ВЕРНУТЬСЯ

Тереземнің алдында алма гүлдеп,
Оятады ғажайып таңдарым кеп.
Көктем-көңіл құбылып. Кесірінен
Өзіңе де хат жаза алмадым көп.
Тағдыр бізге салды да салмағын көп,
Қарамасым білесің жанға күндеп.
Бәрі менің көңілімдей болып тұрса
Жүр дейсің бе сені іздеп бармағым кеп,
...Өзіңе де хат жаза алмадым көп.