ВЕРНУТЬСЯ

Құлақ деген қуысты
Есту үшін
жаратқан!
Бұл тек сөздің әлегі,
Көрмеңіздер
шараптан...
Ауыз деген
пәлені
Айту үшін
жаратқан.
       Сұлулығын сезбеген
Елді өзіне
қаратқан.
Қос шырақты көз
деген
Көру үшін
жаратқан.
Сөгу қажет
туысты
Өсек-аяң
таратқан.
Құлақ деген қуысты
Есту үшін
жаратқан!
Бұл тек сөздің әлегі,
Көрмеңіздер
шараптан...
Ауыз деген
пәлені
Айту үшін
жаратқан.
Хабар алып
қайтқа
нның
Жырлары бар
тамсанып.
Көріп,
Естіп,
Айтқанның
Кінәсі бар
қаншалық?!