ВЕРНУТЬСЯ

    Білу қиын: 
Кім түлкі де,
Кім тауық.
Кетесің сен бәрімен де тіл тауып.
Жаңбырдың да қалмайсың сен астында
Жатқан кезде әрлі-берлі бұлт ауып.
Азынаса, арық
атқа жал бітіп,
Алдағы ордан
өтесің сен қарғытып.
Сөздің дәмді шарабына тойдырып,
Сақ адамды қоя аласың қалғытып.
Жей аласың
сараңнан да бал с
ұрап.
Жатар болсаң қан майданда қансырап,
Ажалдың да
Келген саған мақсатын
Ұмыттырып жіберерсің сен, сірә!