ВЕРНУТЬСЯ

            Келмеді қайырылғым,

жер-көктен айырылдым,

қылыштай қайырылдым,

мырыштай майырылдым,

ескегі суға кетті қайығымның.

Аспанмен астаспаймын,

жермен де достаспаймын,

жел беріп жел мінезге,

тізгінді бос тастаймын,

ешқашан ешкіммен де қоштаспаймын!

Торына өрмекшінің

тұтылып көрмекшімін,

ешкімге естіртпейді

шыбын жан енді өксігін,

несіне ашты маған жер-көк сырын?..

...Postskriptum.

Түніменен дөңбекшідім...

1993