Еденде тұрған
кесір шал теңселе басқан,
теңімді қиып,
жүгімді өршелене ашқан.
«Тұсыңа іл» деп
Сіз берген тұскиізді алып,
- Өткізбеймін! - деп
құшақтап
кеңсеге қашқан.
Қызара бөртіп
қырсық шал қызған-ақ екен,
- Сыйы еді бұл, - деп, - апамның! -
шыжбалақ етем.
архиға тойып алғанмен өзі де қазақ,
қазақтың сыйын қазақтан қызғана ма екен
«Бүгін жаралған
бауырды екіге бөлген,
шекара деген осы-ау» деп өкіне бергем.
Mac пенде емес сол жерде
сау тәңір тұрса:
- Ұлтымның басын қосшы!.. -
деп өтінер ем мен!..
- 150 просмотров