ВЕРНУТЬСЯ

Тізгіні жоқ
мақтаншақ бишараны
Тез мас қылар
дәулеттің ащы арағы.
Буы жаман
байлықтың,
Буы жаман,
        Тізгіні жоқ
мақтаншақ бишараны
Тез мас қылар
дәулеттің ащы арағы.
Буы жаман
байлықтың,
Буы жаман,
Артық дәулет,
шынында, бас жарады.
Ақын саған
айтпайды жарты нақыл.
Айтқан сөздің
болғай тек арты мақ
ұл.
Артық дәулет сөз
бе екен!
Айналайын,
Кейде тіпті
жақпайды артық ақыл!
Ақырын шерт,
Ақырын домбыраңды!
Артық шырқап
қиналма сол бір әнді.
Артық нәрсе -
артық жүк,
Мықты болсаң,
Артық ішіп көре
ғой он грамды!
Тәртіп бұзса,
Үйіңе ертіп
келіп,
Балаңды шерт,
Басыңа шертіп
көріп,
Артық алма,
Ағайын!
Алмақ түгіл,
Ұнамайсың
кей кезде артық беріп!
Артық нәрсе
жатпайды қанағатқа,
Айналады артық
сөз балағатқа.
Берекесіз
аңқылдап артық күліп,
Болады ие дарақы
деген атқа!
Жуастарда болады
тәртіп басым,
Жатпайды олар
сөзбенен қарпып қасып.
Артық айтып
бөсесің,
Ағайын-ау,
Иығыңда бар ма
еді артық басың!
Қыстың емес,
Кеңілдің ауа
райын
Қолайсыздау
қылмағай келер айың.
Ақылсудан
сақтасын!
Мен де сөзді
Артық кетпей тұрғанда доғарайын!