ВЕРНУТЬСЯ

          Граниттей Ленинград,

Емессін сен маған
жырақ,

Сүйем сені
бесігімдей

Сүйем сені дәл
Лениндей.

Жүрегімде
жатталған ат:

Ленинград,
Ленинград!

Дабылыннан
оянғанмын,

Жарығыңнан ой
алғанмын,

Тамырыңнан
таралғанмын,

Жалыныңнан
жаралғанмын,

Жүрегімнен
өшпейтін ат:

Ленинград, Ленинград!

Сен қуатпен
шыққан күні,

Алтын тақты
жыққан күні;

Барлық әлем бір
тебіренген:

- Ленинград
жеңді,- деген

Сонда саған
қойылған ат:

«Граниттей -
Ленинград».

Сені жерден
көшірмекке,

Ленин атын
өшірмекке,

Созды дұшпан
қанды қолын,

Кірмек дүшпан
ашса жолын.

Болмақ осы соңғы
сынақ,

Сал, Күшіңді
Ленинград!

Сарқылмайды
Невадан су,

Қалт етпейді
қадалған ту!

Қорғағанда
жерімізді,

Қорқытпайды өлім
бізді!

Жеткен сайын жау
жақындап,

Жалындай түс,
Ленинград!

Ленинград, тында,
тыңда!

Күш мол ұл мен
қыздарыцда.

Еңкею жоқ ер
салтында,

Семсерінді қайта
шында!

Жеңіс сенен емес
жырақ,

Баста соны,
Ленинград!

Алтын бесік, бір
сен үшін,

Жаннан қымбат
жеңіс үшін,

Керек болса - қан
береміз,

Қанға қоса жан
береміз!

Сөнгенше күн
көктен қаулап,

Мызғымайды
Ленинград!

1941