ВЕРНУТЬСЯ

Қапас-қасірет
түкпірінде

Сорлы үндістер
жылайды.

Қарғап-сілеп
бітті мүлде

Тағдырды да құдайды.

Қара ормандар қаралы
үнмен

Күңіренеді
күрсініп.

Тұншықтырған нала-мұңмен,

Неткен ауыр
тіршілік?

Ауа орнына жұтып
қайғы,

Аһ ұрады әрбір күн.

Мазақ қылып қытықтайды,

Тас саусағы
тағдырдың.

Ажал қолы
алқымынан

Барған сайын
қысады.

Арты - түнек,
алды - тұман,

Зәрелері ұшады.

Құлазытып өмірді үрей,

Үміт шошып
үркеді.

Аждаһадай небір
дүлей

Аузынан от
бүркеді.

Ата-баба жұрты
қайда,

He болады
ертеңі?

Сүңгіп суық
тылсым ойға,

Аза күйін
шертеді.

Таянғандай заман
ақыр,

Телміреді
аспанға.

Өз жерінде - өзі
пақыр,

Бұдан қорлық асқан
ба?!

Қатал тағдыр тоқыратты,

Күйретті аяқ
астынан.

Қасиетті
топырақты

Жапты жалын,
басты қан.

Жанталасып дамыл
алмай,

Көкіректе кек
қайнап,

Қарсы атылып
қабыландай,

Қанша ғасыр
шекті айбат.

Қанжылады -

Қалды бәрі,

Қатер төнді
төбеден.

Қалжырады -

Талды қары,

Кетті қуат
жебеден.

Кешегі өткен ер
үндістер

Түстеріне енеді.

Бас көтертпей
жебір күштер

Желкелейді,
тебеді.

Түсе алады кім
араға,

Енді қанша
тоналмақ?

Жер бетінен
біржола

Құрып кетсе не
болмақ?

Тұңғиыққа
тартады ма,

Бара жатыр қайда
алып?

Шаштарыңың әр
талына

Батпан азап
байланып.

Елес болып арман
үрдіс,

Жауады өлім
жаңбыры.

He болады қалған
үндіс

Ұрпағының
тағдыры?!.

ІІ

Азап!

Азап!

Пешенеге
жазылған...

Азаптының удай
ащы зар-мұңы.

Үндіс көрі әлдеқашан қазылған,

Кіру керек -

Құру керек барлығы...

Ажал!

Ажал!

Тіршіліктің
күндесі,

Аңдып тұрар әр бұрыштан, тасадан.

Қиянаттың арсыз
кілті кімде осы,

Біздер саған не
жазып ек, Жасаған?!.

Арқамызда ойнап мазақ
қамшысы,

Тұман басты,
төбемізден тайды күн.

Таңдайды ойды тақсіреттің тамшысы,

Жұта-жұта қара
суын қайғының.

Америка!

Сырың мәлім cop
мекен.

Сенен демеу,

Сенен медеу
таппадым.

Қара көзден қара
жаңбыр селдетем,

Қасіреттің кешіп
қара батпағын.

Нәлет саған!

Қапас
тағдыр-қара түн.

Тоңдырады суық
көрдей құшағың.

Қашан сынып
түскенінше қанатым,

Үндістерге ара
түсіп ұшамын!..

Зар толқыны
көмейіне кептеліп,

Минс, міне,
самолетте келеді.

Бара жатыр
жүрегіне кек толып,

Запыранын қайда
апарып төгеді?

Түпсіз мұхит
түнереді төменде,

Терезеден Минс
төне қарайды.

Әттең, өзі толқын
болса егерде,

Астаң-кестең етер
еді талайды.

Әлсіздері тіресе
алмай күштімен,

Мұнда-дағы
арпалысып жатыр-ау!

Өмір деген
осыншама сұсты ма ең,

Осыншама азап па
едің, япыр-ау?!.

Алып мұхит!

Бір сәт байқай
алдың ба?

Күрсінгенде ол
сенен ауыр күрсінер.

Айыптамақ айдай әлем алдында,

Сұмдықтарды адам
жаны түршігер.

Сөйле, мұхит!

Көп құпияң бар сенің.

Сөйлегеннен басқа
қолдан не келер?

Үндістердің соратұғын
қан-сөлін,

Қайдан келді
сонау сүлік-кемелер?

Шырқын бұзып,

Шырылдатып
бекерге,

Тас-талқан ғып,
шығартқанша ойранын,

Тұңғыш кеме
тіміскілеп өтерде,

Heгe дереу қылғып-жұтып
қоймадың?

Жұмбақ еді-ау,
үндіс жері тым сырлы,

Қалса нетті сол құпия қалпында.

Тінтіп жүріп тұңғиықты,

Тылсымды,

Тауып алды құныққандар алтынға.

Сарп болды
қаншама ақыл,

Қаншама ой,

Тілді уақыт
тарих жонын таспаша.

Кейбір жұмбақ

Жұмбақ болып қалса
ғой,

Бәлкім бәрі
болар ма еді басқаша?..

Жарқылдайды
жасын атып жанары,

Жат ортада кімге
мұңын білдірсін?

Көкірегін ыза
кернеп барады,

Жанартаудай
атыла ма кім білсін?!.

Минс ойы
жүгіреді сан-саққа,

Дүниенің төрт бұрышын
шолғандай.

Қалай ғана,

Қалай ғана жан сақтар,

Үндіс халқы -
шер көкірек, cop маңдай?..

Тула, мұхит!

Толқыныңмен
түйгіште.

Дүлей тағдыр
сазырайып тұр
неге?

Сөз алғалы келе
жатыр Минс те,

Сөзден егер
шығар болса бірдеңе?..

ІІІ

Европа!

Уытты өткір тырнақты

Аш жолбарыс
секілдісің сен де бір.

Қанша құрлық саған
бетін тырнатты,

Табаныңда қанша қыршын
сөнді өмір?

Сеземісің,

Керемісің зар-мұңын?

Үндіс ұлы келді
алдыңа кек қысып.

Тәлкек етіп,
мына дүние тарлығын,

Құсқа айналып
кетсе, шіркін, көкке ұшып.

Келген жоқ ол
қайыр тілеп, нан сұрап,

Сұрамаңдар: «Шақырды, - деп- сені кім?».

Келіп тұр ол қанға батып,

Қансырап...

Соңғы ұрпағын сақтау үшін елінің.

Онсыз да оның
қасіреті жетеді,

Бір тілегін
орындасаң не етеді?

Жүрегін де жұлып беріп кетеді,

Жұрты қалса,

Жүрек деген не
тегі?!.

Швейцария!

Болармысың таң нұры?

Шешілмекші сенде
жұрттың тағдыры.

Тыңдалмақшы тоналғанның зар-мұңы,

Мәслихат бар.

Басын қосқан
осында

Төртбұрышты
дүниенің барлығы.

Отыр мұнда
жайсаңдар мен қасқалар,

Саясаттан кірпіш
құйып, тас қалар.

Біреуінен біреуі
іштей жасқанар...

Келіскенмен
бүгін мұнда былай деп,

Біле алмайды...

Ертең қанша жас
тамар?

Тағы, тағы...

Қандай сұмдық
басталар?..

Қара түндей қарауытып
көз алды,

Шықты алдыға

Минс, міне, сөз
алды.

Ыза-кектің от
боранын бұрқатты,

Толқып қатты

Қуарды да бозарды:

- Қыл үстінде өмірі тұр халқымның,

Бұл сойқанға қарай алар саяқын кім?!

Үндіс жұрты көр
аузына тақалды,

Қабағынан қан
жауып тұр әр күннің.

Халқым менің қашып-пысып
сабылды,

Маңдайына қайғы-күйе
жағылды.

Тұрмысы да,

Тынысы да

Тарылды!

Мұраты да,

Мұрасы да

Шағылды!

Айтыңдаршы,

Осынша азап
тартатын,

Үндіс халқы не
қылды?!.

Ел басына
зобалаң кеп төнді де,

Тартып алды -

Дауламадық жерді
де.

Жұтар ауа артық
па енді үндіске,

Тонайтындай қалды бізде енді не?!

Түсті ақырғы ең
қаралы күн тағы,

Тәнімізді бордай
езіп, ұнтады.

Аналықтан
айырылды үндіс әйелі,

Құртылмақшы...

Келер үндіс ұрпағы!

О, адамзат!

Қол ұшын бер,
көмек ет?!

Үндістердің
мүшкіл халін көре кет?

Тынар ма екен
мына сұмдық-сұрапыл,

Көмек ет!

Көмек ет!

Болғаны рас
адамзатқа бұл бір сын,

He нәтиже шығатынын
кім білсін?

Неше ғасыр қатпарланып
сірескен

Қасіреттің
қабатын кім сындырсын?

Қайсысы оған
аяушылық білдірсін?

Әй, белгісіз...

Бұлар нені тындырсын?..

Ей, адамзат
баласы!

Ер үндістің
көкірегіне қарашы?

Жатыр қанша ащы
зардың наласы,

Шұрқ-шұрқ жүрегінің жарасы.

Аралап жүр
Европа көшесін,

Көз алдында -
әсем Берн қаласы.

Қалмаған соң
табатын бір панасы,

Күбірлейді...

Сандырақтап санасы:

«Швейцария!

Ұжмақ төрі сен бе едің?

Сенбедім мен,
сенбедім!

Бостандықтың
тамшысына шөлдедім,

Жетер ме екен
жалпақ әлем жұртына,

Мендегі арман,

Мендегі үн?!

Швейцария
банкісі,

Сенде дүние
байлығының жартысы.

Үндістердін
алтыны да сейфінде,

Байлықта ғой тіршіліктің тартысы.

Швейцария!

Ұғындым
мен нарқыңды,

Кеудемдегі үміт
көзі сарқылды.

He қыламын сырты
жылтыр салтыңды,

Сақтайсың тек
сейфіңде алтынды.

Ал мен қалай сақтай
алам елімді,

Банкіңе әкеп коя
алам ба халқымды?!.»

Сіркірейді
Европа жаңбыры,

Мәңгі айтылып
бітпегендей ән-жыры.

Мүмкін әлде сен
білерсің, көк бұлттар,

He болады
үндістердің тағдыры?..

Несіне ол мұнша
жерге қаңғыды,

Өзі-дағы біле
алмай тұр дәл мұны.

Жүрегіне жетті
ме екен жаһанның,

Мүмкін әлде
залда ғана қалды үні?

Біле алмай тұр,

Енді қайда
шабарын.

Біле алмай тұр,

Нендей ақыл
табарын.

О, найзағай,
айтамысың әлде сен,

Бұл қорлықтан құтылудың амалын?!

Айт, табиғат,
зорлық түбі тынар ма?

Үндіс мәңгі
көміле ме тұманға?

Қайтты кері -

Көтерілді
аспанға,

Қара түнек Америка
тұр алда...

IV

Вашингтон.

Қоршап алған ақ үйді,

Қалың үндіс
күңіренеді, налиды.

Ал, ақ үйдің
сұп-сұр, суық ызғары,

Жүректерін сары
аяздай қариды.

Шуылдайды...

Есе-теңдік
тілейді.

Жанталасып, жұдырықтарын білейді.

«Бізге сұмдық,
бізге қатер үрейлі,

Тоқтат,- дейді -
мына, алапат дүлейді!..

Әйелдердің қапалы
үні қаралы,

Жан түршігер
азаны еске салады.

Айналаны
тітірентіп барады,

Келеді бір зауал
сырдың хабары.

Әйелдер зары:

- Қасіретті ана
- біздерміз,

Тақсіретті ана -
біздерміз.

Дауыл, нөсер, құйыннан,

Таудан-тастан,
қиыннан

Ұрпақ
үнін іздерміз.

Тірі өлікпіз -
мына біз!

О, адамзат
сенбесеңіз, сұраңыз?!

Тамырымыз
суалған,

Сүйегіміз
қуарған,

Шырқыраймыз,

Шашымызды
жұламыз,

Күнәміз не, күнәміз?!

Тәнімізді у
жайлаған,

Тірлік көзін
байлаған.

Аналықтан
айырған,

Көк темірдей
майырған,

Тіліміз құр
сайраған.

Жүзіміз құр
жайнаған

Өлім атты
айнадан...

Қу томардай
кесілдік,

Бізден тәуір
өсімдік.

Енді сәби көрмейміз,

Өрбімейміз,
өнбейміз,

He сұмдық!?

He сұмдық!?

Полиция.

Полиция -
тасқорған.

Тағы арпалыс,

Атыс-шабыс
басталған.

Арсылдайды қойға тиген қасқырдай,

Қалың топқа
жанарынан жас тамған.

Алдыға кеп
шіреніп тұр мес қарын,

Сездіреді
дауысында сес барын.

Бір кекесін
күлкі бұғып ұртында,

Сөйлеп кетті,

Бастады да ескі әнін.

Полицей:

- Уа, жарандар,

Тараңдар!

Жан-жағыңа қараңдар,

Ештеңе жоқ алаңдар.

He жетпейді
сендерге?

Баста-қуыс панаң
бар,

Азын-аулақ далаң бар.

Одан артық не
керек?

Тараңдар!

Тараңдар!

Минс:

- He деп тұрсың, жарқыным?

Керек емес бізге
байлық - алтының.

Тұрған жоқпыз құнын жоқтап кешегі,

Сендер қырған қалың
үндіс халқының.

Керек бізге қалғандардың тірлігі,

Үзілгелі тұр
үміттің кіндігі.

Құртпақсыңдар үндісті жер бетінен,

Баламыздың ет
кестіңдер етінен,

Тоқтата алар кім
мұны?!

Күл-талқан ғып мұрамызды шақтыңдар,

Күл ғып өртке жақтыңдар,

Мойнымызға темір
тұзақ тақтыңдар.

Біздер үшін
тіршіліктің есігін

Ашылмастай
жаптыңдар!

Полицей:

- Несін мұнда қаптап келе қалдыңдар,

Бос даурығып, айқай-сүрең
салдыңдар.

Бұл арадан дереу тайып тұрыңдар,

Жандарыңның бар
кезінде, малғұндар!

...Арпалысқан
алыс-жұлыс қым-қуыт,

Күңірентеді кең
көшені тұндырып.

Сұсты қолға біреу шашын жүлдырып,

Біреу жатыр
жіліншігін сындырып.

Біреулердің
басы-көзін қан басып,

Ыңырсиды, жанұшыра
шыңғырып...

V

Ашу қысып, бунап
қайғы,

Отыр Минс
түрмеде.

Тым болмаса тіл қатпайды,

Меңіреу, мылқау
түн неге?

Түнді жара
сыңғырайды

Қорқау ажал
кісені.

Тас қабырға
тұнжырайды,

Еңсені езе
түседі.

Тәтті тірлік уға
айналған,

Тарылтады
тынысын.

Ел мен жерден
жұрдай болған,

Ердің күні құрысын.

Ауыр ойлар меңдетеді,

Жүрек түбі
түнеріп.

Кек бесігін
тербетеді,

Тығырыққа
тіреліп.

Бетке теуіп долы
қаны,

Қызыл қырғын
ішінде -

Бабалары
жолығады,

Ұйықтап
кетсе түсінде.

Кететіндей
сүңгіп көрге,

Жаны мұздап
қатады.

Түсінде де
үндістерге

Ұран
тастап жатады:

«Ей, үндістер,
ажал құшқан,

Бір сәт көрден тұрыңдар!

Тояр емес тажал
дұшпан,

Кек қайтарып, құныңды
ал!

Ұрпағыңды қорғайды кім,

Сенетұғын кімің
бар?

Қара есікті зор қайғының,

Қара құлпын жұлыңдар!

Өртке кетсін
елім бағы,

Ояныңдар, мергендер!

Могиканның ер ұлдары,

Қайдасыңдар,
бермен кел!

Табылады амал қандай?

Жаныштады-ау,
жат табан!

Қайдасыңдар, қара
ормандай

Қалың үндіс қаптаған?!

Қинап азап
сандырағы,

Меңдетеді жарақат.

Күңіренеді,
жаңғырады,

Аза күйі алапат.

Көрінді әне қолын
созып,

Қара қошқыл мұнардан,

Сорлы жандар
азып-тозып,

Сақал-шашы қуарған.

Тақсіреттің тартып мұңын,

Қабағынан қан
бүркіп,

Зарлы әуендер
жан түкпірін

Сілкінтеді, жаңғыртып:

«Не қайран бар,
мына бізде,

Айналған соң
елеске?

Қалқиса да құла дүзде,

Қурай артық емес
пе?

Қару тілін
меңгергенше,

Қапылыста өтті
өмір.

Тағдыр бізге жер
бергенше,

Берсе нетті көк
темір?!

Тұңғиыққа
батырды мұң,

Бастан бақыт
тайғасын.

Бергенінше
батылдығын,

Берсе нетті
айласын?!

Бетінде ажал
табағының,

Көлкілдеп көз
жасымыз,

Қалың үндіс қарақұрым,

Бірікпеді-ау
басымыз!?

Ұлан-байтақ өлкемізді

Уысына сыйдырды.

Біріміздің
желкемізді

Бірімізге қидырды.

Көлдеріміз
лайланды,

Бүтін орман қалмады.

Бұл дүние шыр айналды,

Шырғалады,
жалмады.

Жапырақтай от
шарпыған,

Жанып түстік,
желге ұштық.

Тұлпарымыз жер
тарпыған,

Омақасты, жер құштық.

О, Бостандық,
тұлпар едің,

Еркін желдей шалқыған.

Қыран едің, сұңқар едің,

Кең аспанда қалқыған.

Қайдасыңдар, қанатымыз?

Басты бізді зар-тұман.

Таусылып тұр тағатымыз,

Соңғы күшті сарқыған.

Қара судай ақса-дағы,

Құмға сіңіп қанымыз.

Жер астында жатса-дағы,

Шіріп есіл
тәніміз.

Айыққанда мұнардан күн,

Көктеп қайта
шығамыз!

Өртке кеткен ну
орманның

Түбіріміз -
мына, біз!

Кезіп дүние
атырабын,

Келгеміз жоқ қаңғырып.

Туған жердің
топырағын

Жамыламыз мәңгілік!

Айқасыңдар, ақырғы рет,

Тірі қалған
үндістер!

Уа, құдірет!

Батыл жүрек

Үндістерге тың
күш бер?!»

Дегендей боп
назаланып,

Сөнгенде елес
шырағы,

Қарақшы ажал
мазаны алып,

Қайғы есігін ұрады.

Оянады ол
елегізіп,

Өрт ішінен
шыққандай.

Қаны қайнап,
дене қызып,

Миына ине сұққандай.

Жемтікке үйір қара құстай

Жендеттері
түрменің.

Шиеленген
тарамыстай,

Бұл не тағдыр,

Бұл не күн?!

Сыйдыра алмай
тасқын кегін,

Жұдырықтай жүрекке,

Тұтқыны боп тас түрменің,

Отыр Минс
түнекте.

Айғайлайды аласұрып,

Шыдасын ба кісі
енді?

Түрме есігі тағы
ашылып,

Қабаттайды
кісенді...