Шалғайын шалқар
малшыған
малшыған
Бұлт келді,
Көктен кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз
нышаны
нышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма.
Терезелер де құшағын
Түгелдей ашты
жаңбырға.
жаңбырға.
Бақтың да шөлі
қанады,
қанады,
Бақшаның дәмін
жеп көрдім.
жеп көрдім.
Жүздері жайнап қалады
Жауыннан кейін шөптердің.
Кебуге кейін дап-дайын
Кіреді-ай жаны тастың да.
Арудай болар ақ қайың
Ақ жаңбыр душтың астында.
Көңілдің ұзақ мұң басқан
Құлпырар сәтте гүлдері.
Мереке жерде Аспанның
Мейірі жауған күндері!
- 109 просмотров