ВЕРНУТЬСЯ

           Қария
да,
Бала да
Байқамайды далада,
Жоқ енді деп керегі
Тастап кете
береді
Темекінің тұқылын,
Қарындаштың
мұ
қылын,
Әлдененің тұқымын,
Қию-қию сынығын,
Қарағайдың
жаң
қасын,
Қуыршақтың қаңқасын,
Шаттауығын
шиенің,
Домбыраның
тиегін,
Қиындысын
қағаздың,
Қауырсынын
қораздың,
Көк түйінін
алманың,
Әлдененің қалғанын,
Алған жаңа
тырнағын,
Бір нәрсенің
жұрнағын
Жоқ енді деп
керегі
Шашып кете
береді.
Соның бәрін
жинайтын,
Жинамай бір
тынбайтын,
Кір-қоқыстан
кешегі
Сыпыратын көшені
Ағайларды көргенде,
Апайларды
көргенде
Кірлігі үшін
қаланың
Жерге қарап
қаламын.
Қысылады
аналар,
Қысылады
а
ғалар.
Қысылмайтын
бір
ғана
Салақ бала,
Кір бала...