ВЕРНУТЬСЯ

      Әлденеден зар
илеп,
Өзіңді өзің
қинайсың.
Жалғыз өзің
Бір үйге -
Бір сарайға
сыймайсың.
Және барғың
келмейді
Ешбір жанға,
Ешқайда.
Құлағыңа енбейді
Ескендір де,
Эшбай да!
Ғажап!
Ұйқың
қашқандай
Жоқ қасірет,
Жоқ қайғы.
Тамашаға
ешқандай
Зауқың неге
шаппайды?!
Тірі жанның
көзіне
Түспегенді
қалайсың.
Сылқымдардың
өзіне
Сүлесоқтау
қарайсың.
Шығар әбден
зықымыз,
Бітпей жұмыс,
Әр шаруа.
Шаршаймыз-ау
Құқымыз
Болмаса да
шаршауға.
Жетпей Жамбыл
жасына
Қалайша сен өлер
ең,
Осы кезде қасыңа
Келе қалса
немерең?!
Мойныңа ол асылып,
Сақалыңмен
ойнаса,
Әлденені
Асығып
Сұрағанын қоймаса!
Қызығын сол
аңсаған
Қалмай сенен екі
елі,
Көрсетеді ол
саған
Шаршағанның не
екенін!