ВЕРНУТЬСЯ

(1897-1961) Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа айналған, қазақ әдебиетінің классигі, академик Мұхтар Әуезов бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Бала күнінен Абай нәрінен, тағылымынан нәр алып өскен Мұхтар ұлы ақын шығармасымен сауат ашып, хат таниды. Оны бұл дәстүрде тәрбиелеген-өсірген атасы Әуез еді. Он бір жасында әкесі қайтыс болып, Мұхтар ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды. , Ол өте зерделі, алғыр, ынталы шәкірт болады. Семинариядан соң қаламгерлік еңбекпен қатар, Кеңес өкіметінде бірнеше1 ресми қызметтер атқарады. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түсіп, кейін Санкт-Петербург университетінің филология факультетіне ауысып, оны 1928 жылы бітіреді. Орта Азия университетінің аспирантурасын аяқтап, жиырма шақты жылға созылған көл-көсір білім алады. Ол тұңғыш әңгімесін 21 жасында жариялады. Алғашқы әңгімесі - "Қорғансыздың күні" - сыншыл реализм үлгісінде жазылды. Бұдан кейін жиырма жыл бойы шағын прозалық шығармалар жазды. Алғашқы әңгімелері драматизмге, терең психологизмге құрылған, дараланған адам характерін даму, өрбу үстінде суреттеп шыңдалған суреткер әлемге әйгілі "Абай жолы" роман-эпопеясын жазып шығарды. 1942-1947 жылдары жазылып, "Қазақ өмірінің энциклопедиясы" аталған бұл роман қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін әлемге паш етті. "Абай жолы" әлемнің 30 шақты тіліне аударылды. 1959 жылы Лениндік сыйлықа ие болды. Сонымен қатар М.Әуезов Абайтануды жүйелі ғылым саласына -айналдырды. Ол - Абай өлеңдерін жинаушы, зерттеуші, жариялаушы болды. Ұлы ғалым фольклор, әдебиет тарихына байланысты да көп зерттеулер жүргізді. , М.Әуезов драматургия саласында да көп еңбек етті. Алғаш қазақ театр өнерінің шымылдығын Ойқұдықта, киіз үйде ашқан М.Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығармалар туды. Жазушылық, ғалымдыққа қоса, Мұхтар Омарханұлы жоғарғы. оқу орындарында ұстаздық етіп, дәріс оқыды. 1961 жылы, 27 маусымда ұлы жазушының жүрегі соғуын тоқтатты.

Мұхтар