ВЕРНУТЬСЯ

Әлемге әйгілі байлығымен бірге, баһадүр батырлары, ел бастаған көсемдері, сөз бастаған шешендерімен аты шыққан қасиетті Маңғыстау топырағы қай кезде де айтулы, атышулы өнерпаздарға кенде болмаған. Есімдері әмбеге белгілі жыршы-жыраулыр мен ақындар, күйші сазгерлер, құйқылжыған ән бұлбұлдары, бәрі-бәрі еліміздің өткен ғасырлардағы маңдайға ұстар мақтаныштары болып келген болса,  сол үрдіс жалғасын тауып, өнердің осы салаларының қай-қайсысына көз жіберсек те, өнер мұхитында еркін жүзіп келе жатқан кәзіргі мақтаныштарымызбен де марқая түсеміз. Осы мақтаныштарымыздың бел ортасында жүрген қазақтың маңдайына біткен дарынды ақын-қызымыз, әрі ғалым Оңайгүл Тұржанова. Ақындық табиғаттың сыйы, ол адамның жан-дүниесіне ананың ақ сүтімен дарып қалыптасады.Ақындыққа үйрететін институт, не университет жоқ. Бірақ, оның есесіне табиғат берген дарын-бұлақтың көзі бітеліп қалмау үшін іздену, өмірді зерттеу, елдің өткенін зерделей білу бар. Демек, талант пен еңбек егіз. Оңайгүл мырза табиғаттың өзіне берген ерекше талантын ел игілігіне жұмсау жолындағы тер төгіп келе жатқан еңбеккер ақын. Шындық пен шыншылдық – Оңайгүл поэзиясының басты болмысы. Ол әділдікті, ізгілікті, адам жанының тазалығын қорғай отырып, шынайы шындықты ашып көрсетуден тайынбайды.Ақын «Шерқала» жинағындағы «Қала» деген өлеңінде:«...Мына заман,Сәл нәрсеге елеңдеп,Үркек атқа мінгендейін келем бек.Жылнамалар тұру керек жерлердеЖарнамаларЖөн бермейді көлеңдеп...Жылнамамды жыртып кетпе, шайпау шақ,Жарнама емес, төгіп тастар шайқай сап.Өзің ғана білер у-шу әлемгеТарихымдыАйтсам деп ем айқай сап» - деп қоғамдағы орын алып келе жатқан қиыншылықтарды айта отырып, өз елінің тарихын, өркениетке қосқан үлесін бүкіл әлемге паш етуге ұмтылады. Ақынның:«...Құмырсқа әлін ұсынды,Алмаймын десем де болмай.Жоқшылық жоғын ұсындыҚал енді десем де қалмай» - деген жолдары кешегі бір кездегі ел өмірінің нақты шындығы болмады деп кім айта алады? Сократ Хасим философ: «Өмірде жақсы білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе жоқ »– деген екен. Оңайгүл  ақын жырларының бүкіл болмысына осы жақсылықтар жоғары парасаттылықпен өрілген.Әдебиет ардың ісі. Олай десек, Оңайгүлдің шығармашылығынан таза ардың, жүрек түкпірінен шыққан шынайы сезім арқылы берілген тереңдікті, біліктікті аңарамыз. Ақынның өзі де «тереңдіктен суырған ойларымды кереңдікке апарып жолықтырма»- дейді ғой. Оңайгүл жырларынан оның туған жеріне, еліне деген сағынышы айқын көрініс тапқан. Әсіресе, ол ауылдың қадір-қасиетіне келгенде айрықша сыр шертеді. Адамзатқа, соның ішінде қазаққа ауылдың бергені мен берері жөнінде асқақтата жырлайды. «Жыр-Дала» кітабында:...Ауыл менен қазақ деген бір ұғым,Түсінер кім қандайлығын құнының?Қайран ауыл, бір өзіңнен басталған,Өлең жайлы менің тұңғыш ұғымым» - дей келіп,«Мен ғана емес, күллі ақын ауылдан,Қас дарындар күмбір күймен «ауырған».Әнші, ғалым, қас батырлар мейірімді,Жарты жанын аямайтын бауырдан» - деп түйіндейді.Құрметті қарындасымыз Оңайгүл! Еліңізге келіп, сағынған оқырмандарыңызды отты жырларыңызбен сусындатып, рухани көк- жиегімізді кеңейте түскеніңізге шын ризалықпен рахмет айта отырып, жалынды жырларыңыздың алауы барған сайын жарқырай түссін деген тілек білдіремін.                                                        09.11.2005ж.