ВЕРНУТЬСЯ

Өзгелерді алғандай бағындырып,Бірен -саран иіксе шабыңды ұрып,Жолбарысты айқаста сұлатқандай,Жатқаныңа шаршадым ағын бұрып. Замандас ең кешегі қасымдағы,Мөр, кабинет,телефон, машинаныҚолданғаның тіпті де әбес емес,Ол әрине биліктің басым жағы. Қолда барды жасату ақылдылықАйнала жұрт атаса атыңды нық.Түпкі ойдың шынайы тазалығыСолай етпек қайда да батыл ұлық. Қыйғылықтан шығатын қиынды көп,Жүрген жайлар үнемі миымды жеп,Орынсыздық туындап қалама деп,Тістелеймін әрбірден тілімді кеп. Бақ бергесін, бермесе берекетін,Жасауына қауқарсыз төре кесімЛауазымнан бастары айналғандар,Ілгерілеу орнына керкетеді. Пайдаланып аз күннің көлеңкесін,Шығаруға талпын ба желең шешім.Көптің ісін орынды бағаламау,Түсірері айдан-ақ ел еңсесін. ***Әжептеуір жігіттер,Сырт қарасаң,сүйкімді.Жақындасаң жанына есептейді мүлкіңді.Қоржындағы барыңа қол созуын қоймайды,Ойыны ма,ойы ма келтіреді күлкіңді. Сөз саптасын айтсайшы отырып ап жаныңда,Баға беріп ағымға,байлау айтар танымға.Шешен сөзі,шіркін-ай,қатар жетіп қауымға,Көсем сөзі,шіркін-ай,сиысса екен нанымға!.. Кердең қағар кемелді іс бітіріп жүргендей,Біліктілер сапында бірдеңені білгендей.Өз мініне мән бермей өзгелерге жөн сілтер,Желді күні аңызақ керегеңді түргендей. Ілігіп тұр аузына Алматы мен Астана,Қарай қалсаң түріне ұқсайды бір қасқаға.Кез келмейді-ау бізге де керіліп бір сөйлейтін,Өзгермейді-ау бәтшағарСөз бермейді-ау басқаға! Әжептеуір жігіттер,Сырт қарасаң,сыпайы,Көзге ұрыншақ жылтырақ,бұйым дерсін қытайы.Қойыңдаршы-ай,оттамай!Қалқан құлақ қазаққа,Көрінгеннің онсызда жетіп жатыр құқайы. ***Ойламай, орынсыз қыдырып,Шығардың айнала ығырын.Дайынсыз сөзіңе тойындым,Ұнамсыз әйтседе бұл қырың. Шаршадым десемде болады,Қинайды замана талабы.Титімдей жіберген олқылық,Жасайды өзінің қалауын, Көз шықты, көгерді, қол сынды,Жазғырдым келесі толқынды,Қайбана тірлікті көргендеТүсіндім жіберген олқымды. Баяғы мінезім тіптен жоқ,Арыла алмадым бүкпемнен.Ортада шыңғырып отырсын,Не пайда жүндейін түткенде. Әлде де көресі көресін,Сен едің жігіттің төресі.Ертеңнен үмітім зор еді,Түгіңде қалмапты беретін. Үлкендік тілегім аман бол,Қоғамға қажеті маман ғой,Сол ара кәйтесін орның ед.Таңдапсын қарағым жаман жол,Келіссіз болып тұр маған сол. ***Саған не дейін ажырамайтын ағайын,Теке тіресте жеке қалдырған Абайын.Оңып тұрғанды,бүгінде көре алмадым,Шатылып жатыр,сатылып жатыр маңайым Саған не дейін ажырамайтын ағайын,Кештеу таныған Мұстафа ұлы ШоқайынБилік барында халықтың жайын ұмытып,Еске аласын өзің қалғанда сопайып. Саған не дейін ажырамайтын ағайын.Көңіл күйіңе жөнімен қалай жағайын.Басыңды жарып аяқ қолыңды сындырып,Топайдың құнын сұрастырасың қоқайып. Саған не дейін ажырамайтын ағайын;Үндемегеннің ағартасыңыз самайын,Арамзалардың ауыс-түйісін жасырып,Тамақ табудың іздестіресіз оңайын. Саған не дейін ажырамайтын ағайын;Әуессің тіптен көріністерге жабайы,Ақылдыларың саусақ санына таңылды,Ымнан түсінер азаматтарың азайып. Ашынғанымда бірегей ұлың жоқ демен.Жүргеніңізге қарсы емеспін топпенен.Істі мылжалап, сөзді қылжалақ рәсуа,Еткеніңізге күйінгендік пе от денем. ***Туысқа барсам жаныма жалау болар деп,Қойын қонышым ақыл кеңеске толар деп,Үкілі үміт біртіндеп солғын тартады.Аман болсын де тіршілігінде олар тек. Жатқа да бардым алдағы мақсат оңар деп,Еңбек етілсе, басыма бақыт қонар деп,Ол ойынныңда шолақ жақтарын байқадым.Көздеріменен алдаусыратар жанар көп. Тиянақ іздеп аралағанда ел ішінҚаралайынан тарылып кетті тынысымТәрбие тағлым беретініңді көрмедімҚолды сілтеудің реті келді құрысын Біріктіретін ақыл, парасат шоқтығын,Оталдыратын сенім күшінің оттығын,Сүттей ұйытар ұйғарылым жолдарынҮйрететұғын десе дегендей жоқ бүгін. Шашасын тарап бітімге қарап тойынған,Ағаларымның жүрсем бе деп ем ойында.Өзгеге ұнау машақаттығын түсіндімЕндігі жерде сенімсіз барман ойынға. ***Кісілік пен кішілікті сабақтап,Ұғынғанша қарайлайтын қабаққаАғаларым сіздер екен аспан,көкБос қалыппыз ақы пұлсыз сабақтан Бүгіндері кеңес берер адам жоқ,Құдіретті сіздер екен баға жоқ.Атүстілеу тыңдаған жер бүгінде,Тұралатып мазаны алды жаман боп. Сағат кәзір шыр көбелек айналды,Сенің үшін біреу айтып байламды.Сенің үшін шығарғанда үкімін,Сізді еске ап ағаларым ойландым. Уағызымыз асасын да жасасын,Ағаларым қандай ақыл қосасын.Балдарыңда үміт көп те, жұмыс жоқ.Болып кеттік барлық затты шашатын Кімге көмек еткеніңді білмейсің,Білмегесін ақтарылып күлмейсің.Киікқұлақ алған барды қаумалап,Айтқаныңды құлағына ілмейтін. Сана сарқып көздің жасын ағыздым,Іздегенім жол сілтейтін тамызғы.Ағаларым бұған қандай амал бар,Шайнағандай қал ахуалсағызды. ***Үлкен бір дөйдің жамамақ болған жыртығын.Қайран қазақтың тағы да көрдім бір түрін;Өзеурей сөйлеп,өзгенің шығып алдына,Өзегін жұлып бергелі тұр-ау шіркінің! Бастығын мақтап,Жастығын тастап,жамбасқа,Сөйлеп тұр әлі,сөйлеп тұр әлі”марқасқа”.Байыппен тыңдап,басқалар үнсіз отырса,Балпылдай сөйлеп,”бас жаққа неге бармасқа”?! Басқалар үнсіз бас изеп қойып мақтауға,Қайсыбіреулер әліптің артын сақтауда!Игеріп алған,Үйреніп алған жұртпыз ғой,“Көсемнің” алдын,“Шешеннің”алдын қақпауға. Суға да сұғып,Балға да тығып тұмсығын,Ызыңдап жатыр,ызыңдап жатыр бір шыбын.Бастықтың өзін балқытып алып баратқан,“Шешеннің” сөзі шырын да шербет,тым шырын.. Тыртығын түзеп,Жамаумен әуре жыртығын.Қазақтың көрдім тағы да бүгін бір түрін.Қасқырдың қан-қан ауызын жалап отырған,Мына немеңіз өзі емес пе түлкінің? ***Көзделінген нысана тұсын баққылап,Аз көп жүріп биліктен аға тапты бақ.Қалай жеткенін құдайдың өзі біледі,Жорығанымыз дұрыстау болар жақсыға. Содан бері де құлағы бітеу боп алды,Адами байлам түп нұсқасымен жоғалды.Кеңседе, үйде сөйлесу қиын соққандай,Жауаптасуға баратын болдық қобалжып. Құдай бермеген арғы жағында жарымды,Етемін деген құры әурешілік қарымды.Өмір бойына ойына тіреу болмайсыңШашқаныңменен оңды да солды малыңды. Адалдығыңды тіліңе тиек етумен,Қоғамдық жайды игеру керек бетіңмен.Тарихта қалған оқып отырсаң тұлғалар,Еңбегіменен біліміменен жетілген. Жарамсақтықпен ілгерілеген көрмедім,Ертең біледі мысық тышқанның ермегін.Қай заманныңда түлкішектері жетеді,Іскер адамның өзгеше болмақ өрнегі. Қытымыр қыстай беті әлпеті бозарған,Сырғымаларды жазуға келдім азардан.Бағыт бағдарда жүргеніменен өз арбаң,Болмайды екен жаның түгелге тазармай. ***Еңбегін елге өткізген,Даламды дүбірлеткізген,Алдыңғы толқын ағаларҮйренгендерім тек сізден. -Күл де, жүр,- дейсін үнеміЖақсы көретін іні едің,Жетістік болса бойымдаСіздердің қабыл тілегің. Қиыршығымды- тас- дедің,Жаңылысымды- жас- дедің,Кезі келгенде ұят-айЖалы да биік- бас- дедің. Қайсы да бірін айтайын,Ақталса екен байқауың.Арғымақ баптап жатқандай,                                                                   Түсінсем ішкі айқайың. Тиісті мынау тиіссіз,Аласа әлде биіксіз,Құдірет өзі бағамдар.Білерім құлай сүйіпсіз. Шаншылып қалды көгімдеАқыл кеңесің төгілгенТамыр қатайып келедіЗиян таппайсын тегінде. ***Жүрген жеріңді шаңдатып,Аранның ашсаң қанбасын.Опырылғанда білесіңТүп тамырымен жанбасың. Билік басына барғасын,Арғы жағыңда жар басы.Итеріп қалса кетесің,Кеудеңді желге қарматып. Осылай деген қай ғасыр,Отырып алғын жайғасып.Әліптің артын бақылап,Жұмысқа кіріс жалғасып. Мысық пен тышқан ойыны,Бағдарламадағы қойылым.Ақшаның дәмін түсінген,Жеміттің соғар сойылын. Жоғары төмен кет десін,Адамға жүрме кектесіп.Сара жолыңды сақтасаң,Алдыңа келер жетпесің. Торығып талып күткенмен,Ойыңдағы болып біткенде.Ұйқы тыныш,жаның жай.Қарағыштайсың тек елге.***Бұрынғыдан өзгешесін сен тіптен,Ұсқынымды көріп тұрсын ентіккен.Сұрамайсын неге олай қал жайды,Дүниеде қиын екен ем күткен. Бөтекеде толы дейді қоқыс-құм,Әз басыма ұнамай тұр осы ұсқын.Сен туыс деп күтіп едім жылы сөз,Байқауымша көз қарасың оқыс тым. Жауар бұлттай қарауытып қабағың,Мені көрсең боп қаласын бағалы.Ескертпесем ұят болар бір затты,Ешқашанда бәйге алмаған жабағы. Сенде мінез ауа-райы секілді,Жас баладай қаққылайсын төсіңді.Талай рет бұрыстығын ескерттім,Амалым жоқ кіргізердей есіңді. Өзіңдікін дұрыстайсын не етейін,Тайсақтамай төтесінен төпейін.Шынын айтшы өсу барда,өшу барНені мегзеп бүлкүлдейді көкейің. Былайынша болғаннан соң туыстық,Өткеніңді еске алдым тым ыстық.Құдай ақы саған ісім түспесін,Тындыруда бала-шаға жұмысты,Қандай рахат елде жұртта тыныштық.         ***Үлкен ағалар,Өскендігімді көрсетіп.Қосшы балалап,Жүрген жеріне ертетін.Оған сүйсініп,Балалығыммен марқайып,Жанды салыппын,Қабылдау үшін өр шешім. Тоқтатпай жұмсап,Ащы терімді шығарып,Болсын деді ме,Баптаған жері құнарлы.Күні, түнімді,Қаусырып кетті құмарлық,Басым болғаны,Адамға аян ұғарлық. Алтынның құны,Әжетке асса бағалы.Бағасыз заттың,Қажеттілігі шамалы.Ненің болмасын,Табылуы тиіс амалы.Сіздер екенсіз,Інінің сөйтсем қамалы. Алдыңа келсек,Үмітсіз шайтан таласып.Қалай дегендей,Қарапсың еппен шамасын.Жайдыда білдік ,Кешіксек жолды шолатын.Осында тіптен,Жоқ болғанымен аласың. Мұқит түбінде,Лықыған маржан лағылдай.Ынтызарлықты,Көңіл кеншінде тағылған.Сағынышы деп,Ағалар дұрыс қабылда.Жарылған түрім,Осы болып тұр ағымнан. ***Үйіңізге кірген бойда қол шайып,Тікесінен төрге озатын шалқайып.Ретінде жастығыңды шынтаққа ап,Шай ішетін қазақ бізбіз арқайын. Үйде,түзде кезіккенмен танысып,Алғаннан соң тереңірек қанысып.Бірін-бірі алма кезек шақырып,Жүретін ел құшақтасып жан ұшып. Алдарына қалқан еткен ұятын,Даласына сан мемлекет сиятын.Қиналғанда пана болған ұлысқа.Қазақ елі силастықтың ұясы. Түн жарымы,Таң алдында ет жейтін.Үлкенінің алдын кесіп өтпейтін,Кішісінен аямайтын ақылын,Үрдісіне қалай ғана тек дейсің. Кезең емес жөн-жосықты талдайтын,Ата-бабам зерттесіріп шалғайды,От басында отырып ақ аңғарған,Ішкі-сыртқы алып қашпа жағдайды.            ***Жөн білетін қазақтың баласына,Құдаларға ең алғаш жол ашудаҮсті-үстіне қызмет жарасады,Көтерілсе биіңмен дала шаңы. Жаңа құда айтқаны жасалады,Әңгімесін кезексіз қоса алады.Түсінісіп кеткенше түгел дұрыс,Болмау керек көңілдің бос алаңы. Қызды, ұлдан бөлмеңдер ажыратып,Құда деген бір ұғым жаны жатық.Білмейтұғын адам жоқ деп білемін,Тек силастық тұрсаң да арып, ашып. Ой түйіні тек қана осы арада,Аттап кірген құданы босағаға.Ибалықпен қабылдап жіберсеңіз,Онан асар бақыт жоқ ата-анаға. Сый,сияпат көрігі келін бала,Қабылдасын десеңдер елін жаңа.Құдалықтың шоқтығын көрсетейік,Бұзатынын ұғынсын өлім ғана,Құрметіңнің сімірсін сөлін қана.            ***Сырттағыға қаратпайтын батыл боп,Көрінуге дайын тұрған жақын көп.Қажет кезде орынынан таппайсың,Жақындасаң жарытпайды татым боп. .Күнді күнге, таңды таңға асырдым,Көрген білген болмағанмен ақырғы.Жеткенімді жетістік деп түсініп,Қай жерлерде кемісімді жасырдым Өзгергенмен алдыңызда замана.Қарамасаң тиянақтап шамаға,Тіл салақтап алақанды ысқылап,Күш түсіріп аласыңыз санаға. Берекесіз көсегеңіз көгермес,Жинақтаған абыройды төгерде.«Шығасыға басшы»- деген егесі,Естігенім дұрыс болса егерде. Ақылдылар шың көтеріп естініңСалғызуда сан бояумен кескінін,Ақылсыздар ақша шашып жүргеннің,Армандайды өтілетін бес күнін. Шығып, шықпай базбіреудің ойынан.Көз тігілді қаншалардың бойына,Сынағымнан өтпегені жетеді,Барғанымды есептеме тойына. ***Кердиіп неге ісесіңЖұртыңа сенде мүшесің.Біреуі өлсе молаға,Сен емес пе түсетін. Болсаңда ақыл кеніші,Бағамдайтын ел іші.Ынтығыңды басады,Сөзімнің солай келісі. Түйілгесін жұдырық,                     Өтеді тәнді сыдырып.Қарайлап жүр жан-жаққа,Шығармай елдің ығырын. Силастық тауып тұрғанда,Сығалап сырттан ұрлан ба.Өмірде байыз таппайды,Жымысқы жоспар құрғандар. Менікі білсең ағалық,Атысқаныңмен оқ алып.Елге шашсаң топырақ,Кетерің анық жоғалып. Өтуде зулап уақытым,Болғанның көрдім бақытын.Жемірдің кертіп жегені,Пақырдың адал ақысы.               ***Жақындатып,жақындатып жаныңа,Жеме-жемде жолатпайсың маңыңа.Содан болар асқаралы байламым,Екі айрылды досым бекер налыма. Істелінер жұмысымыз байланып,Елге бірге көрсетеміз қолғабыс.Дегеніміз құры босқа жел қапты.Ойымдағы ізі ғайым алданыш. Мен түсініп,мен ұғынып болғанша,Жүрілетін тоқталатын жол қанша.Ұзарарын,қысқарарын білмеймін.Бәрі бекер,бәрі болды жалғаншы. Дегенменен үмітімді үзбеймін,Саулық болып ниетіне біздейдің.Құдай беріп қалатындай күн туса,Біразыңды жан бітіріп тіздеймін. Көзге шұқып дұрыстықты көрсетем,Өткен кеткен өкінішті өлшетем.Қастасатын аяғында зілім жоқ,Тыныштықпен көмкерілсін ел шеті. Лайымда сенен құдай сақтасын,Бүгіндері шарықтаған шақтасың.Тіршілікте екі түрлі ұғым бар,Бірі таза,бірі жатыр баттасып,Тауық ғұмыр несібені шашқасын.          ***Ұмыттырып өтті, кетті қайғыны,Қуанышпен, қауыштырды ай күнім.Хал-ахуал, әп-сәтіне ауысып,Жеткеніне таңырқа ма айлығым. Дегеніңнің аты өшсін жетпестік,Қасарысқан пәлеңізбен беттестім.Көзапара табанына таптайды,Адамдарды әжептеуір епті есті. Ертеректе тұрғандарға ыздиып,Адам шығар, деп қарадық қыз қылық.Түлкі бұлаң, талай жерде шаршаттыНе қылайын көңілімді бұздырып. Жіп суырып, жіп өткіздік тебенге,Сілекейді шұбырттырдық жегенге.Уақыт өте түсінесің барлығын,Сыйпалақтап кір іздеме төменнен. Арғымақты әбзелдетіп мініңдер,Тұрғаныңа тілектеспін тігіңненАқыл-есі дұрыс адам біледі,Ертеңіңнің артықтығын бүгіннен. Алға шығып кеткен болсам емініп,Орныққаны деп ойлаңдар көңілі.Өтінішпен тоқтаңқырап айтарым,Көрмегеннен зат сұрама жеңіліп.           ***Қызметтің қызығымен жас бала,Астамшылық жасамағын басқаға.Ашуыңды ақылыңа жеңдіргін,Қыңырлығы өзгелердің ассада. Құлашыңды оңды-солды сілтейсің,Жыл жинаған аштырады кім сейфін.Лауазымнан ұлы болып шықпайсыңКөрсетпегін өзіңді-өзің үлкейтіп. Мен жұмысшы қажетімді сұраймын,Жасамаймын әлдеқандай құр айбын.Айтқаныма дұрыс жауап бермесең,Қуыс кеудең тесілгенше бұраймын. Біле білсең,сөзбен,іспен жылытып.Жіберетін көпшіліктің құлысың.                              Жасырғанда жаныңыз жай таппайды,Қоғамдағы қам харакет ұлы сын. Арагідік інілермен келіспей,Тұжырымды қайырамын кейіспен.Тамағыңның тоқтығымен ырғалып,Орыныңды іздемегін пейіштенДеп қоям да,Ашынамын кей іске. Лауазым-ай,Қуыстарды кеулетіп,Жарымжанның кептіресің кеудесін.Саналының сара жолын кескестеп,Қалдырмайсың адалына жеуге түк.         ***Енбегіңді күнделікті шыңдасаң,Үзілердей үмітіңе үн қосам.Зейнеткерден не күтесің демегін,Табылады зейін қойып тыңдасаң. Жүргеніңде түгелінен жан салып,Сұранысы қап қалады қаншаның.Қай жерлерде уақыттың құлысыңОл араға соқыр тиын мансабың. Айтылымда көрінгенмен жай қалжың.Әрбір сөздің салмағында байламы.Ауызыңа ірікпесең келгенді,Басқа жақтан тіктіреді шайлаңды. Адамдардың жеңіліс деп,жеңіс деп.Жүргендерін күтіп алғын кеңісте.Осал емес екеніңді көрсеткін,Теке тірес болғаныңда сен істе. Көп адамдар бір-біріне кіріптар,Тіпті Әкімнің арасында шірік бар.Көздің құрты дүниеге келгенде,Жасатуы әбден мүмкін бір ықпал. Болғандығын пайдаланып сабырың,Болашаққа қарағышта тағы бір.Тірі жүрген мақұлықтар жетеді,Сау адамның дайындатып қабірін.          ***Келесін, кетесін тым жақсы,Көретін адамдай шын жақсы.Таразы басына түскенде,Жағдайды етесін күн қақты. Ысырып жіберіп менікін,Жайымен тересін жемісін,Соңына білмеген боласын,Осында келіспес кемісің. Қатынас қарымы қапысыз,Кететін түрің жоқ шатысып,Пайдасыз тірлікке келгендеӨлуге дайынсын сатысып. Әңгімең шығады әрқалай,Қайбірде қаласын шалқалай,Содан ба өзіңнен қорқамынСенімді нәмәрттық балталау.Ұстанған бағытың екі жақ,Жаманның келмесін беті тап.Егерде қажеті боп жатса,Жер астын тінтиді жеті қат. Ерте-кеш көрініс табасың,Танымай кеткендер ағасын.Ретін құдірет келтіріп,Аузына алдырған тобасын. Өмірде осындай заңдылық,Көз ұшы атылар жамбыны.Мың адам атқанмен біреуіТигізіп жатады таң қылып.