ВЕРНУТЬСЯ

     Көкжал әсте желім қылар жегенді.
Қасқыр көріп,
Қорыққаның жөн енді.
Жел айдаған ебелектей жасқанып.
Жау шапқандай,
Зытып ала жөнелдің.
Қалды тоғай,
Қалды салқын тас бұлақ.
Құлдырадың бетіңді жел осқылап.
Жағын таңған орамалдың кәдімгі
Екі ұшындай
Селтиеді қос құлақ.
Қасқыр қуса,
Қайда қашып кіреді!
Көп көжектің аман қалған бірі еді.
Қалшылдаған қорқыныштың
Қыратта
Түсіп қалған тәрізді өзі жүрегі.