ВЕРНУТЬСЯ

          Алпысқа аяқ басты менің әжем,

Алпыс жаста
«кәрімін» деді ме әжем,

Отпен ойнап,
күлменен арпалысып,

Алпыс жаста
алған жоқ демін әжем.

Әжемде бір тыным
жоқ ылғи еңбек,

Өмірдің талай дәмін
татты кермек.

Таңертең сиыр
сауып, құрт қайнатып,

Күндіз де күнге
күйіп тоқиды өрмек.

Маңдайы қызған
күніне шып-шып терлеп,

Тергенде
термелерін өрмекті өрлеп,

Мәнерді неше түрлі шығарады,

Әр еңбектен
туғызып әдемі өрнек.

Өрмегін әжем
жатқа емес бермек,

Өзі тоқып,
қызығын елі көрмек.

Бір термесін
жібермек баласына,

Хат жазған:
«Әже, маған жұлдыз тер» деп

Әжемнің
ұршығынан тасиды өнер,

Қарасаң, көзің
оған емес сенер,

Қызартып, нұрлы
күнге шағылдырып,

Тоқуға қызыл
жұлдыз қандай шебер!

1925