ВЕРНУТЬСЯ

Кітабыңды оқып шығып, түсінген,Оқырманның тұжырымы ішінде.Жақсы жаман өзі айтар байламын,Не болсада танысса екен ісіммен. Жас балаша алтын-жаһұт өлеңім,Елден ерек мен демейін керегің.Ит қоритын белгіліге жатпаймын,Жеткенімен жазып сыздым зеренің. Құлақ асып сенсеңіздер сөзіме,Қайбір жайлар бастан өтті кезінде.Шөңге тілген табан әлде ашиды,Кінәлімін қайбіріне өзімде. Қолда барға етесіңіз қанағатЖамбыңызды атқаным жоқ садақ апКөкпарыңды тартқаным жоқ додадаАлдыңдағы бар шындығым жамағат Өлеңдерім жылдар бойы жеңгенім,Табжылмастан сан қайтара өңдедімҚобалжимын сескенемін қорқамын,Менде ренжіп,қуанатын пендемін.Толтыраммен бұзып алма кем жерін.       Өмір өткеліЕсейіп есті білгеннен,Жұмыс түрінен именбей.Тағдырым үшін күресіп,Арылдым күйкі күйбеңнен. Ауылдың малын айдадым,Қора-қопсыны жайғадым.Ыңғайына келтірдім,Деп жатпастан қай жағы. Егінін ектім, баптадымСуын суардым,мақтаныңМежелі мезгіл жеткенде,Қайбірі болды мақтаным. Піскен жемісті жинадымСейілді күдік мыйдағы         Қанағатымның тойғызды        Аударыстырған құймағы Не көрсем ауыл ішіндеКөппенен аппақ пішінде         Көкірек кере аламынТаппайсын шикі ісімнен Осындай кезең өтілді,Жас болдық бізде кекілдіБалаға айтсақ сенбейді,Аспаннан түскен секілді.                 ***Ойын күлкімен өртеніп,Өмірді сүрдім ертегі.Қалай жүріп тұрмайын,Асымды іштім тер төгіп. Дүние мүлік қуынып,Өзгергені жоқ ұғымым.Барлық затқа зер салдым,Көрмедім әсте құбылып. Жұмысыма да кісі сап,Жылпостанбадым ісім ақ.Қиналғаным шамалы,Болмағанына түсім ақ. Үйленгенде де қалауым,Көтерді сенім жалауын.Атануға тырыстым,Келешегімде бала ауыл. Орта жаста да елпеңдеп,Кеткем жоқ ұзап өлкемнен.Өзгеге салмақ салғам жоқ,Көтердім барды желкеммен. Өнердің қорғап намысын,Қарадым байқап аңысын.Содан да болар ақ адал,Кезіккен барлық табысым.* * *Маған берген сыйы болар өмірдің;Не қуандым,Не жыладым,Не күлдім,,,Тағдырыммен тайталасып талабым,Талай мәрте таяқ жедім,жеңілдім. Жас кезімде жаспын дедім,балаңмын,Ержеткен соң дедім лаулап жанармын!Ер де жеттім,Жар да сүйдім,ЖалғандаОсы екен ғой бір арманы адамның. Күні кеше жаз,көктемді көріп ек,,,Бүгін күзге тән беріпті төңірек.Орта жаста толысса да ақыл-ес,Білгенімнен білмегенім көбірек. Кәзір міне аулындамыз алпыстың,Қадыр көп те,Қайрат аздау,Хал мүшкіл.Бала тілін алмасам да кейбір сәт,Әлі күнге ана тілін алғышпын.Осы болар бір әулеті алғыстың,,, Сары күз де кенде емес-ау сауаптан,Келе жатыр кәрі қыс пен дәу ақпан.Кемеліме келдім-ау деп жүрсем де,Неге деген сұрағым көп жауаптан! Бұл сөзімді көрген-білген ырастар,Ауыл-анам,Қала маған ылас,тар.Өмір,өмір,,,Бұл шіркінде,шынымен,Мен білмейтін бар-ау,сірә,бір астар?,,* * *Алдында ақ шашты ағаның,Ақылын тыңдайтын баламын.Алдында жеткіншек інінің,Сабырын сақтайтын ағамын. Сабағым осылай алынғанТүсемін, шығамын қалыңға.Айнала дос,жарандарымаТірлігім арқылы танылғам. Тірлікте орныққан заңдылық,Тұрамын,жүремін паң күліпКомпьютер памяты сияқты,Құртпасаң кетпеймін жандырып. Кезекті дүние ауысып,Ағамен, інімен қауышып.Бірінің айтқанын істесем,Біріне айтқанды істетем.Айтарлық жаңалық бұл емес,Тәрбие қағылған шегедей,Жұмысты жоғары санаймын,Әзірге ешкім жоқ бөгеген. Балдарым алдымнан өтпейдіСөзі де ортада шектеулі.Үлкенді,кішіні сыйлайды,О баста осылай тек деулі. Басқаша пікірге қосылсамАғылып төгіліп осыншаБаламды шағамды қосақтапӘңгіме айтпаймын қосымша Жаныма жылыстап жағын ба!Өтірік көлгірсіп табын ба!Не өсіп тұрғанын біледі,Ел жұртым кішкене бағымда.            * * *Басты қойып жастыққа жатқанменен,Төңбекшиді төсекте шақтау денем.Жатып-жатып шыдамай атып тұрам,Кемежайға келгендей баққан кемем. Сонан кейін отырып орындыққаАмандассаң жеңіне қолын тыққан,Жөн сұрасаң жауабы қисаятын.Адамдармен арбасам жолым жұқпа Сонан кейін танымы төмендегенҚыңырайған жандармен шегенделемБайларға да, шіріген кезігемінМалы жанын өсірген көгендемей Сонан кейін мәңгіріп меңіреудейДайын тұрар кездер бар еңіреугеТүні бойы құрылған шумақтарымБосаңсысам дап дайын мені реуге Көз алдымда қайдағы,жайдағыларДегенменен жағы бар пайдалы даНебір қиын түйіндер шешілгендеЖүргеніңді білмейсің қайжағында Бір кездері талықсып жығыламын.Сәулесіне малынып шұғыланың.Таң нұрымен тұрам да қабаттасып,Шайымды ішіп,барымды ұғынамын. Ақын жаны осылай күнделіктіКімге осал білмеймін кімге мықтыЖазам, сызам қайбірі жыртыладыОбалы бар мендегі күнделіктің.           * * *Көрмегенмен ертерек егін салып,Бүгіндері ауламда көгім қалың.Диханшылық маманы болмасам да,Білдірейін икемім ебім барын. Шаруадан қалмаппын құралақан,Біліктінің ісіне құлақ асам.Бір адамдай егінші болатынмын,Зәуіменен жұмысқа тұра қалсам. Күндерменен үйреніп кететінмін,Жабардаймын ұясын кекесіннің.Қажеттілік болғанда емтиханнан,Көпшілікпен қатарлас өтетінмін. Гүл иіскесем сезімім оянады,Неше саққа жүгіртем ой ананы.Егістікке жасайтын адам керек.Басқа жақта орыны бояманың. Болмағанмен кәсіби мамандығым,Қандай іске жекпеңдер табандымын.Жеке дара өзіндік мақсатымнан,Жоғарырақ қойғанмын қоғам жүгін. Шығып келе жатасыз көктөбеге,Түсіп келе жатасыз көктөбеден,Таза тұнба шалғынды басасыңыз,Темір таға қақтырған өкшеменен.Жайлар көп ау ақылмен екшемеген.* * *Өмірден алған тәрбие,Түп тамыры әріде.Ата-баба нақылы,Ортақ екен бәріне. Ерте тұрып, кеш жаттым.Алаламастан еш затты,Қажетімді іздеумен,Алпыс төртіңе кеп қаппын. Қалыс қалдым бір жерде,Тұрғаннанда іргемдеБолашақты болжасаң,Демеу екен жүргенде. Үндемедім, үндедімТағасыңыз кімге мін.Шаң қаптыра береді,Құйтырқылардың мінгені. Күлсең күлің кәріге,Барғыламастан әріге.Күш, қуаты олардыңІшілер түрлі дәріде.* * *Өлең жазамын,Жан тәнімменен беріліп.Қамшыгер ескен қайыс белдікше өріліп.Қажет жерінде Ақын киеге табынып,Күзгі жемістей жинақталамын теріліп. Өлең жазамын,Жазмыштан, озмыш жоқ деуменҚайдан ойласын, ішіңдегіні доп кеуде,Тауға шығамын, таяныш жігер қайратым,Жерге түссемде барға тіреуіш от кеуде. Өлең жазамын,Билік пен байлық туралы.Қасиетсізі сусыған балық судағы,Айтқан сөзінде пәтуа бітім болмайды,Шүйкедей басты жанға батады улауы. Өлең жазамын,Болса екен деп ар-ұятТөрде отырған,маслихат етсе қария,Сөзді тыңдаса отырған қалың көпшілік,Жарасымына толмай ма көңіл дария. Өлең жазамын,Сезінсе екен деп адамдар,Ауыз тигендей, қолдан жасалған тағамнан.Бір жұтым судың қасиетіне жүгініп,Еркіндік күтем,жұлдыздай аққан заманнан. Өлең жазамын,Шықса деп жақсы ортаға,Қара ниетті аян етемін баршаға.Қасқыр жортуыл күні-түнімде үнемі, Түрімді көріп шошымаңыздар шаршаған.          * * *Өлеңдерім жазылғасын жалпыға,Сан қайтара түсіремін талқыға.Сонан кейін көпшілікке ұсынам,Сеп етпесе неге керек халқыма. Әрбір адам өз бетінше ғұлама,Арманына көңіл майын шылаған.Кәтелігін мойындайтын ілуде,Қанша адам осы арада жылаған. Қайбіреудің болмысына сұғынып,Ажыратып айырасын ұғымын.Ғайып тайып мүмкіндігі табылса,Басыңызды ауыртпайды шығыны. Көз алдыңда өмір сүру додасы,Үйренгесін жұлқыласу жобасын.Айла асырып жүз қаралы адамнан,Көкпарыңды мәреге әкеп соғасын. Анық, қанық өлшенеді жеткенмен,Тағдырыңыз ойлағаннан өктемдеу.Ұстараның қылшылдайды жүзіндей,Не сұрайсың ауыз тимей кеткеннен. Қуырады, жүгеріден бадырақЖүруіңіз мәңгі емес жадырапКезегінде тыңдамаудан айтқанды,Қолдағыдан қалған қанша ажырап.* * *Таңырқан ба,Өтілген тағдырыма.Әкесінен байлығы қалдырылған,Бай баласы емеспін шіренетінЖағда..аят жапалақ жарға ұрылған. Бірі жетсе, бірісі жетіспедіЕске алғанда тітіреп өтіскендіӨзі жұқа жүйкені тоздырамын,Көргеніңе құлық жоқ бет іскенді. Көздің майы таусылды қарағыштап,Кездесетін пысықай орағыштарАқтығыма кезінде күйе жағып,Қалбақтатты, қаңғалақ қара құсша. Арбакештей бұратын делбесімен,Әмір ете алмайсын,  елге түгел.Іштегіден сыр алу ақырзаманТөсегенің көк тиын жерге кілем. Толқын ұрып жатқанда жағалауда,Шама шарқы келместен сабалауға.Қайырлаған балықтай тыпырладым,Айқасатын ол кезде шама қайда. Дайын асқа, тік қасық жымысқылар,Ойланбасаң орныңнан ығыстырарКүйзелгенде дертіме дауа таппай,Ауыз аштым,көз жұмдым, күн ыссыда.            * * *         Айдай болыптуып, өскен жерімде,Балық аулап,суға түстім көлінде.Қақпан құрдым,дала кезіп бір уақ,Бет сипадым,өткен-кеткен өлімге. Таныстарым қалған болар аң-таң боп,Мұншалықты жүргеніме шаң-шаң боп.Ішкен алда, ішпегенім қапталда,Қонағасы желінбеді сан-сан боп. О,туған жер! Кіндік қаны жуылған,Аз күн болсын,ажырадық шуылдан.Аңның еті,малдың етін достастар,Әкеп жатыр,қуырмаған,қуырған. Қуаныштан қобалжыдым қозғалып,Еске алдым,сан етіктің тозғанынЕске алдым, сынастыққа келгендеҚарсыластың оқ бойына озғанын. Не айтсаң да, көтеремін кінәлап,Болып жатсаң сыртымыздан сынамақСол баяғы қалыпында жағдайым,Айналама жоламайды сұғанақ. Барыңа, бар дей аламын, жоққа жоқАдалымды ішіп-жеймін, соқпа боп,Ертедегі жүріс тұрыс сейілді.Қосылмаймын аңғарымсыз топқа көп.               * * *Кезіккен сайын ауыл аймақтың баласы,Іштегі сырды ақтарысамыз таласып.Ел жұрттың жайын ортаға сала отырып,Балалық күнге барып қайтамыз бал ашып…                                                    Жаңғырып қайта жаңа да күндер,көне де,Барып қайтамыз бас қосқан сонау төбеге.Махабатқа да мәз болып масаң көңілмен,                        Телегей кешіп,мінеміз әппақ кемеге,,, Сыныптас қыздар шығарма сірә есіңнен,Еркелей келіп есепті бізден көшірген?!Сабылып жүрер сан соққан күндер қаншама,Айта да берем,Айта да берем несін мен?.. Үйленгеніміз,Күйлегеніміз бәрі есте…Өзгердік,өндік,Өмірге келді нәресте.Қара орман болар қара жерге еккен жалғыз тал,Егін де болар,дақыл да болар дән өссе. Асық та ойнадық,Ғашық та болдық әр қызға.Қауыз да жардық,Қауын да жедік,қарбыз да…”Ауру қалса да,әдет қалмайды”екен ғой,Әпкесі жоқта айтамыз әзіл балдызға. Ауылдан келген аңғал да саңғал досым-ай,Өтеді-ау өмір,Озады-ау күндер осылай.Аңсарым ауған анамдай болған ауыл-ай…Қазымыр қарттай қаланың мынау пошымы-ай * * *Ауыл баласы…Ғайыптан тағы жолықтық.Бітпейтін қандай,Күтпейтін қандай”жорық”бұл?Сығалай сынап,Сыпайы сөйлеп тұрсаң да,Сырыңа сенің,мұңыңа сенің қанықтым. Кетпесең тағы жатырқап,мүлдем жат болып,Кезегі келсе сөйлеймін мен де баптанып.Керімсал күндер,Өрімтал күндер кешегіСанамда жатыр сақталып,әрі қатталып. Елең етесін,Өлең етесін әр жайды.Балалық шаққа бәрібір көңіл қанбайды.Тапқаным есте талайғы арман-бақытты.Соққаным есте жартасқа келіп маңдайды. Білемін,сезем,көңілің жомарт жан досқа,Бүгінде,әттең,махабат басқа,ән басқа…Сен даладасын мен қаладамын қатыкез,Қайдан оралсын қайырлы күндер марқасқа. Ауыл баласы,Тонымның ішкі бауындай,Жүрегім елде,Тіреуім сенсің тауымдай.Өзіңді көрсем,балалық кезді сағынам,Желдетіп өткен,Селдетіп өткен жауындай.* * *Ауыз қуысы уылып,Жасқа әлпетім жуылып.Әп-сәтте әбіржіп үлгердімЕстімей құлақтың шуылы. Бірде қызынып,суынып,Таңдай сөліне жуыныпКөңіл кірпияз тартады,Жатқан адамдай буынып, Өзім сөзімнен шошынып,Жоқтан қорқыныш тосынып,Үрей тудырар соншалықНе сенің десейші осының. Пайда көрмедім егестен,Өткен, кеткенім елестей,Келісіп, келіспей жатамын.Көпшілік жиналған кеңесте. Қиял теңізі тербетіпОйға батырса терлетіп.Дұрысқа жанымды саламын,Алуға тырысам көргесін. Қайда,қайдасың жақсылар?Уақыт,аманат тапсырарКешігіп қалғандар жетеді,Етемін деп жүріп жоқты бар.* * *Бұл өлеңде!Гүл жайнаған өңірім.Бұл өлеңде!Өтті,кетті өмірім.Бұл өлеңде!Балауса,бал жастығым.Бұл өлеңде!Жетістігім ең ірі. Бұл өлеңде!Ашық-жарқын көңілім.Бұл өлеңде!Жортуылым желуім.Бұл өлеңде!Бала-қызым жолдасым.Бала,күйеу,қолымдағы келінім. Бұл өлеңде!Қызметім күнделік.Бұл өлеңде!Көлік етіп мінгенім.Бұл өлеңде!Жүрісім мен тұрысым.Ішкі-сыртқы,өзгерістер күнбе-күн. Бұл өлеңде!Ар-ұятым,намысым.Бұл өлеңде!Жеңіс,жеміс,табысым.Бұл өлеңде!Талас-тартыс,жеңіліс.Бұл өлеңде,қалған досым танысып. Ағайындар,тумаластар,туыстар.Ілінгенді қыстым,аштым уыста.Тиесіні мойыныммен көтердім.Түсінесін бар жоғымды ұғыссаң.* * *Мезгілінде тағдыр тәлкек еткесін,Алдырмайтын асуыммен беттесіп.Жеке дара өзім шешім қабылдап,Қажетімнің іздестірдім жетпесін. Алдағымды көрсемменен жобалап,Қалмайын деп ай далада обадай.Ненің болсын араластым ішіне.Бүйір-сүйір, мейлі, ирек домалақ. Адамыңнан амал айла қалған баІстегенім сай келмесе талғамға.Жасасамда ерінбедім қайтадан,Қараңыздар ажыратып жалғаннан. Түртпектеген тіршілігім тынымсыз,Өз жемесін берді демен шығынсыз.Қан ішкізді мұны айту себебім,Істің оңай еместігін ұғынту. Бәрі болды ұрыс-керіс, төбелес,Тамырыңды бажырайтқан ерегес.Жоқтан бар ғып отырыста жасатты,Төріңде де отырғызды төредей. Нысаналап құралайды көзге аттым,Сабырыма арқа сүйеп сөз қаттым.Өсек аяң менен аулақ болғасын,Негізінде қорғаштадым әз басты.* * *Адам болып қалу үшін өмірде,Ата-бабам мекендеген өңірде.Отын жағып, шаруасын тындырып,Тәртібімен қаруландым темірдей. Кезіккенге үлкен-кіші деместенБолса болсын тракторист шенеунік.Назарыма келе қалса тұспа-тұс,Басымды идім айтқанына егеспей. Сара жолда білігімді сарықтым,Не жасадың айтшы кәне қарқ қыпДегендерге қарсыласар қауқар жоқ,Қақпақ емен ауызына халықтың. Таңданбаңыз табиғатым болмысым,Дастархандас бола қалсаң жол түсіп,Өз қолымда жеке бастың билігі,Қарсылауға әбден болад қол қысып. Азды, көпті қағидамда адами,Бірде ілгері, бірде кейін қадамым.Соның өзі менің бағым бақытымТүсінбеген бола алмайды одағым.* * *Күні-түні босатылмай белдігі,Ата-баба қорғаштаған елдігіҰрпағына қалдырылған аманат,Елі, жері жарқын заман белгілі. Ордалы ел бүгіндері орнында,Көңліндеміз иілікпейтін зордыңда.Миллиондаған шақырымда шекара,Өзіміздің әскерменен торғында. Асырмаймын кіміңдіде басымнан,Ажырамас дос жараным қасымдаЖақсы жаман ажыратып жатқам жоқ,Дәм татырам жақындаса асымнан. Күн көрісім көпшілікпен барлы, жоқ.Ақылгөйлер деген екен арлы бол.Ұстанымым сонда табан тірегенМәңгі маған шығарылған жарғы ол. Тоқ етері жетістігім ұрпағым,Ар,ұятым,абыройым жұрт алды.Болашаққа бермегімді ойлаймын,Атырғанға қосақтама құр таңды.* * *Көпшіліктің ойыменен арбасып,Сүйреледім сайландырып арбасын.Жеңіл өткел аралықта болғанмен,Кезеңің көп көтеретін қорғасын. Қажетімді тапсамменен тереңнен Бірде ашық ақтарылдым зерендейБір жақсысы шеттетіліп қалмадым,Көрер көзге есіл еңбек еленбей                                                                             Мұқтажымды өтеп жатты еккенім,Есептемен құмға сіңіп кеткенін.Ойда жоқта көкіректі соққылап,Тыңдайсыңыз дегенім жоқ тек мені. Пендешілік адамдардан қалар ма,Ыржалақтап жақындайды аларда.Кетерінде әжуалап күледі,Қандай амал жасайсыңыз оларға.Түсірілмей күнделіктен келесі,Қайбіреудің айдарынан жел есті.Барға мәзір шүкіршілік жасамай,Ашкөзденген пенделерге өлесің. «Сабыр түбі сары алтын» деп алып,Әңгімеге тағы кетем кең алыс.Мағыналы мағынасыз деген жоқ,Айтылғаннан кейде қалам ем алып. Езу тартар арғымаққа мінгендер,Дүниені тапқаныңмен мың жерден.Сені мақтап марапаттай алмаймынӨмір өзі анықтайды кім зергер.           * * *Ес кіріп еңбек жолын бастағалы,Ешкім кеп көже-суын тоспағанын.Ешкім кеп, мынау көмек дүние депСабақ жіп, айтқаным жөн қоспағанын. Кешегі шапқылаған қара бала,Талқажауға таңылып ара, ара да,Жасағаны көңілге қонымды бопСіңе берді ортаға бара-бара Біртіндеп азаматтар қасына ертті,Бастағасын жұмыстың басын епті.Жүргенімді бағалап дұрысына,Түсініскен туыстар жақын етті. Демейін зиялылар мені тапты,Адамдар жетіп жатыр діні қатты.Ондайдан сақтануға тура келді,Кей жерде тәжерибе кемі батты. Бүгінде денім таза, басым аманКөңіліме жаққанды қасыма алам,Жақсылардан алғаным қойғаныммен.Үйретуге бойдағы барын салам. Болмайды халық түгел ғалым, дарын,Іріктедім ішінен жалын барын.Көпшілікке үкілеп көрсеткенде,Мақтан тұтам ісімен танылғанынҚасиет осы қалған қанымдағы.* * *Екі басты аждахадай арбасып,Өлер болдым керегіме жармасып.Көнгенінен, көнбегені көбірекКезігетін қиғылықтан шар басым. Шиырылып шимайланған күн көріс,Құдайымның өзі білсін кім теріс.Мен кінәлі деген адам көрмедім,Ал жүргендер лықа толы мін теріп. Кейбіреуге тіпті қызып ұрсамын,Жүрісіңе қарағын деп бір сарын,Қайбіреуге жақынымдай қоқаңдап,Бүйте берсең деп қоямын құртамын. Ауырамын, сауығамын қаралай,Бал шырынын жинақтайтын арадай,Жақсы көрем қолдағымен қолдауды,Қызығамын тың басталған шараңа. Бәтуаммен мені көзге елесең,Ниетімде сауға ырыс береке.Күннен күнге ынтызарым артуда,Биік екен ұғымымнан жер өте. Адам едім жоғыңыздан жанданған,Тұжырымның қандайына таңданбан.Тек өтініш артық ауып сұрама,Күнелтуге пана таппай тоңғаннан.         * * *Үлкен-кіші қызметтер атқарған,Достарымның әрекеті жатқа арман.Аузын ашса көмекейі көрінген, Көрініске таңданбағын ақ жарма. Алай дүлей қоздырғанда жаныңды,Бар жағынан өзім үшін нанымды. Білігіне өзім әсте ризамын,Әурелігім содан болар жыр жазып.Үйде дүзде ұстанымның қалыбы,Тұрған гүлзар жаныңызда ырғалып. Тиянағын тілге тиек етемін,Әрбір жерде бола берсін мекені. Достарымды өте жақсы көремін,Себебі ол іс иесі өрелі.Күні түні ете алмайды кедергі,Ауыл аймақ жақсы біледі дерегін. Орындалған дос туралы арманым,Енді өзің бағамдарсын ар жағын.