ВЕРНУТЬСЯ

        Сүйегің асыл ма еді,

Шірік пе еді,

 Тіршілік шығарады
сілікпені.

Маңдайға жазылады әжім болып,

Уақыттың жұмбақ иероглифтері.

Жай осы!

Жыл артынан жыл көшеді,

Жаныңмен жапырақтар тілдеседі

Жарандар

Жүрегіңде жатқан шерді

Жүзіңнен оқымаса білмес еді.

Халықты ойлап,

қамықпай-ақ титтей біз,

қараң қалғыр

қара басты күйттейміз,

қалмаған соң

қабатұғын
бір пенде,

өз кұйрығын
өзі қапқан иттейміз

Жаратқаннан жасырамыз немізді

есіл сезім

еш болды ғой ең ізгі...

«өмір» деген

өз анамыз суалып,

«өлім» деген

өгей шеше емізді.