ВЕРНУТЬСЯ

           Тамаша, жүрдек
поезд күші кандай

Мені де болашаққа
ұшырғандай.

Қалдырып қарлы
тау мен туннельдерді

Әндеткен
дөңгелектер зыр жүгірді.

Орнына кешегі бір
бос даланың

Жарқырап жарық
оты жас қаланың,

Аспанға түтін
атқан трубалары

Жарысып бізбен
бірге келеді әлі.

Шұбырған шойын
діңгек талай жерден

Арқалап мыс
сымдарын ток жүгірген

Келеді егіншінің
егісімен,

Келеді малдың
жазық өрісімен.

Қасымда қатар тұрған
достарым бар

Қадала терезеден
қарайды олар.

Ештеңе ұқпасам да
сөздерінен,

Шаттықтың шоғын
кердім көздерінен.

1950