ВЕРНУТЬСЯ

       Тозыпты сенің көйлегің,

Тозбайтын өлең жазайын.

Болмаса сенің көмегің,

Шығар ма, құрғыр, күн сайын.

Құрысып
жатқан көңілімді

Үтіктеп берші азырақ.

Күні бойы шимайлап,

Қалыппын шаршап, қалжырап.

Ашуыма ащы етіп

Жібере көрме бұрыш
caп.

Жаныма сусын пейілің,

Әкелші бері дұрыстап.

Уақытым тапшы, қысқартпа,

Қайшылап қиып жүрме сен.

Тұтанбай
жатқан жырымды

Қайтеді келіп үрлесең?

Бұрқ-сарқ
етіп қайнаған

Қарамашы шәйнекке.

Ал ойнайын домбыра,

Қосыла ғой «Ай, гөкке».

1946.