ВЕРНУТЬСЯ

Дана Әбіш

Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбайұлының 60 жылдығына орай.Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 60 жылдық мерейтойын өткізу, оған дайындық жұмыстары жөнінде облыстық газет беттерінде, радио мен теледидарда бірқатар жақсы–жақсы хабарлар, материалдар беріліп келеді.Әбіш сияқты дара тұлғаның 60 жылдық мерекесін лайықты өткізу тек біздің облыстың аудандары мен қалаларының ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының атсалысар биік мәртебелі міндеті деп білемін.

Ақмышта туып, АҚШ-та озған желаяқ

Қай кезде де Маңғыстау халқы тіл майын тамызатын шешендерге, айырықша тапқырлығымен ел есінде қалған сөз шеберлеріне кенде болмаған. Сондай сөз шеберлерінің бірі кеше ғана ортамызда жүрген, Маңғыстауға кеңінен танымал Жұбаев Құлшық ағамыз болатын.Ел арасында жиі болып тұратын бір бас қосуда заманы бірге, жастары қатар, сөзге жүйрік бірнеше кісі әрқайсысы өз аймағынан, өз руынан шыққан, ел үшін игілікті істер атқарған, өмірдің әртүрлі салаларында көзге түскен, ауызға ілінген көрнекті азаматтарды мақтанышпен айтып, бір-біріне дес бермей отырады.

«Мәдени мұра» аясында

«Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың сан-қилы өмір жолдарында ескірген, тіпті жойылып кетуге айналған мұраларын табиғаттың мүк басқан қойнауынан аршып алуда, халық игілігіне жаратуда  елеулі еңбек еткен белгілі тұлғалардың, елін, жерін қорғауда қасық қанын аямаған жаужүрек бабаларымыздың мәңгілік дамыл тапқан мекен-жайын анықтауда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы, айтарлықтай роль атқарып келеді.

Ақын Оңайгүл Тұржанованың шығармашылығы жайлы

Әлемге әйгілі байлығымен бірге, баһадүр батырлары, ел бастаған көсемдері, сөз бастаған шешендерімен аты шыққан қасиетті Маңғыстау топырағы қай кезде де айтулы, атышулы өнерпаздарға кенде болмаған. Есімдері әмбеге белгілі жыршы-жыраулыр мен ақындар, күйші сазгерлер, құйқылжыған ән бұлбұлдары, бәрі-бәрі еліміздің өткен ғасырлардағы маңдайға ұстар мақтаныштары болып келген болса,  сол үрдіс жалғасын тауып, өнердің осы салаларының қай-қайсысына көз жіберсек те, өнер мұхитында еркін жүзіп келе жатқан кәзіргі мақтаныштарымызбен де марқая түсеміз.

Сайын Назарбекұлының шығармашылығы туралы ойлар

Сайын Назарбеков кім? Ол қандай еңбегімен, қандай қабілет дарынымен Қазақстан жұртшылығына белгілі болып келеді? «Жақысының жақысылығын айт, нұры тассын...» дегендей, алдымен осы сұрақтарға жауап бергеніміз жөн деп білемін.Ол ақын, публицист, драматург, төрттағандарымен ой түйіндерін толғата білген, асып-төгіліп жататын дариядай екпінді де сан-алуан талант иесі.

Страницы