ВЕРНУТЬСЯ

     Дастанның жазылмаған жалғасындай,

Күндерім кетіп жатыр алға асып жай.

Артық жүк болмасам деп армандаймын,

Осынау өмір-көштің арбасында-ай.

Таңертең қос жанарды «тырнап ашып»,

Қадаймын пәк дүниеге нұр қарашық.

Кеудемде бұлқынады бұла жүрек,

Ежелгі мінезімен жырға ғашың.

Жан емен қатал сынға тосылатын,

(Ежелден қайсарлықтың досы халқым).

Мен әрбір өлеңімді өрнектеймін,

Жер. Ана. Жан жарымның қосып атын.