ВЕРНУТЬСЯ

    Қозылардан отайған 
Қасқырларды тежей гөр.
Кемпірі жоқ атай мен
Қарттары жоқ әжейлер...
Жасқа толып
көмейің,
Жаныңа бұл бата ма?!
Жатыр қазір көбейіп
Жалғыз қалған ата-ана.
Қиын тіпті қалада
Көрші-көлем кірмейтін.
Жоқ кішкене бала
да
Аяқ-қолын
күрмейтін.
Бауырлар да
бүгінде
Бір-біріне
суысқан.
Сағыныштың тілінде
Сөйлеспейді туысқан.
Әрі қайғы, Әрі мұң,
Кеудемді шер кернеді.
Күнұзаққа кәрінің
Ит боп қалды ермегі.
Ел көрмейді, әрине,
Еріндері ұшықты.
Мәз болады Сәбидей
Шомылдырып күшікті.
Ақылдылар, шамасы,
Әзілменен шенейді.
Кейбір қазақ баласын
Тегін күшік демейді.