ВЕРНУТЬСЯ

         Өміріме қырық
деген кезең кіріп,

Өтіп еді шашыма ақ
тез ендіріп.

Кеткен соның
артынша ажуалап

Бетімді де
әжіммен безендіріп.

Мазағы ма,
шіркіннің азабы ма,

Мұрныма әкеп тағы
ілді көзілдірік.

Ойны ма, шыны ма
бұл шіркіннің

Беретұғын түрі
жоқ маған тыным.

Көзілдірік:-
көреген етемін деп

Сыбырлайды,
секілді ең жақыным,-

Қырыққа дейін
қылжақтың біреуі едің,

Кірмес екен
қалайша енді ақылың?!

Шар айнаға
үңілсем шал болдым деп,

Суретіме
сүйкімсіз таң болғым кеп.

Қысық көзім
дөңгелеп шоқ шашып түр,

Қырықтан аса
көреген жан болдың деп.

Жылы жүзім
тартыпты аздап сұрғылт,

Ажарымнан сеземін
бір салқын деп.

О, ғажайып,
ашылды көз жанарым,

Анық көрем бояуын
айналаның.

Кез көргенді
көңіл де тез түйеді,

Аңғарғышпын
адамның ойлағанын.

Жалған жанын
жайдары көрсеткіштер

Қояр енді менімен
ойнағанын.

Ойнамаңдар,
ағайын, ойнамаңдар,

Ойнасаңдар
айтылар ойда барлар.

Кешірімсіз
кегімнен тартар жаза

Мені ойыншық көруін
қоймағандар.

Албырттығым
алаңсыз артта қалды,

Әлі де аңғал екен
деп ойламаңдар.

Қош, аңғалдык,
кош сен де, албырттығым,

Қанын бұзған
албырттык сан мыктының,

Отты сезім, ойға
бай көз тапқанда,

Қайта бастап
жырыңды жаңғырт бүгін

Серіліктен
ауыстым кәрілікке,

Жас жырымның
ширатар салғырттығын.

1955