ВЕРНУТЬСЯ

            Түршігесің
қарадай,

қара да тұр,

бұл өңірге
келген бе заманақыр? -

жон-үстінде жосылған жолдың бәрі,

жолдың бәрі...

зиратқа бара жатыр!

Шатастырдым көз жасын бұршақпенен,

бұл әлемде қалып па ынсап деген?

бұзылмаған
ниеті біреу бар ма?.. -

пәк көңілге іңкәр боп сусап келем.

Есіл күші секілді Голиафтың,

керегі жоқ ешкімге ар-ұяттың.

Кеш батқасын

көзіңе шұқиды кеп,

шамсыз, айсыз, жұлдызсыз
қаңырап түн.

Қаңырайды дәл солай өз кеудең де...

бәрі - бәрі бір күнде өзгерген бе?

адамы да, заманы, қоғамы да,

сәлеміңді алмайды кез келгенде.

Ауыл деген бұл
емес мен білетін!

бұрар-бұрмас кейінге енді бетін...

Жүрегімнің түбінде жанып түрған

кез келді ме

шырақты сөндіретін?

тектегі тасыңды

өрге апарсам деп едім

есіктегі басыңды

төрге апарсам деп едім,

өз елінде өгейлі,

кісі үйіне
кегейлі

кенезелі күйгінді

көл қотарсам деп едім

Бұлт басқан көгіңді

нұр жайнатсам
деп едім

тереңдеп кеніңді

күнге ойнатсам деп едім,

кеуіп қалған көншімді

қымыз құйып жібітіп,

кұлақ кұрышын
қандырып,

сырнайлатсам
деп едім