ВЕРНУТЬСЯ

           Келесі көктемде
мен Әубакірге қой бағуға жалдандым. Өйткені Шодыр үйінің күтімі жақсы болғанмен,
жұмысы өте ауыр. Әсіресе егінге шығар кезде жұмыс ауырлап кетті. Ал, қой бағу -
одан әлдеқайда жеңіл.

Әубакірдің інісі
Әлбатырмен мен өткен қыста ғана жақсы танысқам. Бұл - орта бойлы, семізше
денелі, беті толған айдай дөп-деңгелек, жирен сары жас жігіт. Онып Ұмытшақ атты
со жылы түскен келіншегі бар, кескіні көркем болғанмен, мейлінше салақ.

Өткен қыста Әлбатыр
Әубакірден бөлек отырып, балалары солдатқа кеткен бір бай үйдің жұмысын
істеген. Көктемге қарай бұл жұмыстан ол босанды. Бұған себеп, балалары солдатқа
кеткен бай үйлерге, ауыл жігіттерінен кэсіп іздеп кеп жалданушылар көп болды
ма, болмаса, мен сияқты ол да мал бағу жұмысын қара жұмыстан жеңіл көрді ме
оншасын езі біледі.

Қойды екі бала
бағамыз. Маған серік баланы Әубакір жақын жердегі ауылдың біреуінен жалдап алып
келді. Әубакірдің өзі бай орыстың біреуіне жалданып, жұмысын істейді. Кәкіш пен
Ұмытшақ орыс үйлерінің жамау-жасқауымен айналысып, пайда табады. Ал, Әлбатырдың
істейтіні - кешке загонге қамаған қойды күзету. Бұдан бұрынғы жылдарда қой
женді күзетілмейтін де. Өйткені загонге түсіп ұрлайтын да болмайды екен. Биыл
олай болмады, шілде туып, қой семіре бастаған кезде, загоннен қой жоғала
бастады.

- Қазақ-орыстың
түгел тұрған кезінде бұндай сұмдық жоқ еді,- деп кеңесетін болды Әубәкір мен
Әлбатыр.- Ұрылардың бізді ғана емес, мал иелерін де басынғаны ғой, бұл. Байлары
солдатқа кеткен қатыннан қаймықпағаны ғой... Қой артынан қой жоғалуға айналған
соң, Әлбатыр күзетке отыратын болды.

- Қолыңа мылтық
ап отыр,- деді оған Әубакір,- егер ұры келе қалса, кім болса да атып таста!..

Әлбатыр мылтық ап
түнде күзетке шығады. Қашан ұйқым келгенше оның қасына мен барып отырам. Өйткені
орыс арасында туып, орыс арасында ескен Әлбатыр орыстың ертегілеріне жүйрік. Ол
неше түрлі қызық ертегілерді маған қазақшалап айтады, мен аузымның суы құри
тыңдаймын. Сол ертегілерді тыңдай отырып, мен ұйықтап қалам... Біздін, қасымызда
Әубакірдің қабаған иті байлаулы жатады.

__ Апырай,- дегі
таң қалады Әлбатыр, осы ит - мейлінше қабағанақ ит. Үйдің маңайына келген кісі
түгіл, қияда көрінген жат кісіге үріп тұрады. Осының ұрыға үрмейтін себебі не
екенін білмей-ақ қойдым. Күзеттің алғашқы күндерінде елгезектеніп жүретін
Әлбатыр біраз күннен кейін күзетке ерінуге айналды.

-        Бәләмдардың өздері де қорыққан болу
керек,- дейтін болды ол.- Менің күзетте отырғанымды біледі олар, енді өлсе
жуысын ба.

Әлбатырдың бұл
сезінің аяғы «бала, кезектесіп күзетсек қайтеді» дегенге соғады. «Мен ұйықтап
қәлам ғой» деймін, күзетке отырғым келмей. Шамаң келгенше ұйықтама дейді, ол.
«Шамаңнан асып бара жатса, ұйықтай салсаң да оқасы жоқ. Күзетші барын білген
соң, кім келе қояр дейсің».

Әлбатыр бірер
қызық ертегілерін айтып берген кезде, түн ортасы ауа бастайды. Сол кезде ол да,
мен де есіней бастаймыз. Сонда, Әлбатыр:

-        Ал, бала, ұйқы кеп барады гой, қайсымыз
қалғи тұрамыз,- дейді. Мен үндемеймін. Ол менен үлкен болған-сып, мені
алдағансып:

-        Ертең бұдан да қызық ертегі айтам, сен
отыра тұр, мен аздап қалғып алайын Содан кейін оянам да, сені ұйық-татам дейді.
Алғашқы күндері Әлбатырдың бұл сөзіне алданып, ұйықтатып көрсем, езін
түрткілемей оянар ол жоқ. Күні бойы қой баққан адам, түнгі күзетке әрине,
шыдамаймын. Мен оны оятып жіберем. Ол:

-        Қап бір тәтті ұйқыда жатыр екем, шыдай
тұрмаған екенсің бала,- деп кейиді, бірақ ертеңгі қой кезегі менікі
болатындықтан, қатты сөз айтпайды.

-        Ұйықтасаң ұйықта,- дейді ол, біраздан
кейін оятармын.

Күзеттегі кісінің
елегізіп ұйықтайтын әдеті, сол әдетпен әлсін-әлсін оянып, Әлбатырға қарасам,
мылтығын бауырына басқаны ол қорылдап ұйықтап жатады... Ояу отырып

кеңескенде:

-        Осы қойды ұрлайтын кімдер?-деп сұраймын
мен Албатырдан.

-Әрине, Төлебай
балалары,- дейді ол.

Төлебай балаларын
мен білем. Ол үш ағайынды жігіт: Әбдірақы, Әбдірахман, Ғабдырахман. Бұлар -
сіңірі шыққан кедей жігіттер. Әбдірақысы ғана үйленген, кейінгі екеуі жасы
жеткен жігіт бола тұра үйленбеген. Не кәсіппен күн көретінін өздері білсін,
бұлар мал да бақпай, жұмыс та істемей отырады... Бұдан бұрын «осы Телебай
балалары немен күн көреді екен» деп ойлайтын маған, Әлбатырдың әлгі сезінен
кейін ғана олардың немен күн керетіні елестейді.

- Байласа бау
кесетін қарақшылардың езі осылар,--дейді Әлбатыр, Төлебай балалары туралы сезін
кеңіте түсіп.- Осы ұрлықтарымеи симай, қаладан-қалаға көшіп жүреді өздері. Құтырлағаннан
кеткеніне үш-төрт жыл боллып еді, бұлар қайтып келді де, пәле келді. Енді дамыл
бермейді, олар!..

-        Әй, бәлем-ай, қолға түспейді-ау! - деп
кіжінеді Әл-батыр,- Егер қолға түссе ме, қалпитар ем бәлемді...

Жаз ортасы
ауыңқыраған кездің бір түнінде Әлбатыр екеуміз қойдың күзетінде отырмыз. Түн
көзге түртсе көргісіз қараңғы, аспанды қоршаған бұлт, теріскейден салқын-дау
жел есіп тұр. Менімен қой бағысатын бала да осы ара-да жатыр. Бірақ ол іңірде
ұйықтағаңнан таң атқанша бас көтермейтін, етінен ет кесіп алсаң сезінбейтін аса
ұйқышыл бала. Әлбатыр маған тағы бір ертегіні айтты да, аяқ жағын есінеп әрең
бітіріп:

- Бір ұйқының қысып
өлтіріп бара жатқанын,- деді маған,- көзімнің шырымын алмасам, шыдататын түрі
жоқ. Сен күзетке тұрамысың, мен ептеп қалғып алсам.

-        Жарайды,- дедім мен.

-        Егер, ұры-мұры көріне қалса, мені оятып
үлгере алмасаң, атып жібер!-деп Әлбатыр мылтығын менің қолыма ұстатты да, өзі
бір жақ қолын жастана қисайып, ілезде қор ете түсті. Мен отырмын... отырған
сайын алыстан елесін берген ұйқы жақындай бастайды... Міне, мен есінеуге
айналдым... Міне...

Иттің ырылдаған
дауысынан шошып ояндым. Былшық басқан кірпіктерімді әрең ашып, жан-жағыма
қарасам. әлі де еттей қараңғы. Қасымдағы ит жер бауырлай етбетінен жатыпгы да,
әлденеге кезін қадапты... Оның беті бұрылған жаққа мен де бет бұрып, жер
бауырлай жатып сы-ғаласам, загоннен алысырақ өскен ерменнің бер жағында шоқшиып
екі кісі отырған сияқты... Жүрегім су ете қалды, «ұры!» деген ой кеп кетті
маған... Әлбатырды оятуды ұмы-тып кетіппін... Ит те, мен де шоқиған екі адамға
тесірейе қарасып жатырмыз...

Бір кезде шоқиған
адамнын, біреуі орнында со қал-пында қалып қойды да, екіншісі еңбектеңкірей
бері қарай жүрді--- Итім ырылдауын қоя қойды... «Бұ несі?» деп ойла-дым мен.
Итке таныс біреу болғаны ма?»

Еңбектеген адам
жақыидап кеп бір нәрсені лақтырып қай еді, ит жүгіріп барып бассалды да, сол
араға жата қап жеуге кірісті. «Е-е, итті жеммен алдап жүрген ұры осы екен ғой»
деген ой келді маған.

Итті алдастырған
адам еңбектеп загонге кеп, қоршаған сырғауылдардың үстінен ішіне қарғып
түскенде, мен Әлбатырды ояттым. Болған оқиғаны оған сыбырлап айтқаннан кейін.

-        Дыбысыңды шығарма,- деді ол сыбырлап,
мылтықты қолына алып,- Сәті түссе, жалпитайын бәлемді.

Загонге кірген
адам үлкендеу бір қойды көтеріп ап сыртына шықты да, со көтерген қалпымен күтіп
отырған серігіне қарай ніөнеле берді. Бір тізерлеп отырып мылтығын ыңғайлагі
алған Әлбатыр:

-        Стой! - деп ақырып кегі қалды. Шошып
жалт қараған ұрының қолынан қой түсіп кетті. Ол өзі еңкеңдей қаша жөнелді. Со
кезде мылтықтың дауысы да күрс ете түсті... Қашқан адам етпетінен құлады...

Ұрының серігіне
Әлбатыр мылтықты екінші рет атқан-ша, ол ерменге кіріп те үлгерді. Ыза кернеп
кетті ме, немесе қашқан ұрыны да ұстап алғысы келді ме,- Әлбатыр солай қарай
жүгірді де, құлап жатқан кісіге тоқтамай, әрі қарай өтіп кетті...

-        О не болды, не болды! - деп шуылдаған
дыбысқа қарасам, Қопабайдың үйінен де, Әубакірдің үйінен де адамдар шуласып, бері
қарай жалаңаш-жалпы жүгіріп келеді.

-        Не болды?-деді олар денем қылшылдап,
манағы орнымда тұрған маған кеп.

-        Кісі атылды,- дедім мен дірілдеген
дауыспен.

-        Кәне?

-        Әне! - дедім мен, құлап жатқан адамның
қарасып нұсқап.

Әубакір, Қопабай,
Бейсембі, Қайырке, Кәкіш, Ұмытшақ бәрі қарайып жатқан адамға қарай жөнеле
берді. Оларға мен де ердім... Құлаған адамның аяқ-қолы әлсіз рана қимылдап, бір
қырын жатыр екен. Ересек адамдар оның бетіне үңіле бергенде:

-        Ойбай-ау, мынау біздің Төлебайдың
Ғабдырахманы ғой,- деді Қопабай. Сөйтті де ол:- Ойбай, бауырым-ау, өлгенің бе,
бұл? - деп басын құшақтай өкіріп жылап жіберді... Аздан кейін оралыгі Әлбатыр
келді.

-        Қап! - деп өкінді ол,- әлгі екінші
итінің қолға түспей кеткені, екеуін қосынан қалпитқанда, болатын еді қызық.

Түн ішінде қалаға
хабар айтылды. Орыстар жиналып кеп өлікті көрді де, қалаға алып кетті. Ертеңіне
Капитаннан урядник кеп, Әлбатырды тұтқынға алды... Со күннен бастап Қопабайдың
үйіне мен жексұрын болдым. Өйткені Төлебай балалары бұл үймен аталас болады екен.

-        Сен болмасаң ғой, Әлбатыр оянбайды,
оянбаса ғой, Ғабдырахман атылмайды. Осының бәрін бүлдірген - сен-сің. Саған
ба?.. Саған!-деп Қайырке де, оның немере ағасы Дүйсембай да маған кіжініп
жүрді...

Сол жылдың
күзінде мен екінші пәлеге ұрындым. Өткен қыста Оразалының үйіне мен жақын боп
алғам. Өйткені ол да Сибан, мен де Сибан. Оны мен туысқан көрем. Бұ қалада он
шақты үй жатақтың ішінде одан басқа Сибан жоқ. Соның үстіне, тұрмысы нашар бола
тұра Оразалы - елердей меймандос. Үйіне барсаң-ақ ол «Кәне, мына балаға бір шай
қайната қойыңдар!» деп дәм ішкізбей жібермейді. Қақ-соқпен жұмысы жоқ,
еңбегімен ғана күн көретін оның үйінде өз жандарына тамағы мол болады.

Бүрынғы дағдысымен,
қаланың күнгей жақ жартысының қойын баққан Оразалы күзге қарай Үлкен сары көлдің
желкесіне қонды. Оның үйіне мен анда-санда барып тұратын ем. Сол дағдымен, бір
күні Әубакірден рұқсат ап, Шодырдың үйінен ат сұрап мініп, кәл сыртындағы Оразалының
үйіне бардым. Оразалы үйінде екен. Оның әйелі сүт салма қайнатып жатыр екен.
Ағайын көретін Оразалыға, әрі момын мінезді Оразалыға менің жаным ашиды. Шамам
келгенше қамқор болғым келеді...

Мен Әубакірге қой
бағуға жалданған жазда, бұрынғы дағдысымен Оразалы да Құтырлағаи қаласының
жарты қойын бақты. Бұ қаланың жатақтарында ұрылар да барын, олардың тіске
жұмсақ керетіндері Оразалы екенін білетін мен, оның қойлары туралы құлағымды
түрік ұстадым.

Ғабдырахман
атылғаннан кейінгі күндердің біреуінде, мен әлдеқалай Төлебай балаларының тағы
бір ұрлығын сезіп қалдым. Оны маған айтқан - Сәкен дейтін кісінің баласы Әбіл.
Бұл - бір момын бала болатын. Жасы со кезде жеті-сегіздер шамасында.

 «Балалы үйдін, ұрлығы жатпайды» дегендей, осы
Әбіл Үлкен сары көлдің желкесінде отырған Мықтыбай балаларьіның үйіне барып
келді де, маған қуырдаққа тойғандығын айтты.

-        Қайдағы қуырдақ? -деп сұрасам:

.- Ағаштың үшіне
қой сойылды,- дейді.

-        Кімдер сойды? - десем:

-        Әбдірақы, Шыныбай, Әлібай сойды,- дейді.

-        Неше қой сойды? -десем:

-        Үш қой сойды,- дейді...

Біле қойдым. Бұл
Оразалының қойлары, өйткені қой баққан Оразалының үйі сол маңайда.

Менің Оразалыға
жаным ашып кетті, өйткені ол, былтырғы жылы осылай ұрланған қойлар үшін орасан
шығынға батып, тұралап қалған. Биыл да сәйтеді екен деген оймен, Әубакірден сол
күні рұқсат алдым да, Шодырдың үйінен ат сұрап мініп, Оразалынікіне кеттім.

-        Айтып кел- деп шегелеп жіберді мені
Әубакір, Оразалының үйіне неге баратын жұмысымның жайьін естігеннен кейін.-
Кісісі атылса да, тиылмайтын болды ғой, бұлар. Оразалы қойларының қай жерде
жатқанын білсін де, орыстарды апарып үстінен түсірсін. Бұл ұрыларға сонда. ғана
тиым болады. Әйтпесе, керден кетті бұлар.

Оразалыға барып
айтқанымда, ол қозғала қоймады.

-        Сойса, амал нешік,- деді ол.- Құдайдан
күттім.

-        Неге олай дейсің?

-        Демегенде қайтесің, мен - момын кісімін,
әрі жал-ғызбын, олар көп. Бұ қаладан көшіп кететін кісі емеспін, олармен
белдесуге шамам бар ма? Ерегісіп алса, түгімді қоя ма олар!..

Оразалыны мен
көндіре алмай қайттым. Бірақ оның шығынын Әубакір жоқтап, қой иелерін астыртын
ет тыққан жердің үстінен түсірді. Мұны білген ұрылар қолға түсерліз деп көше
қашады.

Олардың
Құтырлағанда қалган туыстары бұл сөздің менен тарағанын біледі.

Мықтыбайдың Жәкеш
дейтін қартаң інісі қапымды тауып, мені оңашада ұстап алды да, «ендігәрі мұндай
сөзді айтасың ба?» деп, қамшымен біраз сойып:

-        Егер өзіңе жан керек болса,- деді
маған,- бұл қаланың маңынан жоғал. Әйтпесе, жігіттердің біреуін жұмсап,
желкеңді үздірем де, бір құдыққа тықтыра салам...