ВЕРНУТЬСЯ

Қолаң шашыңа қарайлап,Баласың дедім арайлы-ақ.Мойынды жапқан жағада,Пайымдауымша бар айла. Қарақат көзің күлімдеп,Қиылған қасың тілімдей,Жанарыңыздың мөлтілі,Кірпікке жатыр ілінбей. Жазықтау келген маңдайдан,Бет әлпетіңіз айналған.Пістедей мұрын жарасып,Біріне бірі байланған. Ерініңіздің дірілі,Көңілмен өтті жүріліп.Тіліңе тілі тигеннің,Өлгені келер тіріліп. Иектен төмен ақтамақ,Жатырмын барды жаттап-ап.Есітіп құлақ қалғанын,Санаға әкеп сақтамақ. Кергілеп анар кеудені,Көз ақы дердей көргенің,Қыпша беліне келгенде,Шалқалай түспек төрдегі. Аяғы дерсін карандаш,Қайда кеттіңдер арандап,Жанына жақындамаңдар,Жігіт болсаңыз сараңдау. Қалыпқа түскен бітімі,Көріпті әбден күтімін,Аппақ үміті ақталсын,Түп түзу шығып түтіні.* * *Апа,сенің түсіңкілеу қабағың,Көңілімді қобалжытты шамалы.Келініңіз бетіңізден қақты ма,Неден,неге табылмай жүр қалауың? Әлде,әлде…түске енді ме шалыңыз?Неге сонша немкеттілеу халіңіз? Әлде мен бе ерте кетіп,кеш келген,Етек жиып,енді ғана көшке ерген?Әлде,анау немерең бе еркелеу,Төсегінен тұрмай жатып төс керген? Бәйек болған,айналайын,ақ балаң…Бұдан кейін айналаға сақ болам. Айтқаныңды жүре тыңдап сол неме,Хал-жай сұрап кірмей жүрме бөлмеңе?Асты-үстіңе түсіп жүрген жоқпын ба,Көп алдында қоятындай көрмеге. Анашым-ау,айналайын,періштем,Жауап қатпай күрсінесін неге іштен? Бір қырындап қарап қойып айнала,“Ештеме емес…”деп қоясын жай ғана.Қадыр тұтып қанша жақсы көргенмен,Ана жанын ұғып жатыр қай бала… Аңсағаным күнде қызық,күнде ойын-Менде соның бірі болып жүрмейін?..          * * *Көңілінің лағылы боп тағылып,Айтқанының ыңғайынан табылып,Жүргеніңді түсінетін әйелдің,Қызыметін ету керек сабылып. Сетінемес сеніміңді көкке орап,Алғаныңды қоя білсең еппен ап.Силассаңыз тіпті керім болар ед,Сүйенішім дейтіндейін тек сен ақ. Төскейдегі қызыл, жасыл көрініс,Еске түсіп шықты өрім өрімім.Еске түсіп өз өзінен шым етті,Бір қабатқа сыпырылған ерінім. Әсемдікті қарашықта тұндырып,Өксігіне шақ шыдадым шыңғырып.Көздің жасын сүртемінмен қайтара,Кірпігімді алғандаймын сындырып. Әйел, ана, адал жарың, ақылшың,Ақуалдан ауытқысаң батылсып.Тұжырымың сан салада шашырап,Ішер асың бола бермек  татымсыз. * * *Сарыарқаның самалындай-сары қыз,Сен екенсін бәріміздің дәріміз.Жан сарайы қауызынан жарылып,Жайнап-күліп,жаңа кірді сәніміз.  Бұйырар деп қайсымызға бір тал гүл,Әлі талай әнге қосып шырқармын.Кербез басып өте шықтың жанымнан,Тура сөзден келді,ме, әлде бұлтарғың. Көп ішінен дара шыққан қалқам-ай,Неге маған көңіл күйің әрқалай?Тілегіме тіл бітірсең нең кетер,Тұрған шақта бал қызығың тарқамай? Сары арқаның самалындай сары қыз,Сары қыздан дәмеліміз бәріміз.“Менікі”деп,”сенікі” деп жүргенде,Қолдан ұшып кетпесе екен бағымыз. * * *Әйелдерге құдайындай табынып,Көздеріне көрінбесе сағынып.Тәулігіне кесте жасап жүргеннің,Кемімейтін байқап тұрсам ағымы. Сезінгенім өзін -өзі басқарған,Сенімімен үлгі болған жастарға.Үлкен кіші тірегіміз дегенде,Ұғынғанға үңілетін астар бар. Еңбекте де әйел қолы арқылы,Өндірістің артты дейді қарқыны.Мүмкіндікті мұқтаждықты өтеуде,Аспандады дейді тіптен парқымыз. Әйел ана !Әйел асқан данұшпан!Күндеріңді еске алшы танысқан.Жүрегіңді елжіретер құдірет.Сыр шертеді дейді орап алыстан. Біршілігі тірлігі артқан шаңырақ,Кетуінде жетуінде тамыр ап.Басты тұлға дейді тіптен әйелдер,Босаңсуды қаламаймын қаңырап. Әйел қуат жанымыздың жалауы,Болып жатса егер менің қалауым,Өмірімді әйелімнен бұрын ал.Деген сөзді мен де көрдім қолайлы,Иі жұмсақ неге деме молайды, Осыдан ақ біл әйелдің қалайын.* * *Атыңызға затыңыз сай арман қыз,Аулыңызға іздестіріп барғанбыз.Жауабыңды дұрысынан ала алмай,Сыртыңыздан талай рет торғанбыз. Бет әлпетті шыққаныңда опалап,Көзімізді ауыртқанбыз уқалап. Арман қыздың жетіскесін мақтауы,Желбіреттік жігіттіктің шашпауын,Барып жүрсем түгім қалмай ауылға,Арын арлап қиқаңдайсын басқаның. Діңкені де құртып біткен шырғалаң,Өзіңе кеп артылады жыр ғалам. Махаббаттың тұнығында малтыған,Мен бе десем ортақ екен жалпыға.Қыз біткеннің шұрайы мен шырайы,Арман қыздай түседі екен талқыға. Күні -түні көлбеңдеген көрініс,Өткен күннің ұмытылмас шеруі.* * *Аққу-қаздай көлден ұшқан көлбеңдеп,Шығып келе жатқаның да бөлмеңнен,Ақ тұманнан бір көрініп,көрінбей,Жағдайымды білсең етті бермен кеп. Қара тасын сүйгендейін қағбаның,Қадам басу мұң ба саған қарға адым?Сен жымисаң көз жанарың күлімдеп,Жарық болып кетеді екен жан-жағым!. Қайта оралып көңілімнен қашқан мұң,Бір көруге-үлгеруге жасқандым.Жөн сұраған жалғыз ауыз сөзіңе,Шөлім қанып,ішпей-жемей мас болдым. Сөзің қандай,Көзің қандай,Ал,сезім..Жүрегімді жаулап,баурап алшы өзің!Бу боп ұшпай,Су боп кеппей кенеттен,Қаздай қонып,Жаздай болып қалшы өзің… Ай мен күннің сәулесінен жаралған,Мен тұрғанда көз сүзбейді саған жан.Ықыласыңды ізетіңмен ибалы,Ірікпеші иман жүзді ағаңнан…                      * * *Көлде жүзген аққудайын керіліп,Қабағыңды қаққаныңа беріліп.Ауызды ашып көзді жұма беріппін,Қатынасың жоқпа аулымен перінің. Қимылдасам түсіп кетті бас киім,Сияқты едім тірлігіме тас түйін. Мұрыныма көктің исі келгендей,Азға болсын көңіліңді бөлгенге,Аламаннан арғымағым озғандай,Жата алмадым тынышыма бөлмемде. Ешқашанда мұндай жағдай болмаған,Уайым болды бітіспестей ол маған. Көрінісің көкпен жерге байланды,Сезімімді түймеледім ойланғын.Әншейінде аяққаптай көкірек,Быт шыт етті құрылымын айламның. Келе жатқан бағытымнан адастым,Барар жерім сияқты еді иек асты.Әйелдер( Әзіл)         Қоғамдағы жасалар іс әуелден,Байланыста тікелейін әйелмен.Табиғаттың таңғажайып сыйына,Қарсыласар жоқтың қасы әлемде. Әйел -ару ,таза, мөлдір періште.Сезімдерін шайындырып көрікке.Сырлы дүние тұнығына малынып,Айырылған жетіп жатыр еріктен. Түгелімен жағдайымен санасып,Жүргеніңнің айтудамын шамасын.Түсініскен кенеледі бақытқа,Әйеліңіз жаныңызда жарасым. Құрметтесең, аяласаң асыл жар,Қиналғанда табылатын қасыңнан.Ең бастысы ұрпағыңды жалғаушы,                                                                     Оңалмайды әйелдерін басынған. Әйеліңе теңеу тапсаң қолайлы,Жетпегенге жетісесін талайғы.Бүкіл әлем қолыңызда тербеліп,Ұмытасыз кезігетін жолайды. Өп -өтірік әйеліңді мақтамай,Сары ағаш, Баян ауыл, Қапшағай,Сауықтыру орынына жіберіпДем алуға көмектескін ақшалай. Әңгіменің кезегінде деп едім.Біреу ұрды еденіне шегені.Біреу тісін шықырлатып алды да,Көзіменен атқылады төбені. Елде неткен мінезсіздер көп еді.