауға да ел тегіс тас түйін болып дайындалып, белсеніп алып
еді. Бірақ бұндағыларды солайша
аламыз десек, яки солай алсақ
та, анау Қарақолға әкеткендер онымен босамайды. Бұндағы істің сазайын солар тартып,
ауыртпалықты соларға түсіріп алармыз деп, сол жақты көп ойлап, бөгелеңдеп тұр еді.

Қайтсе де бір істің басталатын
кезі жетіп келеді. Жараның аузы ашылуға айналып, сарысу кернеп кетті. Жұқарған, тесілгелі тұрған жерлер көп. Қайсысынан шықса да, бір қимыл, бір сыр шығады. Соны ойлап
жайлау-жайлаудың елі, дәмелі жігіттері аттарын күндіз-түні қолда сақтап, белдеуден
найза, белден қылыш сабы сияқты қаруын кетірмейтін болған. Жатпай-тұрмай іздеп
жүріп, мылтық, алтыатар тауып алғандар да бар-ды. Ондай сирек құрал бұл күнде елдің барлығында санаулы сүрдей сақтаулы. Бұрын мылтықты көп ұстаған
мерген болса, яки білегі сенімді жүректі ер деп танылған мақтаулы азаматтар
болса, соларға тапсырылып беріліп
жатқан. Бұл қаруды тапсырумен
бірге ел атынан тілек айтылатын. Ескі қазақтың кәрі батасымен бірге кәрі мұра сияқты болған еркіндікті жоқтауды міндет қылып тапсыратын.
Осындай күдікті, күпті күйде томсарған қатулы жүз-бен қамданып, дайындалып келе
жатқан елге кеше кешке Жәмеңкенің жаманат хабары келіп естілген. Қарақолдағы тұтқындарға ас
жеткізіп, ертеңді-кеш қызмет қылып, жай-жосығын, аман-есендігін біліп түруға
шығарылған он-он бес кісі болатын. Со-лар Әубәкірдің қатынынан Жәмеңкенің
хабарын естіген соң, сол арада абақты ұлығына барып, қарияның өлігін сұраған.

«Өзіміз таза арулап, қолымыздан қоямыз, кісіміздің сүйегін бер» десіп еді. Бұған
абақты ұлығы өз бетімен жауап бере алмай, астыртын уезге ақылдасып алып келіп,
Жәмеңкенің елігін бермейтінін айтқан.

Елге Жәмеңке жайынан хабар жіберуден бұрын Қарақол басындагы жігіттер
бұндағы ұлық атаулының барлығына барып, сөйлесіп, арылып шыққан. Ояз,
прокурорды да көріскен. Ешқайсысы да жарытып жауап берген жоқ. Арыздарды дұрыстап тыңдаған да кісі болған
жоқ. Әйтеуір бірдеңе айтты дегізбек үшін, абақтыда өлген жазалы кісіні заң бойынша
ел қолына беруге болмайды. Мұсылман
әдетімен молдаға жаназасын шығартып, өзіміз қойғызамыз деген болды.

Қарқараға Жәмеңкенің өлімі жайында хабарды әкелушілер
осы сөзді қоса әкелген. Көп елдің аласыз көңілмен тұтас көдірлеген қариясының сезікті
өлімімен бірге мынандай қылып сүйегін де бермей қоюы естімеген сұмдық сияқтанды.

«Қарқараға барамыз, бұндағы ұлық арқылы кісіміздің сүйегін сұратамыз, қолымызға аламыз» деген шарт байлау
жайлау-жайлаудың барлығындағы
елдің басын бір араға қосқан түгел тілек сияқты болды.

Осымен хабар келген кештің
ертеңінде Қарқараға тұс-тұсынан
қалың-қалың топтар үзілмей ағылып келіп жатты. Тақ түс кезі болғанда талайдан
қаңырап иесізденіп тұрған жәрмеңкенің басы баяғысынша
аттылы-жаяу болып кернеген ел
тобына лық толды. Базар орталары ерсілі-қарсылы жыбырлап қозғалысқан қалың қол болып
кетті. Көше-көше аттылы, өгізді,
тайлы, құлынды-биелі
Албандарға сіресіп толып алды.

Шет-шеттегі әлі де болса, оннан,
жиырмадан тарау-тарау жолдармен шұбаған
беріктілер арылған жок. Токтаусыз ағылып жатыр. Барлык жиын ішін-дегі адамдардың
жүзінде бір-ақ қана сұрақ
бар. Бәрі де жиыларын жиылып алып: «Енді қайтеміз? Неден бастаймыз? Көптен
күткен ниетті енді іске асырамыз ба, жоқ па? Әлі де тосарымыз, күтеріміз бар ма?» дегендей дел-салда еді.

Бүгінгі жиынға олай қыл, бұлай қылды айтып басшылық қылған
кісі жоқ. Бірақ басшысыз, байлаусыз қозғалган қалың жиынның тілегі де, шарты да
өз ішінде айтыспай, серттеспей-ак,
қалың топ ыммен, емеурін қабақпен ұғысқан
сияқты. Іштегі шын наразылықпен содан туған қарсылық ниеті, енді тесіп шығар
жерін ғана күтеді. Сондықтан
ел тегіс томсарулы, ашулы, көп сөйлесіп даурықпайды. Ешкім де соншалық желігіп, жеңілейіп күліп ойнамайды.

Бірен-саран балалау жігіттер,
ойыншы, күлдіргі жеңілтек адамдар арасында болмаса, бүрынғы бүндай жиында
болатын неше алуан қалжың, желік казірде атымен жоғалып өшкен сияқты.

Елдің түсін, қабағын бағып жүрген урядник, қазақ-орыстар Ақжелке кеңсесіне осындай ажардың барлығын дамыл алмай
жеткізіп тұрды. Таңертеңнен
елдің бүйтіп ағылатынын білмеген, күтпеген ұлықтар, жәрмеңкеге
бүгін ерекше көп елдің келіп қалғанын
түске тақағанда ғана байқап
еді. Шеттен тыным алмай, ағылып жатқан аттыларды да сол кезде байқаған.

Елді мүмкін болғанша, жәрмеңке басына көп-көптен келтірмеу керек. Қалың жиындар болса, оны тарату керек еді. Бірақ бүгінгі
ел жиыны басында аз-аздан бастап, біріндеп құралып алды. Басында елемей, байқамай отырғанда, жәрмеңке ішіне елденеше жүздей кісі ерте келіп
кіріп алыпты. Содан кейін жәрмеңкенің
өз ішінде кернеп тұрған
топтың өзі де мөлшерден тысқары көп болғандықтан, сырттан келіп жатқан бесті-онды
кісілерді қайта қайырып, жолатпаймын десе, теріс
болатын сияқтанған. Ондайдың өзімен
де шегіне жетіп, шеттігіне ілініп, сылтау іздеп тұрған елді шапқа түртіп, қоздырып алуға болады.

Қорқақ ұлық осыны есептеп, жәрмеңкеге ағылып
жатқан топты тоқтата алмады. Бірақ не де болса, шарасыз, қамсыз отыруға болмайды. Сондықтан урядник
сияқты ұлықтар жәрмеңке басында әскер
атаулының барлығын пристав кеңсесінің айналасына әкеп жиып қойып, базар маңында
жүрген ұлық атаулы, қызмет
иелерін де түгелімен Подпороков өз қасына шақыртып алған. Сөйтіп алдырған
кісілерінің ішінде қазақ тілмаштары да бар болатын.

Бұларды әншейін уақытта қазақпен қатынас азайғаннан бері күнде шақырып,
күндегі керегіне жаратпаса да, осындай қазақ елінің тобынан көпшілігінен жасқанған күні әдейі іздетіп жүріп, қастарына алғызатын жәрмеңке ұлықтарының әдеті еді. Осындай
тай-лы-таяғын бір араға жиып қамданып болып, енді ел топтары не сейлеп, нені ниет қылып жүргендерін
білгізуге қайта-қайта жансыздар жіберіп, ел жағынан іс күтіп отырған. Бұлар күткен істі ел түс ауа бастады.

Көшедегі тығыздық елден ерекше.
Ине шаншар жер қалдырмағандай. Дүсір-дүсір басқан ауыр салмақ білінеді. Аяңнан
артық жүріс бере алмай, үзеңгі, ер-тұрманымен қақтығысып, қажасқан аттар салмақпен ырғалып, жан-жақтың барлығынан Ақжелке кеңсесін қамап, қоршап келеді.

Жиын иін тірескен, ұшы-қиыры
керінбеген көптік, тығыздықпен
кеңсе маңайын қаптап басып алды. Анда-санда әр жерде өзара бірен-саран сөзбен тіл қатысқаны болмаса, көпшілікте өлі де үн жоқ, қасарысып
сірескен тым-тырыстық үстінде қара бұлттай түйілген ашулы ызғарлы топ қалың қара ордай болып дөңгеленіп, қанаттасып алғанда,
кеңседегі ұлық атаулының барлығы баяғысынша тағы да тысқа шықты. Ел бұларды көргенде, бірі үстіне бірі ентелеп, кимелеп басып кетті. Ұлықтардың солдаттары бір бөлек жақта қалып, өздерін атты қазақтың тобы ортасына қысып,
жырып алды.

Ақжелке бұл жайды маңайына
жалтақтап тұрып байқап көрсе
де, енді ешбір айла істеуге болмай
қалып еді. Сондықтан не де болса елдің бетімен кетпек болып:

- Не айтасыңдар? Неге жиылдыңдар? Арыз айтатын басшыларың
кім? Неге сөйлемейді? - деді.

Бұларды қоршап алған жиынның алдыңғы
қатарындағы кісілері Баймағамбет, Жансейіт, Қартбайлар еді. Барлық өзге топтың
ішінен ұжымды екпінділікпен, ерекше ызғарлықпен де өзгешеленіп шыққан Дөңгелек
саз елі болатын. Әсіресе осы
араға жиылған топ сондайлық өрлеген, қатуланған күйде еді. Сондықтан Ақжелке
жаңағы сөзді айтып тоқтасымен бірнеше дауыс:

-          Жәмеңкенің
сүйегін бер!

-          Кісіміздің
өлігін қолымызға бергіз!

-          Сен
жапқыздың, сен өлген кісімізді қолымызға алып бер!

-          Абақтыдағы
өзге кісімізді шығарып бер!.. - деп, көз қызарып, бет сұрланып, күре, шеке тамырлары
адырайып тұрып бірнеше ашулы
жігіттер қатты-қатты сөйлеп жіберді. Бұлардың ішінде Жансейіт, Баймағамбет те сөйледі.

Ақжелкені бұл сияқты тұтасқан ашулы шу сескендіріп, шошытуға айналды. Ол өңі қуарып, жорғалақтай басып, жағына
сөйлеуге бет қойып, көптің айдынына тіктеп қарауға шыдай алмай, ыға жөнелді.

-          Халық,
сіздер сөзге құлақ салыңыздар. Ел кісілерін жапқызған жоғарыдан келген бұйрық. Біз ешнәрсені өз бетімізбен істегеніміз жоқ. Жоғарғы ұлықтың бұйрығын ғана істейміз. Қарақолдағы ұлық та
бізден үлкен. Айтқанымызды ол алса - алады, алмаса - қояды. Жәмеңкенің өлгені рас, бірақ сүйегін бермей отырған - бізден жуан ұлық. Оған мен қайтемін?!

-          Сен
ұстап жібергенсің. Оның айтқанын сен істегенсің. Енді: «Мұндағы ел наразы болып, ереуіл қылып жатыр.
Менің тілімді ал, кісінің сүйегін бер» деп, Қарақолға қағаз жаз, кісі жібер, -
деп Баймағамбет жауаптаса бастады.

-          Оған
ол көнбесе қайтесің? Менде
қайрат жоқ. Оны қайтесің?

-          Ол
көнбесе, Алматыға телеграм соқ. Мына елдің арызын орындаған дұрыс. Кісісін
өздеріне беруді мақұл көремін
де! Мына, осы елдің барлығының жиылып келген сөзі - осы сөз. Біз кісімізді
аламыз.

-          Иә, өлтіргендерің де жетеді, сүйегін бермей отыра алмайсың, - деп, Жансейіт бір жағынан
қадалды.

-          Кісіміздің
сүйегін әпер. Ақжелке, ел сені біледі.

-          Сен
істедің осыны, егер кісіміздің сүйегі тимейтін болса, сен істеді деп білеміз, -
деп желке жағынан тағы бірнеше дауыстың қадалғанын байқады.

Ұлықтардың барлығы
да жан-жақтарына жалтақтап,
әрбір сөйлеген кісілердің өңдеріне телміріп, есі шығыңқырап, қысыла бастап еді.
Ақжелке де айтар сөз таба
алмай, құр жалтақтауға
айналды. Сол уақытта тергеуші өз
тілінде:

-          Айтқандарыңды
істеймін. Алматыға телеграм соғайық  деп уәде беріңіз, - деп құңқ етті, Содан кейін Ақжелке:

-          Жәмеңкенің
сүйегін қолдарыңа беру керек.
Бұл бір жаңылыс қате ғой деп
ойлаймын. Егер онда бермейміз деген сөз шын болса, Алматыға телеграм соғайық. Бірақ жалғыз мен емес, сендер
өздерің де, ел атынан ел
кісілері де соғыңдар, бірге соғайық, -деді.

Бағанадан Баймағамбет, Жансейіттер
мен Ақжелкенің сөйлескен
сөздеріп дұрыстап құлақ қойып тындамай, бір жерден қырпуын тауып соқтығуды, бүлінуді
күтіп тұрған ел, мына сөзден
соң барлық қызулы оты тоқталып, бәсеңдеп, сабасына түсе бастады.

Біреуден-біреуге:

-          Ақжелке
Алматыға телеграм берейік. Жәмеңкенің сүйегін жоғарғы ұлықтан сұрайық. Бермегені -теріс деп жатыр, - десіп, соңғы Ақжелке сөзі жұрттың бәріне күбір-күбір,
дабыр-дабыр еткен дауыстармен бірге оңды-солды жазылып, тарап жатты. Соның тарауымен
бірге көпшілік қазіргі табысына қанағаттанып, тоқсына қалып, әдеттегі
момындығына бейімдеуге айналды. Бұрынғы
өліртіп тұрған ашу, екпінінен қайтып, жүні жығыла бастады.

-          Қайтсын
байғұс. Бұның шамасынан келетін сол-ақ шығар.

-          Мақүл
айтады. Өз қолынан келетінді аямайын десе, одан әрі не қолқа бар.

-          Жалғыз-ақ сол айтқанын қазір істесін.

-          Қазір,
қазір істесін.

-          Телеграм
қазір жазсын деп айтыңдар. Уа, ана жерде тілдесіп тұрған кім? Қазір істесін сол айтыптұрғанын! - деп, арттағы көп дауыс қайта-қайта айғайлап, осы бір сөзді
әлденеше жерден сан кісінің аузымен айтқызып, ұлықтарға
жеткізіп жатты.

-          Қазір
жазбақ, бүгін-ақ жібермек болды, - деген хабар қайта шықты. Баймағамбет, Жансейіт те алдарында жүні жығылып, жорғақтап түрған ұлықтарды көріп, енді не бұйырарды
білмей, дағдарып қалып еді. Сол кезде ұлықтар ептеп-ептеп сырғып, кең-селеріне таман қозғала бастап, елге:

-          Енді,
халық, сен тара. Бұл арада
бәрің бірдей үйілгенмен не түседі? Телеграмға қол қоятын
кісілерің қалса болады.
Өзгелерің ауыл-ауылға қайта
бер. Екі-үш күнсіз хабар келмес. Егер жақында хабар келіп қалса, өзіміз
білдірейік, - деп тегіс кетіп
бара жатты.

Жансейіт жаңағы уәдеге басында көппен бірге риза болып іркіліп
қалса да, артынша мыналардың қысылыңқырап тұрған жайымен пайдалану үшін, тағы бірнеше тілек айтуды мақұл көріп:

-          Онан
соң мына абақтыда жатқан кісімізді де шығар. Олар жазықты емес, ел жазықты.
Кінәлі десең, дейтінің барлық ел болу керек. Жеке Серікбай, жеке Ұзақ ештеңені өз жанынан шығарған жоқ. Егер кісімізді берсең,
келісеміз, Онда жақсы ұлық боласың. Әйтпесе, біз сені кінәлаудан босатпаймыз.
Ақжелке, кісімізді бер! - деп айғайлады.

Жұрттың
бәрі сол сөзді де қостап:

-          Иә, кісілеріміз шығатын уақыт болды.

-          Сарғайтуың
жетті, оларда жазық жоқ.

-          Мына
осы тұрған бәріміз де жазықтымыз, олар жазықты болса, қылар
болсаң, бәрімізге қыл! - деп,
тағы да көп-көп дауыстар жеңкіліп бара жатқан ұлықтардың артынан шұбатылып,
созылып естіліп жатыр еді. Бірақ
осы сөздер айтылса да, ел кетіп бара жатқан ұлықты бөгеген жоқ. Әуелгідей ызғары жоқ, қысып, ықтырып та әкете
алмай, босаңсып бара жатыр. Артындағы елдің кебі бет-бетіне қозғалып, жік-жігімен тарай да бастап еді. Сондықтан
Ақжелке, қайта-қайта айғайлап, жауап сұрап, тақымдап болмаған Жансейіттен құтылмақ болып, артына қарап тұрып:

-          Ол
кісілерді жапқызған жоғарғы жердің ұлығы
еді. Жақында тағы да
жарлықтары келер деп тосып тұрмыз.
Көп ұстамас, босатар деп те ойлаймыз. Олар жайынан шыдай тұрыңдар, асыңпаңдар, - деді
де, топтан жырылып шығып, ұзай берді.

Ел:

-          Асығатын уақыт болды.

-          Қашанғы
сарғайып жатады?

-          Шығартып
бер кісімізді... шығармасаң, ел жақсы
ел болып тұрмайды, бұзылысамыз.

-          Елдің
шыдамы жетті. Енді бұдан арғыны көтерер
жайымыз жоқ.

-          Бәсе,
соны айт... кісіміз шықса шықты, шықпаса өкпелеме бізге... ұлық болсаң,
тыныштықта ұлық шығарсың. Елге сызың батып, момын жұртты шабақтап, ренжіте
берсең, көріп алармыз.

-          Енді
аз күн сынармыз, көреміз... сонда айтқанды істемейтін болсаңдар, байқасамыз
сенімен. Ақ желкемісің, көк
желкемісің, кімің болсаң, оның бол! - деп қалың жиын айғайлаған, еркіндеген даусымен бұрын еш уақытта айтпайтын сөздерінің бәрін де айтып жатты. Бірақ ұлықтар бұның бәрін бірдей өз құлағымен естіген
жоқ. Жарым-жартысын естісе де, байқамаған, естімеген кісі болып кете барды.

Елдің көпшілігіне осы айғайлар шертіп, сыздап тұрған қалпында дем шығарып, тыныс-толас
берген-дей болып, бұрынғы
жалынды кеміте, бесеңдете берді. Бүгінге арналған ашу іспен шықпай, көп дырдудың айғайы, ащы кекесіні
қорқытқа сияқты доң айбатымен шығып
бара жатқандай болды. Сондықтан таңертеңгі ажарына қарағанда бүгін бір соқтығыс болатын сияқтанса да, жиын
ешбір ерекшелік, тентектік істемей, ұлықтың жылпылдатқан сөздеріне алданып, жуасып бәсеңсіп, момын күйде
тарады.

X

Көпке берген уәде бойынша, сол күні жәрмеңке ұлықтары Алматыға да,
Қарақолға да атаған қағаздарын
жазып, телеграмын да беріп еді. Ел кісілері көзбе-көз өз алдарында жазылып,' шабаршымен,
тығыз почтамен жіберілген қағаздарды көріп, уақытша риза
болып тарасты.

Жазылған қағаздың толық сөздерін ел кісілері өзі оқып, анықтап танысқан жоқ. Ел арасында орысша хат білетін
қазақтан бір де кісі жок болатын. Жазылған сөздердің мәнін көпке Оспан айтып берді. Оған тапсырған, айт
деген Ақжелке болатын. Оспан қысқаша мазмұны осы деп:

- Өлген кісінің сүйегін беруді ел
сұрайды, елдің бұнысын
орындаған мақұл. Әйтпесе ел
наразылығы күшейетін көрінеді. Бүгін жәрмеңке басына әлденеше мыңдай кісі жиналып келіп, бізден
осыны түгел сұрады.
Айтқандарын үлкен ұлықтың еске алып, орындауын тілейді. Шарт қылып қояды.
Әйтпесе өкіметке наразылық көрсетуден,
үлкенірек те іс істеуден тайынатын сияқты емес. Абақтыға алынған кісілер туралы
да босатуды сұрайды. Осы
туралы бұйрық істеуді, жол көрсетуді сұраймыз, - деген.

Телеграмның анық толық сөздері осы еді. Бұның
ішінен Оспан құрық берерлік, қолайсыз
көрінерлік сөздерді шығарып тастап, елмен бірге жәрмеңке басындағы өкімет қызметкерлері де Жәмеңкенің сүйегін беруді сұрайды деп, қысқаша тойтарып қана аудар-ған.

Осыдан соң төрт күн өткенде,
Қарақолға Алматының жауап бұйрығы
келді. Қарқарадан жіберілген телеграммен бірге сол күндерде, келесі күндерде Алматы
ұлықтарына, Қарақол, Қарқара
жағынан әлденеше қосымша
хабарлар барып жатқан.

Елдің бәрі бірдеңені күтіп жүр. Бір белгілі уақытта
соқтығуға қамданып, дайындалып жүрген сияқты. Абақтыдағы кісілерге ғана жалтақтап бөгелгендей, егер олардың отыруы созыла
берсе, иә оларға істелді
деген бір жазаны естісе, жалпақ
ел тұтас ереуілге шығатын сияқты.
Қазіргі қазақ елінің анық
жайы осы деп, күн-күн сайын осыған ұқсаған
қосымшыларды Қарқара, Қаракөл екеуі де дүркін-дүркін жеткізіп
жатқан.

Облыстық қаланың ұлығына осындай мағлұматтарды
жеткізумен қатар, жергілікті кеңселер соңғы уақыттағы өкімет саясатының анық
бетіне түсіне алмай, әр алуан
жарлық күткендей болатын. Бір есептен жаз ортасынан бергі бетке қарағанда,
қырғыз, қазақ сияқты мол жерге ие болып отырған жабайылар көтеріліс, ереуіл
жасаймын десе, жасап көрсін. Кішкене еркіндетіп жіберіп, кінәні өз мойнына
артатындай ұпай салып алып, өздері істеген істі өздеріне кінә қылып қатты қырғын ашу керек. Бостырып тоздырып, тұқымын құртып жіберіп, олар отырған шұрайлы жердің барлығын қазынаға
алу, қалаған кісіні отырту
керек. Сондықтан бұл елдер көтерілісті ойласа, ойласын; істесе,
істесін. Бөлінеді, жарылады, өкіметке
жауығып кқарсылыққтап,
сондай қимылға өздерін айдап салу керек. Көпке білдірмей, сездірмей отырып,
түртпек салып, шапқа түртіп ашындыру керек те, содан кейін істеген қимылына
қарап тұрып, ас салу, талқан
қылу, орнымен жоқ кылу керек дейтұғын. ойлайды деп сескену, қорғану керек
емес. Қайта астыртын шаба

Жаз ортасынан бері уездегі ұлықтар мен солардың аудан-ауданға шығаратын приставтары да 25-ші
июнь жарлығымен қатар естіген үлкен сарын сол еді.

Басы солай делініп басталған соң,
мүндағы ұлықтар сол бетпен екіленіп, жаланып, «шаш ал
десе, бас алып», алдияр деп алып-ұшып
тұрған. Бірақ бұлар қазақ, қырғыз ішін ойрандап бүлдіріп, жындай құбылған жаманшылықтарды істеп тұрса да, соңғы уақыт-тарда алғашқы
бетпен нұсқаған жаңа, тың бұйрықтар болмады. Алғашқы сөз, әуелгі бет бар ма, жоқ па -оны да анықтап білмейді. Оны айтыспайтын
сияқты болып барады. Бұлар
әуелгі белгіленген нысана осы деп, бір жағынан қазақ, қырғыздың қалың елін әр алуан орынсыз бұйрық, өрескел зорлықпен шапқа түртіп
ашындырып отырып, қыңқ еткен басшыларын, тізіп шұбыртып, абақтыға салып жазалап отырып,
сонымен бірге маңайдағы өзімен
кездескен, алдарына келген қазақ-орыс, крестьянға да жаңағы өздері ойлаған ниетті ұғындырып, иландырып тұратын. Сол бетте баулып, аңқау,
момын тату елді әдейі орталарына от салып араздастырып, ушықтырып, біріне-бірін жау қылып көрсететін болған.
Бұл беттегі істері де далаға
кеткен жоқ. Ең алдымен қазақ-орыейар бұл шырғаға оңай келіп, баяғыдан ұлықтың атарманы болып қоқақтап қалған
әдетпен қазақ елін жауша бөріктіріп,
үркіте қимыл қылатын болды.

Бұлар қазақ, қырғызға беттегелі, тап бергелі кес-кекті аюдай кіжініп,
тісін басып дайын отыр. Пісіп
толған, дайындалган істің бір тарауы осы түрде. Бұл саналғандардан басқа тағы бір түйін,
тағы бір жақсы шиеленіскен тұзақтай
болып елдің басшылары түгел қолға түсіп отыр да, арасынан Жәмеңкесі өліп, Оныңсүйегін бермеу керек деген ақыл табылды. Өкіметке берсе де, бермесе де бәрібір болар еді. Бірақ елге бәрібір емес. Оған бермей қойса, шынымен кектендіріп
өшіктіреді. Көр бала, аңқау ел соған да шабына от түскендей тулап, тағы да
кінәға, айыпқа қарай аяңдап, бұрынғының
үстіне тағы да белшесінен бата берді. Сол елді қоздыратын, құтыртатын іс болуға жараған соң,
Жәмеңкенің сүйегін беру деген әңгіме де жәрмеңке басындағы Ақжелкеден бастап,
Қарақолдың ұлығына да, одан
әрі Алматыдағы үлкен ұлықтарға да недәуір үлкен, келелі,
негізді мәселе сияқты көрінді.

Аяғында Алматы ұлығы бұл мәселені шешті. Шешкенде, бұл күнге шейін соңғы уақыттағы бағыт, саясат туралы толық хабар ала алмай, алғашқы қара
дүрсінмен келе жатқан
жергілікті ұлықтарға бет нұсқап, бағыт бергендей болып шешті.

Ол, әуелі, Жәмеңкенің сүйегі
берілмесін деген. Екінші, елдің бүліншілігіне бастық болған басшылар абақтыдан
босамайды. Олар кепіл есепті. Егер ел осы күндерге шейін бұзықтық, бүліншіліктен тыйылмаса,
абақтыдағы кісілері түгелімен ұлы
жазаға тартыл-сын. Бірін қалдырмай жоғалту керек. Қазаққа, қырғызға, ұйғырға да - барлығына да істейтін
ісі осы. Егер содан әрі ел көтерілісі болатын болса, оны да аямай, өз қолдарындағы барлық күштерді жұмсап, еріксіз бағындырып, басып
мойындатып алыңдар. Ешкімді де аяу керек емес. Қандай қаттылықтан болса да қорғанбау
керек.

Оның үстіне қазақ, кырғыз
казак-орыс сиякты қала, поселке түрғындарына залалын тигізіп, малын алып,
үйлерін өртеп, кісісін өлтіріп түрғаны бар деп естіледі. Ел-елді аралауға
шыққан қызмет адамдары-нан да өлгені бар. Керек десе, почтага, әскери обозға да
шабуыл жасағандары бар дейді. Бүл - қалың елдің ашық жаулык жолына шыққаны.
Ондайға аяныш, рақым, кешірім деген нәрсе болуға жол жоқ. Аянбай, іркілмей
отырып тентекті жуасытып, асауды көндіріп, женге салу керек. Бұл күнге шейін істелген бассыз-дықтың кегі
күшті болу керек деп тапты. Жер-жердің ұлықтарын біржола қайрап нығыздап, екпіндетіп іске кірістіру үшін
Петербордан ел қарсылығымен алысуға келген кәрі жандаралдың сол күндерде барлық
ұлық арасына жайылған белгілі
қатал сөздері тіркелген екен. Осы
әмірдің өзі де сол жандарал атынан шығыпты. Мұның облыс әкімдеріне тапсырған
бұйрығынан туыпты. Өмірдің әр жерінде жандаралдың тапсыруын, бұйрығын атап-атап
келіп, ең аяғында: «патша солдатының қаны тамған жерде ешбір бұратана ел тіршілік
етпесін» деген кәрлі сөзін құран
сөзіндей, туға байланған ұрандай қылып келтіріпті.

Қарақол ұлығы бұйрықты
алысымен-ақ ояз, прокурор бастаған әскери кеңес жасап, ортасына абақты
ұлықтарын, қарулы-солдаттардың бастықтарын алып отырып, абақтыдағылар жайында көп
жасырын сөздер сөйлесті. Байлаған сөздерін кешіктірместен орындатпақшы болды.

Бүгін таңертеңнен бері қазақ камерасындағы тұтқындар іштен де, сырттан да ешбір хабар ала
алған жоқ. Жалғыз-ақ әкеп берген тамақты ғана алды. Ешқайсысын
тысқа шығарып бөгде кісімен
тілдестірген жоқ. Құн бойы
абақты маңына қазақ,
қырғыздан ешкімді жолатпай, зекіп, қорқытып, қуып жіберіп тұр. Тегінде соңғы уақыттарда қалаға босып келгендер көбейгеннен бері қарай қазақ, қырғыздың бос дала адамы көшеде
емін-еркін жүре алмайтын да
болған. Жақында қырғыздың жаулығын көріп, не өздері, жаралы болып, не
туған-туысқандарынан айрылып келгендер болса, көшеде қазақтың, қырғыздың түсін көргенде
ақырып боқтап, жабылып қуып
сабап, кейбіреулерді тобының ортасына әкеліп кергілеп, өлтіріп те тұрғандары болған.
Сондықтан Ұзақтарды күтетін
жігіттер жаннан кешіп қана еңбек қылып жүр еді.

Бүгінгі абақты ажары күндегіден
де қатайыңқырап, бұзылыңкырап
тұрған соң, Ұзақ, Әубәкірлер абақтының өз ішінен бірдеме сыбыс естімес пе екеміз
деп байқап еді. Ол талаптарынан да
ешнәрсе шықпады. Камераларынан шығармай, өзге тұтқындармен араластырмады.

- Бүгін осы абақтының сұрқы
жаман, қалай болайын деп тұр
бұл?! - деп көптің іштей
жүдеген күдігін Көрібоз қария
сыртқа шығарды. Әлденеден таңертеңнен бері бұның бойы ауырлап, жер тартып тұрғандай. Сонымен бірге көңіліндегі талай салмағынан жеңілейіп, сергігендей бір
ерекше лепілдеген елгезектік белгісі де байқалған сияқты. Сыртқы қабы-на ішінің
кеңдігі сыймағандай.

-          Сұрқы бұзылып тұр. Бірақ не шара?! Не қылмақ керек, - деп, Нүке өзге жолдастарына қарады.

Жұрттың бәрінің жүзінде қатты күшейген қауіп күдік белгісімен бірге «не боламыз,
не күйге ұшыраймыз, бұның арты қайда апарып соғады?»
дегендей жұмбақты сұраулар білінуші еді.

Түншықтырғандай белгісіздік Ұзақтың шыдамын
тауысқандай, буындырғандай әсер етті. Сондықтан ол есік тесігінен қарап тұрған солдатқа:

-          Ей,
бізді неге бүгін шығармай қойдың? Сырттан келетін кісімізге неге
жолықтырмайсың? - дегенде, екі көз аз сықсиып, кішірейіңкіреп тқрды
да, есіктің ар жағынан:

-          Сағат
алтыда манифест болады, - деп сырғып тайып кетті. Сықсиғаны күлгені ме, болмаса
«осыным шын» деп ымдағаны ма, отырған жұрт ұға алмай
қалды. Бірақ көздің жөні бір басқа, бәрінен де айтылған сөз құбыжықтай, ажалдай дүрк шошытты. Әубәкірдің денесі ұйып, талықсып кеткендей болды. Өңі де
қуарып, қатты сескеніп, үркіп кеткеннің белгісін көрсетіп тұр еді.

-          Бұның айтқаны бір сұмдық қой. Енді
«қош» дегеннен басқа не қалды?
Қария, иман айта бер! - деп, Кәрібозға қарап шалқайып барып қабырғаға сүйене кетті. Осының артынан Кәрібоз
әрбір қауіп үстінде істейтін
әдеті бойынша сүре «ясинды» оқи бастады. Даусы күбір-күбір етіп, бір үзіліп,
бір естіледі. Жыртылып шыққандай
тамағы кебірсіген сияқты.
Ешкімнен ешбір ауыз сөз шыққан жоқ.
Барлық жұрт жым-жырт, сілейіп
қатқандай. Дене тіршілігінен айрылып, құр ғана болымсыз сүлдер қалғандай. Әубәкір алғашқы қабырғаға сүйеніп
қалған қалпында әлі де тастай қатып қалшиып қалды. Өне бойы өзінікі емес, бөтен бір бұйым сияқты сезіліп, өзі қайсы, дүние қайсы екенін айыра алмай,
түгел араласып, ұласып кеткендей,
бір шатасқандық, күңгірттік байқалады.

Өзгенің бәрінен бұның үркуі күштірек, ерекше сияқты. Қалған
жұрт соны байқағандай болып,
Әубәкірдің алдын ала ұсынғанын
жаман ырым сияқты көрісті. Бұл
жай біріне-бірі сөйлеген сөзбен, тілмен білінген жоқ. Бір-бір ғана қарасқан көзден, тынышсызданған қабақтан ұрылғандай еді. Қазіргі үлкен қауіпті
күту үстіндегі жым-жырттық бұл адамдарды ерекше сезімді қылып,
елжіретіп, жеңілейтіп тұрғандай.
Дененің бір ғана қозғалысы, беттің бір ажымының болымсыз ғана бір жыбыры болса,
соған шейін отырған жұрттың бәріне бірдей түп-түгел танылып, оқылып қойғандай
болады. Келешек белгісіздік сағатты ыстық қанды денемен, барлық сезімді жүйрік
жанменен түгел ұсынып, құлап күткендіктен, мына
жым-жырттықтың ішінде бұл
адамдардың тілдері сөйлеспесе де, бірімен бірінің жаны ым қағып, белгі берісіп,
жай-күйді танысып тұрған
сияқты.

Сондай маңайдағы болып
жатқандарды бұлжытпайтын қырағылық, ерекше көпшіл сезімділік Әубәкірдің.
қазіргі жайын бұларға әдемі танытқан. Бірақ қазіргі сағатта оған бұлар берер қайрат жоқ. Үйретер ақыл
да жоқ. Соны көппен бірге сезіп отырған Нүке Әубәкірді не де болса, қазіргі
халінен түртіп шығарып жібермек блып:

- Балдызыма еркелейінші, - деп
келіп, Әубәкірдің тізесіне
басын салып жантая кетті.

Бұл қозғалыс ойлағанындай әсер етті. Әубәкір қорқыныш түспен араласқан ұйқыдан оянғандай, жымиып есін жиды да,
шынымен еркелеткендей болып, жездесінің бетін сипады. Бой жылынып, жаңадан жан
жүгіргендей болды. Ерекше сезімділікпен емеуріннің, жұмбақтың сағаты бұларды баладай ағартып, аң-қауландырып тұр. Бәріне де тазалық қанатын бітіргендей.
Сондықтан мына екеуінің істеген балаша мінездері ешкімге жат та, өрескел де
көрінген жоқ. Дәл қазіргі халдеріне сол қажет, сол тәтті
де сияқтанды.

Осымен бір жарты сағаттай уақыт өткенде, есіктің сыртында сарт-сұрт
дыбыстар шықты. Асығып, ерсілі-қарсылы қақтыққан көп
кісінің дабыр-дұбыр жүрісі
естілді. Камера іші толған
жұрт түгелімен селк етіп шошынып, есікке жалт-жалт қарады. Сол-ақ екен, келесі секундте барлық
абақты іші дозақ үніндей жат суық үн шығарып, көп мылтық даусы күрс-күрс, батыр-пұтыр естіліп қалды. Камера іші дәрімен ажал иісіне толып бара жатты.
Көрші камералардан өкірген, аласұрған,
абақтыны басына көшірген неше алуан жалынышты да, кекті де, дерттіу қаралы да айғайлар, шулар естілді.

Қазақ камерасында нар үстінде
отырған жұрт басында
біріне-бірі ұмтылып, бір
араға үйіліп, біріне-бірі сүрініп жығылып, аяғында жан-жаққа тарай бастап еді.

Алыстан жалынған, өкірген, сыйынғандардың дыбысы келеді. Оқ тиген, өлімге қарай бас игендердің
ақырғы ыңырануы, қарғысы
естіледі.

Осы уақытқа шейін қазақ камерасы аман сияқты еді. Бір
мезгілде бағанағы қараған көз қайта айналып, бір сығалап қалды да,
қасындағыларға ақырын әмір етті. Сонымен бірге есіктің тесігінен үш-төрт
бесатардың ажал иісті көк мойындары камера ішіне жылмаң-жылмаң кіріп алды. Кіре
сала үзілмей тасырлаған дауыстарымен бірге жарқ-жұрқ еткен көкшіл қызыл оттарын шашып, бұрқ-бұрқ түтіндерін шығарып, оңды-солды қайшыланып нар үстіне оқ жаудыра бастады.

-          Алла, алла!

-          Аруақ, иә, аруақ!

-          Қош, қош!..

-          Иә, Райымбек ата... сақтай көр, иә, құдай! - деген неше алуан үркінішті,
жалынышты, шошынған айғайлар қазақ камерасын да басына көтеріп, мылтық тілімен бірге әлсіз үндерін үзбей жатты. Алғашқы оқтармен
бірге ұшып-ұшып, бүктетіліп-бүктетіліп түскен денелер
де бар еді. Олардың бәрінің
де үні бір-ақөшкендей. Жалғыз-ақ бір-екеуінің ғана даусы:

-          Уу-Һ...
уу-һ... жа... не... м. Жа... не... м... алла... ал-ла! - деп үздігіп қана
естіледі. Кейбір оқ тиген денелер жатқан жерінде ыршып-ыршып түсіп, бір
сіресіп, бір жиырылады. Оңды-солды аунап, бүктеліп, шиыршық атып жатқаны да
бар. Нар үсті жосып, сырылдап аққан қан болып кетті. Кейбіреуінің кеудесінен,
маңдайынан ытқыған ыстық қан
осы айналасының бәрін бояп,
шапшып жығылып жатыр, мылтық тоқтамай, толас қылмай күрсілдеп, дозақ күнін
тудырып тұр. Бірақ камера іші
тұтаскан кек түтін бо-лып
кетті де, енді тар тесікке қадалып
тұрған көздер камера ішіндегі адамдардын, өлгені
мен тірісін анықтап көре
алмайтын, түгендей алмайтын болды.

Бұл уақытқа шейін өлген
кісі - нар үстінде жатып қалған жеті-сегіз. Қалғаны жаралысы бар, ама-ны бар,
алғашқы атылған мылтық даусымен бірге еденге домалап жығылып түсіп, содан нар
астына қашып кіріп кетіп еді. Бұдан
қалған үшеу-төртеуі есіктен
қиысырақ тұрған пештің жанына
келіп тығылған. Бұл арада тұрған Сыбанкүл, Әубәкір, Ұзақ. Әубәкір мен Ұзақтың бойынан қан саулап тұр. Өне бойлары
ып-ыстыңқандай қызумен қайнағандай. болып, әлде

Мылтық барлық абақты ішінде әлі
де үзілмей батырлап тұр.
Тесіктегі көк темірлер
біріне-бірі соқтығып, тар
тесікте қысылып, оңды-солды айқасады. Жоғары да, төмен де үңіледі. Әрбір қозғалысымен бірге қызыл от жарқ-жұрқ етіп, жай отындай жаланып,
буын-буын түтін де бүрк-бүрк
шығады.

Әрбір жат дыбыспен бірге, әзірше шыбын жаны шықпаған тұтқындардың қорқынышқа толған кеуде-сінен:

-          Иә, құдай, иә, аруақ!

-          Ақсарбас,
ақсарбас!

-          Шынымен
біткеніміз бе?

-          Қырылғанымыз
ба?! Алла, алла! - деп, жасқанып, шошынып тұрып, үзіп-үзіп айтқан жалыныш, өкініш, арман тілі шығады.

Осымен бес минуттай уақыт өткенде
абақтының түкпір жағындағы
мылтық дауыстары шұғылынан
тоқтай қалып, сол жақтан коридорға қарай
ақтарыла, шулай жүгірген
қалың айғай-шу естілді. Бұл
жақта көп қырғызды қамаған
үлкен камера бар еді. Дыбыс солардың жатағы жақтан шықты.

-          Босандық,
босандық! Қыр, жой!

-          Жастығыңды
ала жат!

-          Атаң
көрі!...

-          Кет, көзіңді
жоғалт...

-          Қыр,
жой! Иә, аруақ! Иә, бабам! - деген қалың айғай, дырду естілді... мылтықтар тоқтап, басылып қалды. Суық қару құр ғана қашқан қолда сатырлап, босып бара
жатқан сияқтанды. Бұл көзге шейін қазақ камерасына қадалған
үш мылтық әлі де ажал белгі-сіндей
болып, сұғын қадаудай тоқтаған жоқ еді.

Сырттағы дауыс пеш жанында тұрғандарға алдымен естіліп, тезінен
қайрат беріп, ақырғы дәрменін
қарсылыққа, алысуға қарай айдағандай болды.

-          Өлсек, қарсыласып өлейік, аянатын не қалды енді, ұмтыл! Ұста ана мылтықты, -деп, Ұзақ айғай салып жіберіп, есікке қарай тап берді.

Бұнымен
бірге Әубәкір, Сыбанқұл да:

-          Бәсе,
енді не қалды? Иә, аруақ!.. Иә, құдай!
- деп келіп, есіктен сығалап тұрған
мылтықтарды қабырға жақтан
жағалап келіп төмен қарай жұлқып-жұлқып кеп
тартып қалды. Сол арада
коридор бойынан жосып қашқан
көп солдаттармен бірге бұл
камераның алдында тұрғандар
да мылтықтарын ,тастай-тастай қаша
жөнелді. Осы кезде нар астында қалған
бірен-сарандар да сүйретіліп шығып, алдыңғыларға қосылып қалып еді.

Солдаттан камера маңы айыққан
сияқты болды. Коридор бойында жөңкіліп шулап, тарс-тұрс жүгіріп келе жатқан тұтқындар болатын. Осы жайды шала-пұла түсінумен бірге камераның
ішінде қыбырлауға шамасы
келген жандардың барлығы да
енді есікті бұзып, шыбын
жанын қасап үйінен сүйретіп шығуға кірісті.

-          Бұз есікті!

-          Қират
мынаны, суыр ана нардың тақтайын! -деп, біреуге-біреу әмір етіп, қолына түскен нәрсемен
тақтайлы есікті тарс-тұрс ұра бастады.

Нардың үлкен тақтайын өзгеден бұрын Әубәкір суырып алып еді. Бұның қазір де арқасы оттай жанып,
ысып жүрсе де, бойын жеңіп, құлатып
әкетіп бара жатқан ауыртпалық жоқ. Дерт білінбейтін сияқты. Сондықтан барлық дәрменімен үлкен тақтайды құлаштап көтеріп әкеле жатып:

-          Үштің
бірі тіл дегенің қайда?! Он
сегіз кісіден бірді шығармаймысың,
а, құдай! - деп, әлі күнге
міз бақпай тұрған тастай суық құдайына шынымен өртеніп,
наразыланғандай болып, ақырып
келіп: - Иә, Райымбек ата! Иә, аруақ! - деп, есікті қалың жалпақ тақтаймен түймештеп,
қойып-қойып жіберді.

Өрі жас, әрі қарулы, денелі
Әубәкір өзіне оқ тисе де, қайратынан айрылмағандай қажырлы сенімді сияқты еді. Бағанадан бұның бойын ұйытып, жеңіп, басып тұрған
жайын қорқыныш, енді қайнаған ашу мен ызаның астына
түсіп, жоғалып кеткен сияқты. Сау денені тесіп кірген оқ, сол дененің шығарған ыстық қанымен
бірге, ең алдымен бндағы адамдардың ішіндегі қорқыныш, үркектікті де ала шыққан
сияқты.

Әубәкірмен бірге Сыбанқұл,
Ұзақ та есікті бір-бір
тақтаймен тарс-тұрс ұрды. Топса шиқылдап, шегесінен
шығып, қобырап кетіп бара
жатты. Кішкене қаланың
жөндекілеу болып салынған абақтысында соншалық сенімді мықтылық, үлкен беріктік
жоқ еді.

Әйтеуір өлетін болған соң қарсыласып, алысып өлу керек. Сонда ғана
шейіт боласың деп ертеден көп айтысып, нық сеніскен көңілмен камера ішіндегі
шамасы бардың барлығы түтқын
есігіне барлық күштерін салып еді.

Аяғында Әубәкір бес-алты салып
қалып, енді тағы да алғашқыдай екпінмен екіленіп келіп, тағы бір-екі рет
үсті-үстіне түйіп-түйіп жібергенде, қара есік шалқасынан қисая барып құлай кетті. Денесін сүйреуге шамасы
бардың барлығы да:

- Иә, ақ сарбас, иә, тәңірі, бере көр! - деп, шу-шу етіп
алдыңғы босап шыққандардың арты коридордан арылғанша, бұлар да жосылып, сатырлап, қашып жөнелді.

Бірақ абақтының өз ішінде солдат болмаса
да, тыстағы үлкен қорған ішінде әдеттегі күзетте жүрген қарулылар әлі де бар еді. Абақтының өз ішіне кіріп, камераларды
атқылаған солдаттар алғашқы
қырғыз тобы есікті бұзып
шығып, қалың селдей болып өздеріне карай қаптағанда, есі шығып босып жөнелген. Арасында қару-жарағынан
айрылып қалғаны да бар еді. Өздері қырып,
қан жоса қылып, өлтіріп тұрса
да, сол өлімге айдап тұрған
топтар беті-басы қан болып, ажал таңбасын басып алған пішіндерімен өз-деріне қарай дүрк жүгіргенде,
солдат атаулы көр ішінен қопарылып кетеріліп келе жатқан кекті, жайын жүзді, суық
қайратты кергендей болып, қарсы
қарап тұруға шыдай алмай,
ығып женелген.

Солардың алды босып қашқан түткындармен бірге шығып есін
жиып алып, кайтадан қаруланып та қа-лып еді.

Сондай-сондайлардан құралған он шақты мылтық абақты
үйінің ар жағына қарай шашырап шығып, дуалдан секіріп шығамын деп, тым-тырақай қашып, қарбаласып жатқан тұтқындардың бірталайын әлі
де атып жығып, қанына шомылдырып жатқан. Қазақ камерасынан шыққан қашқындар дәл
осы кезге келіп ілінді.

Бұл уақытта күн кешкіріп, қала ішіне ымырт қараңғысы
кіруге айналған еді. Егер қазіргі
тосқауылдан аман-есен шығатындары болса, бірдеме қылып жалтарып, қашып көруге сол бір сүйеніш сияқты болатын.
Әубәкір езі қашумен бірге Ұзақты
да қолынан ұстап, сүйрей
жүгіріп келе жаткан..Бұлар
шық-қан мезгілде дәл абақты
есігінің алдында тұрған солдат
жоқ екен. Сол жақта дуалдың ең жақын жерінен жаңа ғана секіріп кеткен бір ұйғырды кездері шалып қалды да, соған қарай жүгірісті. Сыбанқұл Әубәкір мен Ұзақтың артында еді. Жүгіріп дуалға жете
бере Ұзақты қолтығынан,
аяғынан көтеріп, дуалдан асырып тастаған Әубәкір енді өзі секіруге айналғанда,
арт жағынан бұларға қарай
кезелгендей болып, тарс берген мылтық даусын естіді. - Сол кезде жан ұшырғандай болып, Әубәкір дуалдың үстіне шыға бере, ар жағына
құлай-мұлай домалап түсті. Жалғыз-ақ дуалдан аса
бергенде, артындағы Сыбанқұлдың:

-          А-һ-һ...
қалдым... мен... қош!.. - деген сөздерін ғана естіді. Оған оқ тиіп, шалқасынан
серең-серең етіп барып, аяғында жиырылып, бүктетіліп құлап қалды.

Дуалдан түсісімен Әубәкір Ұзақты қайта ұстап
көтеруге айналып еді. Оның қозғаларлық жайы болмай қалған екен. Аяғын баса алмады. Алдында
бойынан ағып жүрген қанның
өзі де бұған меңдеп, дене
тауып тиген оқтың барлығын білдіріп жүр еді. Бұл уақытқа шейін ерекше шыдамдылық қылып, тістенген тарамыс қайратпен
ғана зорға сүйретіліп келген екен. Оның үстіне дуалдан құлап түскен уақытта қартаң дене оқыс жығылып
мертігіп, әлсіреп қалыпты. Қазірде өлімге бой ұрғаны ма, жоқ
талғаны ма, әйтеуір, өңі көгеріп, тіршілік ажары кетіп, бойы
суынып, кетіп бара жатты. Жүруге біржолата жарамайтын сияқтанды!

Сол күйде Әубәкір арқалап, сүйретіп әкетпекші болып еді, өзінің де жайы кетіп, басы
айналып, ішіндегі дерт теңселтіп, жығып бара жатқанын байқады. Ұзақпен бірге сүлдері құрып, жығыла кетті.

Басында қалған ақырғы сезім Ұзаққа
жолдасының жайын ұқтырғандай
болды. Ол:

-          Уһ...
біткенім осы ғой... бар енді... қош... Албан баласына, тірі қалсаң, сәлем
айт... арман жоқ... ел
үшін... - деді де көзін жұмып,
қайта талып, кетіп бара жатты. Сол уақытта сатырлаған мылтық дауысы жақын жерден
тағы естіле бастады. Енді көшеге шығып атқылауға айналған екен. Кідіруге орын
қалмады. Әубәкір:

-          Қош!
Қайран Ұзақ... жамандығым болса,
кеш, жарқыным! - деді де, Ұзақтың
бетіне қарап, сырғып женеле берді. Ақырғы рет Ұзақтың кірпігі қозғалып, ыммен иек қағып, қоштасқандай болды.

Әубәкір жақын жердегі дуалдан
дуалға секіріп отырып, алдында өзінен бұрын қашып шыққан
екі ұйғыр, бір қырғызға қосылып, төртеу болып алып, бір қорадан бір қораға
түсіп, абақты маңынан ұзап
кетіп бара жатты.

Бұлар сол түні бір иесіз үйді
тауып алып, аз ғана бекініп отырып есін жиып алып, ел әбден жатқан соң, қаланың адамдарынан ұрланып,
жасырынып жүріп отырып, қашып берді.

Көшеде келе жатқандарында үрген ит естерін шығарып, састырып
еді. Бірақ ит дауысына шыққан қуғыншылар болған жоқ. Иттен
соңғы бегет қаланың көше-көшесіне келденеңдетіп тартып тастаған неше қатар
арбалар, қала сыртында айқыш-ұйқыш
қып қазған орлар болды.

Осыған қарап қашқындар бүгінгі оқиғаның ішкі жайын толық түсінді. Бұл қала маңайдағы елдің
шабуылын, жаулығын күтеді. Сондықтан мынандай бас қорғайтын қамдар істеп, қаласын буып-түйіп дайын-дап отыр. Абақты
ішіндегілерге істеген қатты жаза да содан.

- Әттең, сол күткен жауы неге
келмеді? Неге кекке кек, қанға
қан ағызбады? Не маңғаз, не қасқа жайсаң жусады ғой мынау ұлық, мынау дұшпанның сұмдығынан. Әттең! Әттең! - деген арман шықты. Жау қолынан құтылып далаға шыққан соң, қырғыз, қазақ,
ұйғыр демей төрт қашқын далада отырып, бірге туған бауырын жоқтаған туысқандардай болып, осындай жалынды армандарын айтып отырып, ботадай
боздасты.

XI

Қарақол қырғынының хабары
Қарқараға жеткенде, қалың елдің каң жиынының ортасына зеңбірек оғы түскендей
әсер етті. Жат хабар жайлау-жайлаудың барлығына кешке жақын бір мезгілде тиіп
еді. Ел ерсілі-қарсылы шабысып, кешкі жайылыста жүрген жылқыдан дамылсын-дамыл
топ-топ ат, айғырлар ұсталып,
ерттеліп жатты. Енді қырылу,
қыру, қолға түскен ұлықты қолма-қол бауыздау, қанды қанмен жуу, сонымен бірге бұл араны мекен етпей, талақ қылып, барлық өткен дәуренге,
баяғыдан бергі момын тіршілікке қош
айтып ауа көшу, тез-тез кек алып, көзіне
келгенді өртеп, жосып жөнелту, - ендігі қалған ажарсыз күннің, адыра қалған күннің барлық қамы да, тілегі, мұраты да соған ғана арналды.

Сондықтан еркек атаулы ат ұстап, найза баптап, мылтық оқтап,
айбалта, сапы сияқты қаруларын сығайлап, дайындап жатқанда, әйелдер үй ішінің
жүгін жеңілдеп, бөлек-салақты
азайтып, өте керек болатын аспаптарын ғана бір-екі тең қылып буып, езге бұйым атаулысын қайда тастарын, кімге беріп тапсырып
кетерін білмесе де, енді керексіз, талақ болған дүниедей көре бастады.

Үйдегі бөгет болатын ұлы дүниеден басқа далада жүрген
тірі қазына, аяқты малдың өзінің де қанша бұйырары, қаншасы қолында қалары белгісіз. Өйткені босқан елдің алдын
керіп отыр. Асының
Қызылбөрігі артынан қуған әскерден
бөксеріле, - асыға қашатын болған
соң, қоралы қой, топты
сиырларының талайын талай жерге шашып, иесіз тастап кетіпті.

Жасы үлкен қария, үлкен басты
еркектер болсын, қару ұстаған жас-желең бозбала, қатын-қалаш,
бала-шаға болсын, - бәрінің аузында қайта-қайта айтылатын бір-ақ сөз:

- Дүниенің бәрі де - жан садағасы. Мал да, жер де
аманшылық, тыныштықта, ер азаматтың аманшылығында жақсы шығар. Олардың басына
күн туған соң, дүниенің, қазынаның, мал-мүліктің не керегі
бар, - десетін. Бұл ниеттің
жолында баласы солдаттыққа ілінетін де, ілінбейтін де, - бәрі де бірдей жұмылған. Қазіргі уақытта Тұңғатар, Дәулетбақтай бірен-саран малын қимаған, тоқтығын, тыныштығын қимаған
байлар болмаса, яки Оспан сияқты ұлыққа
тығылған тілмаштар болмаса, өзгенің алаңсыз-алаңсыз бірлігі бар-ды.

Белгісіз үлкен, қиын сапар бар
деп, бір әкенің баласындай,
бір үйдің ішіндей буынып-түйініп дайындалған ел. Бірі білгенді бірі білді.
Үлкен білгенді бала білді, біреудің сөйлегенін жұрттың бәрі де сөйледі.
Осындай бас-аяғы бірдей халдің үстінде тұтасып жұмарланған
елдің ортасында тым болмаса бір де біреуі болса да, ертең ауып көшіп кеткенде
баратын жердің жай-күйі қандай,
көп елді бөтен ел сыйғыза
алатын бейіл бар ма? Кеңдік қандай? Ондайдың ешбірін де білмейтін, хабарсызды.
Бұны көп те білмейді. Көп ішінде керек десе, жалғыз-жарым,
некен-саяқ адам да білмейді. Басында тіпті
былай қыспаққа алатын болса, ауамыз деген сөз сөйленген кезде қалмаққа барады екеміз. Онымен Ұзақ жақсы екен. Үш жылға молынан сыйғызып. сақтап шығам деп айтады
дескен сөздер шыққан. Осы
күнге шейін елдің кәрі-жасының малданып жүргені сол ғана сөз.

Бұны сынайтын, өрескел дейтін, күдікке алатын кісі жоқ. Ондай айтушы
болса, елдің біріккен тілеуін бұзушы,
көпшілікті ірітуші есебінде танылады. Бұлардан басқа елде көптің байлаған ісіне, көптін жұмылған ниетіне сын да, шәк, шүбә да жоқ.
Тас түйіндей нық байланған. Шегеленіскен. Ол деген жерде әлісу, отқа түс деген жерде ойланбастан, айналмастан
отына да түсуге қалың топ шынымен-ақ дайын сияқты.

Жәмеңке хабарынан соң үш-төрт
күннің ішінде жәрмеңке басына елдің қалың тобы барып қайтқаннан бері қарайғы қалың
кепшіліктің жай-күйі осындай
еді. Бұл күндерде бұрыннан бері атына, абыройына, я
тіл, я беделіне қалың ел болып, бас иіп мойындайтын басшы жоқ. Ондайлардың
барлығы да тұтқында, жазада. Бірақ сондайлар жоқ болған сайын елдің қалың тобы ру-руы,
болыс-болысы, жайлау-жайлауы түгелімен біріне-бірі жамырасып, біржолата ішекқарны
араласып, шынымен қанат жазып тұтасып
кеткен сияқты. Ендігі бірлік, тұтастық
басшылар арқылы ғана туған тұтастық емес. Нағыз қалың, мықты көптің өзінікі.
Еркек, ұрғашы, кәрі, жасын
түгелімен бір араға жиған шоқтай
иірген, бір-ақ ұран, бір-ақ
қара өзекті қақ жарған, намыс
тіліндей тілек бар.

Сондықтан ел-елдің арасындағы қатынас бұрынғыдан да күшті. Екпін қызу, екіленіп
дайындалу, күтіну де бұрынғыдан
сонағұрым төртіпті, не ісі
болса да шапшаң. Қозғалыс, қимылдың
барлығы да жылпың қағып, ұршықтай үйіріліп, танымастық, тездікпен құлдырап тұрған сияқты. Кең, момын, болпыш, салғырт-салақ жайлау бұл күндерде бой жасаған баладай. Бұрын еш уақытта көрсетпеген отын көрсетіп, екпіндеткен жалынымен ұшқындап, елегізіп тұрған сияқты еді. Сол күйдің үстіне Қарақолдың
сұмдық хабары жетісімен-ақ,
ел жылап-сықтап, шошынып үркіп босаңсудың орнына бірақ сәттің ішінде тастай
қатайып, ашумен, кекпен жанып, ширап алды.

Сол түні-ақ жүз-жүздеген қарулы, сайманды ер жігіттер
ылғи сайлы сәйгүлікті мініп, жәрмеңке айналасындағы ұсақ қалалардың барлығына жағалай шабуыл жасап
шықты. Бұл шабуылдар тамам жайлаудың күш біріктіріп, тізе қосып алып істеген ісі емес. Әр ауданның
елінің өзді-өз бетімен мына естілген сұмдык хабарға берген алғашқы жауабы сияқты. Бұның бәрі ертерек болатын үлкен қимылдың басы, соған алдын
ала қара жарыс сияқты бір істер істеп, ерте бастан баптанып алу керек.
Бірен-саран да болса, қару-сайман
түсіріп алуға болады. Және жәрмеңкені шошыту керек. Алдын ала құтын алып, үркіте беру қажет.

Сондай талай-талай себептер
жиылып келіп, бүгінгі күнді жағалай шабысқа айналдырған. Бірақ әлі барлық  Албан бір араға жиылып, бір-ақ жерге күшін жаппағандықтан, әр жайлаудың елі өзді-өз тұсындағы ұсақ қалаларына қарай беттескен.

Сонымен таң атқанға шейін
Шырғанактының тобы езіне жақын жердегі новоселдердің бір-екі зайымкесін шауып
ертеп, мал-мүлкін түгел айдасып алып, содан арғы жердегі Жалаңаш қаласына да
шабуыл жасады. Бірақ бұл ертеден орналасқан, көп қазақ-орыстың үлкен қаласы еді. Елдің
шабуылын күткендей, қамданулы сақ екен. Алдыңғы зайымкердей кісісіз, қарусыз
боп кездескен жоқ. Жасанған жігіттердің шабуылын тізе қосқан ынтымақты көп
мылтықты қарсы алып, қаласына жуытпады. Бұған шапқан уақытта таң да атып қалып еді. Жалғыз істелген іс
-таңертең ертерек қаладан шыққан жүргіншілерінен бес, алты кісіні елтіріп,
бір-екі үш қораға тау жағынан
жасырынып келген екі-үш жігіт өрт
қойды.

Бұған істеген істері осымен бітіп, күн шығуға айналған кезде Жансейіт
бастаған көп жігіт түн бойғы істеген жорықтарына, шабуылына риза болып, енді: «Жәрмеңке! Жәрмеңке!» десіп
асығып шапқылап, солай қарай беттеді.

Осындай істі Ақбейіт, Жел Қарқара, Таңбалы тас елі де топ-топ
жігіттер аттандырып, әр жерде әр алуан қылып істеп, желпініп алған. Бұл түнгі жорықта қазақ топтарынан кісіден шығын шыккан жоқ.
Жалғыз-ақ бес-алты жігіттің
астарындағы аттарына ғана оқ тиді.

Жер, сумен қоштасатын күн тақап
келді. Енді бүгін бе, ертең бе кетеді. Кеткенде кекті жүрек, том-сарған жүз,
түйілген қабақпен кетпек.
Артта қалып бара жатқан зорлық, реніш, қиянат дәурені мен соның бәрін туғызған жат
мінезді, жау ниетті ұлыққа айықпайтын араздық, арылмайтын нәлет, қарғыс айтып
кетпекші. Сол жиреніш қарсылығын
қалың елдің қан жүрегінде нық
сақтамаққа, мәңгілікке сақта-маққа өздерімен
бірге ала кетпекші.

Бүгінгі түннің істері - сол нәлет
айтқан жүректің ең алғашқы
рет шешілгені, бетін ашқаны. Істің басы түннен басталған бетімен желісі
үзілместен, келесі күннің таңертеңіне араласты. Енді топ жәрмеңке үстіне қарай
аунады.

Түнгі жорықта болған жігіттер
жайлау-жайлауларына қайтып,
астарындағы аттарын ауыстырып, шала-пұла тамақтанып, тыным алған соң, барлығына
да: «Жәрмеңкеге қарай
қаптасын. Тайлы-таяғы қалмай, соның айналасына жиылсын. Барлық қару-аспап
қол-да болсын. Бүгін - бар қайратты салатын күн. Бүгін іркіліп, бой бағып
келмей қалатын кісі болса, ол елдін тілеуінен қалған, шетке шыққан, көпке бөтен
кісі болғаны. Келетіндер тез қамданып, бөгелмей келсін. Дәмелі жігіт, сенімді
қару, жүйрік ат бүгін үшін. Бүгіннен қалған жан - жан, мал - мал» деген бұйрық хабар жан-жақтың барлығына
екпіндеп шапқан сәйгүліктерінің тізгін ұшымен бірге ұшып,
шашылып тарап жатты.

Бұйрық қандайлық тәртіпті, тығыз, күшті болса, сонымен бірге
қамданған елдің жиыны, шабуыл да соншалық тығыз екпінді еді.

Мезгіл шаңқай түске жақындаған
уақытта жәр-меңкенің күн батыс жағындағы көк жота қара бөрікті Албанның құртша қайнаған қалың тобына сіресіп, лық толғандай болды. Ұзын көк белдің Шырғанақтыға
қараған беті жіңішкелеп аққан мөлдір бұлақ, кішкене аттар болса, сол арадан аз ғана сулап, ер-тоқымдарын желпітіп, айылдарын Ісайта
тартқызып; қазір болатын жорыққа тығыз әзірленіп жатты. Қалың қол-дың әр жерге
екшеліп үйіріліп жиылған қара нөпірлерінің ортасында кей-кейде ұзын найзаға байланған қызыл ала тулары да
көрінеді. Әр жердегі топтың
ара-арасында бірінен біріне қарай
мезгіл-мезгіл шапқылап шыққан
тілшілер, хабаршылар көрінеді.

Соңғы бір аз уақыттан бері ғана
келушілер саябырлай бастады. Енді жиылар күш жиылып болып қалған сияқты. Мынау
етекте жалпайып, кішірейіп бүрісіп тұрған жәрмеңкеге осы қолдын, өзі де
қаптай шапса, тамтығын
қалдырмайтын сияқты.Бүгінгі жиындардың ортасында көпке нұсқа беріп, айғайлап басшылық етіп жүрген
кісі аз емес, кеп. Бірақ сол кебінің әрқайсысының айналасында кем болса бірнеше жүзден әскері бар.
Қол-қолдың барлығында жоғары көтеріліп тікейіп шаншылған шоқпар, сойыл, істік
найза, жарқылдаған айбалта,
ел қолы түгелімен істікті, шанышқылы қол сияқты. Мол денелі қалың елдің ашумен
үрпиген жүні, айдынмен тікірейген қайратты
төбе шашы сияқты. Үдірейген
тік тұрған ашу, қайрат
белгісі бар.

Жалғыз-ақ жәрмеңке күші қаншалық,
қандайлық екені белгісіз. Сол
белгісіздің ішінде ең алдымен үн шығаратың мылтық болу керек. Соған жауап беретін отты қару қазақ қолында қанша
қамданғанмен аз ғана болып шықты. Бесатар атаулы тіпті жоққа жақын, бәрінде
азын-аулақ бердеңке ғана бар. Одан басқа кепшіліктің сенгені - арқар, таутеке ататын жалғыз ок. Содан қалғаны бытыралы шиті, бірен-саран
қос ауыз. Әйтеуір мылтық даусын көбейту
үшін кейбіреулерінің қойнына
тығып алған жаман шолақ алтыатарлары да бар. Қару деген қару осы. Бірақ барлық
елдің жүзінде сан қарудай боларлық үлкен сенім белгісі, ірі қайрат ажары бар.

Біреуге біреудің сырт ажары,
жалынды жүзі, екпінді шапшаң қозғалыстары осы жайды ұғындырып сездірумен бірге бағанадан бері
жиылып жатқан топтың ара-арасында сөйленген сөзден де сол білінді. Бүгінгі топтарға жағалай қыдырып жүріп сөйлеген жігіттер де болған. Олар:
Көкбай, Баймағамбет, Жансейіттер еді. Бір бөлек топтарға Қартбай да айғайлап, екіленіп тұрып көп-көп сенімді, күшті сөздер айтқан.
Солардың бәрінің айтатын
сөзін Көкбай анықтап ашып,
түсінікті қылып сөйлегендей. Ол Шырға-нақты елі енді шабуылға шығамыз деп атқа
тегіс мінісіп, Көкбелдің бетіне қарай дүрс-дүрс басып қозғала бергенде көлденеңдеп шауып келіп:

- Уа, жігіттер, бәрімізді ата-бабаның аруағы қолдап, жолымызды оңғарсын. Бұл тілекті тілемеген жан жоқ. Жас-кәрі, жақсы-жаман түгелімен осындай
ақ тілеудің үстінде төбемізге күй қазса да шыдадық, енді келіп барлық ер
азаматты қырғынға салам дейді.

Оның айдауында барып қырылғанша, осы туған жерімізде қалың еліміздің алдында осы елдің
намысы, елдігі үшін қырылайық.
Біріміз қалғанша қасарысып, шыдап бағайық. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды
өледі» деген. Тіпті өлсек,
осы ниеттің үстінде өліп-ақ
қалайық, еркек тоқты - құрбандық. Біз өлсек, ертең тағы бір
ұл туады. Түбінде ел туы
жығылмасын. Алыспасақ, атар таң, шығар күн жоқ. Енді шыдар да, тоқтар да
жайымыз қалған жоқ. Өлсек, мынау өлгендерден артық емеспіз. Осындай жолда бұрын қазақ баласы іс қылып та, өліп
те көрген жоқ. Бетімізден
жарылғасын, - деп келіп, айғайлап, - арғысы Үйсін, Албан бабаларым, бергі
Райымбек, Саурық аруағы қайдасың? Оң сапарыңды бер, жар бола көр, иә, аруақ!
Иә, тәңірі! - деп, айғайды салып жіберді.

Көктөбені қаптай
тұрған қалың қол бір ауыздан:

- Иә, аруақ, аруақ! - деп, шу-шу
еткен бойымен белден аса бере, жәрмеңкеге қарай бет түзеді. Желді күнгі даланың
өртіндей ұзын жотаны қап-қара топыр болып қаптап
алып, ұйытқып шалқып лап қойды. Жайын күштей жаланған
қара шұбар топ дүркіреген селдей ақты. Тау басын
аспанға шапшып бұрқыраған
қалың шаң басты. Етекке қарай
тау кегі ақтарылғандай болып,
жер күңіреніп, дүние шуға толды.

Жер сілкініп, тау ойран болып,
қүз басынан пар-жақпар тас қүлағанда естілетін күтір-күтір, са-тыр-сүтыр үндер
шықты. Шатырлап жай түсіп, күңі-реніп аспан жарылғандай айдынды суық сарын
естіл-ді. Үзақ уақытқа созылып, бір қалыпты естіліп, бас-қан жерін қалтыратып,
дірілдетіп түрды. Ауыздығы-мен алысып жер сүзген жарау жүйріктер тізесін
кеміргендей болын емініп, қарсы үрып келе жатыр еді.

Ысқырған жалаулы, өңкей  найзалы. шуы көп айдынды топ етекке түгел
келіп құлаған кезде, алдынан
бағанадан бері үндемей жым-жырт болып тұрған жәрмеңке үні шықты. Үзілместен сытырлап, көп мылтықұрған аспанды зу-зу тіліп, жындай ойнап
өтіп жатты. Алдыңғы топтың ең
алдыңғы қатарында тізе қосып,
жиі келе жатқан қол жел қисайтқан өрттей
болып жапырыла шалқи жөнелді. Қисая берді. Қатардан
жиырма-отыз ат будақ-будақ шыққан шаңның астында жұмарланып-жұмарланып,
құлап-құлап түсті. Үстіндегі
иелері омақасып жығылып, серең-серең етіп, ұшып-ұшып түсіп жатты. сөйлеп жіберді. Атылған жалғыз
мылтық емес, пу-лемет те кіріскен екен. Ыстық күнде ажал оғы шыжылдап ізденіп
шықты. Қалғып т

Жәрмеңке таңертеңнен бері
тығыздықпен нық дайындалғанды. Ең әуелгі дайындық кеше кештен, Қарақол хабары
келгеннен бері басталып еді. Түн бойы жәрмеңкеден шашау жүрген қарулы әскердің
барлығын тыным таппай хабарландырып, бір араға, Қарқара басына жиып шыққан.
Таңға жақын жүзден аса қарулы әскер дайын болып, енді келесі күннің хабарын тоқ
белбеу болып күтіп отырғанда, маңайдың барлық қалаларынан ағылып босқан қазақ-орыстар келе
бастаған.

Ақжелке мен әскер командирі
соларға тегіске жақын мылтық тауып берді. Мылтығы жоққа қылыш, найза берісті. Бұлардан басқа жәрмеңке басындағы қызмет
иесі ұлық атаулы да жасанып,
тегіс қаруланып алды.

Қазірде қазақтың саны көп болса,
бұның түйілген суық, жат
қайратты күші көп. Сондықтан енді қорқу, жасқану дегенді ешқайсысы ойламағандай
болатын.

Жәрмеңкеде соғыстың, атыстың
әдісін көбірек білген әскери адамдар қазіргі қаруланып, дайын тұрған күштеріне сөнсе де, жаман айтпай жақсы жоқ деп, істің ең нашар болып бұзылған уақытында істейтін қамды да
дайындаған.

Бұл бетте істеген нәрсе: ең әуелі жәрмеңкенің айналасына базар басындағы
арба, бришке атаулының барлығын жиып алып келіп, айналдыра тіркестіріп тізіп,
біріне-бірін байластырып қойған. Таң атардан бастап жәрмеңке басындағы көп
елдің істеген істері осы болатын. Бұл жұмысқа солдат, крестьянды салудан басқа, базар басынан кетпей жатқан
өзбек, татар саудагерлерін, ұйғыр, қашқарлықтың жүргіншілерін, асбұзылшы қарекетшілерін, - барлығын
да әкеліп жеккенді.

Сонымен қазіргі уақытта жәрмеңке айналасы жағалай тізілген,
біріне-бірі мықтап тіркелген арбалар болатын. Ұлықтың кеңселеріне жақындаған жерлерде арбалардың екі қатардан тізіліп тұрғаны да бар. Жәрмеңке буынып, түйініп қазақ шапқынына осындай бөгет жасап
алып еді. Бұның үстіне егер
ел қолы бұған да қарамай,
қоян-қолтық араласып, ішке кіріп алатын болса, қолдарына түсіп, ұсталып қалмас үшін, барлық жәрмеңке
басындағы адамдарға тегіс салт аттар дайындалған, олар түгел ерттеулі. Жәрмеңке
ортасындағы үлкен қораларда
тізіліп күтіп тұр. Зәуі
сайтан сондай күн бола қалса
деп, Ақжелке урядник,
командирімен ақылдасып, соңғы күндерде маңайдағы қақас жүрген жалғыз-жарым қазақтан
әлденеше аттар аудартып алған.

Оның үстіне бүгін таңертенде он
бес-жиырмадай солдатты урядникке бастатып кез келген ауылдың жылқысын алып, кез
келген елдің қоралы қойын топ-тап жосылтып алып келуге бұйырған. Қойды қамауға түскелі тұрған жәрмеңкеге сойысқа жаратпак. Қазақтың өзі іздеп, тапқан жаулығы, өз есебіне шығынын арту керек.
Жылқыны малынан айрылған, дүниесі өртенген шаруа иелеріне үлестіріп бөліп бермек. Сонымен олардың көңілін жұбатпақ. Біржолата өз артынан
ергізбек. Одан бері де қазіргі жаяуларына ат беріп, шабуылға қарсы соғысқа шығармақ болатын.

Осындай үлкен қоғаммен істейтін
басты қамдардан басқа, Ақжелке
ұлы сәскеден бері Көкжотаның арғы бетіне жиылып жатқан
қазақ туралы да қысқа-қысқа хабар алып тұр еді. Ондағы топ молайып, етек алып өндеп келе жатыр дегенді естіген соң, Ақжелке мен командир соңғы күндерде іштеріне тығып жасырып
жүрген бір сырын тағы да сыртқа шығарып, Көкжотаға таман беттетіп қойған.
Ол алдыңғы күні Қарақолдан
алғызған пулемет болатын.

Бұндай қару болған жерде қазақ тобынан қасап қыруға болады. Өзі қарусыз, өзінде соғыстың
ешбір айласы, тәсілі жоқ, қойша үйіліп, топырлаған қазақ пулеметтің; аузына
қарай бір жосылып көрініс
берсе, бұрын татып көрмеген сыбағасын алады. Соны
ойла-ғанда, жәрмеңке ұлықтары
іштерінен тегіс риза болып жымиятын. Қазақтың алдында құрулы қақпан, көлденеңдеп қазылған ор дайын тұр. Таңертеңнен бері әрбір арбаның
түбінде ажал оғы аңдып,
сығалап қарап, «қанды басың бері тарт» деп отыр.

Бәрінен де сенімді, бәрінен де артық қайрат беріп көп оғы
бар пулемет кезеліп тұр. Жотадан
шапқан ел тобына елден бұрын
қарсылық отын шапқан осы пулемет еді. Бұның басында Ақжелке
мен командир өздері келіп, бақылап қарап тұрған. Алғашқы пытырлап шыққан тұңғыш оқтармен бірге шаң қауып
топырлап құлап жатқан
аттыларды көргенде Ақжелкенің
қыбы қанғандай болып:

-          Ата
бер, жібере бер. Беті бұрылды. Жалтарды. Көлденең сыпыр, қыр, жой! - деп, мерейі
асқандай бой жасап бара жатты. Пулеметпен қатар арбалар арасында тізіліп
отырған солдаттар да дамылсыз атуға кірісіп еді. Ең алдыңғы қатарда шауып келе
жатқан қолының ішінде Баймағамбет, Жансейіт, Көкбайлар да келе жатқанды. Қай кезде келгені белгісіз, бұрын Асыда
істеген ерлігі естілгені болмаса,
өзі көп жиынға көрінбей
жүрген Ыбырай да қазірде осы топқа келіп қосылып, алдыңғы қатарға шығып қалған екен.

Жәрмеңкеден батырлап атылған оқ бұлардың қатарындағы бірнеше адамды ұшырып-ұшырып жіберген кезде, бәрінің астарындағы аттары лоқып-лоқып үркіп атқып кетті. Бұрын соғыс, атыс көрмегендігін
қылып, сыңар езулеп қисая женеліпті.

Сол алғашқы жығылған топтың артын
ала Көкбай да ат-матымен
домалап түсті. Астындағы ат ортқып барып, омақаса жығылғанда, бұл өзіне де оқ тиген шығар деп ойлап, иманын айта беріп еді. Бірақ ат
жығылып қалып, өзі басынан
асып түскенде ештеңесі кетпеген
екен. Амандығын біліп, тезбе-тез атып тұрып, шаң ішінде мылтығын жәрмеңке жаққа кезеп, арбалардан оқшауырак қалып,
солай қарап шауып келе жатқан бір атты қазақ-орысты
кездеп тұрып басып қалғанда,
анау атының ар жағына ұшып
барып түсті.

Кекбай сол кезде байқады. Қазақ
қолы нөсердей жауып, дамылсыз от бүркіп тұрған пулеметке бет қарап, қасқайып шыдай алмай, төмен қарай
жөнелген екен. Бұл әлі толық
айықпаса да, сергіп қалған шаң ішінде жаяу қалыпты. Жалғыз да қалған шығармын
деп жан-жағына аландай беріп еді. Оң жағында бір жардың ернеуіне жабысып,
жәрмеңкеге қарай бұрқ-бұрқ оқ
жіберіп жатқан бірнеше кісінің тобын көрді. Солардың арасынан:

-          Бері
жүр. Қаш бері, оқ тиеді! Бұғып
жүгір! -деген қатты айғайды естіді.

Сонда ғана ұқты. Бұл Ыбырайлар екен. Қасында он шақты мылтықпен
жатқан жолдастары бар. Бағанадан үзбей оқ шығарып атып жатыр екен. Көкбай еңбектей жүгіріп бұлардың қасына келе бере мылтығын оқтап
алып, көздеп жата қалды. Дәл осы кезде пулемет даусы бәсеңдеп барып басылып еді. Бағанадан пулеметтің қай жерде
екенін анықтап білгелі болжап отырған Ыбырай, өзге жолдастарына жалпы жәрмеңке
топырына қарай атқыза беріп, өзі сол пулеметтің оғы шығып тұрған орынды тауып
алып, ылғи ғана сол араны нысанаға байлап атып отыр еді. Жаңағы пулеметтің
тоқтауы бұның соңғы оғының түтіні басылар-басылмас болған көзбен дәл келді.
Шынында пулеметті атып отырған солдаттың маңдайынан оқ тиіп, шалқасынан ұшып
түсіп еді. Пулемет бір жері сынғандай болып, пытыр-пытыр етіп барып қақалып тұрып
қалды.

Ыбырай бұндай іс болар деп ойлаған жоқ еді. Басында бұл өз қасында Асыдан
еріп жүрген бір топ мылтықты жолдасымен келіп араласып, алдыңғы қатарға шығып
шауып келе жатқанда, аты оққа ұшып жығылған Көкбайды көрді. Онан соң дәл сол
уақытта Көкбаймен бірге ұшып түскен тағы бірнеше жігітті көрді. Бәрінің де
жығылысы жаман көрінгенмен, оқ темендеп ұшып тұр. Аттарына ғана тиген сияқты.
Соны байқай салысымен жәрмеңкенің шетінде оққа ұшқандарды басып қалғалы, шапқалы
тұрған топты атты әскерді көріп, өз жолдастарының бәріне: «Аттан түсіп атыс»
деп әмір қылып, ең алдымен өзі түсе қалғанды, өзге маңында келе жатқан
жігіттердің көбіне:

- Ана жығылғандарды жинап,
мінгестіріп алып кет, - деп айғайлап, ақырып жарлық шашқан.

Сол кез құр дырдумен есі шығып келе жатқан
жігіттердің көбіне ес
кіргізгендей болды. Бұның
айғайын қатарында келе жатқан Баймағамбет те естіп еді. Ол сол арада аттан құлаған жігіттерге қарай жиырма шақты жігітпен қайта беттеп
келіп, оқтан аман қалған жолдастарын мінгестіріп-мінгестіріп алысып көлденең шапты. Бұлар да осы жаққа қарай жосыған қалың
топтың бетімен шауып сол -жақта жақын жердегі бір тебешіктің тасасына келіп
ілінгендей. Өзге қалың қол да сол төбенің
бойына жазылып, іркіліп барып тоқтап тұрып қалды.

Елдің беті жалт бергенде,
жәрмеңкеден шабуға қамданған
солдаттар әлі де қамауынан шыға алмай тұрды. Өйткені барлығы он-он бес қана мылтық болса да, Ыбырайлар тобы басы көрінген, шашау шыққан кісілерді екі бастырмай, баудай түсіріп құлатып тұр.

Арба артында жатып кезелген
мылтық ешкімді де қиратқан жоқ. Ел беті жалтарып кеткен соң, олардың нысанасына
ілінбейтін болып ату мөлшерінен қиыс өтіп кетті. Жолдағы арбалар ел қарасын анықтап көрсетпейтін болды.
Олар әмір алып, орындарынан қозғалып, жаңа жерге
орныққанша, ел қолы жаңағы төбеге барып ілінді.

Елдің дәл соңғы беттеген тұсында
отырып, оқ шығарғандар болса, олар Ыбырай тобының не атын жығып, не анда-санда
бір кісісін құлатқан болмаса,
қалың қолдын бәрін бірдей
жусата бере алмады.

Өйткені ел тобының алдыңғы қатары бұлар жатқан орнынан шақырымға жуық жерде болатын. Сасқалақпен
астын-үстін байланып, дәл қарауылмен атылмай жатқан мылтықтар, мынадай қашықтан
ештеңені ойсыратпады.

Атыстың қашаң жерден болатынын
Ыбырай ертеден есептеп еді. Бірақ жәрмеңке маңындағы әсіресе, Көкжота жағындағы болымсыз қабат
болса, не жар, не төбешік болса, барлығын да жырынды Ыбырай ерте күннен санаққа
алғандай ескеріп алған. Сондықтан, «оқ шығаратын жер Кекжота емес. Ол арадан атқан мылтық ешкімге де
тимейді, әншейін босқа оттайды. Егер шын атысамыз
десеңдер, маған ерген жігіттер Қарқара суының қасындағы жарға жетіп бағыңдар,
атысты содан саламыз. Содан кейін тоқтау керек болса, жарды құлдап кете барамыз» деген.

Қазір де Ыбырай сол айтқанын
істеп, өзге екі жақтағы
топтың ешқайсысына тимеген ең жайлы орынды меншіктеп алып, соған нық бекініп
отырды. Содан соң жәрмеңке
ішіндегі өскерді ешқайда жалтартпайтын, қия бастырмайтын болды.

Көп қолдың жәрмеңкеге қарай беттеген, дауылдатып қаптаған шаңы Ыбырайдың тобын өзгенің бәрінен ұзатып, өзен қасындағы жарға аман-есен әкеп жеткізіп еді. Алғашқы пулемет оқтарынан аман өтіп кеткен соң кейінгі атылған оқтар ылғи бұлардың
басынан асып түсіп, артқы реттерге қадалып жатқанда, бұлар келіп аттарынан түсіп орнығып қалған.

Сонымен пулемет даусы тоқтап, жәрмеңке оты саябарлаған кезде қасында жақын жатқан Көкбайға Ыбырай қатты
дауыстап:

-          Мынаның
пулеметі тоқтады. Басында
отырған кісісі жығылды білем, бірақ қазір қайта атылар. Көпір пулеметке қарсы
қалың қол шаба алмайды. Бос қырылады ғой. Енді анау елге «сол орныңнан шықпай
тұрып ал» деу керек. Бір толасын күтейік. Біз осы арада жатып, жәрмеңкеден
ешкімді шашау шығармаймыз. Енді елге бар да айт: тобымен бой көрсетпесін,
ептеп, қабат-қабат жерлермен төмен қарай жазылып, жәрмеңкені қоршауға тырыссын. Және мылтығы барларын
іріктеп шығарып, жаяу мергендерін сол бетке тасаға жатқызып жәрмеңкені
атқылатсын. Осымен кешке шейін қамап атып көрейік. Не де болса, елді осы келген
жерінен қайта қайтармайық. Кеш болып, ымырт жабылған уақытта шабуылды қайта
бастаймыз. Осы дұрыс емес пе?! - дегенде, Көкбай:

-          Дұрыс! Іс
осы. Оқтарың кешке шейін жете ме? - деді.

-          Жетеді.
Оқты есеппен, шақтап шығарамыз. Басы көрінген кісіні атпасақ, құр беталды далаға оқ жібермейміз. Солай атсақ неге жетпесін. Алаң
болмаңдар.

-          Байғұсым,
еркек сендер екенсіңдер ғой. Сүйсіндім ғой, батыр. Жолың болсын.

-          Жарайды
мақтауыңды артынан айтарсың. Бар енді, - деді.

Көкбай осыдан соң жардың құр арнасын құлдилап, бұғып жүгіріп отырып өз кісілеріне қарай беттеп келе жатқанда, осы
жардың ішіне ел тобынан шығып
жаяулап келіп орнығып алып, мылтықтарын жәрмеңкеге қарай құрып жатқан жиырма-отыз мергенді көрді. Көкбай жақындай бергенде, бұлардың бәрінің мылтығынан
берекелі, ынтымақты дауыстар желісін үзбестен күрс-күрс етіп, ажал отын шаша бастады.

Кішкене төбенің тасасына барып
ілінген соң, Қартбай мен Баймағамбет елдің бәріне жаңағы Ыбырай айтқандай
кеңесті айтып, көпшілікті сол
араға бекітіп қойып, жаяу мергендерді бастап өздері жаяулап жер бауырлап отырып, құр арнаға келіп түскен екен. Қазірде Ыбырай тобының оқтарына тізе осып, шылбыр соза шыққан оқтар солардыкі
екен. Көкбай бұларға Ыбырай сөзін қысқа-қысқа айтты да, ілгері
қарай, өзге көпке қарай өтіп жөнелді.

Бұның алдында кішкене жотаның
жонында да жәрмеңкеге қарай
бет түзеп, қатарынан тізіліп
мылтығын кезеп жатқан он-он
бес жас тағы бар екен. Ыбырай қолы кәдуілгі ескі тәртіпті өскер сияқтанып, жәрмеңкенің күнбатысы мен солтүстігіне таман
созылып, әр жерде желілеп мылтық тізіп, тәртіппен атыс бастаған көрінді.

Бірақ ел қалың, қара қайрат мол болғанмен, осы барып жатқан жиыны елу-алпыс мергеннен басқа
өзгенің ешбірінде мылтық жоқ.
Сондықтан олар жотаның астында құр үйіліп тұр екен. Көкбай бұларға
келіп, әр жердегі топтарына қысқаша жайды мәлім етіп болып, енді қас қарайғанша осы арадантапжылмай тұру
қажет екендігін айтты. Топ-дауласпай, қобалжымай қарсы алды, қабыл алды. Көпшілік үндемейді. Мең-зең боп есеңгіреп, сескеніп қалған сияқты.
Пулемет ажалдай қорқыныш
қауіп пішінін анық айқын көрсеткендей болыпты. Ел түрлі қарсылық жаулықты күтсе
де, мынандайды ойламаған, ескермегендей. Жүрегі шайлығып қалғандай.

-          Топ-топтың
ортасында әлі күнге:

-          Жаңағы
атылған не нәрсе? Зеңбірек дегені осы ма? Әй, осы шығар. Кәпірде тіпті тыным жоқ қой.

-          Япыр-ай,
тіпті биттей де толас қылмайды екен?

-          Сол
сыртылдақтың бәрінде ылғи оқ шығарып тұрады ғой.

-          Құдай сақтады. Неғып тегіс қырылып қалмадық?

-          Әлгі зеңбірегі жоқ дегені қайда?
Мынау ит бар қаруын жиып, сақадай-сайланып отыр екен ғой өзі.

-          Бізде ғой
керек десе жаман бердеңке де жоқ... алғызады деймісің?

-          Әй, алғызар
түрі жоқ қой. Жүз болса, жүз, мың
болса, мың - бәрін бірдей жусатады да отырат та мынау зеңбірек.

-          Уа,
зеңбірек емес дейді бұл.
Зеңбірек дейтінді қайдан шығардыңдар?

-          Бәсе,
зеңбіректің оғы біреу-ақ болады. Түскен жерін ор қылып қазып кетеді дейтіні
қайда? Мынауың бір басқа сұмдық.

-          Уа, не екен
зеңбірек болмаса, аты не екен осы иттің? Білгендерің бар ма, түге, - деп,
жаңағы зеңбірек деп сөйлеген қара сақалды, бітік кезді қызыл кісі астындағы
сары аттың үзеңгісіне екі аяғын тіреп басып көтеріліп, мойнын созып тұрып
жұрттан сұрады.

-          Атыңда
нең бар, атын білгенде қайтушы
едің? Таныдың ғой атынсыз-ақ.
Отыз-қырық кісіңді ораққ қырқып түсірді, - деп, көп ішінен бір дауыс жауап берді. орғандай бір-а

Бұл топ өзгелерден гөрі екшеліңкіреп, артқа таман сырғып шығып тұрған топ еді. Кезеңге бұлардан жақын тұрған
топтардан бұл уақытта жаяу мергендер екшеліп шығып
кетіп жатқан.

Мына топ олардың ісіне де
сенімсіздік күдікпен қарайды.
Не қылса да, ендігі соғысты керексіз тауып, бет бұрып жалтарғанды. Бас амалдағанды
макүл көріскен сияқты. Өзгелердің бәріне бұл алалық әлі жайылған
жоқ. Олар мергендерін шығарсын, пулеметтің тоқтағанын сөз қылсын, Ыбырайлардың
ерлігіне сүйсініп, алғыс айтсын, әйтеуір әлі сенім, үміт үстінде. Жанар отын, екпін
желігін сөндірмеген сияқты.

Мына босаңсып қалған топ олардың маңына
қарай барса үндемейді. Құр
ғана сөздерін тыңдап,
жым-жырт болып тұрады. Сырт
айнала бере арасында сенімнен айрылған дауыстардың әр алуан күдігі естіледі.
Бірақұларға да қазір майданнан кетіп қалуға
болмайды. Кету үшін көрініске шығу керек. Олай шықса, тағы жаңағы сұмдық қару сөйлеп кетуге болады. Оның қолы қай жерден болса да жетеді. Сүргін жасауына болады. Содан
жасқанғандықтан, соғысты тоқтату туралы ештеңе айтқан жоқ. Бірақ түнді қолға берсе, ептеп сусып жөнелмекші
сияқты. Араларында бөтен болмай, өзді-өзі
болып сөйлес-кенде, кәртеміштері: б

-          Өзге қазақ өз білгенін өзі
істесін, тағы осы арадағы аз ғана Әлжан, сен, есің барда, елің тап.

-          Бәсе,
дабырайтпай, шуламай тарау керек. Бәрібір ауады екеміз. Бұны жеңгенмен, барлық ұлықты жеңген боламысың? Осымен соғыс
бітіп, тыныштық орнай ма?
Тіпті жеңіп-ақ ал. Сондағы өлтіретінің бір жүз, екі жүз солдат болар.
Сонымен жаудың тұқымы құри ма?

-          Оның өзі де
оңайшылықпен өле қойса-ау?

-          Рас-ау,
өле қоя ма? Жоқ өзіңнің талайыңды жусатып сала ма?
Оны құдай білсін, десіп, осы
топтың ішіндегі Әлжанның барлығына
ру жігімен іріткі салып,
топсасының ең бос жерінен, шаншулы жерінен қажауға айналды.

Әлжан Албанның ішіндегі саны көп
рудың бірі болса да, баяғы күннен: «Албан емес, туысы көмескі» дейтін бір жала
болатын. Сол шын да болса керек. Осы әңгімеге қарап, Албан атаулы әрі көптігіне, әрі күштілігіне сүйеніп, Әлжаңды әрқашан
кемсіте, қорсына, шетке қаға жүретін. Көп Әлжан кедей де, төменшік те болатын. Әр болыстың ішіне бөлініп, шашырай кірген Әлжан онан сайын өздерін
келімсектей көретін.

Сондықтан бүгінгідей көптің арқасына салмақ
түсіп, қалың қайратты көппен
қатарласып тұрып көрсету керек болған уақытта көптің қатарында бір қиындыққа
шыдасуға келгенде, бұлар әрқашанда
осылайша жалтақтап, сырғалаңдап кете бергіш, тұрақты емес болатын. Бірақ сондай мінезінің көбінің тұсында «жауды көп қашырады, жақсы аты
Бараққа қалады» дегендей, жақсы
істің атағы Әлжанда қала ма, Албанның өзгесінен артылмайды. Соларға тиеді. Біздің
қара сорпа болатынымыз не деп, дау айтысатын. Шынында Әлжанның өлгіндей
мінезінің зор себебі осы еді. Бірақ сол әдет жай уақытта болса да, Әл-баласының үнемі қолданатын мінезі
болып кеткен. Бүгін де сонысына бой ұруға айналып тұрды.

Бұл кезде жәрмеңке
мен ел тобының атысы алғашқы
қызуындай болмай, екі жақ та
бірін-бірі барласып, аңдысып
атысатын болып еді. Қай-қайсысы
болса да алғашқыдай үркіндімен беталды оқ шығаратынды қойып, ендігі атқан оғын елімге арнап ататын болды.

Көкбай тасада іркіліп тұрған топқа келіп, бұған енді істейтін істің ретін айтып
жүргенде, Әлжан тобы да
көппен бірге бағанағы кәпірстан мылтықтың атын естіді.

-          Пулемет дей
ме, пулимент дей ме, сондай
бір мылтық болады деседі ғой,
сол болса керек, - десіп жатты.

-          Бұл зеңбіректің бір атасы болса
керек. Бірақ оғы жиі, қаупі зор бір көпір болса керек, -
деп бағанағы сары атты Әлжан
тобына келіп, естіген жайын мөлімдеп жатты.

-          Кәпір екенін
өзіміз де көрдік. Оның несін айтасың. Кім жақсы деп тұр? Осы да бір құдай аманаты сөзді айта беретін кісі екен
өзі, - деп, сыртынан күңкілдеп, мінеп тұрғандар да болды.

Кекбайға Жансейіт келіп қосылып еді. Ол қазір күлегеш,
баяғысынша қалжыңқой болып алыпты, Көптен
жоғалтқан күйін қайта тапқан
сияқты. Маңдайы шып-шып, терлеп, анда-санда бетінің терін алақанымен сыпырып
тастап:

-          Қырамын
тек бүгін. Қызыл Ыбырайдың не қылып жатқанын көрдің бе? Пулеметтің өзін де
қақалтып қойды. Тек түн болсын. Мына жәрмеңкені бүгін күл қыламыз. Осының қара сорпасын ұрттамай, көшпеймін, аумаймын тіпті, - деп
жүріп, қырық-елудей жігітті іріктеп алып:

-          Жәрмеңкеге
келе жатқан қарулы солдат, жүргінші ұлық болса, тұтқын
қыламыз, - деп қалың топтан жырылып кеткелі жатыр еді. Дақ сол кезде елдің
артындағы жотадан қалың жылқыны тасырлатып шұбатып, қуып келе жатқан он-он бес кісі көрінді. Жұрт тегіс шу етіп:

-          Мынау солдат
қой жылқы әкеле жатқан.

-          Бәсе,
бұл осы жәрмеңкеден шыққандар
ғой, әкеле жатқаны ел жылқысы
ғой.

-          Шырғанақты
елін шауып қайтып келеді, - деп Әлжан
тобы көлденең кісі сияқты
қысыр кеңеске айналып бара жатқанда, бетке жақын тұрған жүз қаралы кісі Көкбай, Жансейіт бастап, жылқы айдағандарға
қарайлап қойды. Тағы да жер дүр-дүр етіп, шаң қаптап кетті. Көп аттың дүсірі
жын ойнағандай дыбыстар шығарды.

Жылқы айдағандар алдарынан оқыста
шыққан қауіпті көре салысымен, есі шығып үрке жеңелді. Жылқы атаулының барлығы алдындағы қуғынның бетімен етекке
қарай дүрілдей лаулап желе шауып жәрмеңкеге,қашып тығылмақ болды. Ел тобы да солай ұйтқып жосыды. Бұлар қашқан жауды жәрмеңкеге кіргізбей, бетін бұрып, әкетпекші еді. Екі жағы да бірі қашыи, бірі қууды ғана ойлады.
Мылтықты бірен-саран болмаса, ешкім де атқан жоқ. Аз уақыттың ішінде
біріне-бірі қиялап шапқан топ өкпе
тұстарына келіп қосылып
қалды. Қалың түтіндей, бұрқ-бұрқ шыққан шаң ғана көрінді.
Жәрмеңке бұл күйді көріп, өз кісілерін танып көмек бермекші
болып еді. Сондықтан азғантай уақыт бағанағы пулемет қайта бытырлады. Бір аздан
соң ол тағы тоқтады. Өйткені ел тобы аналардың қабатына кіріп, екі жақ айқасып қалған.

Жәрмеңке пулеметтен баскқ атты әскер шығаруды ойланып еді.
Оған жар бойында жатқан Ыбырайлар, Баймағамбеттер сыпыра от шашып, жиілеген
атысты бастап, әскерді тығылып тұрған мекенінен шығармады. Не де болса, ел
тобымен жаңағы аз ғана солдат, өзді өзі боп араласатын болды.

Қалың топқа бүгінгі барлық соғыс
ішіндегі ең жұбанышты, ең
көтеріңкі мезгілі осы шақ
болды. Шаң ішіне түсіп, сансыз қалың топтың арасына келіп киліккен солдаттар,
мылтық сияқты қаруға қол сала алмай, қоян-қолтық араласқан соң, қылыштарын жалаңаштап алып, сонымен қайрат
қылмақ болып еді.

Қазақтың найза, сойыл, айбалта
ғана ұстаған жігіттеріне бұл күй көңілдегідей қолайлы келді.
Көптен өзара сөйлескенде ел жігіттері: «Әттең, мылтықсыз
ғана келіп айқасатын күн болса» десетін. Сол шағы жаңа келгенін көрген соң, барлық жігіт құлшынып, жауланып кетті, екіленіп, екпінденіп келіп кірісті. Айтқанындай алғашқы кезде бір солдаттың
қылышы бір қазақтың бойына тие алған жоқ. Топ ішінде алдыңғы қатарда келген
Көкбай, Жансейіттер қолдарындағы шоқпар, сойыл мен қылыш ұстаған солдат-тарды
ылғи шекеден қағып, бойларына дарытпай, алыстап ұрыс салып жөнелді. Алдыңғы
қатарда келген бұлар бет алдындағы жауларын бір-бір салғаннан ұшырып
түсіргенде, өзге солдаттар қоян-қолтық араласпақ болып жақындай ұмтылып еді.
Бұндайлардан ел жігіттері жалтарып, қашқалақтай соғыс салды. Өйткені көпшілік қашып
жүрсе де, артымен де ұрысады. Қуып келе жатқан жауын аттың жалыа қисайып,
жантая беріп, тізеден де, тобықтан да, білектің қарынан да ұрып кетеді.

Алдыңғы жосылып қашқан жігіттердің соңына түсіп қуған солдатты, артынан
түре қуған жігіттер де нығыздап баптап ұратын болды. Білек күші мықты
болғанмен, солдат атаулының барлығы да басына мең-зең тиген сойылға тіпті
шыдамсыз болып шықты. Өйткені тізеге, ұлы денеге қанша соққы тиіп жатса да,
жығылып қалмайтын солдат, дәл басына кеп шала-шарпы тиген сойыл болса да
тымақша ұшады. Біржолата өліп қалғандай болып, төбесінен шаншыла барып
жығылады. Бұл қақтығысына ереуілшілер қолынан төрт-бес жігіт жаралы болып, он бес
шамалы солдаттың он екі, он үші қолға түсіп, тұтқын болды. Көп ішінен
жәрмеңкеге қашып барып кірген кісі екеу-ақ еді. Оның бірі урядник болып шықты.
Тұтқын болғандардың қаруын
жігіттер үлесіп алды.

Урядник ұлықтар тапсырған бойыменен барып жақын
жердегі жайлауларға қомағай қолды салған еді. Бір арада отырған он шақты
ауылдың барлық жылқысын жиғызып иіртіп қойып, ішіне емін-еркін араласып, ылғи
жасау ат, жарау айғыр, сартап болып жүрген ту биелерден ғана тізіп отырып,
жүзден аса жылқы іріктеп алған. Әкеле жатқаны сол еді. Өзінің астындағысы сол
барған ауылындағы белгілі жүйрік екен. Бұл барлық Албанға аты шыққан, жәрмеңке басында да бәйгеден талай келген Матай дегеннің құла жирен аты еді. Барысымен
жылқыдан соны танып, өзі ұстатып
мініп алыпты. Құла жирен бұл күндерде жиі таң асып, зар
күйінде жүр еді. Иесі әншейінде мінсе де, бүгінгі соғысқа мініп баруға қимай,
оққа ұшып кетер деп, ауылында
қалдырып еді.

Сол құла жирен урядникті қалың елдің жабыла қуған қуғынынан аман алып шықты. Урядник әуелі етекке түсіп, жазыққа қарай қашып
ойысып барып, содан жәрмеңкеге қарай орай салғанда, артында мылтықсыз қуып келе
жатқан топтан құла жирен қара
озып қанғып шығып кетті. Сонымен урядник аман кете барды. Бірақ ол кеткенмен, өзге олжа ел тобына мол
сияқты көрініп, жауландырып, желпінтіп тастап еді.

Соның қызуымен дөң астындағы қол
жәрмеңкеге қарай тағы бір қаптап
шауып керді. Бірақ таңертеңнен бергі соғыстың барлығынан елге осы шабуыл қатты
залал келтірді. Бұл жолы
пулеметте, жүзден аса мылтық та тізе қосып түгел бытырлап беріп еді. Ел бет
қарап, қасқайып баруға шыдай алмай, аз уақытта тағы қайта серпілді. Сонымен қайтадан тебенің тасасына жиылғанда,
арғы бетте елу-алпыс жігіттің жусап
қалғанын көрісті. Солардың арасында Көкбай да қалған екен. Осыдан соң барлық елдің оты қайтып, қатты бәсеңдеп, жасып қалды. «Алғызбайды,
болмайды, босқа қырғын табамыз» деп, қорқыныш айтқан жұрттың дауысы көп жерден естіліп, күшейіп, молайып шығуға айналды. Жақыны, туысқаннан айрылғандардың бауырымдап
жылаған бостығы да көрінді.
Енді ел қайта қаптап соғысуға жарамайтындығын анық көрсетті.
Бағанадан бергі соғысқа араласпай, шегіншектеп тұрған Әлжан тобы күннің батуын асығып күткендей
болып, қызарып ұясына кіріп бара жатқан күнді тез-тез жоғалса екен деп, ойша қуалағандай болды. Жалғыз тілегі
қараңғылық сияқты еді.

Бүгінгі күннің соғысы осымен
бітті. Қас қарайған соң елдің барлығы жиылып, ақылдасуға келгенде күндізгі
қалың қолдың жартысынан артығы кетіп қалғаны білінді. Қалған жұрттың басшылары әлі де шыдасып, қамап көрмекші
болып еді, оған:

- Ертең ерте келіп, таң бардан
тағы соғысайық. Сөзді соған байлайық. Қазір ат та, адам да қажып бітіп тұр. Қу далада нені талшық қыламыз? Бос қырыламыз ғой, Ертең
тағы соғысады екеміз, - деп, іріткі салушылар көбейіп, сөз бір
жерге байланбай, қалың топ қараңғы түнді жамылып, жан-жаққа жік-жігімен
ыдырап-ыдырап кетіп жатты. Сонымен ел жатар кезде жәрмеңке маңында қазақ
қолынан ешкім де қалған жоқ, талай күнгі жалық, екпін пулеметтің екі-үш рет ұшықтаған қарсылығынан жалтарып,
суынып қалды.

Жалғыз-ақ жәрмеңке бұл халден
хабарсыз еді. Күні бойы ел жиынының көрсеткен мінезі бұндағы жұртты қатты сескендірген
болатын. Сондықтан жәрмеңке ішінен шығып, ел тобына қарсы барып, қарсы шабуыл жасауға жарайтын ешбір әскер, ешбір жан шыққан жоқты.

Керек десе, пулеметке де қарсы шабуыл жасап, жайын толқындай,
бұлқынып, шаңдатып жүрген елден өскер де шошынғандай болып, ұлық та зорлай алмады.

Жәрмеңке оның үстіне күні бойы атқыласуға жараған елдің оғын да көрді. Пулемет сияқты жарақтары жоқойында кешке шейін жатып, Қадалып атқан
мергендерден жәрмеңке ішіндегі
бірталай жан жаралы да болып,
қаза да тапты. болса да, елде мылтық саны көп сияқты. Оқ
сайманы да бірталай атысып, шыдасуға жарайтындай көрінді. Жар б

Бұның бәрінің тұсында қорыққанға қос көрініп, өзінің күші артық бола тұрса да, жау қарасын бір белгісіз құбыжықтай санаған үркектік те бар
еді. Қалың қазақ жайлауының ортасында мынадай қарасы қалың топтың ортасында қамауда отырған төрелерге қазіргі өздерінің халі -
үлкен қауіпті, күдікті хал көрінген.

Сонымен кқс қарайып, түн жетуін жәрмеңке де асығып күтіп еді. Жауласқан екі жақтың екеуі де бүгінгі күні бойы соғыстан алған әсерлері сондайлық
болатын. Бірін-бірі үркітіп, қорқытқан,
іштей жүдетіп, сескендіргені болмаса, екеуі де жаға жыртып, қол батырып қимыл қылған жоқ. Бірақ анық жау сияқты суық, жат айдын
көрсетуге екеуі де жарады.

Осымен ымырт әбден жамылған соң, ел жағынан жақсы да, жаман
да белгі ала алмай, тым-тырыс күйде бір сағаттай тұрды да, соның артынан жәрмеңке басы
қиыр-шиыр болып, тез қамданып арба жегіп, ат ерттеп, жәңкіліп жөнелуге айналды.

Осы қам басталған соң-ақ, бір
сағаттың ішінде жәрмеңке айналасына тізіліп тұрған арбалардың барлығы қолды-қолға таралып, ұзын-ұзын көш болып, жегіліп тіркеліп қалды. Алуға келетін қару-жарақ, асыл қазына болса, барлығы да
тиеліп, жиналып жатты.

Аттар да тегіс ерттеліп, ұлық атаулының кеңселері де тиелді.
Қатын-қалаштары да түгелімен арбаларға мініп орналасып алды. Сонымен ел әбден
жататын кез болғанда, барлық жәрмеңке Жаркентке қарай кететін қара жолмен шұбап-шулап тартып берді. Абақтыдағы Серікбай, Тұрлығожаларды
ала кетті.

Тұтқындардан басқа, қазақтардан бұл обозбен кеткен екі-ақ кісі бар. Ол - Оспан мен Жебірбаев. Екі
тілмаш кешегі күні жәрмеңке басынан шығып следовательмен бірге Саржаз қаласына
барып, бүгін түсте, нағыз атыс басталған кезде қайтып келіп еді.

Саржазда қазынаға ат алып жатқан үкімет комиссиясының бір
адамын «ереуілшілер өлтіріп кетіпті» деген хабар кеше түсте жәрмеңкеге келіп,
соны зерттеуге следователь баратын болған. Өзі баруға бекінген соң, ол әдет
бойынша Оспанды ертіп алып, артынан Акжелкенің кеңесімен Жебірбаевты да алып
еді.

Бұлар кеше кешке барып тергеуін жасап, таң ата қайта қайтқан. Барған
кісі бұл үшеуінен басқа, тағы үшеу-төртеу еді. Бірақ қазақ мынау екеуі ғана
болатын. Қайтқанда жолдағы
бір бекетте бәріне бірдей аткөлік
жетпей, өзгелердің бәрі дайын
атқа мініп, екі тілмашты әдейі екшегендей тастап кеткен.

Бұлар мінетін ат аналар ұзап
кетіп қалған соң, артынан ғана тиіп еді. Сонымен жәрмеңкеге жақындапалғанда, елдің қалың қолы жасап
жатқан шабуылды көріп, далада шапқылап келе жатқан екі-үш қазаққа кездесіп, болып жатқан оқиға туралы толық мағлұмат алып еді. Бірақ екеуіне
қазіргі халді естірткен қазақ: қ

-          Жәрмеңкеге барамысыңдар, жоқ елге
тартамысыңдар? - деп, сұрағанда,
екеуі де міңгрлеп, үндемей қалып, ел кісілері кетіп қалған соң жәрмеңкеге
келген.

Жәрмеңкенің Қарқараға, Таңбалы тасқа
қараған жағы жаудан аман. Бұл
жағында күні бойы да соғыс болған жоқ. Күндіз әлденеше рет жәрмеңкеден шығып, маңайындағы елдің қойын,
жылқы, сиырын там-тұмдап
айдап келіп жатқан әскерлер де осы жақтан шығып, осы жақпен орап қайтатын. Тілмаштар
да сол күйімен пайдаланып, осы жақтан келіп, базарға кіргенді.

Бұлар келген соң да, соғыс бір үзіліп, бір басталып, анық аяқталмай, созылып жатты.

Тілмаштар қолдарында қаруы болмаса да, Ақжелке мен
следовательдер тұрған жерге
келіп, көздерінен таса болмай, үнемі көрініс беріп жүрген. Басында бұларды еске алып, есептеген ұлық болған жоқ. Жалғыз-ақ кешке жақын ғана Ақжелке Оспанды байқап:

-          Мен
сені ауылға қашып кеткен екен десем, мүн-да екенсің ғой, - деп еді.

Оспан соңғы күндердегі ұлықтардың өзіне қараған ажарынан сескеніңкіреп, жетім
қозыдай түртіншіктеп, жалтақтап,
жүдеп жүр еді. Мына сөз біржолата қорқытты. Енді не де болса, ұлықтар қасынан қия баспай, бірге әлуге
тырысқан. Соған екі тілмаш та бекінген еді.

Түс ауа бере жәрмеңке басына
маңайдағы жақын ауылдардың бес жүздей қойларын айдап-шұбатып төрт-бес солдат келген.
Сол қойды жәрмеңке басындағы
барлық жанға: «Керегінше
сойып, асып тамақтаныңдар»
деген рұқсат болып еді.

Соның артынан базар басындағы
саудагерлерден бастап, барлық әскер болсын, жалпы қызмет иелері болсын, аяғы
кім тілесе, сол болсын, барлығы да бас-басына бір-бір еркек қойдан, қошқардан ұстатып алып, күні бойы қырғын жасап шықты.
Көп қойлар құр ғана бауыздалғаны
болмаса, сойылмай, сойылған болса, бұзылмай, асылмай да рәсуа болып, қып-қызыл ала күйінде теңкиіп-теңкиіп
жатты.

Тілмаштардың бойындағы барлық қазақшылық, «елшілдік»
сол күйді көргенде ғана шыққан
сияқта-нып еді. «Мына мал рәсуа
болды-ау» деген болып, өзгеге батпаса да, саудагерлерді жағалап келіп, бірдеме
айтып еді, бірақ ешкім де ол
сөздерін елеген жоқ. Сонымен тыныштанып қала берген.

Алдыңғы халінің не боларын
білмей, ұлықтың қабағынан
іштей сескеніп, сасқалақтап қалған Оспан өзін ұлық ішінен ескерген ешкім болмаған соң, кешке жақын бір татар
саудагерін жағалады. Саудагер жәрмеңке басынан ұлықтар кететін болса, солармен бірге Жаркентке қоса кетпекші еді. Оспан осымен сөйлесіп,
уәде байласып, соның арбасына мініп кететін болды.

Іштегі есебі: «Ұлықтардың өздері ертіп алмаса да, қарасынан қалмайын, Жаркеңтке мен де бірге барайын. Содан ары тағы да сенім
алармын, ұғысармын. Әзір
қазаққа жанаспай, мынау сияқты татар, өзбектің қасында болсам, түбінде осылардың куәлігімен де өз басымды ақтауға болар. Егер бұл халдің үстіне бір қазаққа жанассам, онда
ешбір сөзіме де сенбес,
қазақтың куәлігін де алмас»
деп ойлаған.

Осымен таныс саудагермен сөз байласып, соның арбасының қасында жатып қалып, бір мезгілде
оянса, таң ағарып атып қалған
екен. Жәрмеңке қаңырап қалыпты. Саудагер жүргелі арбасын жегіп, асығып қамданып
жатыр екен.

Маңайда тереден, өскер атаулыдан
бір жан қалмаған. Бірақ жәрмеңке
басына келген қазақ та жоқ. Сондайлық көшкен елдің жұртындай азынап, құлазып, иесізденіп тұрған жәрмеңкені көрісімен Оспан да саудагермен бірге тез
қамданып, уәде бойынша соның арбасына мініп алып, Жаркентке қарай тартып берді.

Кешеден бері әдейі шетке шығарып қуғандай, бұны қазақ тобына қарай
итеріп, кейде көре тұра,
елемей кетіп, кейде ұмытып
кетіп, кейде сөзбен шабақтап, өз ортасындағы арам сирақтай санаса да, сол
мінездің бәрін істеген ұлықтардың артынан намыс, жігерсіз,
жалтаң көз тілмаш тағы да
салды. Байы тастап кеткен көңілі бос, ашуы жоқ қатындай, сол жазалаған,
мазақтаған байына күйігін
шақпақшы, жалынбақшы, бағынбақшы болып, бекініп алып беттеді.

Сол бетпен қара жолмен келе
жатып, жәрмеңкеден бес-алты шақырымдай жер шыққанда, жол
жанындасұлап-сұлап жатқан көп кісінің өлігін көрді. Әр жерге
әрқайсысы шашылып, әр күйде жығылған екен. Кейбіреулерінің аралары төрт-бес қадам. Бір арада екеу-үшеуден жатқаны да бар. Он-он бес қадамдай жерде жатқандар да көрінеді. Киімдері мен қарайған тақыр бастарына қарағанда, бәрі де қазаққа ұқсайды. Шынында тегіс қазақ екен. Осылардың ішінде шалқасынан түсіп, бетін бұрып құбылаға беріп, өліп жатқан Серікбай
керінді. Бұның аузы аз
қисайып ашылған. Оқ шекесінен тиіпті. Ұзындау болып өскен,
қайратты шашын оң жақ
самайының тұсында үрпитіп,
күйдіріп кетіпті. Теңгедей жерде қара күрең қан ұйысып,
тегістеліп тұрған жара бар -
оқтың орны. Сол жараның айналасындағы шаштары тегіс тікірейіп, жан-жаққа бытырай қашқандай болып, шашылып, үрпиіп тұр.

Жүзінде қорыққан, үріккеннің
белгісі жоқ. Екі қасының арасында жоғарыдан төмен қарай ұп-ұзын
болып созылған жіңішке әжім бар. Қабақтары түйіліңкі. Барлық бет ажарында суықтық, бекінгендік көрінеді.
Сонымен бірге ақтығына, жазықсыздығына сенген салқын сабыр, кең сенім, тазалық ажары бар. Біреу үстіне бір сұр шапанды айқара жауып кетіпті. Рақымменен иіп, жаны
ашыған қолдың істеген ісі сияқты.

Серікбайдан бір-екі адымдай жерде
Түрлыгожа жатыр екен. Мүмкін дүшпандары «атып өлтірдік» деп кеткен соң тағы да біраз қиналып, өзі аунап түскен шығар. Ол
етпетінен жатыр.

Осындай-осындай әр жерде жатқан
өліктің барлығы да Оспанның танитын адамдарының өлігі болып шықты. Барлығы да Қарақол абақтысында өлген ел басшыларындай, жәрмеңке
басындағы абақтыға қамалып отырған басты кісілер екен. Бұның ішінде сол жұмыстан басқа жұмыспен отырған бірде-бір кісі жоқ. Барлығы да ұлы ниеттің, елдің ұранының
құрбаны. Өз көңілдеріңде «шейітпіз, ақпыз, ел тілегінің жолына шалынған «еркек
тоқтымыз» деп өлген жандар.
Ой, жүрек батырлары, тегіс намыс құлы
еді.

Осылардың жанынан жемтік жағалаған бұралқы иттей болып ой, адамшылық бұралқысы - тілмаш өтті. Өлгендердің аруағына ақырғы жаза,
ақырғы мазақ осы сияқты болды. Татар саудагерлерінің арбасына мініп, мыналарды қырып салған ұлықтың артынан сүмеңдеп кетіп бара
жатқан - Албан баласы, білімі бар оқыған қазақ. Бұл елін сатып, құлқын қуып кетіп
бара жатқан жүрісімен барлық
істелген ірі істі былғағандай.
Сол ниет жолында өлген ел
азаматтарының сүйегін қорлағандай
еді. Ішінде болымсыз ғана болса да, өмірінде бір-ақ рет болса да, азғантай
қарсылық дауысы оянып, өзін-өзі ұялтатын,
сөгетін сыншы дауыс шығуға керек еді. Қазір де керек десе, соның да белгісі көрінген жоқ. Құр бет сипап, бата қылған болды да, әрқайсысына тамашалағандай қарай-қарай өте
берді. Кеудесінде ит өлгендей,
сасып-быксыған арам өзімшілдікпен
бірге, ерекше, үйлескен
бітеулік, сезімсіздік бар еді. Ар маңдайы көн терідей қалың еді. Солары мызғымай,
қайыспай отырып алып шықты.
Алаңдамай, бөгелмей,
Жаркентке қарай тарта берді.

Сол күні үлы сәске кезінде Қарқара жәрмеңкесінің орнында лаулаған
қызыл отпен арадас қап-қара болып будақтаған бұлттай қалың қара
түтін тұрды. Кешегі
жәрмеңкеге жиылған жұрттың бүгін бәрі бірдей келмесе де, жартысынан артығы
лек-легімен қайтадан ұран
салып, тағы да Көкжотаны
бетке алып жан-жақтан жосылып еді, бүгін көпшілік кешегідей бет ашықка шығып
соғыспақшы емес. Ылғи ғана қамауда сақтап, сонымен жәрмеңкенің. титығын құрытып, әлсіретпек, содан әрі орайы
келсе түнде, иә болмаса ертең, бүрсікүні болса да, әйтеуір қорқытып тұрып, жәрмеңкені талқаңдап, ішіндегі ұлық атаулыны ұстап
алып, қырмақшы еді. Ең
болмаса осыларға қыласыны қылып, аз да болса, кегімізді алып кетеміз десіп еді.

Осымен қатар ел-елдің бәріде
түйесін қомдап, үйлерін жығып, көшуге кіріскен еді. Жаңағы ниетпен жәрмеңкеге қарай беттеген жігіттер жан-жақтан
аңдап келгенде, ішінде ешбір жан қалмай, қаңырап тұрған жайын көрген.

Содан кейін барлық ел көше-көшесін кернеп алып, ішінде арлы-берлі кезіп жүріп, тұтқында отырған кісілердің дерегін іздесіп
еді. Ешкімді де, ешбір
белгіні де таба алмады.

Көшелерде шашылып жатқан әр алуан дүниеліктер бар еді. Әр жерде бауыздаулы күйінде сойылмай
қалған қошқар, бағландар, байлаулы қалған жаман-жәутік аттар, қораларда қалған топты қойлар да бар екен. Сол сияқты тірі малдарды босатып
шығарып алып, содан қалған дүниеліктің ешбіріне қарамастан, жәрмеңкеге
жан-жағынан өрт қойған.

Талайдан бері жауын көрмей, ыстық күнде кебірсіп, қурап тұрған ағаш ләпкелер, тақтай
шатырлар, кураған сырғауылдар қу
шөптей, лаулап жана бастады.

Баяғы заманнан бері Албан
жайлауын обырдай обып, тәтті дәмдісін сіміріп жұтып, жонданып тұрған
жәрмеңке бүгін ең ақырғы сағатына, өлім күніне жетті. Көп заманнан бері үлкен
көнтерілі кеңдікпен шыдап келген ел, енді бұлқынып көп, қатты
тулады. Астын-үстіне көтеріп тастағандай,
дүниесін ойран қылғандай болып тулады.

Сонымен өмір бойы дұшпан ниетімен келген ескі жәрмеңке үлкен
өрттің құшағына кіріп, қара
түтіннің астында тұншығып, бықсып,
жоғалып бара жатқан шақта қалың Албанның елі де үдере кешті. Салқар-салқар
болып, қайткан қаздай тізіліп, ауа көшіп тартып берді.

Артында қара түтін боп жәрмеңке қалды. Иесіз болып
қаңырап Алатаудың жайлауы қалды. Құлазып
қыстау, қоңырсып жұрт қалды. Кіндігін кескізіп, кірін жуған момындық күні қалды. Албан - албан болғалы қыстың
жұтын, жаздың індетін көрсетпеген,
жер кіндігі - ата қоныс
мекені қалды. Тау-таудың саласында иесіз шулап, қора-қора қой қалды. Тау толған арқар, бұғы, елік, қарақұйрық, таутекедей жабайы, жайын көршілері
де қалды. Алдында белгісіздікке толған тұманды күндері құшағын жайды. Артына нәлет айтып, алдына қарай жол
тартты.

Қалың Албан тобынан адасқан
қаздай жырылып, далашықтың байы Дәулетбақ қалды. Бұл Асы соғысында жаяулап қаңғып қалған Хлыновскийге сол күні
түнделетіп қос-қос атпен кісілер жіберіп, бәрін де аман-есен Алматыға жеткіздіріп салып, тәңірі жарылқасының алып қалып еді.

Дәулетбақтан басқа Текестің, Сырттың тауының тас-тасына, ұры қойындарына тығылып жүрмек
болып, Тұңғатар бай қалды. Жұртта қалған бұралқы иттей болып,
ұлықтардың обозының артынан ере бермекке, тілмаштар қалды. Оспан мен Жебірбаев
қалды.