ВЕРНУТЬСЯ

          Тегеранға

аттанамын мен қазір,

 алып ұшақ арқырайды жолға әзір.

«Жер тағы да сілкінді, деп Зайсанда»

сөз қылды жұрт.,

әзіл емес,

қайда әзіл?

Ішім іріп, бөлінді ғой ой санға,

жан-жүрегім жөнеп кетті Зайсанға.

«Жағадан ап сілкілердей жерімді,

не жаздық?» деп,

хаққа сұрақ қойсам ба?

Амал бар ма ағайыннан хал сұрар,

хал сұрамай
қалай ғана жан шыдар?

қанша жерден тасбауыр боп кетсе де

тәңірдің де туған жері бар шығар?

Ет-жүрегім түскен сынды пышаққа,

мен отырмын,

неге отырмын ұшақта?

Акділдә бұлттар сырғып жатыр әйнектен,

сәл ұмсынсам толатындай құшаққа.

Мен отырмын көк аспандай жыртылып,

жанарыма жас кеп қалды іркіліп,

сонау-сонау...

акділда
бұлттар астында

жатыр менің туған жерім сілкініп...