ВЕРНУТЬСЯ

     Өмір судай
тасытса, 
Өлеңдетіп
өтемін.
Театрға асықсам,
Такси мініп
жетемін.
Бір белеске бір
белес
Қолын созып, қарағым,
Қалаларға іргелес
Поезбенен барамын.
Қыздар ұстап береді
Қырда шідер үзгенді.
Көңіл жақсы көреді
Кемеменен жүзгенді.
Қонам жазда қостарға,
Гүлге толып құшағым.
Сағынысқан достарға
Самолетпен ұшамын.
Табыңдырды күшіне
Техника
жүрегі...
Түнде бірақ түсіме
Тұлпар кіріп жүреді!