ВЕРНУТЬСЯ

         Айта кеп
приказда

Барлық халді,

Қыздыра сөйлеп,

Отан сүйген
жанды,

Сез аяғын
тойтарды

Былай Маршал:

«Армия!

Тыңда!

Менен,- деп,-
команда!

Қалың жау,

Айналаны тұрған
қоршап,

Қасқырдай ұлиды
олар

Қанды ақсап,

Бірақ бізге
соқтықса

Қирамақшы,

Ескі өмір -

Тозығы жеткен
қаусап.

Капитал дүниесі
сырқат -

Сүзек!

Сүзіектен есіріп
ол,

Жарды сүзед,

Ауруын

Жаймасын,

Жұқтырмасын,

Команда:

«Шекараны берік
күзет!»

Сол кезде,

Секілденіп бейне
тасқын,

Жердің бетін,

Төбеде аспан
астын

Самолет, танк
жауып,

Союз жерін

Екпінді, алып
тұрды,

Бір тұтас үн.

Ол үн:

«Егер жау бізбен
күшін өлшеп,

Алуға ниет етсе,

Бізден белшек,

Жермен-жексен
етеміз,

Кең Отаннан,

Жаулар жер ала
алмайды,

Жалғыз вершок!»

Капитал жері
бүгін

Қанның жазы,

Советтер
Союзында -

Бақыт сазы,

Осы жазда
жасаған

Біздің елдің

Есінде,

Маршал берген - приказы.