ВЕРНУТЬСЯ

ОТАНЫМ МЕНІҢ... «Отаным менің» -Деп басталатын топтамам,Көрік кыздырар қажеттілікті жоқтаған.Елдің абзал азаматтарының қимылын,Тиек етеді сөз құдіретіне тоқтаған. Шапағыменен шарта жүгініп ақ таңның,Бітіміменен нұрға бөленіп жатқанның.Отан алдында ниет тілегін айдарлап,Кәнекей енді дегісі келед шаттанғын. Тірлігіндегі күйіп піседі түйінге,Шешім таппаған тоқтай қалады иінде.Қуанышымен түгелге біте қайнасып,«Бірлік болса» деп жанын салады үйінде. Сұғанақтықпен дүние мүлік үйгізген,Сұмпайылық қолын өтсем -ай дейді тигізбей.Тәрбие көрген ұрпақтың сөзін сөйлейді.Анаға ұйып, әкеге бетті сүйгізген. Өмір сүрудің оңай жағымен қамданып, Жеңіл үстінен жүретіндерді жан бағып.Өмір жолында жолы болмасын аңғартып,Оңбайтындығын түсіндіреді соң жағы. Сілтемелерде сілімтік селкеу жазылып,Берекетіне қанағат дейді азының.Қанағатсызға қата қалыңдар демейді,Отан сенімі негізгі дейді қазығың.*** Отаным менің!Отбасы ошақ қасында,Бала шағамен дастарханымның басында.Шүйіркелесіп отырғанымды айтпасам,Не болар еді шынайылықтан осында.Туған жерімді,Шыққан тегімді білмесем,Бірге оқыған жолдасты көзге ілмесем.Туыстарымды, ағайынымды жат санап,Не болар еді төргі киізді тілдесем.Қолымдағыны қызғыштай қорып жасырсам,Жақындағанды өңменнен теуіп қашырсам.Биікке қойып қарақан бастың пайдасын,Не болар еді айла амалымды асырсам.Көңілімдегі келеңсіздікті ірікпесем,Сүттей ұйыған біршілігіңе бірікпесем.Аталы сөздің аңысын аңдап қарамай,Не болар еді кінәсізіңді түрт десем.Ата-анамды аяламасам бақпасам,Ішілетінді маңдай терлетіп таппасам.Өзгелер үшін қол ұшын берер жерлерде,Не болар еді санаға сіңіп батпасам.Көңіл көрігі осыған сайлы нақтасам.                    ***Елді сағындым үйді -үйге кіріп аралап,Айран сүтінен ауыз тиетін бар адам.Күбісін пісіп майын алғанша шыдамай,Бұғатындағы сүзбесін дәмдер ораған.Елді сағындым таңның атысы тынбайтын,Ертеңіменен кетпен күрегін шыңдайтын.Бау бақшалықта жасағаныңның бағасын,Көрші көлемнің әңгімесінен тыңдайтын.Елді сағындым иттері үріп арпылдап,Асау тайлары асырын салып жарқылдар.Төскейде шалғын төсінде балғын ойыны,Шырын сөліне тойынғандайын бар тұлға.Елді сағындым сағыныш сәті жадымда.Қарсы жүзгенді көргенің бар ма ағынға.Есіңе түсіп қайдағы менен жайдағы,Кететін кездер ерікіңізге бағынбай.Елді сағындым елді сағындым,сағындым,Табы сақталды әрбір балалық шағымның.Қыздың бүйірі түртілген саусағымызға,Қарағандығым есіме түсті тағын бір.Елді сағындым алғаш махаббат мекені,Сөзден жаңылып соғылған күні шекенің.Есіме түсті уызға қарық болған күн,Шаруасы демей қабылдаңыздар жекенің.***Отаным менің,Жақсы мен жаман аралас.Миллиондармен болып жатамыз шаралас.Бірі айтқанға адам тәрізді қосылса,Екіншілері жаныңды жейді қаралап.Бағдарламасы өз пайдасына жығылған,Шығуы керек тап таза болып шығыннан.Осы арада кемісін айта бастасаң,Бейтараптанып бейғамданады ұғымнан.Кемшіліктерін мойындағысы келмейді,Олардың тіпті пәруайы пәлек өл мейлі.Бұлтартпасыңа байбалам салып жатады,Аз аялдасаң алдыңғыларын өңдейді.                                                                               Есіл еңбегін әлсіретеді маманның,Сөзіне ерсең жыны шығады адамның.Заттың сапасы онан кемімес дегенде ,Індетіменен беттесесіз қоғамның.Толықтырылу,жинастырылу тапқырлық, Ұғындырылды дегеніңде де сақ тұрғын. Кертартпалардың кесапатының кесірі,Талай арысты бетінен алып лақтырды.Шалажансарға баршылық арман түсінем,От боп жанасын амалың нешік ішіңнен.Біліп тұрсада білмеген кейіп танытып,Ши шығарғанша қазбаланады ісіңнен.          ***Отаным менің,Сырымды сағанАшықтан ашық айтпастан,Қалай боладыТемір ұсынсам дат басқан.Қалай болады киім тазасын киіп апҚарақан бастыҚиыншылылықтан ап қашсам.Жақсы білемін ненің тұрғанын қалқада,Өмір болғасын түсіп жатасын алқаға.Сондай кездерде танымасыңды сыйламай,Бұрылуыңыз әбден мүмкін ғой арқаға.Еркек тоқтыдайШалып жіберсең құрбандық.Таба алмаспын түтін шығатын мұржамды.Басқа есіктіңТұтқасын тартып алжысам,ЖақындатпағынДеуің әбден ғой құрығанды.Жақсысын айтып жаманшылығын таяп қой,Ісің біткесін қыдырылатын қонақ той.Үміт пен үгіт табан тірейтін медетің ,Абыройсыздыққа кенелдіреді шолақ ой.Осылай күнде өзімді өзім қайраймын,Қайсыбіреуі аяғын алғанмен айлардың.Қайсыбіреуі сексеуілдейін қозданып ,Алдыңыздағы мақсат мүддені қорғайды.Шынайылықта өтірік арбау мүлде жоқ,Адам сияқты пікірлескендер тілге кеп.Өзіммен бірге ойын бөлісіп жатады,Ашық жағдайда барысы айқын күндерек.           ***Отаным менің!!!Ақылға ақыл қосылып,Өз өзімізге келгенімізде шошыдық.Зейнеткерлікке қояйын десем шықпай-ақ,Күліп қатырды жауымыз емес досымыз.Айналаңдағы қарағыштардың көзімен,Орынды босат дегенге ұқсас тезінен.Жасым келгесін жатуға тиіс екенмін,Ұялып жүрмін жұмыс жасаудың өзіне.Көпшілікпенен отыра қалсаң талдайды,Түсіністікпен қамтитындайын шалғайды.Зейнеткерліктің көрмеймісіңіз рәтін,Жөндемеймісің онанда дейді хал жайды.Осынысына айтылар қандай жауап бар,Жабысқандығың осы емес пе балақтан.Иттей таланған түсініксіздеу ойымды,Шығара алмай әуре сарсаңмын санаттан.Аңғарылмайды қаншалықты дұрыс бұрысы,Әншейініңде көрмеппін елмен ұрысып.Қан көтеріліп басым айналып барады,Аяқ қолымыз қалмасын деңіз құрысып.          ***Отаным менің,Тұғыры берік мекенім.Алпыс төрт жылда ,Сайранды салып төпедім.Кешегі балаБіреулер дейтін көк өрім,Араша сұрапІскендігіне шекенің,Налыған күндерКім білген бұлай өтерін.Отаным менің,Өтілген күнге куә сен.Өмірден озғанАдамдар үшін дұға тең.Тірінің ісіТіршілігімен көрікті.Мен үшін кешеЛақтырғанымыз бөрікті,Елуде міндікАрмандап жүрген көлікті.Отаным менің,Бағым,бақытым, баспанам.Артық көремінТыныштығымды басқадан.Ағыл да тегілАтқылап жатыр босқа қан.Көзсіз қаруларЖетеді елді жасқаған.Қиындық көргенЖиынтық жасы тостаған.Отаным меніңБірді айтып бірге кетемін.Көзбен сипадымӨткен қыздардың етегін.Кеудені соққанСезімнің ертті жетегі.Жастық шағымныңКім білген мұндай шекерін.Қала алмадымМәңгі баладай бекері.Жақсы жаманныңБарлығын жүрмін көтеріп.Отаным меніңКөрсеттің маған оң пейіл.Жасым келгендеІстеген ісім еңселі.Немере сүйіп                                                                                                      Келін жұмсадым теңселіп.Құда жекжатқаДастархан жайдым еңсеріп.Көңіл көгіндеЕмім сенімде еркемін.Жеңіл сезінгенСүйікті ұлың мен сенің.              ***О, туған жер киелім,Сөз сөйлесем жүйелі,Ауаңа аңқам ашылып,Кемсең қақты иегім.Берілдім бе сезімге,          Түсінбеппін өзімде,Саусағыммен сылыдым,Аққан жасты көзімнен.Ақ ниетпен ас тосып,Отырғаныңа бас қосып.Кеттім бе екен езіліп,Күткенім бірақ тап осы.Сәлемді алған ағаның,Сәлемді алған ананың,Ризашылығы не тұрат,Шіреді сана шанағым.Жұпары аңқып жерімніңТарқатты түпкі шерімді.       Қырбақтан төмен домалапБала боп тіпті көріндім.Шым-шытырық шимайдан,Жүрегім екен қиналған.          Өзінен өзі жазылып,             Түйінін шешті жиналған.Сағынып келген шағымдаОтырдым көңіл тағыңда.Туған ел саған мың алғыс          Екенсің әлі бабыңда.                ***Шексіз де шетсіз жазира мекен, жан аймақ,Батады күнің,Атады таңың арайлап,Аққу мен қаздың қызығын жүр-ау қызғанып,Шүрегейлер де қонып жүр көлді маңайлап.Ежелден елдің төркіні сен ең төзімнің,Мейманам барда меймансыз қалай көз ілдім.Есіктен енген төріңде сайран салуда,Келімсектерің демейді өзің, сөзің кім.Жайыңды жатқа неліктен сонша жеңдірдің?Тезегін теріп кетпесе екен тең құрбым…Баламыз жатыр бармағын сорып үйді-үйде,Қара бір суға қармағым салып мен жүрмін.Ожданым,арым емес пе еді Отан,бақ?!Білтелі мылтық қолыма тисе-ақ оталмақ,Қараша үйімде қалайша қалғып-мүлгиін,Жыныма тисе қайсыбіреулер қоқаңдап.Мекенім менің,Жайқалған жасыл желегім,Жердің де иесі,Ердің де иесі сен едің.Кең елім менің-Дуалы ауыз кемелім,Айта ма деумен сергелдеңімнің себебін,.Жалтаңдап емес,жаутаңдай қарай беремін.             ***Отаным меніңЕрте де демен,кеш демен,Өркенді жайшы,өрлеген көкке көшпенен.Асудан өтпей,өткелсіз өзен кешпеген,Асуға жетпей ешкім де белін шешпеген!Беліңді шешпе,Бейнетің әлі алдыңда,Көзіңді сүзбе шалғайда жатқан шалғынға.Қасиет қалсын қарайған қарттың аузында,Өсиет қалсын балапан бауыр балғынға.Ділің мен дінің-ділмар боп туған тіліңде,Болымсыз жұрттың бопсасын тыңдап бүлінбе!Домбыра сазы,Қобыздың қоңыр сарыны,Салтанат құрсын үзілмей мәңгі үніңде!Отаным менің!-Жарқ ете қалған жасынсын,Асқардан асқақ,Алтыннан ардақ асылсын.Үлкен де кіші үйіріңе сенің қосылып,Келген де кеткен аяғыңа сенің бас ұрсын.              ***Отаным менің!Қазаны оттан түспеген,Алдыңда әлі зәмзамның суы ішпеген.Айбыны асқақ сен менің Алтын ордамсың,Босағаңды аттап,Алшаңдай басып ішке енем.Бүгінде саған бейілін бұрған бір Алла,Көңілде күлкің,Өмірде кілтің,Құранда...Есіктен енген екінің бірі дос емес,Жадыңда сақта,Есіңнен мұны шығарма.Таусылмас көзің,Алтының, мысың, мұнайың...Ықыласын төксін құдайым саған ылайым.Тіл аузым тасқа!Аршылған бұлттан аспандайСұңғыла өңің,Ашыла түссін шырайың!Отаным менің!Арымай, талмай алға атта,Салтыңды сақта,Халқыңды сүйіп,ардақта.Сенің де жолың,менің де жолым оңалар,Сыйына білсем,Сыйлана білсем әруаққа…                          ***Туған жерімнің табиғатына таңданып,Таң әлетінде қалсада киім намданып.Далаға шықтым қалыңдау етіп киініп,Көкорай шалғын аяқ шалады жан жағың.Сәскеліктерде қиял әлеміне беріліп,Құдіретіне бас идім туған жерімнің .Ат ізін салмай кеткенге біраз уақытҚалай басамын қалай қоямын шерімді.  Аспан айналып жерге түсетін шағында,Арыда бері қыдырдым гүлзар бағында .Шаңқай түс болды деген ескертпеге де ,Елең етпеген түрім байқасам тағында .Түстен кейінде қанның қысымы қалыпты.Еске алмағанда Қажмұхан сынды алыпты. Жүрек соғысы жігіт ағасын мегзейді ,Кетпегеніне сілтелейтіндей талықсып.Сананы серпіп самалы желпіп кешқұрым,Ауыл жастары бастағанында кеш жырын .Жетістірудің барлық жағдайын жасадым,Ол ғаламатты көрген емессің ешбірің.       ***Туған жер,Өскен жер ,Аман сау,Бүгінде кемпірім, жаман шал.Қалайсын,- дейтінді шығарды,Ұнжырғам түседі соған сәл.Балалар үйленді, күйленді.Ұнатып артықтау кигенді.Басында қақпайлап қоюшы ем,Бүгіндер оған да үйрендім.Келін де баласын лақтырып,Қояды күнұзақ бақтырып.Атаның баласы дегенге,Айтқанын жасаймын тақ тұрып.Ақша ұстау қарасы үзілді,Білдірмей кететін ізіңді.Кезеңдер ертеде болушы ед,Ол жердің мүкісі түзілді.Құп, тақсыр!Не дейсін ?Ләппайлап,Жүргеннің өзінде жақпай қап.Азды көп артық сөз есітіп,Алынып жатамыз қақпайға.Туған жер!Өскен жер!ЖүгіріпЖалаңаш лыпасыз түгіміз.Жалтырап жататын уақытБіржола құрыды,сызылды.Айтатын түгі де қалмады,Туған жер,Өскен жер,Оллаһи,Есіме түсірген осы сәт,Сезімді оятты болмашыСен айтшыБолғанды көрдің ғой.         ***Туған жерімді,Өскен жерімді бір көрсем,Қойын да бағып,Тойын да көріп үлгерсем.Жүрегім сыздап,көңілім қоздап,бір мезет,Тірлікте мынау тілегіме ғана тіл берсем!Тобама келіп топырағында аунасам,Шаңқай бір түсте шалғынын орып, бауласам.Шөліне пісіп,саумалын ішіп қымыздың,Көліне түсіп,көгеріп түсім, жаурасам.Қайыңдай қалқа-Бойжеткен қызға көз салсам,Кербезсіп келген келіншекке де сөз салсам.Ауылдан аулақ,биесін сауған кезінде,Желемік кеште жеңгеме,шіркін,кез болсам…Үлкендерінен амандық-саулық сұрасам,Жезделерімнің құлағын аздап бұрасам.Ақшаңқай үйде аузыма жұртты қаратып,Үкісін таққан үржамал қызға ұнасам.Жарығын төгіп, жарқырап тұрса ніл аспан,Таң атпай жатып гүлдерді көрсем бүр ашқан.Есімнен сірә кетер ме кезім, шіркін-ай                     Күндерім күнге,Түндерім түнге ұласқан?!Жуып та шайып,Санама сәуле құйған шам,Қанша күннен соң қалаға қайтып жиналсам.Үркектеп тұрған үржамал қызға сырымды,Айта алмай-дағы,Қайта алмай-дағы қиналсам.      ***Отан анаШаужайыңа оралып,Елің жұртың жиналыпты қоралы.Бәрінің де жаны жайлау көкжиекКелгенінде айту лазым орамы.Пішіп өлшеп қолдағының салмағын,Адамдардың өскендейін талғамы.Бітіргенді місе тұтпай бойына,Ізгілікке талпынуда алдағы.Отан сеніңАй туғанда оңыңнан.Ерген елді қызықтадым соңыңнан.Егеменді ел ұланы болғасын,Келетінді аямастай қолынан.Мысықтілеу,Жымысқылар жайлаған,Қоғамдағы алып соқпа айлаға.Қарсы тұрар абайладым пәрменді,Қашқанды да абайладым пайдадан.Жан шақырып ,Шөл қандырып ағыннан.Гүл ұсындым бала ауыз шағымнан.Жыр ұсындым жүрегімді жарғылап,Жақсы жаман баламасы бағымда.                      ***Отан ана, дала кезіп, қыр асып,Жағдайыңмен ұғыныстым сыр ашып.Ұлдарыңа риза болдым елгезек,Кезіккенге ағакелеп тұратын.Күйіп, жанып ,жан тәнімен сүйетін,Көбейіпті елдің, жердің иесі.Құлдық ұрып талай көрдім жүргенді,Қолдағаны болар тәңір киесі.Қуанышым көңілімді тербетіп,Ысырылды сезімімнің пердесі.Сіз бізіңе шыныменен бас идім,Ынтымақты араңыздан көргесін.Орынықса істе дәйек құрылым,Елге қуат алған көздің шырымы.Бақ, береке, бейбітшілік, ынтымақ,Адамдардың шекер, балы, шырыны.Жаса, Отан айдай әлем алдын да.Белуардан мал жайылсын шалғында.Ақ бидайың сақталынып қамбада,Қуанышты күй силасын балғынға .Отан ана арқа сүйер тірегім.Табанымды үзенгіңе шіредім.Санам саптан ешқашанда түспейді.Қалыбында соғып тұрса жүрегім.              ***Мерей құтым өз елімОтан ана,Ел жұртым,Жылдардан өттім желдіртіп.Ел ағасы жасымдаЖаныма жат көлгірсу.Балаңды жөндеп қарап ал,Халықтың көзі шарайна.Ассаң тезге саладыАйла амалы сан алуан.«Мерей құтым өз елімКөбіңе көңіл кезедімЖыр күмбезін тұрғызыпАлтыннан тақ құрғызыпГүлзарыңдағы гүлдерденКөз жауын алсам қырмызы»«Жорғадай желіп көсілгенҚайыстай қанып есілгенТолықтай ойдың орамыШықпаса шіркін есіңненҚұдіретке сонда бас иіпСөз қорытсам өсімненБәріде дұрыс болар ед»               ***Еңкейген шал, жас  бала,Қарамастан басқаға,Елпең қағып келеміз,Артта қалып баспана.Иассауи ата бетімізТүркістанға жетуім.Атаға құран бағыштапКерегі ниет етуім.Әке- шаңырақ иесіҚолдаса ата киесі.Адам болса баласыТабардай егіз түйесі.Әкенің ойын түсіндім,Бірақта өзім мүсінмін.Оңғарылымы осы араЖасалар барлық ісімнің.Мешітке табан тіредік,Кесене неткен ірі еді.Айтса атам айтқандай,Көрінбейді тіреуі.Шомылдым әбден шындыққа,Мұсылманымыз пір тұтқан,Ахмет яссауи кешеніЕскіден екен бір нұсқа.Көрдіңбе деді мынаныОсы иассауи тұрағы.Шартараптан ел келіпОқиды деді құранын.Сөйтті де ата қатайыпШұбыртып өтті батаны.Түркі дүниесі тәуетерТүркістан екен отаны!Маңдайды тасқа тигіздім,Атама бетті сүйгіздім,Жақсыға жанды жанығанКеремет екен үй біздің.Көшпелі өмір көшіндеҚалуы тиіс есіндеКөп ізгілік бар екенРиза болдым шешімге.Қастерлі түркі түйіріМені әкелді үйіріп.Менде баламды әкелдімТазалығына сүйініп.Балам баласын әкелер,Жаман демеймін түйіні.Жалғасын тапқан өлеңніңОсы бір ара биігі.                   ***Бекет ата әруағыңа сиынып,Елеместен замананың қиынын.Мешітіңе елі жұртың келудеКелбетінде ұялаған жылылық.Мүмкін емес түгелінен жеткізіп,Түптегенде сізге деген бет түзу.Қорыққанда, қуанғанда алып жүрЖаңалығын алдыңыздан өткізіп.Арқасүйеп, медет тілеп жарылып,Бекет дейді, тұрғандар да тарығып,Бекет дейді, барлар, байлар, басшылар.Бекет дейді, қаймықпайтын нар ұлың.Құтыламмен сұғындырма айладан,Елді көрдім сенімдерін байлаған.Шаранадан,қарт анаға дейінгіҚұдіретіңе бас июде ойлы адам.Неткен керім биік едің адалдық,Хақ жолында бола білу табанды.Тірлігіңнің жасалынған өтемі,Шарықтатты жер бетіне бағаңды.Аллаға аян жалғыз дара көреген,Зияратты сұрамайды төреден.Ерік, жігер түгелімен егемен.Толығынан сый сияпат зеремен.       ***Ата қоныс, Шәуілдір,Қоғам,Шенгелді.Өңірінде талай  көкпар өңгердім.Ұлан асыр той-жиында әндетіп,Мерекеге әлжеткенше өң бердім,Жігерлерің қайда дейтін сендердің.Қарияның сөзін тыңдап дуалы,Жас пен желең көзін ашып жұматын.Көпшіліктің сөзін сөйлеп шырқырапСөз тәңірі қаққылайтын сынасын.Атбегілер ат тұяғын тағалап,Бозбалалар ауыл үйдіжағалап,Ана,әжелер ұзатылған қызына,Аман жүрлеп айтатұғын аманат.Сүттей әппақ көңілдегімөлдірлік,Ождандының ой-арманы-ел,бірлік.Есейдік те,Ерте демей,кеш демей,Біз де соны бойымызға ендірдік.Әке алдында қай кезде де бала жас.Еңбек түбі,зейнет,бейнет,адал ас…Соңғы кезде әңгімеге зәрумін.Соққылайтын ащы,тұщы аралас.    ***Арыстың бойы жағалай өскен тал-шыбық,Таңның алдында жатады шыққа малшынып.Ауылдың маңы жиделі тоғай,алаңқай,Осында бәрі ойын баласы,малшы жұрт…Кемпір мен шалы қыз-келіншекке қарауыл,Қазақы жерде осындай болар бар ауыл.Бір жері көк шөп,дер еді оны ажырық,Жалаңқай жүрсең кетесін дерттен айығып.Ертелі-кеште анда да мұнда шапқылап,Шыбықты атқып ойнаудан қашан қажыдық.Есіме түст-ау Арыстың бойы…сол тоғай…Қайда жүр екенсің қарақат көзді қалқамай?..Бір жері терең,бір жері саяз Арыстың,Ағыспен бірге жағаңда талай жарыстым…“Адамның басы-Алланың добы”демекші,Амалым қанша,мен сенен бүгін алыспын.Азсада,мейлі,тозсада,мейлі,сол ауыл-Өмірлікарман,азығым әрі қалауым!                ***Айналайын Манғыстау!Күндер өтіп аңдысқан.Бүгін сенің үстіңненНұр жаууда алғыстан.Заманын да ықылымҚиын болды жұтыну.Бүгін түгел сырт қалыпӨсті өнді тұқымың.Мұнай мен газ арқасы,Жетістіруде баршасын.Төрткіл дүние біледіБүгінде елдің картасын.Сайын дала сақталып,Әрбір шаршысы хатталып.Азаматтарымен саналы ,Жатқан жай көп нақталып.Бұдан артар қандай зат,Бағы жанғасын маңдайда.Жақсының сөзі санадаТәттінің сөлі таңдайда.Өркенде жаса шалықта,Жасалсын түгел халыққа.Басқаның бәрі әңгіме,Көз салу үшін алысқа.Жаса Манғыстау!Жаса Манғыстау!Жаса!!!                    ***Ауылдың маңы көк шалғынМалыңа орып шөп салғын,Әзіл қалжың қағысып,Ауылға сәтте кеп қалдым.Су сорған сортаң дененің,Суын сорғытып демедім.Әңгімемнің шегі жоқКөзімін білсең көненің.Сыңсыған тоғай талынаҚұладым талай шалына.Шығамынмен жүргендеШомылдық терге малына.Аяқты тасқа тілгілепШөбі шаламы ілгілеп.Жаралы жерлер жататынТаңның алдын да күлдіреп.Қынама қамзол қапсырмаБеріліп қойған тапсырма.Қыздар қасыңда жүредіСөзіңе мәзсін лақтырған.Түгелдей құлақ қапталың.Өзіңнің жайың баққаның.Қыйт етсең құрып кетесін,Не болса соған ақталу.Ойымды арбап сағыныш,Сипадым ағаш қабығын.Баруым керек сияқты,Ауыл аймаққа тағы бір.                ***Ауылым- асыл қазынам.Берекет тауып азынан.Есейген балғын балаңа,Көп екен айтар базына.Гүліңді теріп қырыңнан.Көретін көзім қырымнан.Қырғидай тиіп қызыңаБолмасқа талай ұрынғам.Ауаңмен терең тыныстап,Тереңдей түстік тұныққа.Болды арада кезеңдер,Сылтау іздейтін сыныққа.Қозы лақты да қайырдық,Тәрбиемізбен байырғы,Мемлекетті де ойладық,Бүгінгіміздей зайырлы.Көк аспанға да табындық,Бойтұмарды да тағындық,Қырында көкке аунағанҚайтаршы жастық шағымды.Ауылдың қара баласы,Болмайтын затқа таласып.Босқа жүр деген пікірдіСанаңнан сарқып аласын.                     ***Шөліркесе түйе сүтін ішетін,Сыбағалап жейтін жілік мүшесін.Манғыстаулық алдарыңда қазақтар,Қанағатқа толықтырған місесін.Мұнайшының өңдейтіні мұнай газ,Аңшысының жетегінде құмай таз,Тауда арқар, жазығында ақбөкен,Елдің жайы ахуалы тыңайған.Теңізінде ақбалығы, шоқыры,Итбалығы, құс біткеннің топыры.Еріксізден адамдарды тартадыОсыдан ақ бет пердені оқыңыз.Жердің асты түгелінен ұлу тас.Айналаға көз жіберіп ұғынсақ,Байлығымыз табанының астында,Әгі ,құмы құрылысқа бүгін қат.Шөптерінен дәрі -дәрмек шығады.Жерлерінде алтын уран тұрағы.Біздің жерде Менделеев атаныңЖарқыратып жағып жүрер шырағы.Өнеріміз өміріміз өреміз,Тыныштықты өте жақсы көреміз.Үлкендердің сілтемесі бізге заңЫнтымаққа толығынан ереміз.                      ***Әуелетіп өзге елдің мақамын,Қазақстан десе болды отаным.Шырқырайды басылымдар арналар,Жиынына қатысқандай НАТО-ның.Өзгелердің құрметтеймін шайырын,Өз жерінде көрсін халқы қайырын.Әй,дүбәрә мамансымақ жалтақбай,Ең алдымен алсай барды айырып.Үстіндегі азаматтар мінбердің,Сілтеуіне елігесін кімдердің.Отырмайсын орыныңда мәңгілік.Одан мезет халқыңа үн бергін.Қазақстан-жалпақ шешей отаны.Сенбесеңіз алабажақ шапаныӨзбектердің теле арнасын қарашыӘшуласын сырғытып тұр шопаны.Жағаласқан жұлмаласқан ешкім жоқ,Өзбектерге өз тіліңде бөстің деу,Орыстарға көшкін деумен пара-пар.Өз жеріңде мұны ұят кескіндеу.Мән беремін көңіл күйдің қошына,Айтқанымнан ат тон алып шошыма,Барлық затқа қанығуға тиіспіз,Кезек күтпес бір мәселе осында.                 ***О,туған жер, шаттығымСөзіме сенсең нақтылы,Ауыл ел ықылас білдірді,Күтпеп ем шыным тап мұны.Көңілдерімен ас тосып,Уақытты бөліп бас қосып.Жүргендеріңді көргенде,Керек ед дедім нақ осы.Сәлемімді алған ағаның,Сәлемімді алған ананың,Алдына келіп бас иіп,Босап та қалдым шамалы.Киесі ме екен жерімнің,Тарқатқандаймын шерімді.Періште мінез аршылып,Ащысы шықты терімнің.Шым -шытырық шимайдан,Қыртыс әжімдер жиналған,Өзінен өзі жазылып,Көкірек кердім қиналмай.Сағынып келген шағымда,Көңілді бастым қабынған.Ел жұртты көрдім еңселіҚалмаған екен ағымнан.                         ***Азаматтың құрдасы досы болар;Қайда барып жүрмесін қосып алар,Қай кезде де адамға уақыт емші,Жақсы жеңге сияқты тосып алар.Жасып қайдан,Күнелтем тасып қайдан?Бара жатса өзгеден асып айламТамбағанын тілеймін тәңірімненЖер бетіне босына , қасықтай қан.Құндылығы көріктің-қызған шағы,Алыс бармас адамның қызғаншағы.Сөздің мәнін ұғады есті бала,Көздің жауын алады қыз моншағы.Бағбан ғана өбектер бақтың гүлін,Жақсы адам тілейді жат бірлігін.Өміріне өлеңін серік еткенАқын ғана ұғады хақтың тілін?!!Көктемеде гүлдесе өмір бағы-Адамдардың арманы орындалды.Жүрегімді аяймын тек  бәрінен,Жүдеп-жадап күн кешкен торымдағы.