ВЕРНУТЬСЯ

      Үңірейтіп кеттің төрімді,

Егілтіп жыр бастаттың.

Өтпестей көріп өмірді,

Отырып сырласпаппын.

Кеудемде шерім көп екен,

Қайтейін айта алмаппын.

Ұғатын жалғыз сен екен

Ұрымтал байқамаппын.

Жәй тастап көзің қиығын,

Кетерде күрсінбедің де.

Ана болудың қиынын

Әлде өзі білсін дедің бе?!