ВЕРНУТЬСЯ

           Бөкеев Оралхан (1943-1993ж. ж.) 28 қыркүйекте Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылындатуған. 1961 жылыСұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионервожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседіде, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық"Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары жәнеоблыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.  1968жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді,осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болыпістеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісіәрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті"газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.Шынында да осы Оралхан Бөкеев деген кім?Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдыңкербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттердіқарша боратқанымыз өтірік емес. Әлі күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалсаәлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңілеқоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніпкөрелікші.Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткерБөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқыпшықса, сол жеткілікті шығар. Екі қайтара деп отырғаным, жалқы оқумен Бөкеевтіңбудақ - будақ бу атқылап жатқан иін -иірімдеріне малтығып, тұншығып қаласыз.Оның үстіне екінші қайталағанда Оралханмен ілесіп жеті қат көкті шарлап кеткенкөңіліңіз сәл - пәл байсал тартып, жерге түсесіз. Ақбаз дүниенің аппақтұманының арқасында Орекеңнің жартылай адам, жартылай пері кейіпкерімен біргеадасып жүрген сіз, сансырай шаршағаныңызды сезесіз. Шаршау - салқын қандылықтыңөзегі.Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам.Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдіңуызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарғатолы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршілдауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламыныңжелігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртазасынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп...Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан,жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөзасырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған....Орекеңнің үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кезкелген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта - қарағанына деген,жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам -құр тұлып. Ал , Оралхандыкі тым ерекше. Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп -ақ әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от - жалынғаоранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп кетті ме, кім білсін ?Кез келгенөнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін- дайындық,білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектепжататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себепмынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасынәлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылғаншығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатартұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы"ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. ЯғниОралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиетинституты да, аспирантурасы да, академиясы да- айналайын ауылы, соның ақеділадамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауынтүгесе алмай көз жұмды. Қат - қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті.Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде"Сарыарқаның жаңбыры" атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Бәлкім, дұрыста шығар. Дегенмен, мен айтар едім, "Сарыарқаның жаңбыры" болашақта дауылдатып,селдетіп өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген "барлаушы" шығармасығана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен кеудесіне сырыл араласабастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады, сырласады. Алғашқышер шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауызымен айтқызады. Күркіременің бойындағыай сәулесінен жасыруға қауқары жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаңбойжеткенге айтқан өзінің асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл - автор меноның кейіпкерінің тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар.Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағызталант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осышығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқақасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгігебітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығыменБөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғанырас.Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі - ақ күнде көр-жерін буып - түйіп бел асып, бошалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқаушешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар,ол арса -арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған,жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған:алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніпкеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті ?!Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың- митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын. Жылқы да болса өз әулетініңтым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркінекөндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анаужылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқыпта алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынанкүніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігінеқызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп кележатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеубір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы - маралдардай тәуелсізболсам - ау дегенді ғана армандайды.Шағырқасқаның үстіндегі иесі - Ақтан да жалқы. Жалғыз.Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғытұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің Аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойыншақулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң.Ақтанның бар ермегі - ой. Санасына мәңгі тыныштықбермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайымсандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқатүсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді жапқанаппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -жиібастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын -қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді.Ақтан - Әділетсіздік пен Аярлықтың ордасы - күлкітоққоғамнан қашып, Алтай тайгасының тағылар ғана мекендейтін түкпіріндетабиғилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхозорталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса жиреніш те лас өмірден түңіле қашыптауымен, жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншағасозылары бір аллаға ғана аян. Беу - беу Оралхан - Ақтан - ай , қаншама көз көрмес, құлақестімес меңіреуге лағып, маңып кеткенімен кесірлік пен кесапаттың күйік сасығаниісі іргесінен үріп жатқанын, ерте ме, кеш пе қолқасын қан түкірте қабарынболжамаған -ау !Әттең, Оралхан - Ақтан - ай, әр пенде шыр етіп жарық дүниеге келген сәттенбастап - ақ оның тағдырдан жер тоқпағы да, бастан сипар мейірімі де, бағы да,соры да ең аяғы тірліктің мәресі - ажалы да соңынан таяқ тастам жерде еріпотырарың соның көбі екі аяқты адам бейнесінде тапырақтап сүмеңдейтінін ертерекойламағанын қарашы !Қайран, Оралхан - Ақтан - ай, адам жатырынан адам болып дүниеге келген екенсің,сол тобырдан қолыңды төбеңе қойып қаншама қашқаныңменен, қаншамасаяқтаңғаныңмен сол тобырсыз күнің жоқ екенін неге түсінбейді екенсің. Ажалданқашқан Қорқыт бабаларың қайда ұзап кетіп еді ?Адалдық пен Арамдық - егіз ұғым. Ақтан - адалдықтың бейнесінсомдаса, Кан - қулық, сұмдығына сырық байламайиын арамдықтың өкілі. Кан жетесіземес. Ақтан секілді ауызынан әулиеліктің уызы аңқып тұрған он шақты аңқау даадал жандарды қанжығасына бөктеріп кетеді. Тым зымиян. Тым жады. Тым уытты.Повесть соңында Арамдықтан сілікпесі шыға орлық көрген Ақтан оның қыр соңынатүседі. Арқасына таңып алған, ғұмыр бойы жақ ашпаған мылқау шешесі тұңғыш ретұлына:- Құлыным - ай, сол қуды қуып жете алар ма екенсің ?- деп күрсінеді.Ақтан жетуін жетер, ал оны жеңу үшін өзі де арамдықпен тояттауы қажет -ау.Повесте қосалқы бейне есебінде үнемі көрініп қап отыратын кейіпкер - өтірікшіАсан шал. Бұл кейіпкер - Оралханның алмас алдаспаны. Оны әрі өтірікші, әрішежіреші етіп алуы - саясат.Қоғам кереқарлығын , өз ұлтыңның кеңкелес кезеңде іштегізапыранды шығару үшін әр түрлі әдеби тәсілдерге бару қажет болды. Міне, Асансол олқылықты толтыруға келген өкіл." Мұзтау" повесінің көтерген еңауыр жүгі - оның адами мораль мен этикасының жиынтығы екенінде. Оралхан осышығармасында Арамдық пен Адалдықтың бетін қанжосасын шығарып, аймаңдай етеді.Адамдарды ізгілікке үндейді. Етегі тола еңірей отырып "Адам" болыпқалуға шақырады.Жалпы "Мұзтау" повесі - Мұзтаудай биікке шыққан шығарма. Ол аласаруымүмкін емес!...Ол - ерлік пен өрлікке толы хикаят. Оны оқып шыққан соң өзіңнің де бойыңа шым -шымдап қуат құйылып жатқанын, моншадан шыққандай бусанып, сергіп қалғаныңдысезесің. Күйкі тірлігіңе қынжыласың, аттандап Алтай мен Алатауға шығып, алапатерлік жасағың келеді - ай!Әсілі, Бөкеевтің қара сөздің інжу - жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік рухыатқақтап, шарасына сыймай асып - төгіліп жатқан асқақтық лебі өн - бойыңызды тоқсоққандай қалшылдатады -ай!Пенде Оралханның кеудесінен шыбындай жаны ғана пыр етіпұшып кетіпті. Жазушы Оралхан Бөкеев тірі екен. Шығармашылық өмірі тек ғанаөнермен, соның інжу - маржанымен көмкерілген Оралхан кербез жымиып, әнеарамызда жүр...Олар: Нұржан ("Қар қызы"), Таған ("Атау кере"), Аға("Жылымық"), Қиялхан ("Жасын"), Аман ("Сайтанкөпір"), Ақпан ("Мұзтау"), Жеңісхан ("Ұйқымкелмейді"), қойыңызшы, тіпті, газет үшін жазылған ұсақ мақалаларыныңөзінде Орекең тұр тәкаппар көз салып.Оған кербездік жарасушы еді. Оған жұмбақтық жарасушы еді.Оған..... оған, бәрі - бәрі жарасатын...Он алты алашқа сүйкімді еткен де, ерке еткен де, шашын жұлғызып, жоқтатқызғанда хас таланты болатын. Ал таланты үшін; ол Аллаға ғана қарыздар....Ел айтады: "Оралхан Бөкеев тіпті де өлмепті. Ол түзтағысына - Кербұғыға айналып, алтайдың құзар шыңдарын гуілге толтырып жүрекен"...О.Бөкеевтің шығармашылық жолы1970 жылдан басталады. О.Бөкеев әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Олалғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының оймен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірдеөршілдікке тарта беретін. О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттағанкүннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбекадамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері- өзімізкүнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота","Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйзабейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан"повесіндегі Ақан мен Құмырай- адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пенқатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелер.Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолыбар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіпжүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан- салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті.Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әрбетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығынОралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақжыршысына айналған табиғи тума талант.Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл,қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау,ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Оларменбірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамайқаласың.Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтыңөкілі. Сол бір алапат-сойқанды көзімен көрмесе де анасының құрсағында жатып,тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне-күңірене жүріп күн кешкенқамкөңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың дажанына соғыс салған жара аз болған жоқ. Осы соғыс тақырыбына жазушы "Бәріде майдан" повесін арнады. Бұл повесть - тақырыбының сонылығымен де,кейіпкерлерінің тосын тағдырымен де ерекше шығарма. Шығарманың негізгіқаһарманының бірі - Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да, еңбекармиясында болады. Белуардан батпақ кешіп, таң атқаннан күн батқанға дейінтыным көрмей жер қазатын. Тамағы да өте нашар еді. Қатықсыз қара көже ішіп,үсіген картоп жеген кісілер ауыруға шалдығады. Өлім -жітім де болады. Осыныңбәріне Ақан мойыған жоқ. Мұнда да ол соғысқа қатысқандардан аз азап шеккен жоқ.Оны қиындықпен келген Ұлы жеңіске үлес қоспады деп ешкім айта алмайды. Ендешенеге бұның: "Еңбегім елеп ескерілмеді ? Неге ол Жеңіс мерекесіне арналғанжиналысқа шақырылмайды ? "Менің кінәм не сонда ? Бар жазығым қолыма мылтықорнына күрек ұстағаным ба ? Біле -берсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны.Әйтпесе батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ ",-деп қиналады Ақан.Жалпы, әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыстаболғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Көбіне тікелей соғысқақатысқандарға қарағанда осы бір белгісіз ерліктің иелері еленіп - ескерілебермейді. Осынау еңбекте ерлік көрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қанмайдан қаһармандарының тасасында қалып келгені белгілі. Сол олқылықтың орнынтолтырған, ерліктің бағасы біреу ғана екенін, мейлі ол майданда жасалсын, мейліол тылда көрсетілсін, ашып, айғақтаған бұл повестің тағылымы мол, тәрбиесі толайым.Жақсылыққа ізгілікке деген ұмтылыста жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алмасынды кейіпкерлер әр жүрекке жол табады. Олардың көрген қиыншылықтары, тартқаназаптары жігерлерін шыңдап, қажыр - қайраттарын арттыра түсуі көңілге қонады. 

Оралхан