ВЕРНУТЬСЯ

               Cөз басы Қасиетті қара өлеңнің киесін,Ата-баба айшығы деп білетін!Асқаралы асуларға қол созған,Ақыныңның байқа қосқан үлесін. Атталынған әрбір жылым бір белес,Ағайын,дос,көрші-қолаң іргелес.Алыс- жақын жақындаған жаныма,Шын тілеулес күбірлемес, үндемес. Ордалы ел оң жағым мен сол жағым,Мен солармен сапарласпын,жолдамын,«Ұлық болсаң-кішік болды» ұмытып,Кімге керек асып-тасып болғаның? Шартарапқа шарықтайтын шағыңдаСатпа өзіңді сары алтын деп сағымға.Тағдырыңа қоңылтақтық танытсаң,Дос-жаранның бірі қалмас жаныңда.Батпан-батпан байлық іздеп лас кеудең,Лағып кетсең,қайда қалмақ тас бейнең?Мен бабамның ұлықтаймын әруағын!-Артық жерім осы ғана қаскөйден! Көп опынбас өмір сырын тоқыған,Опалы оймен өлең жазып отырам.Көңіл көргек,Сезім сергек,Ой-кеніш,Мән-жайына ортақтасар оқыған.***Көңіл шіркін қалайды кеңшілікті,Маған тағдыр өлеңді енші қыпты.Дәуріште,шипагер,балгер де емес,Дертке дауа деймін-ау емші мықты. Не болғанда көргенім көрмегімде,Барлық байлық адамның еңбегінде.Себеп мекем дей алман бардың жайы,Ақша уыстап жатқанмен жөргегінде. Балапандай сары уыз ұшпа қанат,Бақ пен тағың байқашы қысқа қонақ.Бәйге алады дегенге кім сенеді,Ай тақырда арулап ұстаған ат? Сәл кідірсем кетеді салым суға,Сынақ білем үзеңгі қағысуда!Өз бейнеңді көресін салыстырып,Мына өмірдің аламан ағысында!... Алыс-жақын адасып арасында,Соқпа болып соғылдым сан асуға...Табан тірер табысым осы болдыБолашақтың дедім ау нәрі осында.                      ***Адам болғым келеді қарапайым,Қараша үйде сораптар қара шайын.Пешенеде жазмышым солай болар,Артамын деп,кімменен таласайын?! Адам болғым келеді қанағатшыл,Қарайғанға сәлемшіл,саламатшыл.Қаныпезер қанышер менен аулақ,Дегенді де білмеймін қара бақсы! Адам болғым келеді әппақ,адал,Аудармай-ақ қояйын жатқа назар.Қаңғалақтап алдында жүрген жандыҚатыбезер жоқ шығар отқа жағар?! Адам болғым келеді елге керек,Сайтан бөлек,Жын бөлек,Пенде бөлек!Мінсіз,мұңсыз ешкім де жоқ шығар-ау,Мінезімді болмаймын жөндеп әлек! Көргенсізден көңілім қалды қанша,Уәдеден берілген танды қаншаҚандай жағдай болса да ізгі ниет,Тыныштықтың алауы мәңгі жанса! Жұмағыңа жоқ болар барған-көрген,Әр адамға лайық талғам берген.Адам болғым келеді маңдай термен-Осы менің айтарым салған жерден!             ***Бұлтпенен бүркелмейді бет перде,Адал асты аймағыммен жеп көргем.Жаратқанға мың бір шүкір,мың тәуба,Аман-есен осы күнге жеткізген. Таң ағарып,түн қабарып батады,Біреу мақтап,біреу даттап жатады,Табанынан тайғанақтап тал түсім,Күреңденіп күн бесінге тақады. Ізет,иба,жақсы мінез жайдары,Аз ба,көп пе,адамдықтың айғағы.Қарттық, шіркін, қара қазан қаспағы,Жастық, шіркін, аппақ сүттің қаймағы. Қандай әсем тіршілігі тірінің,Өмір-өлең егіз-сыңар бір ұғым.Ай болмаса,қара түнде не мән бар?Лайланбаса екен деймін тұнығым,           ***Тірлігімде ұр да жықпен апайтөс,Жақынырақ кезікпеппін тақау кеп.Сөйтсем олар санайтынның өзі екен,Өзгелерді түбегейлі мақау деп. Жасалынар қызыметі барға жүк,Қазанында қуырылсын бар халық.Теңіз суы сирағынан келмейді,Қапса болды салған жерде қармағы. Жүрген жері ұрыс-керіс, дау-дамай,Пайдасына жан береді таңдамай.Кезіккенге керісінше қарайды,Дегеніңе күмәндімін онда ар. Қылығымен құбылғанда құйтырқыӘрекеті іс-қимылы сиқыршы.Байқағаным сырыңызға қанықсаҚарауылға алатындай үй сыртын. Менің мынау сыңаржақтау пікірім,Бер жақтағы айтылымның шүкірі.Сорлағанда сорақысы соңындаОның үшін қас-қағым сәт түкіру. Қоғамдағы қозғалысты қат-қабатАлған дерсін қолдарына ноқталап.Құдіретке шүбәләніп қарайды,Сана өлі міз қақпайды от жалап. Өз еркіңде қоштамауың қоштауың,Көтеретін жандайшаптар шашбауын.Көзін жұмбай өлтіретін сияқтыАбайсызда басып кетсең башбайын.             ***Күндерінде тағдырдың тәлкегінен,Сөз есіттім болмасқа әлдекімнен.Шықпаған жан көресі көреді екен,Оны аңдадым кезімде әлге мінген. Басты жайлар десекте өтті, кетті,Саралаудың мезгілі енді жетті.Қылтанақтың қадалған орыны барТақамағын тақағын бетке бетті. Қоламтасын қолқаның біріктіріп,Сезіміммен сенімге кіріп жүріп.Ем іздеумен келемін айналама,Міндеттейін мәңгілік түрік жүру. Мезгілінде шалдығып шаршасамда,Көмілсемде тыстағы барша шаңға.Адалдықтан қиыстап кетпегенім,Өмірімді қалғандай тарта сақтап. Соның өзі көп затты аңғартады,Әттеген-ай адамды таңдар шағың.Мыстандықтың құрбаны болғанынаТағдырымның алдында сан шаршадым.***Өз бетімменХал жағдайды ескеріп,Өткеніме көз түремін тексеріп.Жетістігім азды-көпті болғанмен,Кердиюге әуес емен төс керіп. Білмесімнің кем-кетігі қалайлап,Сұраныспен күнім түсті талайға.Түртінектеп жүріп жиған тергенімЖол бермеді жолдан өткен жолайға. Көргеніме жете тіке қараудан,Орынықтым көңіл деген сарайға.Дегенімен ойран салды басымаАдамдарда кезігетін бар айла. АуысудаҚайта-қайта үкімет.Қойғанымыз кеше ғана үкілеп,Бүгін оған қандай кінә тағылды,Түртпектеген деймін кім-ей күші көп. Дені-басыӨтілетін сайлаудыңРеттері тамашаны тойлаудың,Бәрін-бәрін талпынамын қамтуға,Өзі қиын мендегі ойды ойлаудың. Кімге керек дегендерге білгірсіп,Жасамаймын жоқтан өзге ілдіртіп.Дегім келед оң бағытқа жүрсеңші,Оған себепАрым таза бүлдіршін!.. ***Көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы,Арттырады күш-қуаттың қарқынын.Шетсіз-шексіз ізденіске тәуелді,Ар-ұят пен абыройдың бар құны. Көргендінің алдындағы межесін,Құрылымдық ыңғайынан сезесін.Құмырсқаша қажымайтын қимылдан   Ажыратқан ішілетін көжесін. Дәрменсіздік өсірмейді өрені,Ит жеккеннен іздемейді зерені.Сендіреді сенімімен үмітін.Түйініне жүрілмейді төрелік. Білімділік біліктілік жөнінде,Өсиетке жүгінемін көбінде.Асуларын алу үшін қаншалар,Шабуылдап талай жерде шегінген. Ұстанымы құзар шыңның басында,Түскен жерін шоқ ететін жасындай.Қабілетті біреу біліп білмейді,Әңгіменің түп төркіні осында. Еңбекпенен әлемдене беретінҰстанымның іздеушімін дерегін.Барым-жоғым алдарыңда жайылған,Қандай екен деп жүрмеңдер қорегі.                      ***Айналайын,көңілім,қарабайыр,Әрнәрсеге өзіңсін арағайын..Кезегінде көбірек ойланамын,Өзгелерден үстемдеу бала жайын. Маған қарап өседі немерем де,Немересіз бақытқа кенелем бе.Бел ағашы үйімнің болсам игі,“Ел ағасы”деп жұртым елегенде! Болмасамда көлденең табыстан бай,Жұмысымды атқарам намыстанбай.Жон көрсетіп жүргем жоқ жолбарыстай,Ақырып та жүргем жоқ арыстандай. Өз жолымды,Білемін өз жөнімді,Азапқа да тозаққа төзгенімді.Ұл-қызыма бермесін жаппар ием,Қыл ұшында қиналған кездерімді… Болдым-толдым дейтін де мен емеспін.Есем кетсе,өмірмен ерегестім.Қыс қыстауға қамданып қара күзде,Жаз жайлауға жақынмен ере көштім…Мойыныма ілмеңдер жөн еместі.          ***Бұл қазақтың бәрі айтқыш,бәрі білгіш!Мазақ еткіш,Мақтағыш,Әрі күлгіш…Іздемей-ақ алдыңнан шыға келер,Дегеніңше болмай-ақ”кәне,білгіш?” Шешенсініп сөйлейді шеттерінен,Жеме-жемде демейді жек көрінем.Сөзі тамып тұрады тілдерінен,Майы тамып тұрады беттерінен. Көсемдері деймісін?А---н---а жақта…Ақыл айтқыш жәми жұрт-жамағатқа.Солар ие көлікке,елікке де..,Солар ие қалта мен қаражатқа. Солар ғана айтады билікті елге,Ортаға кеп біреулер киліккенде,Солар келіп қонады қонжиысып,Қонақжайда пайдалы тірліктерде. Олар үшін біз деген-қара халық,Әр сынақтан үйренген сабақ алып.Солар сіздің ойлайды қамыңызды,Қат-қабатта қомқоршы бала қалып. Бұл қазақта аз емес атқа мінер,Қағидасын заманның жатқа білер..Іздемей ақ оларды табам десең,Әшекейлі апталған қақпаны көр! ***Отырғанда өткеніңді саралап,Ойды-қырды тыныстайсын аралап.Шындығыңды төстігіңде шыңдасаң,Тиянағың сол кезде сеп қараға. Игергенің икеміңе көнбесе,Төбеңізден жауар бұлттай төнбесе,Сөзде қуат, істе тұрақ болмайды,  Кәне мінді өзің біліп жөндесең. Әуейілеп елікпейік бос дауға,Ұтыламыз-ұтылмаймыз қостаудан.Көрмеген жер тұманды боп келеді,       Әлің келе бермесін біл жасқауға. Өз бетінше биігіне өрлеген,Өтелімін қауыштырған терменен.Ұтылсада бірлі жарым жерлерде     Жігерді айт қарсыласып бермеген. Түбі қайыр дей алмаймын егестің,Есебіңіз әділ айғақ көмекшің.Кемшілікті көре алған жағдайда,Көріністен арыласын көмескі. Қолда барға етпеңіздер қанағат,Тұйықталып іс қалады томаға,Білмегеннің ой шұқырын іздейік,Тірелмесін тұйыққа кеп жамағат. ***Кісілік деген -өзіңді-өзің бағалап,Қарай білуің жүрген ортада шамаңа.Барды қадірлеп аяласаңыз әмәнда,Әңгімелерден алшақ боласыз жанама. Кісілік деген -ақ адал еңбек жемісі,Тапқан табысты рахатыңа жеп-ішсең,Көрінгеніңе көсемдік ете бергесін.Ауқымы кеңіп ашыла бермек кеңісің. Кісілік деген -еліңе деген махаббат!Сайлылығыңыз болса кәнекей сақадай,Дихан үміті еккен егіннің үстінде,Ата балаға іңкәрлік керек ботадай. Кісілік деген -сүйіктіңізді құрметтеп,Сыйлай алсаңыз үлгі өнеге дүрмекке.Жерге түсетін күннің шуағы іспеттес,Әлемденгесін ортақтасады сыр көппен. Кісілік деген -саналы алған білімің,Бағың,бақытың көбірек болса білігің.Болашағыңа жасалынатын оң қадамЖер бетіндегі адам біткеннің қылығы. Кісілік деген -заманасына лайық жанҚақаған қыста суын тасиды ойықтан.Қажет жерінде ошаққа отын жағады,Осылай оның жанын құдірет байытқан. ***Адам бойында жақсы қасиет қаншама,?Игергеніңіз ауқымды болса сан-сала.Айы-жылыңа күні-түніңе қаратпай,Қызметтенуді қажет етеді жан сала. Жетістігіңе үңілген сайын жақындап,Жасағаныңды тиянақтайсын татымдап,Қасқыр апаны құрылар қақпан кедергі,Басып алғанша қиямет қайым тақымға. Көрінгендерің әдемі әйбат көзіңе,Етене жақын болуы үшін өзіңе,Алдарыңызда талғам таразы деген бар,Қуаттырағы тіреуіш тіреу сөзіңе. Адами ізгі берілген болса сыбаға,Қарсылағаның орынды болмақ қуана.Ренжісе де көргендер көмектеседі,Көріп-білмеген сенің жайыңды ұғама?. Түсінігімде мүсінге айналған қасиет,Адамдарға да тиесілідей асы көп.Жоқ адамның да арманы болып келеді,Ыждағатыма сондықтан шығар бас ием. ***Өткен күннің аударыстап бағытын,Желдей ескен жүйріктермен табыстық.Жинақтауда жылнаманың жауқарын,Адамдарға жетіспейтін шақ ұтқыр. Бабаларым Төле, Қазбек, ӘйтекеКөпшілікке танылыпты ой көсеп.Төрткіл дүние мойындапты Абайды,Соны аялап әлпештеген төл төсек. Қорқыт, Абыл, Құрманғазы, Тәттімбет,Абылаймен үзеңгілес батыр көп.Ар-намысы құзар шыңның басындаКеткенінше нық ұстапты бақұл боп. Көрді десек ағат болар кемістік,Сан елдермен тоқайласқан кеңістік.Қазақ елі аталады атыменМенің үшін осы бағыт ең ыстық. Дүниені қызықтатқан құдірет,Ата-баба армандаған тұғыр ек.Әсемдікті сол қалпында сақтайық,Байқамасақ айнала көз сұғы көп. ***Мезетіне таусылғанда шыдамым,Қос қолыммен шекелікті сығамын.Тілді қажап оны-мұны тістелеп,Адамыңнан тысқарылау ығамын. Адуынға кілкілдеген жол беріп,Абыройды жұтатпайын жоқ жерде.Кигеніңмен деймін бе екен пайдасыз,Қабатына қатталынған оқ жейде. Жауар бұлттай түйілсемде түнеріп,Ақылыма сенім артам үнемі .Сабырымды сандалкөкке мінгізіп,Өзгелерін кеп тұрады мінегім. Шыдас бермей ықпалына өзгенің,Ыңғайына көне қойсам кезбенің.Жарылуға дайындайын шыдамым,Қандай жақсы өз-өзіңді сезгенің. Келгенімен ой қиқымы көлденең,Кергілейді шыдамымды бөлмелеп.Білдірмейін дегеніммен сырт көзге,Селдірейді кескін кейіп өлмеген. Әдістілер бекемсініп сөйлейді,Сынағына шанышқылап дөйлерді.Ол әңгіме жасалынар іс емес,Қайталаудан қандай пайда беу-беуді. Ұстаған жер қалу керек қанталап,Қасқыр көмей тұрса мейлі анталап,Қолда бардан айрылмауға тиіспіз,Тастатпаудың айла әдісі жаңқалап.Сен жүрген жер неге деме жанталас.    ***Елдің жақсылары мен жайсаңдары,Елдің жүгі артылған арқаңдағы.Күннен-күнге келеді жеңілденіп,Оған куә ізгі ісің әр таңдағы. Жасалынған жұмысың көрініп тұр,Жан тәніңмен еліңе беріліпсін.Қала, дала түгелдей өзгерісте,Иі қанған қайыстай өріліп тұр. Космодромнан ұшырған зымыраның,Көкжиекті бетке алып зымырады.Жер жүзінің парасат иелері,Болмысымен қолдауда ымыраны. Тыныштығың айт-айтпа не тұрады,Көргенсіздік кергиді төс ұрады.Менің жақсыларым мен жайсаңдарым,Алға сүйрелейтіндей көшін әлі. Ойда жүрген ой еді көптен мұным,Тағдырымда аз емес шеккен мұңым.Барды айтқым үнемі кеп тұрады,Жарғандайын қауызын еккен гүлім. Жасуынан сараның өтіремінӘрбір іске қақырап көкірегім.Шүкір етем ұрпағым болмағанға,Ұрығына сатылар бекіренің. ***Ізет сақтап үлкендіктің алдында,Бұрмаланып берілмеймін қалжыңға.Қай жағдайда өз-өзімді ұстаймын,Тұрғанымен болмыс бітім қалбында. Туралыққа кейін-кейін жүгінсем,Ақтық үстем болмақ екен түбінде.Қолдағыны бөле жармай тең ұстау,Жүрілімге бағдар екен тігіңнен. Көк майсалы сыңсып өзен жағасы,Жатқаныңмен тұрғаныңмен таң асып.Өсімінде тәрбие алып көрмеген,Құштар емес бақылауға шамасын. Батырлардың батырлығы ұрыста,Арманына жетеді екен тырысқан.Менің межем өлермендік қақында,Сүйреленіп қыбырлаған құмырсқа.   Сан-салаға тарамдалған жалған-ай,Баз біреулер іздетеді малға жай,Баз біреудің іздегені дау-дамай,Баз біреудің күнкөрісі талғажау. Өтілгенді деңгейімде түйіндеп,Тұрып алмай кібіртіктеп иінде,Ойдағымды ақтарам да тастаймын,Тындырымын аңғарасыз күйімнен. ***Бірінші рет шетелге шығар алдында,Әке-шешесі сыйлық әперген балғындай,Жүрегім соғып, қолымды көкке көтердім,Қуанышыңды күтпеген едім дәл мұндай. Үш ұйықтағанда ойыңа қайдан оралсын,Ауыл баласы болып өскенбіз орамсыз.Қолапайсыздау, епетейсіздеу ісіміз,Көңілімізде боп көрінетін жарамсыз. Әйткеніменен құдіретіңіз күшті екен,Жерде қалдырмай әрекетімізді істеген,Жолдамасымен жолға шығуға сеп етті,Анау-мынауды жоққа шығарды піспеген. Шет еліңізде ығы да жығы халық көп,Әркім өзімен ұнағандарын алып жеп,Жүргендеріне шындығы өте қызықтық,Айтатынымыз осысы болар нарық деп. Көңіл күйіміз әдеттегіден жап-жақсы,Шет елдік сапар болғаныменен алғашқы,Барған адамдар білмегеніңді білдіріп,Бір-біріменен жақындастығы жалғасты. Ризашылықпен астасып жатқан жырымды,Ата-бабаның үрдісіне салдым бұрынғы,Көргенділердің көсемдігіне сүйенсем,Іс көп екен ғой тіршілігіңде ғұмырлы. ***Ойыңдағыны біреу түсініп,түсінбес,Жағдаятыңды көрсете білсең ісіңмен.Меншігіңдегі өз қажетіңе жаралып,Жаңаша серпін өмірге келмек ішіңде. Тыныштығыңмен өмір сүрілу орынды,Болашағыңа қарастырылған қорыңды,Қалай ұстайсын әңгіме мәні осында,Тиянақсыздық қайната қояды сорыңды. Айналаңның да әсері мұнда көбірек,Көргенділердің алған асуы кеңірек,Қасында жүрсең тиюі әбден пайдасы,Байланысқанда жауаптасасын жөнімен. Орнықты істің баяндылығы бақытың,Зая кеткендей көрінгенімен уақытың.Өзің ашасын кілтіңменен есікті,Өзің сілтейсін жүргізілетін бағытын. Адамшылықпен сабақталынатын тізбеде,Алдындағыдан ешкім де үміт үзбеген.Арман дегенің тауысылмайтын аламат,Көз жұмылғанша серіктеседі сізбенен. ***Тіл туралы пікір талас жетеді,Даладағы жел кеулеген етегін.Жер иесі өзге тілге тәуелді,Болғанымен туа бітті мекені. Өзгерісті жөн жосықсыз демеймін,Өз еліңде күй кешілу өгейдің.Маған бірақ көрінуде томпақтау,Бұған өзге беймағұлым не дейді..? Белең алды көріністер солқылдақ,Көбіктейін соққылаған толқында.Қазақ тілі көтерілу орнына,Тап болуда неге білмен жойқынға. Тоқ етері көк аттылар өбектеп,Құры босқа келмегендей көмекке.Байқасаңыз жұмыс бөліс кезінде,Біздің қазақ кептелуде бөгетке. Өркениет неміс, орыс, ағылшын,Өзге тілді сұраныссыз не қылсын,Келмегесін бастаудан су ағылып,Иіс шығу заңдылық қой жағымсыз. Ағайындар оңды-солды ұғардай,Оқытып жүр өзге тілде тұмарлап.Күлкілісі осы арада болып тұр,Тесік таппай қиналасын шығарға. ***Ана тілге тереңірек үңілмей,Ұзын арқау кең тұсаумен тігіңнен.Жүргеніңді ешқашанда қостаман,Таңырқай бер ұсқыныма түңілген. Болса абзал сөзде түйін мағына,Жөн жосықты сілтелейді ағыңа.Шаранадан кәрі анаға дейінгі,Түскеніне қуанамын сағына. Ас қаншалық керек болса адамға,Ана тіл де керек сондай қоғамға.Сол арада бет пердесі ұлттың,Тілі,ділі, діні биік болғанда.Алатаудай ана тілі -құзар шың.Басшылықта баға жетпес шығарсын.Ана тілін аяқ асты етсеңіз,Әңгімеңді әуреленбе ұзартып. Сорлылықты түсті демен аспаннан,Бағымымен жалтақтайды босқан жан.Ауытқыса аш қаларын біледі,Айырмасыз ит айдақтап қосқанман. Замандастар өзге тілде сөйлейтін.Қанша асқақ болғаныңмен көнбейтін.Бетін аулақ қиын қыстау күн туса,Өз үніңнің шығуына шөлдейсін.Көп халықтың атауы жоқ ел дейтін. ***Тіл туралы жаза бергім келеді,Келгендермен бірігемін кемелі.Дөңгеленіп өмір алға жылжыса,    Істе әлі жолығармыз келелі. Мен жазатын қарапайым өлеңде,Ықласы ілтипатқа  бөленген.Уәдесіне берік жандар болады,Қатысы жоқ айналаға төлемнен. Азаматтар түгелінен сапта тұр,Көлгірсіген келімсекке жалғасып.Екі бағыт ұстағанға жақпаймын,Іздемеңдер сол бағыттан алжасып. Жеңген емес ешқашанда күнді түн,Жеңген емес ешқашанда түнді күн.Жүріс тұрыс тайға таңба басқандай,Ортақтаспын келетінмен білгісі.Жарамсақтық тұрғысында мысал көп,Арыстандай айды оңай құшам деп.Тау жағалап жүрген адам көп болар,Бірақ оның байламында нысан жоқ. Азаматтың ел жұртына тілеуі-ақ,Олай болса болатыннан сүйеу-ап.Ел қатарлы әрекеттен қалмағын,Ана тілі мемлекетте біреу ақ. Міне менің қосылсаңыз пікірім,Үміт арман аппақ қардай үкілі.Кетпесе екен орта жолда қожырап,Ертеңінен арқа сүйер бүтінім. ***Пайдаланып мансапты,Көтермелеп жаңсақты,Шаруасы шалағай ,Дүбәралар шаршатты. Кем соққасын білгені,Кем соққасын ілгені,Орындарды не қылсын,Топ жаратын жүлделі. Қарсыласты ұтқаның,Күштілерді жыққаның,               Оған күлкі тәрізді,              Менің түйіп ұққаным. Жоспарыңды құрғаның,Күнұзаққа тұрғаның,Бермегесін нәтиже,Айтып-айтпа құрғақ үн. Ал болмаса малшы да,Дәрігер де, балшы да,Еңбегінің төлемін,Арнамай ма халқына. Қан жұтады намысым,Ел жұртымның қамы үшін,Бола алмай келемін,Көрсоқырға шанышқы. ***Ақ мақтадай үлбіретіп арымды,Ортаңызға салғанымда барымды.Ойламаймын ел алдына шығуды,Еңбегіме назарың сал қарымды. Құлақ қойып көпшіліктің датына,Құдіреттен сұрастырған ахуал.Тілек тілеу базардағы зат емес,Орынына қоя салар сатып-ап. Жүрегіңнің тазалығын қалқалап,Түскеніңе қарсыласпан алқаға.Рұхсатты Алла берсін деп тіле,Адам берсе есті алады шалқалап. Ойын-күлкі айнымаса қалыптан,Өз ортаңыз қабылдайды алыптай.Бірлі жарым құбылмалар табылар,Қақпақ бола аламысын халыққа. Көңілімнің орта жайма қалауы,Әрекетке бейімделген салалы.    Үміттенбен түсімдегі тарыдан,Сеніміме сеніңіздер саналы. ***Түн жарымы елдің бәрі ұйқыда,Қарамастан қалжыраған сиқыма.Компьютірдің кіретіндей ішіне,Алға қарай ентелеймін жұлқына. Түйешідей түйелерін шөгерген,Орындыққа отырғасын бөгелмей,Ойымменен арпалысқа түсемін,Демейсіңіз мына пақыр не көрген. Белді буып азаматтай тас түйін,Үлкендікке тұрам ылғи бас иіп,Білгенімді жеткізуге тырысам,Қипақтайтын емеспін ғой жас буын. Тәрбиесі бізді өсірген кеңестің,Жаныменен жүргізбеді егестің.Еңбектенсең ерініңе тиеді,Басқа деді өмір сүру көмескі.Бәрін біліп,Бәрін көріп тұрсаңда,Елмен деді маңыздысы тырбанған.Қолмен жасап көзіңменен көргенің,Жол ашады жүруіңе ұрланбай. Түбегейлі кетпегесін айға асып,Тіршілігің бітуімен пайдасы.Үлкен істі үлкен адам жасайды,Жүргеніне қарамаңдар жай басып.***Жек көрсеңде бірлі жарым адамды,Сөз шығындап түсірмегін бағаңды,Аяғанмен құлазыған көңілді,Түйірісін есте ұста қоғамның. Өкпелесіп,Ащыласып арбасып,Кімге керек жағалыққа жармасып.Тумысында табиғасы тәуелді,Көбейеді азаяды жан басы. Неге? неге?Өресіздік,Өміршең,Дегеніңмен айыбымыз ең үлкен,Қай заттыңда байыбына бармаймыз,Ретінде көрсететін көңіл кем. Жүрегіңді ауыртқанда шымшылап,Қайдалайсын амал ада күн шуақ.Сықырлаған сары аязда қалғандай,Жауаптассаң қылтияды мың сұрақ. Бұл арада өліп-тіріл у жала,Кер кетеді орынсыздау тулаған.Кейде тіпті мен де жұмыр пендемін.Біреулердің өсегіне иланам. Құланымыз құламасын құдыққа,Адам болса жер жастанбақ ұлықта,Ел қатарлы өмір сүру арқылы,Су ішуге әрекеттен тұнықтан.***Арман-айТаң атысымен қылаңдап,Ойыңды аршып ылаңнан,Жоспарыңа қарайсын,Нанша балға шыланған. Аралап жота жондарды,Келеді барды оңғарғың.Еске аласын есті алып,Қыс қыстаған соң қарды. Осы қайда тап болдым,Армандаған ақ толқын.Айналдырып жатқанда,Ұмытасын жат жолды.Жазыла жатқан тегістік,Ортада алқап егістік.Көздің жауын алғанда,Келеді барды жеп-ішкің. Дүмбілез көңіл,Дүдәмал,Болғанмен толы шүбәға.Арман алға жетелеп,Дайындайды сыбаға. Арман-ай!Көмегің қандай көрсетер,Құдірет алдан берсе екен,Деп алам да беттеймін,Аламанға ер шешер. Біреуге болар тосын жай,Менің көргенім осындай,Болғанмен арман қауіпті,Кіріскен жеңбек шошынбай.***Тынысым тарылып бір демде,Абыржып жатамын күлмеңдер.Өлімнен онша көп қорықпан,Көпшілік мазары іргемде. Құдірет амалы көп екен,Жүріңдер сұрарым тек есен.Деніңнің саулығы байлығың,Разы боласын не десем. Төбемде көк күмбез шаңырақ,Қозы-лақ қосылды жамырап.Кешегі ектірген көшетім,Кеткендей біржола тамыр-ап. Ақжарма сөзіме сенесін,Жерлерде жүремін өнетін.Қабірді қазуға қатыссам,Керек деп тұрамын кең ету. Жақсының қасына жақындап,Жақсы сөз есіттім жақыннан.Жайлауым жазира кеңіді,Жалауын көтерді ақынжан. Сабырсыз кісіге жатпаймын,Өсекке қосылман жат-жайлы.Тірлікке зәуімен жұмсасаң,Болатын ісіңді жақтаймын. ***Ауылдың қоразы шақырып,Орнымнан қозғалдым ақырын.Қарасам таң қылаң беріпті,Дәл уақыт мегзейді батырың. Мал жаны түнімен тыпыршып,Ұйықтатпай жүректі ұшырды.Деміме жұтынған шашалып,Жамылғы көрпені ысырдым. Өлеңді жөндейсін, теңдейсін,Жазғанды мың рет өңдейсін.Өшіріп бір жарын жыртасын,Шірінді тұқымдай өнбейтін. Құлашым беліңде қолпылдап,Көңілім танытты солқылдақ.Әмірің жүрекке жүрмейді,Түсінген адамға ол қымбат, Шолпының сыңғыры тұндырды,Өз-өзім тұр едім қынжылып.Қолыңды бергенің ұнады,Күн суық, алақан жып-жылы. Ар-ұят шыңырау шынарым,Ішкенде қанатын құмарым.Мені осы биікке көтерген,Қазақтың өлеңін ұғары. ***Таңы нұр шашып!Қыры гүл ашып!Жаным жайланды,Балам ойланды,Жұбаныш. Ауыл төменде,Малы көгенде,Таудың қапталы көлеңке.Халқы бақытқа бөленген,Шашу шашайын өлеңнен,Жұбаныш. Таудан су құлап,Туды мың сұрақ,Елім бахытын сезінсе,Билей жөнелем көзіңше,Жұбаныш. Қаралай булықтым ызаға,Жастық дәурен-ай ұзаған,Өткен кеткенді ойланып,Бірде бозарып қызарам,Жұбаныш. Шоққа қарындым,Қоштап дарынды,Жеткен жетістік,Бүгінде қымтады барымды,Ұшпаққа көтерді арымды,Жұбаныш!!! ***Күніменен өліп-талып тапқаным,Болады деп ойлағанмын мақтаным.Бірі жетсе, бірі жетпей күйдірді,Бардың байдың ісі екен баптану. Туылғанда тұла бойы тұнғышым,Ата-ананың өзім едім жындысы.Жуу үшін кетіп қаппын ауылдан,Өткенімнен есте қалған құндысы. Боларға да, болмасқа да аттандап,Қызығыппыз терезе, есік шаққанғаАшық-шашық бетқаратпай жүргенбіз,Ойға алсам қорқынышты сақтанбай. Бертін келе жақсы-жаман аңдадық,Жүргендерді ығыстырдық жан бағып.Болар істің көзін біліп алғасын,Кете бардық елмен бірге жанданып. Жақсылардан қалыспадық қапталдап,Бағаладық жөнін тауып тапқанды.Секем алсақ екі шоқып қарадық,Ондағымыз басқа тиген ақтаңдақ. Терезенің сүрткілеумен айғызын,Қажетімді көріп-білдім жайғызып.Содан болар арманыма қол жетті,Алмасамда ағып тамған бай қызын.             ***Жайылғасын жалпыламай сыр көпке,Ылайықты болған қандай құрметке.Әр адамның жеке сыйы болады,Оның өзі түсінгенге бір мектеп. Боп жүрмесін жас баланың ойыны,Өмір деген сахыналық қойылым.Әр қадамың сырттағыға белгілі,Байқамасаң сілтеуі әбден сойылын. Кертартпаның кеңістікті көрмеуі,Өз бетімен бітер іске ермеуі,Шапқылаған епетейсіз астаудай,Ерініңді жырғылайды ернеуі. Тұғырдағы тыпыршыған қыранды,Ақын дерсін отырған бір жыр аңдып.Томағасын сыпырып кеп жіберсең,Көкжиекті жіберердей ұранғып. Болмағанмен тәуіп, балгер, көріпкел,Кемпірімнің айтуынша көрікті ем.Бала-шаға бірі тыңдап, тыңдамай,Бүгін жаман шалға айналдым еріккен. Көңілдерді құзар шыңға теңестір,Мен сияқты сыйламайды сені ешкім.Торыққаннан айтып тұрмын барымды,Қыршаңқыға пайдасы жоқ кеңестің.             ***Қаламгерге бәрібір таңның алды,Ақ параққа қаламын жанғылайды.Түніменен міз қақпай отырғанда,Кейде тіпті жазуың мандымайды. Көңілдерді дегенде тапсам дейді,Мадағымен серпілтіп жатқан елді.  Қызығымен халықтың бірге болып,Салсам дейді араға ақтан белгі. Басқашалай мақсат жоқ ақындарда,Асыңды бер жер таны атың барда.Шығармаға шырқырап шырай беріп,Жатса болды оқырман татымдарға. Қайсыбірін кезеңмен салыстырып,Бақылағын жақыннан алыс тұрып.Құлжа шыңның басына шыққанымен,Айналасын кетпейді қабыстырып. Шабындықта жиналған шөмеледей,Әр шумақты орнына шегелемей.Жақсы өлең туады дегеніңе,Ешқашанда сенбеймін неге деме. Білгің келсе,ақынның ақындығын,Білгің келсе ақынның батылдығын,Арқыраған жырынан қуаттанып,Сезіне біл етене жақындығын.            ***Еңбекпенен теңелгесін күшіміз,Оңға басып үйлесілді ісіміз.Қолдағыны мейілінше қадірлеп,Келгендерге дейтін болдық түсіңіз. Көрсеткесін үлкендерге қошемет,Біздерге де басын иді нешелер,Дүние екен бұл пәниің кезекті,Бүгін жақсы боп келеді кешеден. Алдымдағы жинақтаған ұпайым,Орынында тұрғандарым құтайып,Ортадағы жүріс тұрыс бағытын,Білесіңіз қатынастан сыпайы. Әрекеттің қайбіріне бықыған,                                 Өз затымдай сонадайдан қысылам,Қасақана шыбын-шіркей өсіріп,Шығарардай қарамасам құтыдан. Отырам да әр салада шашырап,Зер саламын кездеріме жасырақ,Себеп ақыл орынына келгенмен,Істің жайы бұрынғыдан босырақ.         ***Есалаң әумесер емессін,Айнала жан жақпен кеңескін.Өзеуреп өңешті созғылап,Қажеті қаншалық егестің. Көзіңнің шарасы кеңейіп,Барлығын қорқытам демегін.Жүйкені тоздырып аласын,Бойыңнан іздестір себебін. Адамның сабыры сақтығы,                                                                                  Саулығы қуаныш шаттығы.Сөзіңе ісің сай болмаса,Жауабың болмайды нақтылы. Жауырын қақпақтай бақадур,Алдында балапан атаның.Саналы адамға көк тиін,Берілген шенің мен атағың. Диханшы қараса дәніне,Алымшы қарайды дәміне,Екеуі үйлесім тапқанда,Келеді барлығы сәніне. Қаншама сұғанақ көзқарас,Қисынсыз түседі сөзге ара.Біреуін қалпына келтірсең,Біреуі бітіспес көз жара. Тақырып жабылды,ашылды,Сан рет жиналды,шашылды,Айыңа қол созған көңілдер,Өзінен зорына бас ұрды.              ***Араңызда жүргенге қаңғалақтап,Адам екен демеңіз жанға жақпас,Үйлесімге үңілем тереңірек ,Ел қатарлы қойғанмын алға мақсат. Суық қару сақтаман жең ішінде,Айта алсаң келісем кемісіммен.Бірақ ақыл сұрайтын азамат бол,Аяқтамай сөзіңді жеп ішумен. Адалымен төгілген маңдай терің,Шашыраса тарыдай жанбай көргін,Аңғалдықтан көргенім жеткілікті,Енді қарай түсемін қамдау жерді. Көкіректің қыжылы кетер емес,Болмашыға жасамаң бекер егес.        Өгіз қара күшімді пайдаланып,Енді іздеп бастадым жеке белес. Қуанамын жағдайы теңелгенге,Қуанамын маңдай тер еленгенге,Қуанамын аста төк жетістікке,Қуанамын халыққа кемелденген. Қабағымның ашылып, жабылғанын,Солайынан өзгертпей қабылдағын.Артық кемім күмәнсіз алдыңызда,Әжетімде тал қажау табылғаным.             ***Сүйретіп-ап қылышын қыс келеді.Жамап жасқа қалдырмай ештемені.Қамданғаның ертерек майлы ішек,Өзіңдікі дұрыстап екшегенің. Байқамайтын өмірде бірен-саран,Шегірткеше секіріп сүрең салған,Күндерін де бір затқа ұрынады,Есерлікті епсізді білем содан. Тіршілікке келгесін қатарласып,Сенің анау болыпты атаң жасық.Сенің анау-мынауың өте төмен,Дегендермен алғанмын араны ашып. Ертең боран жан-жақтан азынайды,Дірдектейсін жесеңде қазы майлы.Сеп болмайды тіпті де тонның өзі,Айту артық әңгіме сазы жайлы. Айналмаңдар ойымнан орағытып,Қарлы боран ұйтқыса шара бітіп,Қозғалуға амалың болмай қалар,Күн болсада арада арагідік. Құлақ үсік, бет үсік, мұрын жара,Танымастай жүрмейік қырын қарап.Алдын алған тірліктің соңы тыныш,Жамандыққа абзалы ұрынбаған.               ***Күндеріміз қуанышты, қайғылы,Күнкөріске жетпегесін айлығың,Үкіметтің түзеткені не керек,Мысалыға тиесілі қаулыны. Ұрыс-соғыс өз алдына тақырып,Алпауыттар ымыраға шақырып.Сол арада дегеніне көнбесе,Ортасына түсіреді шатырын. Ақша байлық құрылымы үстемдік,Ал болмаса ұстатыңдар ішкенді,Қаражатты сауығуға жұмсаңдар,Мезгілімен ажырауда істен мың. Көше толы шұбырынды шалдуыр,Еркек,әйел көздерінің алды ірің,Жетім бала, жесір әйел қаптады,Шындығында алмағайып хал бүгін. Көре-көре көзімізде үйренді,Сөз етеміз ала шарын үргенді.Санамызды сары уайым жайлады,Қалай ғана түзулейін іргемді. Осыларды толықтырып толымдау,Мемлекеттік қызметтің қолында.Тиістілер түгелінен білгенмен,Бірақ соны қиын боп тұр орындау.Бірдеме айтсаң сілімтіктер соңыңда,Таспа тіліп жібереді жоныңнан.***Жасалатын іс көп екен өмірде,Іріктедім қонымдысын көңілге.Соның өзі қолдануға келгенде,Сан адамға жүгінтеді кемінде. Біреуінің көзі жақсы өзінен,Біреуінің өзі жақсы сөзінен,Біреулері келмегесін икемге,Құтылуды амалдайсын тезінен. Кедергінің қайсы бірін айтасын,Тиіп кетсең қыран-топан айқасу.Жаймен жүрсең мүсәпірге санайды,Қатты жүрсең тағы пәле қорқасын. Жансын десең жасалынған еңбегің,Болашақпен барды жоқты теңдегін.Қажетсіз деп табылғанның өзінде,Ап айқын боп көрінеді кем жерің. Беймәлімдеу болғанымен жауабым,Баршаға аян ортақтығы ауаның.Олай болса шашырамай тарыдай,Тірлігіңде өзің ізде дауаны. Сонда атымен аталады көп есім,Біреулерге қақтырып-ап шегесін.Неге олай бұлай деуге болмайды,Жақсы жаман жауапталсын егесі.           ***Күнделікті көріп теле хабарын,АҚШ-тағы жарылысқа қабарып.Батқан күндей құлазыды көңілім,Жаным жанды, түсім кетті бозарып. Бұл зұлматты қалай етті қорықпай,Қалай ғана адам жаннан торыққан.Қалай ғана өтті арамза амалы,Өткізгенім әлі есімде қорып таң. Мүмкін емес жетістіру тілменен,Өліміңді қалай көзге ілмеген.Әсте онда жүрек орны жоқ болар,Көрініске әлі күнге зіл денем. Ауғаныстан, Палестина, Чечня,Бала-шаға, халықыңды есіңе ал.Бұрысыңды дұрысыңа бағытта,Елге керек бейбітшілік, тыныштық!Не істейін зығырданың қайнайды,Құйтырқылар мысық-тышқан ойнайды.Дұрысына жүргізбесең саясат,Кетулері әп сәтте екен майданғып. Әлін білмес әлектейді өз-өзін,Қоюына тойып алып көженің.Үйде отырып сырттың жайын сұрайды,Дейтін сөзі есімде әлі әжемнің. Телехабар шындығыңмен жанданам,Дегенімен аулақ жүрсін оңбаған,Жақсылыққа көңіл көптеу бөлінсін,Неге білмен тез жетеді соңғы амал.               ***Аппақ қардай адалдығым тұрғанда,Мені алға талпындырар бір заң бар.Ел қатарлы өмір сүру арқылы,Замананың ағымынан құр қалмау. Болмашыға түгім қалмай бұрылып,Қалсам қалай көресіңіз ұрынып.Оған мысал керек болса жетеді,..Толып жатыр сақалы өскен құрылыс. Міндеті бар әр адамның әр түрліОрындалу барысында әрпіңді.Тастап кетсең мағынасы өзгеріп,Боп қалмай ма жарамайтын сарқынды. Содан барды кететінім тергілеп,Ауызына ие болмас кергіген,Еңбегіне баға беру арқылы,Азамат деп атап жүрмін ерді мен. Бұл тақырып әбден өткен сынақтан,Әлімсақтан келе жатыр құны аспан,Қажетіңді кезіктіре қалғанда,Су ішкендей боласыңыз бұлақтан. Басқа менің межелеуім шамалы,Өзгелердің бұзып жармай қамалын.Өз тұрғымнан кеңістікке қарадым,Кімге ұнайды, ұнамайды амалым. ***Сәйгүлік тұяқ тарпыды,Құдірет өлең арқылы.Мүскініне сөз салдым,Жан дүниеммен шарқ ұрып. Қыран көздің ұшында,Кедергі жоқ тұсында.Мүмкін емес сыйғызыпҚалайлығын тұшымға. Көкжал айбат шегеді,Шымырлатып төбені.Қорқынышым асқынғанЖүрісімді бөгеді. Көктемменен көк шықты,Төрт түлікке ет бітті.Құрбан айтты көпшілік,Тапжылмастан көп күтті. Қалай салған осы адым,Қыдырып кетті қосағым.Өзім жалғыз бөлмемде,Жасарымды жасадым. Елде жұртта болсын зат,Табылмаса сол қымбат.Өз өзінен келмейді,Жылағанмен солқылдап.***Барды, жоқты айталық,Боз жорға желді шайқалып.Үстінде қалғып мүлгіген,Түсірдім еске қалқаны. Кетемін кейде шешенсіп,Қонақтар көрпе төсенсін.Ел қалайша боладыШекарасыз кешенсіз. Жерінде қажет ымыра,Ұстама жеңді жымыра.Бір күнде қалай қанбақсынШапағатыңның нұрына. Бекер тұрсын жалақтап,Қорадағы малақты ал.Тазалық саулық кепілі,Ол туралы толы ақпар. Шиырлатып басыңды,Елден ерек ашындым.Ажыратып білген жөн,Досың менен қасыңды. Сан сырға толы өлеңім,Көз жұмғанша желемін,Айта алмаймын көлемін,Азымды өзім еледім,Ауқымы сонда өренің.***Көпшіліктің ішіндеСиласатын кісің деӘбден екен қалуыЖағдайыңды түсінбей. Көргендіге сөзім жоқ,Бой алдырмай сезімге.Тұрғаныңа қамқоршыБүтін затың өзіңде. Ақылсызына жолықсаң,Аш қасқыр ол жортқан.Аулақ жүрген абзалы,Жақындасып торыққам. Түйе үстінен сөйлейді,Діңкең құрып өл мейлі,Өз дегені болмасаКөншімейді шөл кеулі. Аласапыран қыстада,Қисыны келмес тұстада,Әліптің артын баққан жөнСүйендім өтті нұсқаға. Ел арасы осындай,Мың миллион тосын жай,Аралассаң жеңесін,Көре келе шошынбай.***Бітетіннің аумағында өзеуреп,Ерініңді шығармағын кезерген.Арамзаның бірақ тұтам құйрығы,  Тек табады өз ойына өзі ермек. Асқаныңды, тасқаныңды шарадан,Түсінеді жете жіктеп қараған,Есебінен жаңылады демеңдер, Өз басына өзі ие әр адам. Өзімді де, өзгені де тындаймын,Болу үшін бәрімізге ыңғайлы.Іштегімді ақтаруым сондықтан,Қажетіне жаратқандар құндайды. Тұрақтайсын адалдыққа ақтыққа,Ыждақаттап қарағышта сақтыққа.Ниетіне әр адамның береді,Шайтан ісі деп жатады аптыққан. Уылжыған жастығымнан көк өрім,Өз ісіме өзім ғана егемін.Соныменен мән жайымды салмақта,Бар ма, жоқ па өзгелерге көмегім. Ой електе жасырулы аш тоғым,Меніменен ойнамаңдар басқа ойын.Белсенділік тәрбиенің ішінде,Ең бастысы қуантады қас жоғы.***Қызығып артқан бағыңа,Қызыл ит қосып шабыңа,Жармасатын жайым жоқҚуат берсін ағыма. Аңшыдай аңын бөктерген,Тамсанбаймын жеп көрмей.Көзіммен көрсем куәмін,Жетеді сесім тек дерге. Кезекті күтем баспалдақ,Тайғанақтаса да бастан бақ.Көр соқыр болғым келмейді,Шыр бітсе кетер аспандап. Жоқтықтан жаңа арылдым,Алдына түсіп арымның.Әзәзілге қосылсам,Тірліктегі халім кім.? Сендірер басқа не дейін,Сырыма ішкі өгейің.Жақындамай сырттан жүрӨзің түсініп себебін.?!***Адам болғасын затыңда,Адами болмыс қақында,Салиқалы ой қозғапКелуің абзал ақылға. Тапқан табысың жиғаның,Кеңірдегіңнен құйғаның,Адал болған жағдайда.Мүдделі болмақ силанып. Жөн жосығымен әр жүйе,Болса қойса тәрбие,Ұлы екен деп қалмаңдар,Атқа отырғанды жәрбие. Сарқырамадан су құлап,Жол салады ұңғылап,Инемен құдық қазғандайТүсініскенге құнды зат. Түрлі-түрлі тақырып,Ел сыйласын батырын.Бос жүргендер жетеді,Босына таңды атырып. Халықтың ойы кеніші,Қазанның құлы шөміші.Санатта жүрген адам көпКүні-түні жеп ішіп. Көңіл теңіз шалқыған,Үкілі үміт малтыған ,Осы жасымда көрмедімӨле қалғанды талқыдан.***Ашық айтсам орағытпай ойымды,Нәтижесіз іс-қимылға тойындым.Қалған жерде ережеге сүйеніп,Ортасында өзім жүрем ойынның. Алғанымды заңдастырам еншілеп,Шахталарды қазғылаған кеншідей,Малдарымды өзім бағып, қайырам,Мұндалаймын мынауым деп меншігім. Бар мақсатым арманымды асыру,Бұл арада ештеме жоқ жасырын.Бала мінез аңғалдықты көресін,Ұтқанымен нақтылайтын асығын. Ел арасы жеткілікті тілеулес,Арасында кездеседі реңдес.Барлығына мүмкін болмас жағыну,Не болғанда ұмтыламын білем деп. Ойлау жүйем бабалармен сабақтас,Тумысымнан жасар ісім қазақша.Қажетіңді осы арадан іздейсін,Тіл білмесең түсерің қақ азапқа. Тілді, ділді, дінді қойғам биікке,Қойдың еті жақсы-ау жесең үйіткен.Бірақ оны дайындады кім қашан?Беймағұлым соған қозам күйіктен...***Біреу келіп кетеді,Арасында жетеді,Тығыншықтай, торсықтай,Жазық маңдай, шекелі. Барлығының есебі,Болса қойса еселі,Арасынан шығадыМаңдай соры бес елі. Шартарап неше бөлмелі,Босаң қатаң белбеуі,Анық, қанық айтуға,Көтермейді деңгейім. Құдайы көп қонағым,Ыстықтаймын, тоңамын,Кемістікті толтырам,Артығыңды жонамын. Ағайын, тума, тумалас,Айқай-ұйқай, шу-талас,Кайбіріне шаршайсын,Шүйделікті уқалап. Көрдім жақсы-жаманды,Қуаттаңдар болғанды.Артыңа түсіп қуынбас,Жасаған көрсе жобаңды. Жаныма жайлап жақында,Адамның жүрсең сапында,Берерімде мерейің,Салғыштай алсаң ақылға.***Тағдырымның таланымен арбасып,Сүйреледім сүрілімнің арбасын.Жол сапардың қиындығы басымда,Ең қысқасы жасалынды барға сын. Ештемеге түсінбесен үндеме,Мініп түскен аңғарады мінбеге.Ол арада ақыл айтып болмайды,Толып жатыр кешегісін күндеген. Кейбіреуге тіпті қызып ұрыстым,Ол әрине тапқым келіп бұрысты,Ескертуді есі барға айтпасаң.Ессіздері маған жақты шырышты. Бал шырынын жинақтаған арадай,Апыр-топыр кезектегі тарамай,Ілгеріге ұмтылғанды кәйтейін,Өзім қалдым жарамастан шараға. Болғаннан соң іздегенім бәтуа,Әңгімеден аулақтамын аты жат.Келгені жоқ жетістігім тосыннан,Халық куә жүргеніме сатылап.***Кең далада демімді алып отырып,Тасталынған іншік көрдім опырып.Айналасы құжынаған тіршілік,Әрекетте құрт-құмырсқа топыры. Көздің жауын алған аймақ бояуы,Былтырғыдан қалған шөптің сояуы.Биылғы өскін жерді жара шығыпты,Әріректе мал жаюда қой ауыл. Басылғасын үркек көңіл желігі,Ой орамы сан-салаға бөлінді.Өзімді өзім біржолата босаттым,Кеуде тостым шамалына желінің. Көңіл күйдің асып тасқан алаңы,Әйткенімен аңсайды екен даланы.Көкке қарап иманымды үйіріп, Тымырықтан ажыраттым сананы. Атар таңға кеткенім не кірігіп,Әке шешем келетіндей тіріліп.Асығыста көзді тырнап ашқаным,Дедім бе екен түсінбедім ірілік. Өз әлімше боламынмен аққа жақ,Мән бермеппін өтіп жатқан аптаға.Дегенімен тұғырымда тұрақтап,Қалғаныма ерекшелеу мақтанам.                 ***Тағдырымның тартысында күйретіп,Сырт тастаған бұйымымды сүйретіп.Қайта жинап әуре сарсаң жатырмын,Тауып таппай шаршатсада үйлесім. Ойымменен жарды жарға соғамын,Сабыр ашу болып алды одағым.Талай рет икеміме келмей қап,Парағыма қабағымды қададым. Өзге ойын ашық айту қиындау,Көкжиекке көтерілген құйындай.Көңілімді әлем-жәлем етседе,Салмақтауға тырысамын миымда. Отырғасын қас шебердей тон пішіп,Желінетін тамағыңнан соң пісіп.Бітіргенің жарамаса әжетке,Қалай ғана алға бассын оң ісің. Қолыңызда барды ұстап тұрғанмен,Таудың суын арығыңа бұрғанмен,Құдіреттің көзі түзу болмаса,Бекершілік бет бетіңе құрған ем. Осылайша әр бергенше сөйлемге,Жазу стол,Жеке пәтер, бөлмемде,Ой қылына оралып,Неге білмен пейілдеймін өлгенге.***Өнердің отын үрлегенӨнерпазбенен түрлі өлең.Жазылды да оқылды,Заман-ай шіркін гүрлеген. Әйтседе іште шала көп,Шалалы жерде нала көп.Қайда бармағын қайшылық,Жетіспестікке шара жоқ. Қайғысы қара бастырған,Қамкөңілдерді қасқырлар.Қайдан болсын тауып-ап,Адымын қойған аштырмай. Түйенің қомы жүктеліп,Сенімі кеткен бүктеліп,Шыға алмауда шырмалып,Айналасынан нүктенің. Қара базарда қаңғыған,Кәсібі жатқан мандымай,Қаншама жаны жайсаңдар,  Қорқаудың құлы аңдыған.Елдің еңбегін екшемей,Биік-аласа өкшелер,Санаға салмақ салғандаҚатарда қалдым текшедей. Айтқаның рас, жерім көпСыртқары шықсаң керім көк-деп мақтана беріп ем,Ыржия қалды келімсек,-Не дедің,- деді еріншек--Онанда,- деді- терің төк. Ісмердің жолы ашылса,Әңгіме айтпан қосымша.Сенімге ерік беріпсіз,Демеңіздер осынша. Сұрасын ата саулығын,Түзетсін келін жаулығын,Инабаттылық арқылыЖағдайын біледі аулының.Арада болса қақтығыс,Рақаттанады жат күліп.Шайтани бұзық жерлерде,Болмайды әсте жақсылық. Көргенділердің есебін,Қиын болсада шешесін.Болғасын соңы жақсылық,Өткеннің бәрі кешегі. Әкенің айтар ақылы,Зат емес кетер сатылып.Болғанмен алғаш ащуы,Соңын білесін татымын. Аузыңнан шыққан сөзіңнен,Зерделі түйір сезінген.Сезімі жоқтар ағызар,Қара қаныңды көзіңнен. ***Әдептен озып,тастамайтұғын әсте зіл,Үлкендеріміздің бажайлап өстік бас-көзінЕсімде менің,,,Жадымнан шықпай әр сөзі,Жақсылар жағын жағалап өскен жас кезім. Ортаға тастап,түйінді сөздің көкпарын,             Адамның мінеп,Заманның сынап жоқ,барын..,Одағайланып отырушы еді-ау,сабаздар,Найзағай сынды ойнатып көздің оттарын! Әзіл мен оспақ,Қағытпа қалжың қапталдап,Қаға берісте қабақ пен қасты қатпарлап,Бірінен-бірі қалмастан алға аттандап,Біріне-бірі салатын салмақ батпандап! Шешен де солар шендесін сөзбен шенеген,Көсем де солар көнекөз әрі көреген!Текті де солар артынан келсең тебеген,Епті де солар бар менен жоқты елеген… Шетінен жүйрік,Шетінен атпал ақтабан,Солар ғой бізді арқадан қағып,баптаған.Болымды ұрпақ бола алсақ кәне мына бізАуылдың құнын,Ананның сүтін ақтаған… ***Араңа әзәзіл енбесін!Араға әзәзіл енгесін,Жөніне келтірем дегенше,Жабыса береді өңгесі. Алдын ал лаждап неніңде,Қара бұлт торласа көгіңде,Сейілту қиындау болады,Әңгіме айтпаймын тегіннен. О,баста құрылым ақ-қара,Өзіңді алмасаң басқара.Өзгеге қызмет етесінАр жағы онанда масқара. Қарағын неге ел жұмыссыз,Мұртынан күледі жымысқы,Жалқаубай барынан айрылған,Деп жүріп күн суық, күн ыссы. Бастағы кеміске мән бермей,Сөйлейді жігіттер әл бермей,Ананың анасы, мынасы,Дегенін тұрамын дәл көрмей. Сұрасаң осындай жауабым,Түсінген адамға дауамын,Аналап, мыналап жүргенде,Ластап алмайық ауаны. ***Діттеген жерін алтын сақамен атқылап,Билік иесін арбап алдайтын тақ құмар.Табаны бүрсіз орнында тұра алмайтын,Жалпақбайларды кезеңі келді қаққылар. Құдай бермеген арғы жағында жарымды,Етем деу артық қоғамдасынан қарымды.Өмір бойына оңды-солына шашқанмен,Тіреу болмайсын жинағыңдағы малыңды. Болмағанында өзіндік мені болу шарт.Адами заңды заманасымен шолу шарт.Құры алқыныс тосқауыл бола алмайды,Білігіңменен білмегеніңнен қолың тарт. Жасалған жайды тіліңе тиек етумен,Әрбір саланы игеру керек бетіңмен.Тарихымызда оқып отырсаң тұлғалар,Еңбегіменен біліміменен жетілген. Жарамсақтықпен ілгерілеген көрмедім,Мултикте мысық тышқанекенің ермегі.Жолыңды кесіп аздаған уақыт ұтпаса,Іскер адамның өзгеше болмақ өрнегі. Қытымыр қыстай беті әлпеті бозарған,Жапалақтарға тоздырдым жүйке жазарда.Жүрегім соқты, жүйке тітіреп қозғалды,Бітті-ау әйтеуір ой құрылымы азардан. ***Таудың суын торсығымда тұндырып,Ішкендейін іздегенім құндылық.Көңіл түсіп құлағанға құлаймын,Алдыңдағы ісің болса тыңғылық. Адамыңды таныстыр да таңдау бер.Жүре келе болатынды аңдайды ел.Аламанда мыңның бірі озады,Мыңның бірі аталады сандалкөк. Сіз бізбенен көңілімді басамын,Қарапайым дұрыс жауап жасағын.Ол тимесе мен тиеді демеңдер,Жамандықтан ат тон алып қашамын. Тіршілікте тең адамның үлесі,Кездесетін кей жағдайға күлесін.Ала аяқтар алдыңызды кескестеп,Іс түскеннің қатырады сілесін. Асау ғасыр күндерменен алмасып,Соңыңызда бірде алда жол басы.Бір қолымен көтергенін бір жерде,Көтере алмай қалжырайды қолдасып. Жаның шығып жатқанымен шыңғырып,Әккілердің қабат-қабат шынжыры.Қараниет үстінен жеп халықтың,Қол тигізбей күйленуде, мыңғырып.