ВЕРНУТЬСЯ

Еңбекпен Ер атанған Бисенбай

Әр адамның өмір жолы тек өзіне ғана тән, өзі таңдаған, белгілеген бағытқа қарай басталады десек, Бисенбай өз өмір жолын орта мектепті бітірісімен жүрек қалауы бойынша қиындығы мол шопандық қызметтен бастады. Ол әр кез өз ісіне мұқияттылық, тындырымдылық көрсетіп, қиында болса осы алған бағытынан қайтқан емес. Соның арқасында  еңбек майданына араласқан қатарларынан оза шауып, бірден-ақ ауызға іліге бастады. Отарындағы малдың аман сақталуын қамтамасыз етумен бірге одан төл алу, жүн, ет өндіру жөніндегі міндеттерін асыра орындап отырды.

Бейнеу ауданына 30 жыл

(салтанатты жиналыста сөйлеген сөз)Құрметті халайық, қадірлі жерлестер!Өздеріңізге белгілі Бейнеуде ұзақ жылдар жұмыс жасаған кезімде талай рет сөйлеген болатынмын. Соған қарамастан халық алдына әркез толқып шығатын әртістер тәрізді мен де Сіздердің алдарыңызда  көңілім алабұртып шығып тұрмын. Оның бірінші себебі – сонау алыста қалған ел көрінісі, Бейнеуліктердің қолымен жасалған игілікті істердің көз алдыма келуі болса, екіншіден осы салтанатқа қатысып Бейнеу өңірінің бұрынғыдан да жақсарған, айта қаларлық мол жаңалықтарын өз көзмімен көріп отырғандығым.

Рысалы батырға берілген аста сөйленген сөз

 Уа, аса құрметті халайық!Елімізде, Тәуелсіздік шапағатының аясында қол жеткен қазіргі кезде, кең байтақ республикамыздың әрбір аймағында елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғаған батырларымызды еске алып, олардың рухына арнап Ас беру дәстүрі кеңінен құлаш жайып келеді.

Боксқа-нокаут, қызыл тілге-от ауыз...

(Орайы келген әңгіме)Әріпұлы Дүйсенбі ағаны Маңғыстаудағы оқырмандарға таныстырып жату артық сияқты. Ал шындығына келгенде таныс азаматтың біздерге бейтаныс қырлары да баршылық екен. Бүгінгі әңгіме сол жайында.1933 жылдың алғашқы күні Маңғыстаудың Бозашы түбегінде өмірге келіп, ат жалын тартып мінгелі бүкіл саналы ғұмырын туған жерінде- 360 әулиелі Маңғыстау топырағында өмір сүріп, еңбек етті.

Страницы