ВЕРНУТЬСЯ

         Ұясынан шықты
күн,

Мен де шықтым
үйімнен.

Күн батқанша
түспейді,

Сұр қапшығым
иіннен.

Тапсырамын
достарға

Қапшық толы
хаттарды,

Таратамын
достарға

Ыстық
махаббаттарды.

Күн жөнелді
көгімен,

Мен жөнелдім
жеріммен.

Бойым әрең асады

Бұйра толқын
егіннен.

Тапсырамын
достарға

Қапшық толы
хаттарды.

Таратамын
достарға

Ыстық
махаббаттарды.

Достар әнін
естемін

Қызыл таудай
қырманнан.

Асып ән-жыр
барады

Ормандардан,
қырлардан.

Тапсырамын
достарға

Қапшық толы
хаттарды.

Таратамын
достарға

Ыстық
махаббаттарды.

Күн де шаршап
батады,

Мен де аламын
демімді.

Күнмен бірге
шығамын

Қуантуға елімді.

Тапсырамын
достарға

Қапшық толы
хаттарды.

Таратамын
достарға

Ыстық
махаббаттарды.

1955