ВЕРНУТЬСЯ

         Қоңыр күздің мезгілі, сентябрьдің
бас кезі еді. Ел орынға
отырған уакытта жарық айлы тыныштығы мол түнде қалың таудың ішімен үш салт атты келе жатты. Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат
биіктің арасында жатқан
жіңішке өзек кейде тарауланып, көп салаға
бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Қонарлық жерге кешігіп
қалып, кетуге асыққан
жолаушылар осы өзекті өрлеп
желіп келе жатыр. Жарық айлы
тынық түнде таудың ішіндегі ұлы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс - тастақ жолымен
жүріп келе жатқан аттылардың тықырына. Бұдан бөтен ешбір дыбыс жоқ. Табиғат тастай қатқан жым-жырт. Жолаушылардың үшеуі де жас
жігіттер. Жақсы киініп, семіз
ат мінген бозбалалар еді. Бұлардың екеуі Ырғайлы болысының
оқыған жігіттері - Сыздық пен
Сүлеймен. Үшіншісі - ел ішінің жігіті,
бұлардың жолдасы - Есімжан.

Қәзіргі мезгіл елге тегіс ауыр тиген 16 жылдың квизициясы күшіне әбден келіп, дегенін істетіп жаттын кез болатын. Ырғайлының
жігіттері топ-тобымен рием» жасап жатқан Ақтас бекетіне кеткен. «Алдын алыпты» деген хабарлар ел ішіне
келіп жатқан. Қалың ел,
жалпақ дала басына келген ауыр күннің қайғысынан күңірене күрсініп жылағандай еді. Жалғызынан айрылған кемпір-шал, сүйеніш қылған
бауырынан айрылған әпке-қарындас кетер жерінде жаны сүйген жақындарымен қоштасып жылап
қалса да, елде болса да, үйде
отырып тілеу тілеп, болымсыз рселерді үміт қылып зарлауда, қайғы-қасіретте еді.
«Жақсы атадан» шыққан
байжуанның балалары-қолы
жетіп оқыған жігіттер елдің бұл
күйін көзімен көрсе де,
өздерінің бас амандығына мәз. Және жаңада қырға келгендіктен, ағайын-туысқанды аралап, қыдырып қана жүрген.

Кәзіргі келе жатқан беттегі көздеген мақсаттары- қыз көру, қатын алуды ниет қылып жүрген
Сыздық еді. Бұл жігіт жаз ортасында үйіне келгеннен бері
рай ағайын-туысқан, жақындары: «енді қыз көр де, ұнатқан кісіңді бізге айт. Келіншек әпереміз» деп, ел ішінде тәуір деп жүрген екі-үш қыздың атын
атаған.

Сыздық
ағайындарының сөзіне көнген
соң, құрбы-құрдас, тілеулес жақындарының бәрі де әр қыздың атын атап келіп, әсіресе
мақтағаны Мақыштың қызы болатын.

Жігіттер екі-үш күннен бері қарай
осы мақсатпен бірнеше ауылда болса да, көңілге алған қыздарының кейбірін көре
алмай, кейбірін керсе де ұнатпай,
аяғында әзіргі кеште Мақыштың аулына келе жатқан беті еді.

Бұлар тау бауырындағы жазықта отырған елден түс ауған мезгілде шықса
да, жол бойы әңгімелесіп, аяңдап жүріп отырып, Мақыш аулына қоналқалық мезгілден кешігіп қалып еді. Сондықтан тау ішіне кіргеннен
бері қатты келе жатқан. Әзіргі жолаушылар жүріп келе жатқан тау - Маралдының
Бектер тауы. Таулардың ай сәулесі
түсіп тұрған беттері
жарқырап, самаладай болып анық көрінеді. Көлеңке түскен теріскей жақтағы таулар, биік жартастар алыстан қара
үңгірдей болып қарауытып, көңілге салқын тыныштық пен болымсыз қауіп сезімін
сіңіргендей болады.

Жігіттер Бөктер таудың ішімен бір
сағаттай жүрген соң, бұл
таудан өтіп бір алаңға шықты.
Алдынан Маралдының көлденең
созылған үлкен биіктері, қатпарлы
қабат-қабат шыңдары көрінді. Айдың жансыз жарығымен сұрғылттанған кең аспанның бір шетін көзден жасырып, Маралдының жотасы
қара қошқылданып, тіс-тіс болып көрініп тұр. Үлкен таудың ет бөктеріне бір шақырымдай ғана жол қалды.
Жігіттер бұрынғыша қатты еліп,
жалғыз аяқ жолмен келе жатқанда, оң жағынан қалың тыныштық, жым-жырттықтың
ортасында саңқ етіп үрген иттің даусы естілді. Жүргіншілер әуелгі кезде келе
жаткан бетінен жалт бұрылып,
ит даусы шыққан жаққа жүрді. Енді біраз бүлкектеп, кішкене төбенің басына шыққанда
жарты шақырымдай жерде тұрған
ауылдың жер ошақтағы бірер оттары көрінді.
Ауылдың қарауытқан нобайы да байқалатындай еді. Әсіресе ай сәулесімен шағылысқан ақшыл үйлер айқын
көрінді.

Жолаушылар ауылға жақындағанда,
алдынан кеп ит шабаланып үріп шықты. Бұлар ауылға жақындаған сайын, иттер қатты үріп, өршеленіп, қонақтар
шеттегі ақшыл үйдің сыртына келіп, аттан түскенге шейін басылған жоқ.

 Ауылға жақындағанда жас жігіттерге жат көрінген бір нәрсе - бұл ауылдың
барлық жаны топталып, шеткі
үйдің сыртына жиылып, бұларды күткендей
болып тұр екен. Жігіттер бұл
халді ұға алмай, жақындап
келгенде, еркектермен аралас тұрған
әйелдерді де көрді.

Әйелдер үйдің жанында кейінірек тұр еді. Олар келе жатқан қонақтың бөтен кісілер екенін
білген соң, үйге қарай тез
басып кетіп қалды. Сыздық кетіп бара жатқан екі-үш әйелдің ішінде ақ көйлек киген, басында
ноғайша оқалы тақиясы бар, жіңішке, сұңғақ бойлы қыздың сыртын көріп қалды. Еркектер
бұрырынғыБұлардың
ортасында бурыл сақалды, жасы елудің шамасына келген келбетті үлкен кісі келген қонақтармен амандасып танысқан соң, жас жігіттерді
үйіне өтіп жүрді. Бұл Мақыш ақсақал еді. Ауылдың еркек-ұрғашысы тысқа шығып тұрған
себебін Мақыш ақсақал
қонақтарға айтып берді. Жалпақ елге келген қайғы бұлардың басын да аман тастаған жоқ екен. Мақыштың аулынан «паверкеге»1 үш жігіт кетіпті. Соның бірі Мақыштың жалғыз азамат баласы
екен. Жаңа келе жатқан үш
салт аттыны көргенде ауылдың
еркек-ұрғашысының бәрі де
кеткен жігіттер қайтып келіп
қалды ма деп, «а құдайлап»
тілеу тілеп, қуанысып тұр еді. қалпында тұрып,
жолаушыларды күтіп алды.

Еткен үміт далаға кеткендей
болып, күткен кісілер бөтен
кісі болып шыққан соң, ауылдың барлық жаны бұрынғы жүдеген, жабыққан түсіне қайта түскендей болды. Мақыштың дәулеті шағын болғандықтан, үй іші салтанатсыз қоңырқай еді.

Қонақ жігіттерге Мақыш мал
алғызып, сол үйдің ішінде
қойшы жігітіне сойғызып, өзі жігіттермен әрбір жайды әңгімелесіп отырды. Үйде қонақтар келгеннен бері қарай қозғалмай отырған Мақыштың бәйбішесі жүдеу, сарғыш тартқан түсімен
баласының қайғысы батқандығын
білдіріп тұр еді. Ешбір
сөзге, ешбір жұмысқа араласпай, үндемей отырса да, анда-санда әжімді ашаң жүзі сұрланып, қабағы қайғымен
йіліп, ауыр-ауыр күрсініп қояды. Мақыш оқыған

жігіттердің жайын ел ішінде естіп
жүргендіктен, бұрын таныстығы
жоқ болса да, жатырқамай, бұларды
сыйламақ болған ықыласын
білдіріп, іштегі уайымын жеңіп, көңілді болып әңгімелесіп отырды. Мақыштың жұмсақ, ақырын даусынан, әдепті,
сыпайы сөзінен жас жігіттерге
үлкен құрмет көрсеткендей
ниет сезіліп, жаратылысындағы мейірімді мінезділігі де көрінгендей еді.

Жас жігіттер әңгіме арасында есік ашылған сайын жасырын
үмітпен жалт-жалт қарап отырса да, көрмек болған кісісі бұл
үйге келген жоқ. Қонақ жігіттердің ішінде Сыздық Мақыштың мінезін, сөзін өте ұнатқандай болып, өзгелерден
гөрі көбірек әңгімелесіп отырды.
Әңгіме кәзіргі ел басына келіп тұрған ауыр күннің жайына қарай ауысқан соң,
Мақыш ел ішінде, өздерінің
айналасында болып жатқан қайғы-қасіреттерді айтып келіп:

-          Бұл
апаттан басы аман қалған кім
бар дейсіз? Қалың қазақ баласы қан жылағандай болып тұр ғой. Бұл күнді құдай
өзі жөндемесе, қазақтың
елдігі кетті ғой. Кімге сеніп, кімге сүйенері де белгісіз. Бұрын бұндай ауыртпалықтың кезінде басшылық етеді деп үміт қылатыны - оқыған азаматтар болушы еді. Бірақ ел
байғұсқа кісі жаға ма? Осы
күнде кейбіреулер: оқығандар «қарсылық көрсетпе» деп, кісіміздің бәрін тізгізіп
беріп отыр. Ешбір көмегі
тиген жоқ. Басшылық етем деп,
елді бөксе басты қылды. Оқығанның тілін алмаған өзге ел әлі күнге жігіт бермей отыр. Үміт қылып жүрген оқығанымыздан
не басшылық көрдік!? деседі. Ел байғұс бала сияқты ғой. Біреуді жақсы көрсе де, тез жақсы көріп, өкпелеп жек көрсе де, тез болатын деді. Сыздық, Мақыш ақсақалдың
айтқан сезімен қатар, өзі де
көп күйінген кісім болып:

-          Рас
айтасыз, елге де кінә жоқ.
Оқығандардың «елге доспын» деген ниетінен туған ешбір ісін көрмеген соң,
өкпелейді, сөгеді ғой. Кісі көп үміт қылған адамы айтқан жерінен
шықпаса, кебірек түңіледі. Бірақ біз әлі сыналатын күніміз алдымызда деп
білеміз, - деп, өзін-өзі іштей-тыстай ақтаумен тоқтады.

Осы сияқты әңгімемен бірталай
уақыт отырған соң, қонақтар тамағын ішіп болып, тысқа шығып, аттарын жайлатып
келіп, сол бұрынғы отырған
үйлеріне салынған төсекке
жатып қалды. Бұл күні жігіттердің ойлаған
ниеті орындалған. Қызды ешқайсысы
да көре мады. Бірақ тыста
өзді-өзі оңаша болған уақытта Есімжанға:
«таңертең ертерек тұрып, жеңгесімен
сөйлесіп, қызды неғылсаң да бізге көрінетін қыл!» деп тапсырып қойды.
Таңертең оқыған жігіттер
тұрып, киініп, тысқа шыққанда, Есімжан атын жайлаған
болып, тыста жүр еді.

Күн арқан бойындай көтерілген
екен. Таңға жақын жерді
басқан тау ішінің тұманы
жоғары көтеріліп қалған.
Жерді қалың шық басқан; ауа дымқыл салқын еді. Тыста коңыр күздің сызы білініп тұрғандай. ерден көтерілген
мұнар күннің жарығын
әлсіретіп, жансыздандырып тұр. Мақыш аулының іргесіне тірелген Маралдының үлкен қара биігі
қазіргі сағатта өзгеше түрде
тұрғандай. Аласа жерден айығып, жоғары
көтерілген мұнар қара биіктің
төсін құшақтап, манды
сәлдедей толқынданып, бас жағына оралып тұр. Қою сұрғылт
мұнардан таудың басы көрінбейді. Аспанға
өрлеп бұлтпен араласқандай болып, қараушы көзден жоғалып тұр.
Жартасты, зор кеуделі, үлкен
биік ұзақ түнге созылып сарылған салқын ұйқыдан басын қоршаған бұлт жоғары көтеріліп айыққан сайын, зор қабағын сабырмен
ашқандай болып, ұйқылы көзі
түнжырап, етекте керіліп
жатқан далаға томсара
қалғандай болады.

Жігіттер ауылдың сырт жағында
жиырма-отыз қадамдай жерде тұрған Мақыштың ескілеу кішкене расына қарай жүріп, Есімжанның
көрген-білген әңгімесін
сұрады. Есімжан қыздың жеңгесімен сөйлесіпті.
Оның сөзінше, жігіттер шай
ішіп болған соң, қораға келеді.
Мақыштың баласының отауы тамға кірген
екен, - қыз бен жеңгесі сонда отырады. Жігіттер сол уақытта көрмекші. Бұл сөзге екі жігіт те нағаттанып үйге келді.

Жігіттер шай ішіп болып, жүруге
қам қыла бастаған уақытта
Мақыш ақсақал май жайлатуға шығып
кетіп еді. Сүлеймен мен Сыздық Есімжанды атқа жіберіп,
өздері қораға қарай жүрді.
Аздан соң бұлар қораға кірген уақытта, алдынан ұзын бойлы, ашаң жүзді, қара-сұрлау келіншек шықты. Бұл Мақыштың келіні Рәбиға еді. Рәбиғаның отауы жалғыз терезелі кішкене там екен. Қонақтар төрге шығып отырғанда, ішінде бұлардың көрмек болып келген қызы - Жәмилә төсек жиып жүр еді. Жігіттер
жас әйелдермен амандасқан
соң, қадалып көз алмай қарағандары -Жәмилә болды. Жәмилә ұзын бойлы, жіңішке денелі, түсі ақшыл, бетінің жұқалау тұтас қызылы бар,
қыр мұрынды, қара көз,
сүйкімді пішінді, келісті қыз сияқты көрінді. Қадалып, сынай қарап отырған екі оқыған жігіттің көздері Жәмилаға өлгенше ауыр тигендей болды. Ол
жігіттерге тура қараған жоқ.
Асығыңқырағандай болып, тезірек қозғалып төсек жиып жүргенде екі бетіне ыстық қан дуылдап жүгіріп, қатты қызарып, төменшіктеп ұялғанын білдіріп тұрды.

Жігіттер Рәбиғамен бір-екі ауыз
қалжың сөйлескен соң Жәмилә төсекті жиып болып, шығуға есікке қарай жүрді.
Жеңгесі тоқтатпақ болып күлімсіреп:

-          Қайда
барасың, отыра тұрсайшы! -
деп еді, Жәмилә жауап бермей, ақырын күліп, үйден шығып кетті.

Аздан соң жігіттер де тысқа шықты. Аттары ерттеліп болған екен. Бұлар үйге кіріп киініп, бәйбішемен
қоштасып тысқа шыққанда, бұл
уақытқа дейін төбенің басында
жүрген Мақыш ақсақал келіп, қонақтарды аттандырып, бұрынғыдай әдепті, жылы пішінмен қоштасып қала берді.

Жігіттер кешегі келген жолымен ойдағы елге қарай аяңдап
жүріп кетті. Ауылдан азырақ шыққан
соң бір-бір папиросты тартысып, әңгімеге кірісті.

Әуелі біріне-бірі қалжың айтып күлісіп, артынан жаңа көрген
қыз туралы пікірлерін сұраса
бастады. Мұндай істі көбірек көріп, тіс
қаққан Есімжан Сыздыққа:

-          Сүлеймен
мен менің сөзімнің бұл жерде керегі жоқ қой. Өз
көзіңмен көрдің, өз көңліңмен
сынадың, келіншек айттыратын - сенсің, айтар сөз сенікі. Күндердің-күнінде
жаман айтпай, жақсы жоқ, Мақыштың қызын алып, онымен қас-қабағың жараспай
жүрсе, осыны алуыма құрғырлардың
сөзі қамшы болып еді деп өкінбесіңе жақсы. Біз өзің бірдеме дегенше үндемейміз.
Өзің әуелі ойыңды айт! - деді. Оқыған жігіттер бұның сөзін мақұл
көріп күлісті. Сүлеймен де Есімжан сөзінен соң айтқалы келе жатқан сөзінен
тоқталып:

-          Енді өз ойыңды айтып шық, біз
қосатынымыз болса, артынан қоса жатармыз! - деді.

Есімжан бұл сөзді қостап:

-          Дұрыс айтады, біздің сөзіміз артынан айтылған жөн. Және, Сыздық, саған айтатын бір сөзіміз:

-          Бұ
қыз деген шіркін, өзі, көруге келгенде, шетінен жақсы болып керінетін. Әке-шешесінің аясында отырған оң жақтағы қыздың жаманы бола
ма? Құрғырдың бәрі де жап-жақсы
сияқтанады. Бір көргеннен  кісі қайсысының
ішін біліп қояды? Соған қараша, көріп алдым дегеннің өзі бос сөз болып шығады  Кісі
қатынды әуелі ақылмен ойлап, көңілді бір жерге тоқтатып алып,
сонан соң тәуекелмен алады. Әйтпесе
әбден мінездес, сырлас болып, таныстығы бар мінез қызды алады. Қалай болса да,
кісіге көңлін жерге байлайтын қанағат
керек. Сонан соң тәукелге деп бір нәрсеге
бекінесің. Жә, енді мына қыз туралы
ойыңды айт! - деді.

Сыздық бұл сөздерден азырақ
қысылыңқырап, күлімсіреп, өз
ойымен ақылдасқандай болып ойланғанда
жаңа көрген сұлу денелі, ақ түсті, бетінің керікті зылы бар сүйкімді қыз
есіне түсіп, соның сыртқы ісінен
көңліне орнаған болымсыз
жылылық сезімі ретінде
қозғалғандай болды. Бұның өз
ішінен ойы шыққаны: Есімжанның сөзі-күнде айтылатын сақтық сөз. Оны Сыздықтың өзі де айтатын.
Бірақ мына қыздың тұсында
сондай бірдемені айтып бөлетін,
ойлайтын дәнеңе жоқ сияқты.
Қызды Сыздық  көзімен көрді, сынады. Бұған ұнаған жалғыз ғана ісі
емес, қыз үндемесе де, бұл сол сыртқы түстің ар жағындағы мінезін де сынады. Әкесі өте есті, мінезді адам сияқты. Жақсы тәрбие, үлгілі әке
осындай-ақ болады. Бұлар аулы мен малы аз нашар адамдар
болса да, көптің бірі сияқты емес.

Мінездері, тәртіптері бұрыннан Сыздықтың қиял қылған, шын іздеген кедейлеріне
ұқсайды. Сыздық алмағы да бай қызы емес, осындай адамшылығы  момын, таза мінез, таза жүректі кедей қызы болғанын. Сол қыздың аулы, ауданы,
әке-шешесі де және оның
бәрінің үстіне, Жәмиләнің өзі
де көңілдегідей лайықты дәл келген сияқты.

Сыздықтың іздеген қызы осы. Бұған Есімжанша әлденеше
түрлі күдікті ойды көбейтіп, қобалжитын нәрсе жоқ, тәуекел болса - тәуекел.
Осындай ойды ойлап шыққан соң, Сыздық жолдастарына:

-          Біздей
оқып жүрген жігіттерге қырда жақсы тәрбие алған, мінезі жақсы, адамшылығы бар ел қызын алу керек. Соны тәрбиелеп адам қылу - міндет! Кісіге шын .   дос, шынымен бас сыйлайтын, өзіңді
құрметтей білетін, жаныңа ауыртпалық түсірмейтін, қабағыңа қарап іс қылатын
таза жолдас қыр қызынан шығады дейтінбіз: Соның ішінде әсіресе жақсы тәрбиелі
қыз, жақсы мінезді қыз - адал, момын кедей қызы болады дейтінбіз. Мына көрген қыз,
өз ойымша, сол сынға толатын сияқты. Алдымен, пішінін ал-сақ, менің өзіме сұлу
сияқты көрінді. Екінші, түсінен сынағанымда мінезі де жаман болмас
деймін. Адамшылықты бағалай білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі жылы,
махаббатты адам болғандай. Онан соң, әсіресе маған жақсы көрінетіні - әке-шешесі. Барлық сөзі, барлық мінезімен қырда отырып,
Толстойдың жолын тұтқан адам
сияқты.Толстойдың бір крестьяндар ішінен шығатын діншіл, мінезді, бауырмал,
ра-қымды, жылы жүректі типтері болушы еді ғой. Маған Мақыш та сол адамдар
сияқты көрінді. Ақыры, мен
осы қызды ұнатқандаймын, -
деді.

-          Ұнатсаң - болды. Менің сөзім - саған бір ой түсірейін,
айнытайын деген ой емес, - деп күліп: -қызды көрген жерде жыны ұстап
кететін бір қызба бастық болушы еді, сол болмасын, өздерің айтқандай, салқын сабырмен ойланып
айтсын деген сөз. Жалғыз бұл жерде емес, тағы да ойланайық.
Қатын алу деген оңай жұмыс
емес қой. Көп ойлану керек.
Оқыған жігітке қатын тастағыш
деген елдің жаласы бар. Өз басың бірді, жас күнімде айттырдыңдар деп, түсін көрместен жіберіп отырсың. Сен де
сол жаладан аман емессің. Үнемі елдің жаманатына іліне берген де жақсы емес
қой. Жұрттың дәме қылған
жігіттерісіңдер. Ойланғаның жақсы! - деді Есімжан.

Бұл уақытқа шейін екі жолдасының сөзін тыңдап, үңдемей келе жатқан Сүлеймен Есімжанның ендігі айтып
келе жатқан сақтық сезінің бәрін орынсыз көріп:

-          Енді
қария бола бергеніңді қойшы, жаным! Ойлаған деген осы. Менің ойымша, Сыздықтың айтқан сөзінің бәрі де дұрыс. Қыздың пішіні сұлу болмаса да, сүйкімді жақсы түсі бар.
Әкесінің мінезділігі осы өзіміздің
бір болыс елге түгел белгілі. Қыздың өзі қатын

болуға жарайды. Әуелі
туған-туысқаны қайын болуға жарайды. Мен енді осыған тоқтау керек деп білемін!-            деді.

Жігіттер Жәмилә жайын біраз әңгіме қылып келіп, аяғында, осы
сөздердің бетімен тоқтасты. Сыздық Жәмиләні алуды ниет қылды.

Таудан қайтып, ойдағы елге келген соң бір-екі күн
өтті. Жігіттердің Мақыштың қызын ұнатып
келгенін жақындарының бәрі білді. Бірақ Сыздықтың шын тілеулес жақындары
«оқыған жігіттің таңдауы әбден орнықты болсын, басқа қыздармен де сүйген қызын салыстырсын. Өзі әбден
толғансын» деп, бұрыннан Мақыштың қызымен бірге аты аталып
жүрген ел ортасының бір байы - «Жұмақанның
қызын да көріңдер» деп, бозбалаларға ақыл берді.

Сыздықтың өзге жолдастары басқа
қыздарды да көруге бұрынғыдай
ынталы болса да, Сыздық енді
әрбір қызды барып көре беруді ыңғайсыз көре бастады. Оның өзінше
«интеллигентпін» деген көңліне қатын алу деген адам өміріндегі ең бір мағыналы,
ең бір ірі және ең қызықты іс болса, соған бұның жақындары базардың саудасындағы сарамастық әдетті әкеп сала
берген сияқтанды. Үйлену жұмысындағы ыстық сезімді кемітіп, қызығын
жадағайлатып жіберетіндей керінді. Тағы да қыз көруге көңілсіз
болған бір себебі

-          Жәмиләні
бір-ақ көріп кетсе де, соның артынан сөйленген сөздің,
ойлаған ойдың салдарынан бұның
«ыстық хиялы» Жәмиләнің суретіне байланып қалған сияқты еді.

Бірақ сүйе жүрсе де, екінші
жағынан, көп жолдас, кеп туысқанның
талқысына көніп, Жұмақанның
қызын да көрмекші болды. Арада тағы бір-екі күн өткен соң, бұрынғы жігіттер, қасына тағы бір-екі жолдас
ертіп Жұмақандікіне күндіз
түстене келді. Бірақ бұлар Жұмақанның үлкен үйінде кеп уақыт отырса
да, қыз үстеріне келген жоқ.

Алғашқы келген үйден шығып, қыз
отырған үйге барып кіруді ауылда толып жүрген көп кісілердің көзінше ыңғайсыз көріп, Сыздық үйден
шыққан жоқ. Аяғында, түстеніп болған соң, жігіттер қызды көре алмай, жүріп
кететін болды. Бұл халге
Сыздықтың көңлінде көп наразылық болмаса да, қасына
еріп келген жолдастары: әдейі келген соң қыздың тым болмаса пішінін көре алмай кетеді деген не? Сыздық көре
алмайтын болса, өзге
бір-екеуміз көрейік деп, Сүлейменді алып, бір-екі жігіт қалып қойды. Сыздық Есімжанды ертіп жүріп кетті. Бұлар Жұмақанның аулынан шығып, өз елдеріне қарай
жүрген соң, жолдағы бір белге шығып, аттан түсіп темекі тартып, кейінгілерді
күтіп отырды. Аздан соң Сүлеймендер де қуып жетті. Бұлар келіп:

- Қыз отырған үйге кіре алмадық.
Қисыны келмеді. Сол қыз ба, жоқ ол емес пе - білмеймін, әйтеуір сол үйден
шыққан бір қызды көрдік. Оның
киімі жүдеу. Кісі қызығатын түк көркі жоқ. Қазақтың шөп желке қызының
өзі! - десті.

Жігіттер басында көрген қыздары
қай қыз екенін білмей күдіктенген сияқтанса да, артынан Сыздықтар анықтап сұраған соң: «анық сол қыз! Жұмақан тегінде қызын жаман
киіндіреді дейтін. Енді ол қызға
алаңдайтын түк те жоқ» -
десті.

Сыздық бұл хабарға көп өкінген жоқ.
Себебі бұл соңғы уақытта
Жәмиләдан пәлен қыз артық
дегенге құлақ та қоймайтын. Және көңлінде ондай сөзді ұнатпайтын сияқты да еді. Осының артынан он шақты күн өткен соң, жігіттер әрбір қызды
көріп келіп, аяғында ойланып-толғанып Жәмиләға тоқтағандықтарын үлкендерге
білдірді. Бұл мезгілде
кү-зектегі қосыла қонып
отырған елдің бәрі қыстау-қыстауына
тарай бастап, ел ортасы бір-бірінен алыстауға айналды.

Қораға қонып орныққанша, күздің
жабдығымен ауыл-ауылдың үлкендері әбігер болып: пішен тасу, қораның жыртық-тесігін
бүтіндеу сияқты бөгеттер
шықты. Сыздық Мақыштың қызын ұнатқан
соң, ағайындарына білдірсе де, жақындары Мақыштың аулына кісі жіберген жоқ. Бұрын жер тарпып жүрген жақындарының
енді сабырлы болып қалға-нына жас жігіт өз ішінен наразы болып, қыздың үйіне сөз салдыруға асыға бастады. Аяғында, ауыл
шаруасы біраз ыңғайланған соң, Сыздықтың әкесі Байсалбай өзінің бір-екі тәуір көретін ағайынына бір жолдасты ертіп
беріп, Мақышпен құдалық сөйлесуге жіберді.

Арада төрт-бес күн өткен соң құдалық сөйлескелі кеткен кісілер Мақышпен ұғысып, алып-берісетін  малдарының санына да келісіп, қайтып келді. Мақышың бұларға айтқан
сөзі:

-          Мен биылғы
жыл жалғыз ер жеткен балам солдатқа
кетіп жабыққан жылым еді. Қазір көңілдің үміті үзіліп, тірегі сынғандай болып отырған кезі еді. Бүінгі күні
Байсалбай сияқты інім болып, Сыздық сияқты балам болатын болса, мен құдайдан одан артық не ұраймын?!
Бұ да болса, жасымды игені
шығар. Мен ырзамын. Мал деген
жағына менің айтатын сөзім жоқ. Інім
мен балам, мал емес, жақын болсам - бас сүйісіп жақын боламын деп, өзінің берік тұтынған адамшылығына
лайық сөздерін айтыпты.

Осымен құдалықтың алғашқы сөзі піскен соң, аз уақыттың ішінде Мақыш пен Байсалбай бас сүйіскен тәтті құда болып, жақындаса бастады. Екеуі де бірінің аулына бірі қатынасып, сый қонақ
болып құрметтесіп жүріп, әрқайсысы бір-бірінің туған-ту-ысқанымен, ауыл-аймақтарымен танысты.
Мақыш алғашқы келген жолда Байсалбай қарғы бауын
берді. Артынан келген
Мақыштың жақындарына қалыңмалын да беріп жатты. Сыздықтың
сезімшіл, хиялшыл көңліне ғұрып жолымен болып жатқан бұл сияқты істің бәрі де жайсыз
тиген жоқ. Қайта өзінше жарастықты,
қызықты істей көрініп, әрбіріне ішінен сүйсініп жүрді. Сонымен бірге ендігі асыққаны -қайнына бару, қалыңдығын әбден анықтап көру; өңлінде
анда-санда таныс еместік себебінен туатын болымсыз күдікті жоғалту еді.

Биылғы жыл қатын алуды ниет қылып, әуелгі иеті осындай болып
іске асқан соң, Сыздық қалаға  қайтатын мезгілі болса да, жүрісті
кейінге қалдырып, ел ішінде
қала берді.

Бұрын
қаладағы сырлас жолдастарына берген өзі:

-          Биыл оқуды
бітіргендіктен, күздігүні қалаға қайтып
келіп, елге пайда келтіретін бір орынды қызмет қыламын, - деуші еді.

Бұның өзі сияқты жолдастарының
бәрі болмаса да, бірен-сараны
бұрын, әйтеуір жалпы сөз болса да, ел қамы» деген бірдемені көп сөйлеп
жүргендіктен, ең болмаса бір
қызметте отыруды борыш көргендей олып, қалада отырып қызмет қылып жүр еді. Сыздық бұлармен хат жазысқанда:

-          Менің
биылғы жылым текке өтуге айналды. Бірақ қатын алу деген де адамның өміріндегі ірі жұмыстың
бірі ғой. Биыл қатын алып,
ендігі жылы алаңсыз болып кіріспекшімін, - деп өзінің іссіз жүрген күйіне соны
дәлел қылып ақталып жазушы еді. Сыздықтың бұл байлауына кейбір жолдастары болымсыз
кінә қойғандай болса да, көпшілігі бұның жаңа өмірге қарай басқан қадамын құттықтап:

-          Біз
жаспыз ғой, алдымызда бізден бұрын
сыннан өтетін үлкендер де өз басының қамымен жүр ғой. «Ел қамы» дегенді бәрі де
ернінің ұшымен ғана айтады.
ІПынында өздері ақшаны күреп алып, баюға тырысып жүр. Көпшілігі ашықтан-ашық
мына реквизи-цияға алынған жігіттерден пара алып, осы күнде лықылдаған бай болып кетті. Оған қарағанда, бізге тәубе қылу керек. Осындай тамам ел бұзылып жатқан уақытта, адамшылығымызды
аман сақтасақ - о да олжа.
Түбінде, біздің сыналатын күніміз алдымызда ғой. Бірақ қырда біржолата отырып
қалып, адамшылығыңнан айырылып қалма. Қыр кісіні бұзатын! - деп өздерінше шын тілектес
көңілдерін білдіріп тұрды.
Сыздық өзін сөгуші дауысты жолдастары жағынан естімеген соң, биылғы жылды қатын
алуға беру керек деп бекініп, енді қыс бойы елде қалмақшы болды. Қарлы-боранды ұзақ қыста жабырқау тартып, кірбеңдеген елдің ортасында,
ешбір дүниеден хабарсыз меңіреу-мылқау болып жатпақ болғандағы Сыздықтың өзіне
белгілеген ермегі - жиі-жиі қайындап жүріп, қалыңдығын қызықтау. Ел аралап
жүріп, кішкене бала күннен соң көрмеген елдің қыстыгүнгі өмірін көру.
Мезгілімен тауға шығып, аңшыларға еру. Содан қолы бос уақытта қисыны келсе,
әрине, кітап оқу еді.

Бұл ниеттерінің бәрін
ашып айтпайтын. Ел ішіндегі сырт кісілерге: «Қалаға бармаған себебім - денсаулығым
нашар» деп болымсыз бір сырқаттарға
жала жабушы еді. Күздің айлары өтіп, қалың қар түсіп, суық қыс кірген уақытта
Сыздық жаратып семіз ат мініп, орысша киімінің бәрін тастап, қысқа лайықты саптама етік, түлкі тымақ, қалың ішік,
шапан киіп, қырдың қалпына түсті. Осымен соғым кезі
болып, қыстың суығы қатайған
уақытқа шейін бұрынғы арман
қылып ойлап жүрген, қызықты деген нәрселерінің
бәрінің де аз-аздап дәмін татты.

 

Маралдының тауында қысы-жазы түлкі сияқты аңдар көп болғандықтан,
Ырғайлының елінде құс салап, аңшылық құратын салт болушы еді. Сыздық өз ағайындарының
ішінде аңшылыққа салынған екі-үш жігітке қосылып, қастарына ел ішінде қызық
қуған қолы бос бозбалалардан төрт-бес жігіт ертіп алып, Салбурынға қостап
шығып, көп таудың қия артастары, терең құздары, үскіріп соққан қатты елі,
алай-түлей болған ақ-түтек борандары, жеркөкті қаптаған ызғарлы қары және соның
бәрінің ортасында таңертеңнен кешке шейін салпылдатып үрген аңшылықтың бейнеті
жүрісі аз күннен соң Сыздыққа ауыр тиіп жалықтырғандай болды. Аңшыларға күнде
еріп отыратын үнемі жолдас бола алмай, көп күндерде қостан шықпай жатып алатын
болды. Іші пысып жалықты. Сондықтан төрт-бес түлкі алған соң, өз айтуынша,
«Салбурынның қызығына қанып» елге қайтты.

Соғым кезі болғанда бұрыннан тағы бір арман қылған сияқтанып, көруге
қызығып жүрген нәрсесі қоста жүрген жылқышылардың өмірі болушы еді. Соғымшылармен
бірге өз елдерінің қосына барып, да  біраз күндер жүріп қайтты. Отардағы жылқышының
тұрмысынан Сыздықтың тапқан ең үлкен қызығы - қостың ішінде өткізген кейбір
түндер еді. .Қыстайғы жаққан отпен іші ысталған, іргесі көмулі қостың ішінде «тебе
қызар» қылып мол отынды жағып қойып: айналасында арқаларына қалың киімдерін
жамылып, жағалай қақтанып отырып, буы шығып қайнап жатқан етті күтіп, қос
ішіндегі үлкен-кішінің айтқан әңгімесі Сыздықтың көңліне қызықты кездей көрінді.
Онан соң жылқышылардың мол қолдығы, тамаққа мырзалығы өзгеше сияқтанды. Күндіз-түні
бірдей қосқа келген кісі болса: аяздап тұрған етті балтамен шапқылап әкеліп,
үнемі асулы тұрған үлкен қара бақырға салып, не шыжылдатып қуырдақ қуырып, не
ет асып жатады. Қос ішіндегі көңілді көрінген өмір осы еді. Қостан шығып, бірге
келген жолдастарымен өрісте жүрген қалың жылқының ішіне барғанда, отардағы
тұрмыстың жабдырқаңқы, жүдеу жағын көргендей болды. Арықтап, жүні ұзарып, түсі
кіртиіп жаздыгүнгі сергектігінен айрылған жылқылар аппақ болған мұңлы ұзақ далада
ақырын қыбырлап жүріп, қалың қарды жабыққандай болып тебіндеп жатқан түрлерімен
ішті пыстыратын ауыр суреттей көрінді. Жайылып жатқан жылқының шетінде құрығын
шошайтып алып жүрген жылқышылардың да үсік шалған беттері күңгірттеніп, қайғылы
даладағы жалғыздық, жүдеулікті еске түсіргендей көрінді. Сыздық бұл жүрісінің
бәрін де әрқашан өзін осыншалық бейнетке өз ықтиярымен салып жүрген әлдеқандай
романтикалық поэманың қаһарманындай көрсе де, аяғында, барлығынан жалығып елге
тез қайтуға асықты. Бұрыннан көрсем деп жүретін, бұған айрықша ертегіше қызығы
бар сияқтанатын қалыптың көбін көрді. Бірақ ешбірінен байлаулы қызық таба алған
жоқ. Бәрі де әңгіме қылып айтуға жақсы, бір-екі рет көруге жақсы. Бірақ
соңына түсіп салынатын, үнемі арылмайтын қызығы бар ермекті таба алмады.

Енді ойына алған ермегі - күзден
бері көңлінде сүрдей қылып
сақтап жүрген ыстық хиялының дегеніне жету. Қайнына барып, көңлінің жаңа
сүйеніші - жас қалыңдығын қызықтау еді. Қайнына бару ниетімен қыс ортасына
жеткен соң, бір күні екі жолдаспен кеңесіп сөз байлап, ауылдың үлкендерінен тиісті рұқсатын алып, қайнына жүрді. Ел салтына лайықты әдет-ғұрыптың бәріне әрі ойша мойындап,
әрі соны бір үлкен романтикалы күйдей ыстық көріп, Сыздық бұл жолы ұрын баратын болған. Сондықтан қасына құрбыларынан басқа, екі-үш үлкен кісілер де
еріп барды. Оқыған жігіт қайнына келгенде өлгенше мәнерлі күйеу болып сызылмаса да, алғашқы келген күндерінде
жас қыздарды балдыз қылып,
қатындардың кейбірін жеңге қылып, үлкенін шеше қылғандай болып құрметтеп, сыпайылықпен отырды. Алғашқы күні
қалыңдықты бұлардың қасына әкелген жоқ. Ертеңінде маңайдағы
елді жиып, Мақыш той қылды. Жиылған көрші елдердің қыз-келіншектері Мақыштың өзі сияқты кедейлеу ауылдың әйелдері
еді. Сондықтан Сыздық еуелде
оларды қорашсынбаса да, жанындағы Сүлеймен сықылды шала оқыған жігіттер және
салтанатты сүйетін байшыгеш бозбалалар келген әйелдермен көп қызықтас бола
алған жоқ. Ойын ойнаса, Сыздықтың көңлі үшін ғана ойнағандай болып, әйелдермен көп езілдесіп жақындаспай, бойларын ысырақ ұстап, азырақ такаббарлықпен
отырғандары да байқалғандай болды.

Сыздық бұл күйді түсінді, Бірақ
ешкімге сыр берген жоқ. Жолдастары көңілсіз болған соң,
енді біразда  бұның өз көзіне де көбі ажарсыз болып
көріне бастаған қыз-келіншектерден күйеудің өзі де
жалығып, көбінесе үндемей отырды. Бұлардың ендігі күткендері қалыңдық қана еді. Оны күйеулердің жанына
кешкі шайдың алдында ғана
алып келді.

Сыздық Жәмилені әуелгі көргеннен кейін не сұлу, сүйкімді - әйтеуір түсі жақсы деп көңліне байлаған болса да, артынан тағы бір
анықтап түсін әбден  көруге
асығып еді.

Қыз жанындағы бір-екі келіншекпен,
тағы бір-екі қызбен үйге
кіргенде, басына жамылған қара шапаны
бар екен. Сонымен бетін бүркеңкіреп, түсін ала көрсетіп, Сыздықтың төменгі жағынан келіп есікке таман қырындап, күйеу жігітке сыртын бере отырды.

ІІІай ішіп, ет жеген уақыттарда Жәмилә сол қалпынан
түзелмей, күйеу жолдастарына да, күйеуге де бетін дұрыстап
көрсетпеді. Сыздық ішінен қалыңдының бұл мінезін қисынсыздау
көріп, әлденеше рет соған қарап қалжыңдап, не бір нерселерді сұраса да, қалыңдығы бұған бұрылып
қараған жоқ. Сұраған сөздеріне ашықұялғандай болып төмен қарап, жымиып күліп, не болмаса, естімеген
кісідей болып, үндемей отырып
қала берді. жауап бермей,

Жемиләнің бұл кештегі мінезі Сыздықтан басқаларға да
ыңғайсыз көрінді. Бірақ көпшілігі ішінен әдеп сақтап ұялғаны
ғой, беті ашылмаған ғой деп, кешірімді
болғандай еді. Азғана салқындық жалғыз ғана Сыздықтың көңліне орнап кетпей тұрды. Жәмиләнің
өте ұялшақтық қылып төменшіктеп отырғанын, қасында отырған қыз-келіншектері де
лайық-сыз көріп, кейбірі оған
бойы үйренген әдетін істеп, қылжақ қылғандай пішінмен соқтығып-қақтыға сөйлейді. Жәмилә соларға да жауап бере алған жоқ. Құр ғана ұялып
күліп қояды. Қалыңдығының бұл мінезінің бәрі де аяғында Сыздыққа шын күдікті ой-лататындай болып, көңілсіз ой түсіре
бастады. Асығып, аласұрған хиялға, қызылды-жасылды болып қуантып жүрген үмітке, жылылықпен атын құрметтеген жүрекке қалыңдығының
қазіргі қалпы ешбір үйлеспейтін сияқтанды.
Жәмилә бұған әдептілік, сы-пайылықты тіпті орынсыз
жуастыққа, жасықтыққа
жеткізген отсыз адам сияқты көрініп
қалды. Бірақ бұл ойдың бәрі -
байланған, нығайған ой емес, көңілдің бір кезі туғызып отырған нәрсе сияқтанған
соң, Сыздық ешбіріне бекіген жоқ. Бұл
кеште көңілсіздеу болып, үндемей баяу отырды. Түні бойы ұзақ уақыт бірге отырғанда бір-ақ мезгіл ғана Сыздық Жәмиләнің бетін қырынан көріп қалды. Бірақ бұл көргеніне өзі сенбегендей болды.
Бұл қалай? Жәмиләнің қәзіргі жүзі бұрынғы Сыздық ойлап жүрген түске тіпті ұқсамайды. Бұрын Сыздық ақ деп ойлап жүрсе, кәзірде шикіл-сары сияқты. Бетінің
қызылы бұрын жұқалаң ұнасымды, ақшыл қызыл сияқты еді, қазірде тұтасқан, қаны шыққан, ең ұнамсыз жалпақ қызылдай көрінеді. Денесі бұрын жіңішке, сұңғақ сияқтанса, қазірде жуан, жауырынды, икемсіз, ешбір нәзіктік белгісі
жоқ, сүйкімсіз сияқтанады. Сыздық өз көзіне сенбегендей болып: «әлдекім болып
шықты ма, немене?» деп күдік-тенгенде, көңліне «таңдаған тазға жолығады» деген мақал айнымайтын шын ақиқат
сияқтанып сап ете түсті. Қыз
екінші айналып қараған жоқ. Осы күйде көп уақыт отырған соң жататын мезгіл
болып, жұрттың бәрі тысқа шықты.

Жәмиләні бұрын көрмеген Сыздықтың кейбір жолдастары көруге асығып, танысуға
ынтық болған сияқтанып еді. Қазір де бәрі де қызды көріп тысқа шыққанда, Жәмилә
жайынан бірде-бір ауыз сөз
айтқан жоқ. Бұл турада
үндеген кісінің болмауы Сыздықтың көңліне
тағы да түсінікті сияқтанды. «Жолдастарым ұнатпады. Сондықтан үндемей тұр ғой» деп, бұрынғысынан
да жасып төменшіктей бастады. Көңліне «адастым ба? Шынымен жар таңдағаным үшін
тазға жолықтым ба? Неше жылдай хиял қылып жүріп, өмірлік жолдас деп аңсағаным қырдағы көп кедейдің қатынының біріндей қызықсыз бір қыз болып
шықты ма?» дегендей күдікті
сауалдар келді. Бұл арада өз
бойындағы ет пен терінің арасындағы «кедейшілдікке» де ызамен қарап алды. Бірақ бір сәтке
осындай көңіл күйлерін бастан
кешіргенмен, Сыздық оған да
көп бой ұрған жоқ. Аз уақытта
артынан бұның бәрін орыныз
көріп өзін-өзі жұбатып:

- Мен әлі Жәмиләмен сөйлескенім
жоқ кой. Ақылын, мінезін білгенім
жоқ қой. Тіпті түсін де дұрыстап
көргенім жоқ қой. Мен
түңілетін не болып қалды? -
деп, өзінің күдікшілдігін
ішінен сөгіп, көңлі  азырақ тыныштанғандай болып, үйге кірді. Үй оңаша еді. Оң жаққа ақ шымылдықты құрып, соның ішіне Сыздық пен Жәмиләға жеңгелері
төсек салыпты. Сыз-дық жатқан
соң, екі қатын Жәмиләні алып кіргізді де, шамды өшіріп, шығып
кетті.

Үйден жұрттың бәрі кетіп, шам өшкен уақытта Сыздықтың көптен іздеген қараңғылығы мен
тыныштығы үйдің ішіне
орнағандай болды. Жалғыз тау
ішінің қатты желі Мақыштың
кішкене қорасының үстіне селіп екпіндеп соғып, құтырғандай қатулы дауыспен ысқырып, аласұрып
тұр. Сыздық жатқан үйдің кішкене терезесіне гуілдеп үріп дамыл
алмай ысқыра кеп, үскірік соғып тұрған дыбыс білініп тұрды. Жәмилә жұрттың бәрі кетіп, үй іші оңашаланса да,
бір орнында қозғалмай,
үндемей тұрды.

Сыздық бұның ендігі мінезін анық жаратпаған кісідей болып, ішінен: «не қылсаң
да еркің» деп, үндемей жата
берді. Бірталайдан соң Жәмилә шымылдықтың ішіне кіріп, тағы біраз тұрып, артынан көп уақыт әрлі-берлі
қозғалып, киімдерін зорға дегенде шешіп болып, Сыздықтың
қасына келді.

Сыздық бұл уақытта да қозғалған жоқ. Байқамаған кісі сияқтанып, шалқасынан жата
берді. Аздан соң Жәмилә бұның жамылып жатқан көрпесін ашып,
қасына келіп жатты. Жәмиләнің кәзіргі қозғалысы да кексе
қатындардың қозғалысындай. Ешбір нәзіктік жоқ. Икемсіз, сөлекет сияқтанды.

Сыздық бұл уақытқа шейін қазақтың күйеуге істейтін
әдеттерін, ырымын сыртынан тегіс жақсы көріп, өзгеше жарастық, жылылық,
сыпайылықтың белгісі бар деп хиялдап жүрсе, кәзіргі сәтте түкке тұрмайтын құр ғана надандық, қараңғылықтың салдары деп сезінді. Ешбір сезім жоқ топастан туған бояу екен деп санай бастады. Сезімтал жігіт өз ойын бұл бетпен өрістете бастағанда, қалыңдық күйі жүдеңдей
берді...

Күні бойы ұялған болып майысып, түзу жауап бере алмай қызарып, қысылып отырған
қалыңдық -енді қараңғы түн болды деп, дүниедегі еркек пен ұрғашының арасындағы ең жасырын, ең қиын
іске өзі келіп отыр. Ендеше, тіпті қазақ әйеліндегі сыпайылық, әдептілік, майысқан мінезділік сырттан көрінетін ғана бір жансыз сурет. Шынында олар
қысырақтың айғырына бола
матастырған жас байталдай, илегенінің бәріне көніп, өз ықтиярымен еш нәрсені тілей алмай, істей
алмай, жүн болып баратын намыссыз, жігерсіз, отсыз деп бір түңілді. Сонымен
қатар Сыздық кәзіргі уақыттағы өз халін сол тілсіз мылқау ұрғашы малдың жанына матастырылған
бір сыңарындай көрді... Ел
салтынан жігіттің нәзік қылды жүрегін жиренткендей болды.

Бірак, бір тәуірі, бұл ойлар да көңлінде ұзақ
тұрған жоқ. Аздан соң қасында
жатқан қыздың жұмсақ еті денесіне тиіп, қызуы білініп,
Жәмиләнің толық жұмсақ санына бір-екі рет қолы тиген
соң, Сыздықтың бойына ыстық қан тулап ойнап, жүгіре бастады.
Осының алдында бірер мүйнет бұрын
басына келген салқын ой енді аласұрып
құтыртқан ыстық, соқыр
сезімге жол беріп, жоғала бастады. Сыздық көзін жұмып,
қызулы құмарлық теңізіне
барлық ой, барлық сезімімен
батып кеткендей болды. Қалыңдығын қатты
қысып құшақтап, жабысып
сүйіп, қытықсыз араласып кетті...

Бірталай уақыт осы күйде жатып
ыстық  құмарлық
сабасына түсіп салқындаған кезде күйеу мен қалыңдықтың ұзақ әңгімесі басталды. Тағы да қыздың сөзінде бұл күткен ақылдылық, өте сезімділіктің айрықша тұрған белгісі жоқ. Бұның сөздері ел ішіндегі көп әйелдердің әдеттегі сөздері, дағдылы жауабы сияқтанды. Қалыңдығын
сағынған күйеудің алғашқы күні осылайша өтті.

Таңертең тұрғанда Сыздық қалыңдығының түсін анықтап
көрді. Дәл түсі күздігүнгі көрген түстей болмаса да, кешегі
кешкі көрген түске де ұқсамайды. Жәмилә таңғаларлық сұлу да емес. Еркекті ерітіп кеткендей
сүйкімді де емес, бірақ
мінеп-сөгетін пішінсіз де емес. Орта пішінді қыз екен. Барлық жүзінде ең артық
жері - аласыз тұңғиықтау келген ажарлы үлкен қара көздері еді.
Сүйкімді көзі мен бетінің
қызылы қырдың сынынша Жәмиләні
«сұлу әйел» дегізгендей болса
да, әйелдің әр қилысын көріп, көп талғап үйренген Сыздыққа Жәмиләнің
түсіне берген жұрттың бағасы артыкша мырзалық сияқты көрінді. Таңертең тысқа
шыққанда қалыңдығы турасынан қандай ойға байланғанын күйеудің өзі де анық
білген жоқ еді. Неше түсті көмескілеу сезімдер көңлінен елестеп өтсе де, өз
бойынан анық білген нәрсесі - қалыңдығынан құмар болып сүйетін, ғашық болғандай
болып елжірейтін түрдің жоқтығын байқады.

Оның ойынша, «ғашықтық» дегенді бұл турада ауызға алуға болмайды. Себебі -
ол сезім көп уақыт ынтық болып жүргенде, қол жеткізбейтін бөгет көп болғанда, әйел
жағынан бірде үмітті жылы жауап естісе, бірде тәкәббар, салқын жауап естіп
жүрсе, сондай кездерде көп сынның артынан туады.

Сыздық болса, көп бейнеттен соң барып қолына тиетін әйелдің ең үлкен
қызығын әуелі көрген жерде-ақ, таныс болмай, бір-екі ауыз сөзді сөйлеспей-ақ көріп-біліп
қойды. Сондықтан бұл арада бір орнықты, ұнасымды сезім жайында сөйлеу мүмкін
емес деп білді. Бірақ жолдастарына айтқаны: мінезсіз емес көрінеді. Ақылы да дұрыс,
есті адам сияқты. Қазақ қызының ортасында қатын болуға жарайтын адам
деген сынымыз көп адасқан сын емес екен! - деді.

Жолдастары бұл жайдан көп сөзге кіріп тартысқан жоқ:
өзің ұнатсаң - болады. Қалыңдық күйеуге жақса, кісі онан
артық не тілейді? Не болса да, қайырлы болсын! - десті. Осы ретпен Сыздықтың
қайнында тағы да төрт-бес күн жатып, жас жігіттер еліне қайтты. Қайнынан
кетерде қалыңдық турасынан ойлаған Сыздықтың ойы жолдастарына ақырғы айтқан
сөзі сияқты болды. Сол күйде оқыған жігіттің көптен асығып жүрген шыдамсыздығы
басылып, көңлінде өзіне бір тыныштық
орнатқандай болып, еліне келді.

Сыздық бір барып қайтқан соң, арада бір-екі ай
етсе де, қалыңдығына енді
тағы баруға асыққан жоқ. Жемилә жайынан бұрынғыдай көп сөйлеу, көруге асығу енді бұдан естілмейтін болды. Жолдастарымен қанша
бірге болып ойнап-күліп, бір жерге түстеніп, бір жерге қонып қызықтасып жүрсе
де, Жәмиләнің аты ешбір уақытта аталмайтын болды.
Жастар бұл туралы ішкі жанды үндемеи жүріп түиіскендей еді. Осындай күйде жүргенде Сүлеймен
күздігүні өздері барған Жұмақанның елі жағына тағы да барып қайтып, Сыздықтарға бір жаңа хабар алып келді. Ол хабары:
Сүлеймен Жұмақандікіне барып қонып, қызын көріпті. Күздігүнгі бұл жігіттердің көргені - Жұмақанның өз қызы
емес, жанындағы малшысының қызы екен.

Жұмақанның қыз, келіндері жас жігіттердің қыз көргелі жүргенін алдын
ала естіп, бұлар келгенде
үстіне әдейі келмей, өздері қисынын тауып келсін деп,
отырып қалған екен. Аяғында, қыз көретін жігіттер атқа мініп, кетуге айналғанын
білген соң, малшысының қызын әдейі
шығарып: тым болмаса, жігіттерді сен көріп қал, оларды біз де сынап отырайық
деп жіберген екен. Сүлеймен:

-          Бұл қыз осы ортадағы барлық әйелден сұлу, келбетті, киімі өте сәнді, келісті қалыңдық екен, -деп өзі әңгімесіне қызып,
ендігі сөздерінің ыңғайсыз
екенін байқамай - керегі не, күздігүні қара басып кере алмаппыз. Кәзірде Шұбыртпалы Садықтың баласы айттырмақ болып сөз байлап қойыпты! - деді.

Бұл сөзді Сыздықпен
бірге естіген жігіттер әңгіменің бетімен тегіс өкінгендей болып әрқайсысы әр түрлі сөз айтып өздерін кінәлап,
бармақтарын шайнады. Сыздық
іштей бұл жердегі кінәнің бәрін өз мойнына алса да, сыртына
еш нәрсені шығармай, үндемей отырып қалды.

Қыс өтіп, жазғытұрымға кез болғанға шейін Сыздық қайнына
тағы бір рет барып келді. Көңілде өзгеріп кеткен жаңа мінез, я орнай қойған
түбірлі, орнықты жаңа сезім
де байқалмады. Үйлену мәселесінде
қате болса - жалғыз өз мойнында болғандықтан бірде-бір ауыз сөзбен сыр
білдіруді лайықсыз көрді.

-          Енді
не болса да, сол Жәмиләні
аламын, қатын ғылып көремін! Кейінгі күні немен тынатынын көре жатармын! - деп
тезірек алуға бекінді. Өйткені қайындап, қызықтап жүре берем деуге, өзге себептен бұрын, Мақыштың кедейлігі, аулының
ажарсызығы, көрнексіздігі де
жас жігіттің көңлін жалықтырғандай болды. Әсіресе сол ауылдың күйеуі болған болып, адамдарын өзіне жақын
кісімсітіп, емексітіп
жүргендігін де өз бойынан төмен істей санай бастады.

Аяғында, жиі келуді тоқтатып жаз ортасында бір-ақ келіп, он шақты күндей
ағайын-туғандарымен қайнында жатып, қалыңдығын өз аулына алып қайтты. Бұдан
бұрын, жазғытұрымғы уақытта Сыздық қырда жүргенде 17 жылдың февраль өзгерісі
болған ха-барын естіп, қалаға барып қайтып еді. Бұл барған уақытта қаланың
тұрмысы қайнап жатқан қызулы базардай екен. Қаланы басқан ылғи жуан болыс, даңқы
шыққан хажы, ел ұстаған пәленше-түгенше дейтін ақсақалдар екен.

Сыздық жолдастарының ортасына келіп, болып жатқан оқиғалардан толық мағлұмат
алды. Бұрын «өзгеріс» деген аты болмаса, одан басқа жайынан Сыздық өзінің ешбір
нәрсені естімеген, білмегендігін, өзгеріс дегеннен хабарсыз екендігін байқады. Бірақ
бұл күй жалғыз бұның басында емес, бірсыпыра қазақ оқығанының басында бірдей
бар екен.

Оқығандардың үлкен-кішісінің бірталайында төре болып, қазақтың қалың ішіне
барып көріну және әр түрлі жұмыстарды сылтау қылып, жаздың қызықты кезінде елде
болу мақсаты да бар еді. Бұлар өзгерістің сыртқы түрін толық түсініп, соның
қалпына кірген кісілер сияқтанса да, ішінде қолдарына тиген кісілікті қазақ ұғымына
жанастырып, шын төрелікше ұстамақ сияқты. Бұрынғы хиял қылып жүрген көрнектілік
те естерінен шықпаған сияқты еді. «Ұлт бақыты, ел қызметі» деп сол күндерде
жаттап ап, ел жуандарымен бірге ауыздарынан тастамайтын сөздерін оңды-солды
айта жүріп, осыны өз көңілдеріндегі жасырын тілекпен де жарастырып,
келістірмекші болғандай түрі бар еді. Ежелден төрешіл, бақшыл болып үйренген ел
жуандары оқығандардың әлгіндей ауруын жарастықты істей көріп жүрді. Ал бұл
дертке шалдыққан «оқыған» дегеннің көбі ылғи адвокат, тілмәш деген сияқты ескі
шенді төрелер еді.

Жастан шыққан қызметкерлер бұлар арасында әзірше бірен-саран ғана болатын.
Қазақ оқығандарының бұл жаңа тобы атар таңның жас жасағы боламыз деген ниетте
көрінеді.

Сыздық қалада болып жатқан істің бәріне көзі қанған соң, жолдастарымен
сөйлесіп ұғысып, әзірше

қызметке кірмейтін болып еліне
қайтты. Мұның жолдастарына
берген уәдесі: қатын алып, жаздай тұрып, күздігүні алаңсыз болып біржолата қалаға келу болды. Осы бетпен елге
келіп, жаз ортасы тақаған мезгілде
өз аулына келіншегін алып келді.

Байсалбай аулы отырған жайлауда
жиыла қонған ел көп еді. Өзгерістің артынан былтырғы жыл солдатқа алынған
жігіттер елге топ-тобымен қайтып келіп, жиі-жиі той жасалып, ат шауып, дырдулы
жаз болып жатыр еді. Сол қызулы кезең үстінде, бұл ортаның үміт қылып жүрген
оқыған жігітінің үйі түсетін болған соң, көрші елдің бәрі де көңілді болып,
тойын қызықтасты. Жаңа түскен
жас келінді күндіз-түні ауылға жиылып жатқан қыз-келіншек, қатын-қалаш қамап,
өз бетінше қызықтап жатты.
Бірақ Сыздыққа бұл желіктің
бәрі де көңілді әсер берген жоқ. Әсіресе қалыңдығы отырған үйге келгенде,
Жәмиләнің барлық отырыс-тұрысы
әлі күнге төменшіктеп, бұғып
ұялғаны бұған ыңғайсыз тиіп, көп отырмай шығып кетіп жүрді. Жәмилә өзін сынап
жүрген көп қатын, қыздың
ішінде өзін ұстай білмей, не өте
жасық, ұялшак адам сияқтанып,
не болмаса, жұрт көзіне сөлекет, айрықша үлгісіздік көрсеткендей
болып, Сыздыққа өз мінезімен көңілсіздік
түсіргендей болды.

Жәмиләдан басқа көрші елдердің, жақсы ағайындардың
қыз-келіндері өзін еркімен
ұстап, қалжың айтса да, бір
іс істесе де жарастықпен, нәзіктікпен істегендей көрінеді. Жәмиләнің үлгісі бұлардан көп төмен сияқтанды. Бұл әйелдердің бірен-саран сұлу қыз, жақсы келіншектері Сыздықтың бұрыннан ойнап-күліп, қызықтас болып жүрген адамдары еді. Кәзірде
Сыздық солардың қалжыңына да жөндеп
жауап таба алмай, сөйлесуге
де ыңғайсызданып, көңілсіз
тарта береді.

Той күні және оның артында көп қатын-қалаштың жиылған күндері
Сыздыққа ең бір ыңғайсыз ауыр күндер сияқты болып өтті. Осымен Сыздық келіншегінің жанында
тұрып, жазды түгелімен елде өткізді.

Бұл уақыттарда
Сыздықтың кезінде Жәмилә бұрынағысындай жасық, төменшік, үлгісіз, сөлекет адам сияқты болып қала берді. Күйеуінің
бұған берген бағасы осы тәрізді болғанын
байқаған соң, Жәмилә еш нәрсенің жөнін де оған шешіліп сөйлемейтін
болды. Сыздықтың ылғи кінәлап сөйлейтін таусылмас сындарын үндемей тыңдайды да аяқсыз тастап жүре береді.

Сөйткен сайын Сыздық
бұның күндегі отырыс-тұрысынан, барлық  қыбыр
еткен қозғалысынан хате тауып, өзінше қисынсыз, икемсіз істерді толассыз көре беретін болды. Осы қалыппен жаз өтті. Шырмауықтың сабағындай
созылып-айналып, күннен-күнге
дүниені сұрландырып, жүдетіп,
күз жетті. Сол мезгілде Жәмиләнің жерік бола бастағаны білініп, үй-іші, ауыл-ауданы қуаныш
қылып жатты. Сыздық бұл оқиғаға қуанарын да, күйінерін де
білмеді. Жас жігіт
келіншегінің қасына қалыпты
бай болып атып-тұрып жүрсе
де, тегінде келешек ұзақ өмір
қай күйде өтеді, қандай
өзгеріске ұшырайды, Жәми-ләмен тұрмысы қандай болады - оның ешбірін де анықтап ойлап, ашық бір байлауға келген кісі сияқты емес еді. Күндер өтіп жатыр. Алдыңғы күн белгісіздің гуманымен қоршалған. Оны Сыздық білуге мүмкін емес. Сондықтан Сыздық бір үйдің ісі болса да, ойымен
бір нәрсеге бекініп, бір қалыпқа тоқтаған жоқ. Қатын алмаған күніндей, өзін-өзі бос деп ұққандай болып, бұрынғы ойсыз жүрісімен жүріп жатты. Осымен жолдастарына
берген уәделі күні жеткен соң, Жәмиләні аулына тастап,
өзі қалаға жүріп кетті. Қалаға
келіп жайланып тұрып,
жолдастарының арасына бұрынғыдай
кіріп араласқан соң, Сыздық
жаратылысындағы зиректігі,
сөзшеңдігінің арқасында сол
жастардың арасындағы көрнекті
жігіт бола бастады.

Аздан соң Сыздық та көппен бірге
өзінің өміріне нағаттанып, істеп жүрген ісіне ырза болған кісі сияқтанды. Бұл кезде қырдағы тұрмыс,
қырдағы жаңада алған жас келіншегі Сыздықтың көңлінен ұмытылғандай еді. Қыр жайынан сөз болғанда, елде көрген көрікті суреттерді жақсы әңгіме қылып айтып жүрсе , дәл өзінің үй ішіндегі тұрмысы жайынан, алған келіншегі мен алдыңғы өмірінің не болатыны
жайынан ешбір нәрсе ойламаған
сияқты еді. Оны ойлаудың
орнына, қаладағы қазақтың я
татардың оқыған қыздарымен, жас келіншектерімен
желікті жүріс жасап, жиі ішкілікке, жастардың күндегі ойын-жиынына араласып
жүрді.

Осымен кәзіргі күндер қызылды-жасылды қызықты уақыттай болып
байқаусыз өтіп жатты. Жазғытұрымғы
уақытта Сыздық елден хабар
алып, Жәмилә еркек бала тауыпты дегенді естігенде салқын түспен тыңдап, «осылай
болып па еді?» - деді де жүре берді. Естіген хабарымен жалғас көңліне ешбір
бөтен ой келген жоқ. Бұл хабардың келген уақыты Сыздықтың
бірқалыпты жүрегіне ыстық оттай болып бір күшті сезімнің жаңада кірген кезі
еді. Мүндай сезім кәзіргідей
күшімен бұрынғы уақытта
Сыздықтың көңліне келмеген де сияқты еді.

Кәзірде бұл өзін күн сайын сынап жүрген сияқтанады.
Күнде жүрегін жаншып, тыныштығын алған күшті сезім толқынынан бойын жиып алмақ болады. Бірақ барлық ерік-қуатынан айрылғандай. Күйрек жүрек
қос қанаты майырылып құлағандай
жас жігіттің ендігі тыныштығын алып, жүрегіне жаңа дерт орнатуға кінәлі болған
адам бір орыс әйелі - Лосовская деген еді. Екатерина Павловна Лосовская оқымысты, тәрбиелі адам еді. Осыдан 7-8 ай бұрын Екатерина жас күйеуі өлген соң,
өз еңбегімен тамағын асырамақ
болып, бір мекемеге қызметке түскен.

Бұл әйел жазық ақ
маңдайлы, үлкен қара-көк сұлу
көзді, түзу мұрынды бетінде қызылы бар, айрықша сүйкімді
кісі еді. Қою ұзын қоңыр
шашын әрқашан бұйралап, желке
жағына түйіп жүретін. Лосовскаяның, Сыздықтың айтуынша, адамның көзін тартып, ықыласын аударатын жері -
дөңгелек толықшалау денесі еді. Үлпілдеген жұмсақ етті сұлу
денесі жеңіл басып, жылдам жүрген кезінде Сыздықтың көңілінше, маңайында бақыт,
махаббат желін естіріп кеткендей болушы еді. Сыздық бұл әйелмен бір жолдасы бастық болып отырған мекемеде таныс болып,
алғашқы көрген жерде құмарлықпен
ұнатып еді. Екі-үш айдай
кейде сылтау тауып, кейде сылтаусыз-ақ сол мекемеге келіп, ұнатқан әйелімен қалжыңдасып, әңгімелесіп кетуші еді. Соңғы кездерде Сыздықтың сұлу түсі, әдепті мінездері, сезімшіл,
шыншыл тілі Екатеринаға да ұнағандай болды. Сыздық мекемеге келген сайын бұның бетіне дуылдап қан жүгіріп,
болымсыз нәрседен қысылғандай
болып, бірқалыпты нөзік күл-імен қарсы алатын еді.Ақырында бұл өзінің оңаша тұратын үйіне Сыздықты шақырған соң, жас жігіт үйіне
әлденеше рет барып, он
бес-жиырма күндей соңына түсіп салынып күтіп жүрді. Бірге театрға барып, жаз шыққан соң, жарық айлы түндерде қолтықтасып сейіл құрып жүріп, ұзақ уақыттар әңгімелесуші еді. Сөйтсе де қала-ған тілекке жеткенше, Сыздыққа бұл уақыттардың әрі де үміт пен күдіктің кезек жеңісіп,
алысып жүрген күні болғандықтан,
шыдам жетпейтін ең ыстық, ең
ауыр күндері болды. Жалғыз-ақ әр күні түнде айырлар уақытта әйел мен жігіттің екеуі де бірін-бірі қимағандай боп ұзақ уақыт қарасып тұрып қалатыны, сөйлесіп ашылмағаны болмаса, екеуінде де бір туысқан сезімнің барлығын білдіргендей еді.
Ақырында, біргүні апрельдің аяқ
кезінде жарық айлы, тыныштығы
мол түнде екі жас Екатерина үйінің тұсындағы өзен
жағасына таман келе жатты. Екеуінің үстінде де жаңа киген жазғытұрымның
жеңіл киімдері бар. Қолтықтасып,
біріне-бірі ығысып, жақындасып, иықтары ақырын сүйенісіп, аяқтарын жайлап, ілбіп басып, шала-жансар дауыспен күбірлесіп, сөйлесіп келе жатыр еді. Аздан соң өзеннің жағасына жетті.
Бұлар келген жерде өзен жағасы биік жартас болып
біткен еді. Мезгілсіз кеш уақытта
келген жастар жартастың үстінде
тоқтап тұрып, алдарына
қарады.

Жаңада тасыған үлкен өзен әлі күнге айықпаған ашумен ешбір дыбыссыз бүктетіліп, қоңырқай тартып, сұрланып қатты ағып жатыр. Төбеге келіп тұрған толған айдың суға түскен сәулесі кейде айнаға
түскен жарықтай созылып жарқырап тұрып, кейде өзен тол-қынымен шұбартып дірілдеп кетеді. Күліп тұрған жас сұлудың бетіндей болып жайнап төгіліп, су
бетіне жайылып кетеді.

Қаланың дағдылы шуы басылғандай.
Өзеннің бір жақ жиегінде қоңырлау түспен құлазыған далада әр жерде жарқырап, жылтылдап жанып
жүргіншілердің оты көрінеді.

Маужыраған ұйқылы түн, желсіз тынық болса да, үлкен өзеннің дымқыл салқын лебі
жартастың басында білініп, жастардың
денесін жайлы тынысымен тоңазытып
тұр.

Сыздық күйімен қарағанда: түн - ұйқы, тыныштык, меңіреулік түні
емес; ыстық сезім, нәзік хиял
түні еді.

Жігіт жүрегі табиғаттан көмескі
қуат алды. Бұл іштегі
толқыннан сұрланған; ақ
түсімен айға қарсы тұрып, алдындағы
сүйгеніне бұрын айтып
бітірмеген сөзінің аяғын:

-          ...Тілегіме
ықыласыңызды аударасыз ба? Мен қайғылымын, дертімді ұғасыз ба? - деп бітірді. Әйел басын ақырын
ғана жоғары көтеріп, бұның көзіне қарап тұрып:

-          Неліктен
дерттісіз, қайғыңыз не? Мен бастан-аяқ ұққаным жоқ! - деді. Сыздық қасына жақындап келіп, қолынан ұстап:

-          Сіз мені ұққыңыз келмейді. Түзу жауаптан қашасыз!
- деді.

-          Түзу
жауаптан қашу әзірше менің ойымда жоқ. Бірақ менің жауабым сіздің сауалыңыз сияқты бытыраңқы
екені рас. Оған кінәлі мен
емеспін... Сіз сөзіңізді ашық айтпайсыз! - деп азырақ кінәлаған түспен жігітке қарады. Бұл сөзге келген кезде Сыздық бір ниетке
бекінген кісінің түсімен:

-          Олай
болса: мен сізге ғашықпын, сізді алғашқы көргеннен бері жүрегімді жеген дерт
осы. Менің шын махаббатымның тілегіне табыласыз ба, мен сүйгендей сіз мені
сүйесіз бе? - деді. Әйел аз үндемей жігіттің пішініне қарап тұрып-тұрып:

-          Мен
сіздің ақылыңызды, мінезіңізді жаратамын, құрметтеймін. Жүрегімде сізге деген бір сезім бар сықылды. Бірақ оның
аты не екенін білмеймін... Өз жүрегімді бұл турада әлі сынап, тексеріп болғаным жоқ! - деді.

-          Мені көптен
білесіз, сүйетінімді де көптен
сезгенсіз, сондықтан әлі күнге өзіңізді
білмеймін дегенге сенбеймін. Сіз онда мені сүймеймін деген сөзіңізді неге айтпайсыз? - деді.

-          Сіз мені
неге ондай сезбен қинайсыз?
Өзіңіз ұқсаңыз болмай ма?..

-          Мен
қиналмай тұрмын ба? Менің
халіме ем болатын ашық бір сөзіңізді неге айтпайсыз? - деп аз тұрып, қасына келіп, иығына иығын тақап тұрып, бетіне таман иіліп:

-          Сүйгенім,
айтыңызшы байлаулы сөзіңізді!
Мен дерттімін, қинамаңызшы! - деді.
Екатерина бұл сөздің кезінде Сыздықтың
көзіне өзінің сұлу көзінің оты өшкендей
болып тұнжырап, үлкен мағыналы жұмсақ түспен қарап тұрып:

-          Менің
көңлімде өзіме ұғымсыз бір сезім бар. Сол әлде сіздің
тілегіңіз шығар, - деп ақырын дауыспен: - ғашықтық әлде сол шығар! - деді. Бұл сөзге келгенде, Сыздық ғашығын
асығып тез құшақтап, сабырмен тосып тұрған аузынан ұзақ сүйіп тұрып қалды. Екеуі
бұдан соң барлық сөзден тыйылып, барлық дүниені ұмытып, өткен уақытты сезбегендей
болып, қайта-қайта біріне-бірі қысылып, жабысып ұзақ-ұзақ үндемей
сүйісіп тұрды.

Нәзік бітімді сұлу әйелдің неше түрлі жарастықты сәнмен бұралып, құшағына кіріп, елбіреп келіп сүйгені, мойнына құшағын артып нәзіктенген қозғалысы, Сыздықтың көңлінен дүниедегі барлық әйелді ұмыттырғандай болды. Барлық сүюлердің
ішіндегі бұның іздеген шипасы
осы екен. Осы түрдегі толқын екен. Ол өзін-өзі жаңа ғана тапты. Аяғында бір сағаттай уақытты үндемей
сүйісумен еткізген соң, аяңдап үй жаққа қарай жүрісті. Үйге қарай жүргенде ғашығын құшақтап келе жатып, Сыздық:

-          Неге
үндемейсіз? Біз сөзден неге
тыйылдық? -деді. Әйел жас жігіттің еркіне көніп, әлсіреген дауыспен:

-          Адам
өмірінде барлық шешен, сұлу сезден өзінің мағынасымен артып кетіп үндетпейтін
көрікті мүйнеттер болмай ма? Бізді билеген сол мүйнет шығар! - деді.

Бұл кешпен
бірге Сыздықтың жаңа бақыт күні туғандай болып, соның еркіне барлық уақытын,
барлық үміт-мақсатын беріп, түнді-түнге қосып жүріп жатты.