ВЕРНУТЬСЯ

Елдің жайын толықтай түсінетін,Көш басына көреген кісі келсін.Барға жоққа толықтай мән бергесін,Қолға алған соқпайды ісі кемшін. Масатыдай құлпырған өңірің гүл.Ұғынғанға  болу шарт өмір үлгі.Көргенді де жетеді қырағылық,Жарқ еткізер жасындай көңіліңді. Тауда, таста күтіммен мүсінделген,Адамымен деп кеткен түсім жерде.Қыран қимыл болмайды нәтижесізКөргендінің қаратсаң ішін бермен Тұяқ тұрмақ мұздақта тағада нық,Заманамен келеміз сабақ алып.Көрегеннің зер салып жібергені,Шекараға қойғандай қада қағып. Келеңсіздік,кемшілік жойылғанда, Шыққысы кеп тұрады бойың алға.Болашақты көбірек ойланған жөн,Салмақтайтын санада ойың барда.  ***Маған емес,Құсқа берген қанатпен,Өткендейін көктем, жазым, қап, әттең,,,Түк бітірмей отырғанға ұқсаймын,Сан соқтырған сәттерімді санап мен. Қайың да жоқ,Қалқа да жоқ ырғалған,,,Қас пен көздің арасы екен бұл жалған.Көз алдымда-шетсіз,шексіз көкжиек,Түсінбеймін кейіс кейіп бұлданған?.. Ал болмаса кешегі өткен күн кәні?Жазиралы көңілімнің гүл бағы?..Ұзатылған мұңлық қыздың үніндай,Талып жеткен тырналардың мұңлы әні. Салдан бетер сайран салдық сандалдық,,,Басымдағы әлі басым аңғалдық.Батар күнді көкжиекке ұзатып,Атар таңның қауметіне таңдандым. Көңіл шіркін жауған қардай алағат,Көрген қызық,шалқыған шақ шамалы-ақ,Басқа қандай!..Амал айла табасыз,Демегенде шүкір,тәубе,қанағат… ***Өріс бермей өрелі талабына,Өрекпілеп жабыс па балағына.Өз ісінің иесі болмағанды,Өмір өзі былғайды шалабына. Жоспар-жоба тұрса да жасалынып,Зерттестір нақтының баса құнынМың қайтара қайыра қарамасаң,Ілікшілер кеудеңнен басады жын.   Әдейілеп пенденің күрсінісін,Жасатамыз бүйірден түрту үшінҚылығыңа қарсылық жасай қалса     Пәлекетті жабамыз ірку үшін. Ойламасаң болмысты басу жайлы,Ойлануың әнтектеу асу жайлы.Парықсыздың шырмалсаң шылауына,Торықпаста торлайды ашу-қайғы. Ісіңізден кетседе бей-берекет,Серілерше сенімді көкке тіре.Қарлы боран төбеңнен төпелесе   Көптен жырақ қалмайсын шеткеріде. Саусақ түсіп домбыра сағасына,Діріл қағып қадалды ағашына.Қыран қимыл сан рет аңтарылды,Қалмайын деп өзгенің табасына.***Тағдырыңа түңіліп қарағасын,Орналастыр аулаңа дар ағашын.Өлгің келсе барасын ілінесің,Әлдекіммен жатпайсын жағаласып. Өмір заңы түр-түрлі есептелген,Жеген ауыз өтеді жесек деумен.Қанағатты біржола ұмытқандар,Алғанымен толады көсеп елден. Көндірген мен сүйрейсін ыңғайыңаСаналының қайраты шыңдауында.Жолы таза болғасын бас имейді,Төтеп бере береді мың дауыңа. Сезінбейді демегін үндеместі,Мағыналы олармен кім кеңесті.Ұғындырып негізін білмегендер,Шығуына мұрындық мың егестің. Табиғасы тағдырдың алмастырған,Әңгімемен алдама жалғастырған,Жоқ пен барды біледі түсінедіБоз бала да сақалын алғаш қырған. Ысқылайсын ысқыра құр алақан,Теледидар тетігін бұрамасаң.Өз өзінен бейнесін көрсетпейді.Өлдің Мамай, құрыдың тұраласаң. Елмен бірге жүрмесең араласып,Қалтарыста қаласын қарабасыпАйтқандарым дегенде өз пікірімӘжетіңе жарасын,жарамасын. ***Елдің жердің басыбайлы иесі,Қазақтардың кемімесін үлесі.Келімсектер байығанға ұқсайды,Сыртымыздан езу тартып күледі. Түгелімен айтқан сөзім дәлелді.Қорғаштаған ата жері пәлен мың,Қазақтардың түбегейлі мекені.Тарихыма көз жүгіртші сәл енді. Өліп,өшіп өнгендіктен бүршіктен.Лоққылардан қорықпаймын үркіткенАрамдықтың жолы бола бермейдіЕлім,жерім осы менің ту тіккен Жамылғы боп түйесінің түбітіЖедім нанын қара суға жібітіпДұрыс жауап осылай боп келедіОсылайша сөз байлайды жігіті Елін,жерін тапжылмастан қорғаған,Кейбір қазақ күн көруде зорғадан.Соған жаным қаралайын жанады,Қашан түнек сейілер деп торлаған. Заңды болар тынышына жүргізбеу,Кезегінде күн көріспен кіргізген.Қаншама ел,қаншама ұлт өкілі,Күрпілдейді доңғалақтай үргізген Жердің асты,үстіндегі байлығы,Біржолата ұмыттырды қайғыныТойынғандар жағамызға жармасты,Қайсыбірі тиіседі жай күні. Жала жабар мен емеспін нақақтан,Кеше ғана зар болғандар жатаққа.Елдің жердің басыбайлы иесінШақырып жүр үйірсектеп шатаққа. ***Ойыменен санасып көпшіліктің,Сейілтуге болады көп күдікті.Дана да, данұшпан да ел ішінде,Айтқаны айтпағы да жеткілікті. Тау жағалап тамаша етпегенмен,Таудай болды есіттік әп дегенде.Соның өзі көңілге демеу болып,Ұрындырмай ап өтті әттегенге. Затыңыздың мәніне құлақ түріп,Жақсылығын халыққа ұластырдық.Анда санда берілер көрімдіктей,Жарайсынның көгінде құлаш ұрдық. Көкіректі кергілеп тынысымыз,Бір мезгілде бұзылды тынышымыз,Қырын кетті қыңырлар сол арада,Оңай болды дей алман мұны ұғыну. Өмір заңы,осылай шотқа қағып,Өмір заңы, осылай топқа салып,Әуселені байқадық байқайтынын.Ренжуге болмайды жоққа налып. Кедергілі келеңсіз көріністер,Әсте-әсте кетсе де,еніп ішкеБастаманы бастапқы баса алмады,Зат көп екен қарасаң жөні күшті. ***Тіршілікпен жүргеніңде қым-қуыт,Алдымызға талай келді жын қуып.Төбе шаштың тікеюі сондықтан,Қайбір іспен беттесуің тым суық. Қаралайын көзі құрғыр шатынап,Шапқанда қан шырқырайсын басыңа.Араздассаң өзің ғана шаршайсыңАшу дұшпан кеп тұрады қасыңа. Қарғысыңды тауыспайсын жаудырып.Айқай-ұйқай құры бекер даурығу.Есеріңді есер демей не дейсін.Жасырғанның айықса екен ауруы Тірлігіңде көргенің көп болғанмен,Жасағаның бос әурелік қолдан ем.Түйінсізді түйірлі ете алмайсың,Жіберілген қатеңізді шолған жөн. Түртінектеп тапқаныңды таратып,Бір жарының қызығын көр жаратып,Өмір өте береді екен тоқтамай,Қоюыңа лаж жоқ екен қаратып.  ***Қолдағының қадірін білмегенге,Айтқаныңды құлаққа ілмегенге.Жасайтының тыншына жібересін,Қандай амал етесін үндегенде. Санатында қайбірі біліктілер,Білетіні дайында іліп жібер.Саңлауына салқын су бүріксеңде,Бір саусағын үнемі бүгіп жүрер. Алла жарлап ағына сенім артып,Түсінердей тірліктің жөнін артық.Кеңдік жасап кеңіске шығарғанмен,Кететінін білмейсін нені қарпып. Таңды, таңда айқайлап ауыз жыртып,Жауды, дауды тудырар жауыз құрсынДегеніне көнесін қайбір тұстаТыныштықта болсалап қалың жұртым. Өсек,аяң,әңгіме өрістейді,Таңырқаман сенікін теріс десеШыдағасын шыдайсың іштен тынып,Аспанға атып шапкіңді керіспесе. Кеңісіңді кернеген керім өкпеБола берсем дейтіндей терін төкпей,Қадіріңнің барында араңды аш.Таза болсаң білерім төрің көкте.     ***Маған серік -дархан жүрек,гүл көңіл,Керегі жоқ үлде менен бүлденің.Босағамнан төріме озған,ей,қонақ,Күліп келіп түндігімді тілмегін. Рас,рас аңқаумын да аңғалмын,Таңдай қағып несіне оның таң қалдың?“Жоқ”деген сөз жараспайды жақсыға,Жоқ емеспін,Тіршілікте бар жанмын. Рас,рас ақ көңілмін,адалмын,Таңдай қағып таңданады оған кім?“Жоқ”дегенді жаратпайды-жаратқан“Бар”деп жүріп бақыт таптым,оңалдым. Алдыңдағы алып отыр дәм-астан,Бауырсақ бар,“Бесбармақ”бар жаңа асқан.Қазақы үйге сен-“құдайы қонақсын”,Жолға салып жіберемін, адассаң. Ал әзірлен,әзір-мәзір жол қамы,Сыйым осы, күйім осы қолдағы.“Бәріміз де бұл өмірге қонақпыз”-Соны сезіп,соны ұқсаң болғаны..     ***Балаңдықта қоймадық жанды жайға,Қыстың күні аяққа шаңғы байлапЖаздың күні жайлауда асау мініпБолмапты сәт, жекеше қамды ойлау... Ұялмадық қалғанға кешін қонып,Тұрғандарға тиістік төсін соғыпҚай заманда қимылы қиылыспай,Талапайда таланды есі жоғы. Дөңгеленген дүние алма кезекЖоқ болады біреуде, барма десекЖастық шақтың өзіндік қимылы бар,Жасай алмай сорлайсың барға есеп. Құлап-тұрып, жасасақ аударыспақ,Жылдамырақ қозғалсақ жолбарысша.Таңырқайтын түгі жоқ мықыныңныңКезеңі сол емес пе шалбар ұстап. ***Тап келсе де таланың күллі азапқа,Біткен іске сыншы көп бұл қазақта.Тыныш ұйықтап жатсаңда төсегіңде,Деуі әбден;”анда жат,мұнда жатпа”! Иіс бармай тұрсада да мұрынына,Ұрымталда тұрады ұрынуға.Қайсыбірін ақылға шақырасын,Соламайы малыған тілін уға Сақалдысы түспейді аралыққа,Көзапара жөн сілтеп қаралыққа.Ақырзаман орнатып бір-ақ сәтте,Айналдырып аспанды қара бұлтқа. Әдеп қайда кешегі,тәлім қайда,Дұрыс сөзді ағайын қабылдай ма?Кешегіден қалған сөз,үлгі,ұлағат.Келмей жатса,қайтейін,әлі ыңғайға. Бабалардың нұсқасы-ұлы,дана,Бұйырса екен ұлыма,қызыма да.Намазшамға ұйыған әкем сындыКүн де құлап барады құбылаға…     ***Өмірдің мәнін жете түсіне білмеген,Замандасыма жалпыға бірдей тілменен.Пайдаңа тартып болмайтыныңа өзеуреп,Өзімшілесең жақпайсың дер ем, кімгеде. Уақыттың өзін қажеттілік де, ауадайҚолдағы бардың іске асуын уайымда.Соның соңынан халіңе қарап көресіңЫждақат жетсе өзгені сапқа дайында. Тағы,тағы да дұрыстығына көз жеткіз,Ақауы болса сол мезетінде өзгерткіз.Біткен ісіңнің жасап кетуі дүдәмәл,Қадағаламау қолдан жасаған өз дертің. Балалық шақта жасадым қардан аққала,Есейгенімде күнімді көрдім тас қалап.Қайда болғанда адалдығыма жантайдым,Салмақ салмадым діңкелесемде басқаға. Сенімділікпен, өнімділікке қол жетті.Екі ортада қанша жымысқы жол кестіАбыржысамда күрмелген затқа жақындапҮйрену үшін түйінді түйіп, оң шештім.     ***Кезегінде өн бойымыз түршігіп,Тұрғанымен жасалыпты тіршілік.Одан басқа бастыра ма аяқты,Тұралаған қиындықтың түр-түрі. Тағдырыңда кезігетін білместік.Алдыңдағы кедергі екен тіл кесті.Төрткіл дүние тұрмағасын уыста,Ашық шашық жүріппіз ғой ілгексіз. Дүмбілездің басым болып салмағыӨңір жайлы, өмір жайлы талдады.Өресіздің сабанхана тірлігі,Шеше алмады бірақ істі алдағы. Даладағы түк те емес көргенің.Өзің жуып,өзің жайған жөргегін.Ағайының қарсыласың болғанда,Рәсуа екен шіркін тергенің. Әке сенің айтқаныңа малданып,Кескілесер туралықты таңдадым.Сыңаржаққа сыбаға деп отырмын,Орта жолда ізі ғайып қалғаны. Өлімге де кетті бірде пейілім,Кейін-кейін ашу бұлты сейіліп.Ыждақаттап нақты іске кірістім,Қажетіне жарасаммен елімнің.     ***Сырттағыға көрінгенмен қатаңдау,Көпшілікпен қатынасып татам дәмӨмір сүру барысында ешқашанЖағдайым жоқ ой нәлеті атанған. Алмас қылыш тат баспайды қынындаСөз қадірін түсінеді ұғынғанБайқамасаң жекеленіп кетесің,Базбіреудің өсегінің ығында. Аман болсын!Есендікте өз елімҚуанышта қақырайды өзегімАртық кеткен жерлеріме өкінемКемістіде бір адамдай сеземін. Іштегілер лықып кейде шығады.Толығырақ бастан өткен ұғадыҚарыны тоқ алаңсыздар қаншама,Жаға жыртып бұрылмайтын бұғағы. Айтылғанды тыңдамайды қол ұрып,Қалатындай жарамсақтан молығыпӘсірелік ұзамасын білгенмен,Әр адамның өз бойында толығы. Армандаған жарасады кімге де,Шығатындар әулие емес мінбеге.Атыңызға кір келмесін десеңіз,Біреулердің жетістігін күндеме.     ***Ардың жүгін арқалап,Ақыл қоссам баршаңа.Болғанымен толықпақ,Есте сақта шартарап Көш бастаушы азамат.Жақын жүргін тазаға.Келістіре алмаған,Ұрынып жүр жазаға Ғалым,дарын мамандар,Берік болып қамалдайЖасаңыздар тойтарыс,Құйтырқылық амалға. Мәңгі емес бақ-байлық,Араласқа жат жайлыМешкей мешеу, көр соқыр,Өзінікін нақтайды Қарадан көзді жазбайық,Сақталынсын қаз қалып.Болмашыға былғанып,Адаспайық аз халық Береке,бірлік,тіршілік,Қас пен қабақ кірпігің.Иесісің аспан-жер,Әруағы түркінің,Қолдасын!    ***Билік басы көбірек отырғанды,Қатарына жақсының қосу заңды.Бірақ о да азырақ қазбаласаң,Тұрғызады орнынан оқырманды. Сүрінбейтін тұяқ жоқ,жаңылмас жақ,Көрінгенмен қамалы алынбас боп.Жеме жемде жүргенде түртінектеп.Ойламаңыз ештеме табылмас деп. Болмасамда әйгілі,саясаткер,Осы жағын қарағын парасатпенӘр адамның жатады міндетіне,Ел ісіне қажетке жарасақ деу Көпшілікке өз-өзін бақылатып,Көрсетеді ақтығын ақылы асықЖарамсақтар жасарын жасап алып,Жол айрықта қалады ақымақсып Сөз сөйлеуім дауысты бәсеңдетіп,Көпшілікпен қатынас әсер еттіҚабылдауға тиіссің жақсы-жаман.Кетпеу керек араға есер өтіп. Құшақ қайда үнемі досы жайған,Келіп қалды десеңде осы қайданКөргеніме көз ақы сұрамаймын,Мені оқытты әуелде осылай заңӘділетке қарасын шошымай жан.     ***АуылдыңБолмыс,бітімінЖан-тәніңменен түсініп,Білемін десең жақындауБәрін тастайсың ісіңнің. Мақтауға алып қоңдысын,Сен кереметсін оңдысын.Деп қолтыққа су бүркіп,Көтеріп кетпе соңғысын. Бабалар мұрасы ауылда,Аталар мұрасы ауылда,Аналар мұрасы ауылда,Себебі өсім ауылда. Пырағы желмен жарысқан,Аспанға атылар арыстан.Ер жүрек ерлер ауылда,Келгендей болма марстан. Қарттарым есен бармысыңДеген ақынның жарғысын,Жаттаған жандар ауылда,Өзінше барлар әр кісі. Мұқағали, Шәмші, Төлеген,Жүмекендерім бөлегенӨлең жырларын тербетіп,Болыңдар теңіз телегей. Жер менен көктің арасын,Ауыл мен қала шарасын.Біріктіріңдер көрейік,Тамсанып ел жұрт қарасын. ***Тақия, тұмақ, қалпағым,Сеніміменен алқаның.Әніне мәңгі айналған,Сызылтып салар қалқаның. Жүгері, бидай, тарысынТаңменен ектік жарысып.Еңбектен көрдік рахат,Өздерің ойла арысын Ашыма, боза ашытыпІшкенді көрдік тасытыпБүгінде түгел өтірік,Нетейін желке қасытып. Ол кездің Айман-Шолпаны,Түсінер еді қолқаны,Айтқанға құлақ түретін,Қаққыламастан қалтаны. Жалпыға жауап бермейін.Жетеді өзім көргенім.Жетесіздікті жеңдім де,Жетіспестікті жерледім. Шоғайна, кірген табаннан.Шындықты шырқау бағамда.Шиыршық ата қалады,Шырт етпе кейбір адамдар. Төсіңе төсін түйістір,Кердеңдер аздап иіксеңӘбден төмен түсуіБолмайды кейде үйітпей. ***Тас түсседе төбеден,Айнымас достар шегедей.Ибалық иман жүзіменЖасады маған бөлек ем,Алғысым теңіз телегей Жүгенсіз жүріс тұрыстар,Достастықты құрыштайМұқатамын дегенмен,Құшағымызды жазбастанҚарсыладық дұрыстан. Иеленіп барды алғандай,Жалпақтан басқан жалғандыСенгені күшті қиысқа,Қарсыласқанда алданбай.Қуаныштымыз қалғанға. Тәңірге тәубе жебеген,Достастығымыз егемен.Жүрек қалауы болғасын,Арамза оғы өтпестенСырт айналды көбеден. Қиыстықтар қазынғанАса алмады жазымнанТамыр-таныс,достастарБіледі екен о бастаҚас қағымды азымнан Әжетке жарар ісім деп,Айтсам барды пішімдеп,Көпке қарсы тұрмайсын.Жүрген біреу болмасаң,Өмірің жайлы түсінбей. ***Зейіндесең дұрыстан көңіл көргек,Оңалмайды өзгенің сөзін терген,Бұйырмыстан асатын дәнеңе жоқ.Тәжерибе жасақта өзім көрген. Қаншалықты тұрсада тоңып арқаң,Силасатын ортаңа оңын барсаң,Сұранысты толтырып бермегенмен.Итермейді өңменнен кейін қалқам. Ашыған ақ болады іртік-іртік,Көрген адам біледі бір күн іркіп.Көрегеннің көрмесең қабілетінБастағы бақ кетеді құрсын үркіп. Шүкіршілік қанағат барға мәзірБас соғылу әп сәтте жарға барып,Өлшенбейтін тірлікте ештеме жоқБірақ жүргізбеңіздер арға нарық. Жүрек тулап соғады жарқабаққа,Қолдағыңды қәдірле қорға нақтаЕрнеуінен асқанды білмегеннен.Салынады қашанда барға ноқта.        ***Ақталар,Мақталар,Болғым келмейді боркемік.Себебі жүрген адамдарымыз зор көріп.Біржары,Бір жердің жұты екенін,Кейін білгенде өлгемін,Білгірсіп,Сөзімді жолдан бөлмегін. Адамнан қашан қалады екен сорлылық?!Арбасып жатыр бірі-біріне тор құрып,Осының өтті қорлығы,Біреулер үшін күнделік,тірлік сияқты.Басқа бермесін еріктен тысқары сынақты,ТақылмынКөзімді жұмбай таңыңды, таңға атырдым.Жылдар бойына бәйге бермеген қазанат,Бағы тайғанда тартқандай екен жазаға.Жылдар бойына қызмет еткен азамат,Жүргенін көрдім дүңгіршіктерді жағалап,Білмейтіндейміз қолдағымызды бағалап. Біреулер үшін таудан құлады су ақты,Құдіреттілігі ескерілмепті бұлақтың.Ешқандай мәні, Суының дәмі, әңгіме арқауы болмайды,Ашатын кімдер жабылып қалған құлақты. Құрбысы үшін,Қырғышы түсін,Қазанын жуар құралы.Бәлдубайлардың кезекке қойған сұрағы,Өкшесі түсіп,Беттері ісіп тұрғандығынан бейхабар.Осындайынан бітіп таусылдым азар боп    Жүрегім шеменКөңілім қалды мазар боп. Тасталқан,Дегенмен толы дастархан.Қонағым боп кел, бас тартам,Аға десеңіз ағамын,Іні десеңіз шабамын.Өмірім,Өңірім,Сен жақсы болсаң, мен ірі.***Құзар шыңды қара бұлт мұнарлап,Көздегеннен көрмесеңде ұғар зат.Тіршілігім қараң қалды деместенҚажетіңе іздестіргін ұнар зат. Жарға келіп тірелседе маңдайың,Менің мынау дейтіндей бол таңдауым.Түсірмегін сәт қағымға еңсені,Қайратыңа қарсы тұрсын сан дауыл. Тұсыңдағы тұмшыланған көрініс,Ойыншығы біле білсең серінің.Дүниенің көзін таба білгенге,Жат қылық деп есептеймін еріну. Жинағаның күні-түні тырнақтап,Болғанына қиналмағын құрғақтау.Өз тірлігің өзіңдікі қашанда,Жүрген жанда орталықта ыржақтап. Міне, осылай қайшылықты қайшылап,Аударамын, төңкеремін жай шылап.Сын тақсамда өзгелерге мін тақпан,Ертең елге бақ әперер тай шығар. Саябырла дәрі ішіп алайын,Кемпір ана жайылмапты жаялық.Келін келсе ұят болып қалмасын.Өкпелесе қалар бүйір таянып. ***Өзі ашып,өзі жауып есікті.Қиындықты жеңіп бала өсіпті.Үйренгені,жасайтыны көп екен.Дегеніңді жігіт болсаң есіттір Шаңырақтың десін досың басшысы,Елдің өзі іріктейді жақсысын.Қарлығашта іргеге ұя салады.Ниет дұрыс болу қажет бастысы. Биік қойып өзгелерден өзіңді,Өткізем деп әлектенсең бөзіңді.Табылады пәпігіңді басатын.Оюдан да тайынбайды көзіңді. Неге мұнша қылықтар бар құрыған.Адамдықтың алшақ жатқан сырынан.Ой санамыз кетпеді ме ауытқып,Өтуге де болады ғой ұрынбай. Керегіңде салып білу мұрындық.Көрегендік іс па дедім бұрынғыҚайбіреулер су кеткенше мақтайды,Басын алып жүре алмайтын мырыңды. Адалдығым жаман жерді баспаған.Ақыл,ойым әлі күнге жас бала.Өкпелесем теріс қарап жатамын,Не болды деп қалмаңыздар қасқаға. ***Шынайы сөзіңді сөйлесем,Шегініп кетесін кейде сен.Әңгіме астарын ұқпайтын.Ыңғайсыз сияқты дөй десем. Келіссіз болғанмен ұсқының,Көрмедім жамандық ұшқынын.Сонда да қарайлай беремін.Жүретін тұратын тұсты мың. Дегенде тегінге баламан,Күтемін өзіңнен аламан.Тау мүсін жарасым тауып тұр,Айтады қояды шал адам. Сабырың дегендей сары алтын,Нені де бұйырса аларсын.Жаныңа жақындап келгенге,Көрсетіп жіберген жол артық. Тоғайда жүреді мың сан аң,Бір жары, жараусыз қаусаған.Бір жары, шыйрылып тұрғанменБолуы әбден ғой тау соғар Жолбарыс, арыстан демейді,Құдірет қаласа жебейді.Күшті де, әлсізде қатарда,                                                                                    Ешкімге үйретпе бөгеуді,Қоғамды құртады өгейлік. ***Ата-анамыз,Ойнамаңыздар лас жерде.Нанның қиқымы,Түсіп қалмасын қастерле.Төріңе шыққан үйіңнің ішін барлайды.Таза табақтан,Қандай рахат ас берген. Үлкен кісінің,Алдынан шығып амандас.КішіпейілділіктенКішіреймейді адамдар.Әрбір затыңыз орыныменен қойылса,Сызат түсірмейдіДейтін пейілсіз надандар. Болуы керекКелсабы мықты келінің.ТүйгіленуденАжыратылады телімі.Азығы жолда ауызы қанда бөрінің.Өлерін білседеБәсеңдетпейді желуін. ҚасақаналықҚалмайды екен ағымнан.Басыңа түссе,Бас айналады шағымнан.Сыйластығыңды қорықтыға да балайды.Өтірігім жоқШығарған емен жадымнан. ЖаңылысудыңҮлкен, кішісі болмайды.Біреулер үшін,Болып келеді жан қайғы.Біреулер үшін,Күнделік жейтін нан қайғы.Біреулер үшінӨміріндегі соңғы айлық.Біреуге айтсаң осы жайында, нанбайды. ***Сезіміңнің тұтандырып білтесін,Ұстаныпсың дұрыс екен бір шешім.Қарақан бас алып жүре алмасаң,Кім болса сол кекетеді күлкі етіп. Жақсыны айтып,Жаманымды таяйын.Құлақ кесті құлыңыз жоқ баяғы.Сыпайылық сақтағанды білген жөн.Бірақ бардың болуы шарт аяғы. Айтқаныңыз әурешілік демеңіз,Өте қиын қайырласа кемеңіз.Жылдар бойы жинақталған абырой,Бола алмайды жер көтерер көк өгіз. Жол айрыққа қолтықтасып кеп қалдық,Кінәратқа кінәлама тек шалды.Жақындасам түсінгенім жаныңды,Алдыңыздан шыққандығым өкпе алды. Тағдырыңның талқысына түскенде,Өтіріктің қазанында піскенше.Көкейдегі кем кетікке көңіл бөл,Сонда ғана дұрысталмақ іс менше. Өмір тартыс болып кетті аламан.Тіршілікте болмаса да қалаған.Табылсаңыз жақсылықтың қасынан.Аулағырақ жүресіңіз жаладан.***Осы меніңСүйенерім деу үшін.Үйде,дүзде бұйырғанды жеп ішіп.Жату емес екі аяқты көтеріп,Таңдауыңыз келешекте кеңісің. ДұрысынанАдамыңды таба біл.Табылмаса алып жүрген сабағың.Соламайын басқа арнаға ауысып,Тықылдатып тобығыңнан қағады. Жөніменен жең ұшынан жалғасып,Ақыл кеңес алынғасын алмасып.Ол ешқашан қателікке бармайдыТүзу түтін шығарғанның алды ашық. Адамдардың жақындасаң жанына.Сан өзгеріс енгізесің танымға.Өзгелерге баға беру арқылыОйланасың жеке бастың қамында Қайбір күні,Жүргізбейді мұзғалақ.Былай шықсаң құрғақшылық жүз қадам.Тосын жағдай қас-қағымға тәуелді.Өтіп кетсе, бәрі бекер, тұз жала. ***Адамдардың өмір сүру бағыты.Өзгертуге келіспейді қағытып.Пешенеге жазылғанды көресіңІсіп-кеппей тиегіңді ағытқын. Байлығының қызығына түскендер,Жүргеніне өкінбейді түстенбей.Бардың жайы айтпасада ілгері,Қолдағыңды төгіп-шашып ішсеңде Еркіндігің берілгесін шектен тысҚайбіреуге айырмасыз көктем,қыс.Тамағы тоқ,көйлегі көк жарымжан,Оңады деп ойламаймын жеткен тұс. Ел ішінде барлығы да болады.Біреулердің абыройлы қонағы.Біреулердің асын ішіп соңында,Үйі ішін деп жатады тонады. Тоқетері қызыл келсін,ақ келсін.Құдайына қарағаны тап келсін.Көргенсіздің көзінде шел боладыЕшқашанда дей алмайды қақ бөлсін. Жақсылықта күш қуаты естінің,Ессіздердің жоқ сияқты ешкімі.Біреулерде құдай сүйер қылық жоқ.Адамдарға ұқсас бірақ кескіні. ***Өліксе өсек,Ескерілмеуден жандайшап,Соққы тигенде,Әбігерленеміз маңдайға,Үстірт қараудың осыншалықты зардабыТаңдайда. Сені ме, сені,Аңғарылмаған аңсыздық.Қолына әкепЖансауғалаттың жансыздың.Қойғанымменен өмір дегенін жасаудаСан сүзгі. Базарым, барым,Арқа сүйейтін сенімім,Ала алмау даКезекпен бөлген телімін,Содан да болар шарасыздықтың алдындаТірі өлімін. Есең кеткенде,Шырқырап жаның жанады.Мезгіл өткесінЕсті жиып-ап шамалы.Жан жақтан адам іздейсінСаналы. ***Өлең ғұмыр,Дегеніңе көндірдің.Өнерлінің арасына ендіріп.Көптің ісін иығыма артқасын,Нақтыладым жасарымды кең жүріп. Көзді ілмей таңыңызды атырдым,Сабаңызды қайтармалап сапырдым.Қиындығы мезгіл алып жатсада,Қайта жаздым дегенімді ақырғы. Алынбастай көрінгенмен жат жайы,Күш әлетін келгенінше шақтадымЗаңның жолын биігірек көтеріп,Толықтырдым сөйлемімнің жақтауын. Құлақ түргін домбыраның үнінеМаң даланың баласымын біліңдерБарлық байлық болмағанға өкінбенҚинағанмен тыншымды алып күнінде Билік басы әлімжеттік жасады,Пышақтарын жалаңдатып қасабыЛауазымда жетеді екен арамдық,Әлі күнге жанды жейді азабы. Өлең ғұмыр,Жай көп екен көнесің.Жұмыспенен айналыссаң өнетін.Өмір күрес дегеніңмен жүрмейді,Қиын екен өзіңдікін жөн ету... ***Тоғышарлар доңыз етін жемесе,Тынышыңа жүрмес едің сен есен.Қорадағы жандығыңды тарқатып,Сорар еді қаныңызды кенеше. Тоғышардың тоқтығынан жүргенің,Ең бастысы беріктігі іргенің.Адамдардың санатында жүрген көп.Ойсыз күйсіз добыңыздай үрмелі. Көрші,көрші,мемлекет,жанұяКөз салады алдыменен наныңа,Мал жаныңның көрінгесін қарасы,Кіріседі басып алу қамына. Құтылуың оңай емес пәледен,Жамандықтың түп-тамыры әріде.Күштілердің арты диірмен тартады,Дейтін еді төсек тартқан қары әже. Қарабайыр қазақылау мысалменСөйлейтінді қарт әжеміз нысанмен.Білемісің дейді және көзсіздік,Жақпағанды кеңірдектен қысам деу. Біреу күлсін,біреу үшін пәлсапа.Білігіңіз түскен абзал алқаға.Неге әже соншалықты таусылды,Деген сұрақ ортақтайын баршаға.Көзден ғайып болған жайлар қаншама?.. ***Іске асырып ата-баба нақылын,Өтпеліден қалыспадық қапылып.Тығырыққа тірелгенді айтпайын,Санамалап жүргенімде сатыны. Адамдарға қас-қағым сәт бағалы,Ақыл емес киіміңіз жағалы.Кемедегі күндер жақсы өткенмен.Аңсамайтын жан болмайды жағаны. Еске түсір бүршіктенген көктемді,Еске түсір көтерілген өкшеңді.Орынымен қозғалмаған затыңның,Құдіреті қоқыстағы шөп-шөңгі. Өмір өмір қылығымен қызықты,Тезге салу оңай емес бұзықты.Содан болар талапайлы тағдырдан,Оңдасын деп сұрайтыны сызықты. Беркітілсін десең қарым-қатынас,Адамдарды ығыр етпе жатып ап.Бітер істі ақылға сап қарастыр,Сонда саған тақ тұрады атырап. ***О, дүние, саламат,Аман саулықты бағала.Таразы басы теңеспек,Болған жерде қанағат. Үкілеп бақты бармақтай.Жігін жатқызып тармақта.Жиналған заттың барлығын.Алып кетпейсің ар жаққа. Үміттен қыздан,баладанКелмейді ырзық даладан.Дегенің бола бермейді,Өзінше тұлға әр адам. Іздесем ілік тағамын,Қақырамасын қағаның.Теңізден дүлей емессің,Дүйдектетін жағаны. Қызметтен еліңе,Түйгіле тары келіге,Тасыңды өрден көрейін,Түсейін шалқар көліңе. Үлкен брат та құрысын,Біреуге жағар шырышын.Кішісінен де абайла,Бөлісе бермес ырысын. Тіршілік сәні тыныштық,Басқаны түгел ығыстыр.Араға кіріп кетпесінҚұлқұнның құлы жымысқы. ***Көңілдерге тереңірек үңілмей,Адамилық қатынастан түңілме.Тауда таста мезгіліне тәуелді,Не боларын кім біледі түбінде Сөз де керек,Көз де керек көретін.Өзгелердің бағамдайтын өресінБайламыңмен қол созасың биікке,Жоспарыңыз іске асқан төреші. Өте қиын,бас білдіру асауға.Тірлік керек тиістіні жасауға.Мықтылықты қаусататын тіс керек,Жүрек керек,ағыл тегіл босауға. Бәрі керек жоқтан өзге демейсің.Ала алсаң ауқымыңды кеңейтіп.Өмір заңын талпынасың сақтауға,Ештеме жоқ мініп алып жөнейтін. Есігіңді аштырмайды жел жауып.Ойда жоқта келтіреді сел қауіп.Мықынның да ұстамауы ықтимал,Қысатұғын болмай қалса белбауы. Тіршілікке болмашы деп қарасақ,Тамашадан құр қаласыз ара сап.Кете берсе сол қалпынан танбастан.Артылатын қиындығы орасан,Ар жағының құрылымы талапай. ***Жүргеніңде өз-өзіңді қамшылап,Пайдаң тисе айналаңа тамшыдай,Елі жұртың қамқорлықты сезінсе,Сенімдерін найза ұшына шаншымай. Нәрленсеңіз диханшыдай еккенге,Жаудырсаңыз ризашылық көктемге.Дауысыңыз шығарма еді деген ғой,Басқаларға қарағанда өктемдеу. Аспаныңа атқылайтын асаулық,Болмаса деп тілек тіле жасанды.Өтірікке бой алдырып алсаңыз,Шаң тозаңға батырады шашаңды. Жол сияқты жердің-көктің арасы,Шарғылаумен шет шегіне барасын.Сол арада жинағыңыз дөңгелеп,Тапқанына қуанасын жарасым. Ақылыңа ақыл қосып алардай,Үміт болсын өзгелерге жоларда.Жалғыздықтың жамандығы өте көп,Жатар орын іздетеді қонарға. Бірге соқсын өкпе, бауыр, жүрегің,Жеке дара адамның -ол тірегі.Жауап бермей өз басына біреулерМен білмеймін қалай өмір сүреді ***Бүгінгі дүлей саясат,Іштегісін жая сап,Сұрадың деп бермейді,Үй сыртынан қала сап. Жүйріктен озар үздік бар,Отыратын тұздықтап.Оны аялай білмесең,Еріп кетеді мұзға ұқсап. Ұстанымы маңдай тер,Айналаңа аңдау бер,Санаңа сал азырақ,Арамызда таңдаулы ер. Жайылған пөстек,алаша.Көңілім көк шөп аласа,Беткейге қарай тырмысқан,Іс-қимылы балаша. Тартылып бүгін шықпасаң,Есікті ашар тұтқа қан.Бір ілінсең тұтылдың.Деп ойлама ұқсатам. Бір деңгейде тұрақты.Жауап ізде сұраққа.Естімейді деп қалма,Жүргендерді жырақта. Саясаттың салқыны,Алқындырады жалпыны.Тұжырымыңды қостайды,Жүргізсең дұрыс талқыны. ***Жазды мезгіл тұрғысынан қалағанМінезіме таңданбаңдар балажан.Көңілдермен сабақтасып жатамын,Көкірегім сыртқа теуіп даладай. Күздің күні жинақтайтын еккенін,Көктемеде тастамайтын кетпенін,Қыстың күні әзірлейтін жылы жай,Міндеттелген тірлігіме меккенмін. Неңізгеде тұрғандаймын сұранып,Түніменен жағып қоям шыраны,Ой сананы тұғырында тербетіп,Тұжырымның тазалаймын құрамын. Алдымдағы шар тәрізді айналым,Бірде таза, бірде жатат лайланып.Есіл уақыт ізденумен өтеді,Сол болғасын не етесін байламың. Көктемеде жыпырлаған бүртіктер,Күн өткенде аршылады бүршіктен.Гүл ашарда сол арадан табасын,Қаратуың мені қиын түртіп сен. Дегенімен құрдастарым жаны жаз,Емшілерім дейді маған қаның аз.Сәл затыңның кіріп шығам ішіне,Болмай отыр әйтседағы соңы мәз. ***Адамның барлығы бақилық,Қаншама мен деген ақылды.Билік пен мансаптың иесі,Ол жерде есептен шатылды. Өмірдің осылай төлемі,Шығуы әнтектеу бөлек үн.Кәйтсең де ажалың жеткенде,Айдан ақ белгілі өлерің. Тұлпарды бабымен ерлеген,Арманы биікте өрлеген.Біртуар азамат деседе,Жексен боп бірікті жерменен. Бәлден бе таянып бүйірді,Мал-жаның болсада үйірлі.Бұйырмыс алдына келгенде,Ап кете алмайсын түйірді. Тірлігің талапай,қан алшы.Тірліктен қаласың алаңсыз.Жеңісің,жемісің,кеңісің.Көк тиын дарының,талантың. Құсбегі құйылтса қыранын,Атбегі баптаса пырағын.Өлмейді ау осылар демегін,Бәрі де өткінші шырағым. ***Қазақтарда толастамас шақырыс,Келім -кетім тізбегінің аты ірі.Ертеңгісін ойлануға құлық жоқ,Қозғалудан кенде емес тақырып. Күтетіні кемпір кешек, жаман шал,Оратылған бала-шаға табанда.Жоралғыда жолы дейді жоғары,Күллі зиян жұмыстағы адамға. Бұл тұрғыда шешен біткен есілді,Басқаша да іс жасалды кесімді.Бірақ одан азайған жоқ шақырыс,Қайта одан бетерленіп көсілді. Бірге қызық қызықсыздау әдебі,Бірге былжыр, бірге әсем әдемі.Сол жүргенде қарамайды жағдайғаКіріс-шығыс түгелімен кәделі. Құда-жекжат, тума-туыс, дос-тамырСыйласқанда планетадан басқа бір,Келгендейін алма кезек күтеді,Қастарында санаулы адам босқа жүр. Алдарын да қазы-қарта, жал-жая,Астарын да мерседес, джип, желмаяАрасында мың-мың теңге сияпат,Отырады қос көрпеде шолжая.Қысқа ғұмыр қамшы сапты қашаған,Қазақтарға болса болды бас аман.Шөлмек санын кәтеріңе салмайын,Қашан қанша арақ түрін босаған. Қазақтар-ай шығынына шырмалған.Есіл еңбек дейін десең тырбанған.Басқа елден төмен емес хал жайы,Шыныменен жаралғандай нұрдан жан. Қазақтарда бір-бірімен шақырыс,Таусылмастай ешқашанда ақыры.Тіпті бар ғой соған иіп тұрады,Ғасырлармен келе жатқан нақылы. Қонақ келмей үйіңеКеле алмайсын күйіңе!--Дегендей-Кеменгер,Қазақтар-ай! ***Ыққан қарға қарайласам жықпадан,Түйсігімде зат көп екен ұқпаған.Қыс мезгілі қаһарына мінгенде,Дірдектедім, дірілдедім шықпа жан. Өктемдігін ойламаппын көктемнің,Алдымызда қос шананы жеккен күн.Мәңгілікке тұратұғын сияқты ед,Болып қалды бүгін оным өткен күн. Бұл не қылған тәуелділік мезгілге,Бұл не қылған әуейілік көз күлген,Адам сөзін аударса айып тағамызО, несі деп жасағаны сездірмей. Бет пердесін ауыстырып он екі ай,Қайдағыны ескертеді о, несі-ай,Қалай-қалай өмір өтіп барады,Не болар деп күтінеміз келесі ай. Есендікпен қыстан аман шыққасын,Наурызыма жетіскесін нық басып,Құбылысты еске салып отырмыз,Жаңа жылым болсын көпке құт басы. ***Тұрғанымен өн бойымыз түршігіп,Кезегінде жасалыпты тіршілік.Одан басқа бастыра ма аяқтыҚиыстаған қиындықтың түр-түрі. Тағдырыңды тұсаулаған білместік,Алдыңызда кедергі екен тіл кесті.Төрткіл дүние тұрмағасын уыста,Ашық-шашық есік екен ілгексіз. Дүмбілездің басым болып салмағы,Аттап бассаң адымдатпай алдады.Өресіздің сабанхана тірлігі,Шеше алмады бірақ істі алдағы. Даладағы түк те емес көргенің,Өзің жуып, өзің жайған жөргегін.Ағайының қарсыласың болғанда,Рәсуа екен шіркін  сенің тергенің. Әке сенің айтқаныңа малданып,Кескілесер туралықты таңдадым.Сыңаржаққа сыбаға деп отырмын,Орта жолда ізі ғайып қалғаны. Өлімге де кетті бірде пейілім,Кейін-кейін ашу бұлты сейіліп,Ыждақаттап нақты іске кірістім,Қажетіне жарасаммен елімнің