ВЕРНУТЬСЯ

     Жым-жырт түн.

Жым-жыртпын,

Мұнша неге
бұйықтым?

Қозғашы,

Ой салшы,

Келші бермен, сүйіктім.

Берші маған домбырамды,

Толқытайын қоңыр әнді.

Жым-жырт түн.

Жым-жыртпын,

Жан дауасы қайдасың?

Соқшы бір,

Төкші жыр,

Жым-жырт көңіл шайқалсын.

Қайғыланба құр
бекер,

Қуаныш күйі бұрқ
етер.