ВЕРНУТЬСЯ

    Желпінемін жолықсам жырласпенен, 
Жырластарды ең жақын сырлас көрем.
Азаматтың бақыты - достар десем,
Ал қызығы - кәдімгі құрдас дер ем.
Көктем өтті,
Ақырын жаз өтеді.
Өтпегені сол жаздың қажет еді.
Өзі жомарт,
Өзі бай бір құрдастың
Болғанына, шіркін-ай, не жетеді!
Не жетеді болса өзі төзімділеу!
Ол дегенде менің де сөзім білеу.
Не жетеді
Болса егер ыңқ етпейтін
Іреп-сойып жатқанда өзін біреу.
Не жетеді құрдастың есіміне!
Сен дегенде жабылмас есігіне!
Сәл тұтықпа,
Яки кекеш болса,
Қызық деген, бауырым, осы, міне!
Екі құрдас дегенің - екі ұстара,
Біле-білсең қошқардай қағыстыра.
Егер оның жетпесе бір шаригі,
Көкесі сол құрдастың - Экстра!
Жөні бөлек жолдастың пәлекеттеу,
Пәлекеттен бірдеңе талап етпеу...
Безбүйректік болады Экстра
Құрдасыңды "тамұққа" ала кетпеу!