ВЕРНУТЬСЯ

Тайыр Жароковты еске алу
О Нарын, о құм Нарын, сонау жатқан,
Сағынып, келем айтам сол аулақтан.
Жолықсам, не деп сені жұбатамын?
Жаныма жадау тартқан
сол-ау батқан.
Болған соң ажал қорқау, қайырымсыз,
Жүрмейді жылағусыз,
айырусыз.
Не айтамын «ағаң қайда?» деп сұрасаң,
«Қалайша келдің десең, Тайырымсыз?»
Ортақ боп жоқ күніңе, бар күніңе,
Қуанған ақын Тәкең әр күніне.
Жаңғыртып жапаныңды жасыл орман.
Тыңдасам деп еді оның сәнді үнін де.
Болса да ажал қорқау, қайырымды
Өлеңнің көре алмайсыз қабірін сіз.
Жыр кеулегі жаңғырықса
жалпақ Нарын.
Қалайша жата алады Тайыр үнсіз?!
Жоқ, жоқ, жоқ, ақынды ажал жеңсе алмаған.
Ұшқалақ суық сөз
ғой сені алдаған.
Көз жұмып тыныстап тек жатыр Төкең,
Жыр толғап, жаралғалы дем алмаған.
Өлеңді өлді
деуден жалған бар ма?
Қанеки, сал жүгіңді калғандарға!
Қолдай гөр,
арқалы ақын асыл Төке,
Қанат боп достарыңа, қайран жарға!
О, Нарын, о құм
Нарын, сонау жатқан,
Ғафу ет, сәлем айттым сәл аулақтан.
Қайтсек те үңірейіп тұр-ау орны,
Саған да,
біздерге де сол-ау батқан.
1966