ВЕРНУТЬСЯ

Мен Мырзағалиды сонау жетпісінші жылдардағы жас кезінен, өзім басшылық еткен Бейнеу ауданындағы журналистік қызметінен білуші едім.Өзінің дағдысы солай болар, баспасөзде өлеңдері мейлінше  сирек көрінетін, бірақ шыққан өлеңдері ерекшеліктерімен зейін аудартатын. Сонымен бірге мені бұл қаламгердің өлке, ұлтымыз бен халықтар тарихына арналған мақалалары, этнографиялық, лингвистикалық этимологиялық еңбектері де, ел ішінің саяси- әлеуметтік мәселелеріне арналған толғамдары да қызықтырып жүретін. Өйткені оның жазғандары көбіне өткен мен бүгінді, өмір қүбылыстарын зерттеудің нәтижесінде туган талдаулар болып келетін және оқырманға жаңа мәліметтер, соны пікірлер, тың ойлар ұсынатын. Оның өткен 2000-ші жылы Алматының «Өлке» баспасынан шыққан «Туған ел » жыр жинағы оқырманды шығармашылық жетістіктерімен сүйсіндірген, сезім мен ойды тәбиғи өрбіте білген байыпты, елжандылық сипаттагы жігерлі дүние екенін айтар едім.... Аңызақ желде, құмайт белде күңірене  күй толғап тұрған «Қоянсүйек»(13-ші бет)  өлеңі:Жалғыз тұрған қайсар қоянсүйектіңНеге алыстан естіледі мұңлы үні?!-деп оқырманды астарлы ойларға жетелей аяқталады. Осыдан ширек ғасыр бұрын туған өлең әлі де актуальді. Символистік сипаттағы бұл дүниеде осы елдің, жердің бүгіні мен ертеңіне алаң замандастың, халық мүддесі жолындағы қайраткерлеріміздің бейнесі беріліп отыр. Қаһарланып шамырқанған кезде :Ащы даусым- алмас сүңгі қорқаққа,Үнімді естіп қашады олар жалтақтап.Бұратылып қыңсылайды сатқындар,Бұталар мен індігешке жан сақтап!Даусым менің сырға толы сан- алуан,Дүниені жаңғыртуға жаралған.Қасиетті халқымныңӨйткені,Айбыны мен мейірімі бар онда!- деген кейіпкеріміз  («Менің даусым» 14 бет, 1984 жыл) халқымыздың әділ де батымды, шешімді кескінін паш етеді.Ал, «Ақша» өлеңінде ел басындағы  проблемалар қамти көтерілген:                                                       Дүние боп, қора мал боп мыңғырған,         Тойымсызды жетелейсің құрдымға.         Ашкөздердің есін алып жүрсің сен,         Алтын болып, күміс болып сыңғырлап!         Мына әлемге зер салып бір қарашы,         Адамдардың улап бопсың санасын.         Жұмысшыны жұмыссыз қып жібердің,         Еһеу, доллар, қайда кетіп барасың?Сондай-ақ, мұндағы:Тұзақтайын сен құрулы жатырсың,Қанша ма елдің аяғының астында.- деген жолдар жемсауы кең, алпауыт державалар арасында ешкімнің құрығына ілікпеуге тырысып тайталаса өмір сүрген жас егемен еліміздің экономикалық тәуелсіздігін баянды ету бүгінгі ұрпақтан, отандастарымыздан үлкен жітілікті қажет ететінін білдіреді. Қоғамның кәзіргі, әсіресе, осыдан екі-үш жыл бұрынғы халін зерделеу нәтижесінде туған «Өтпелі кезең», «Бүгінгі құбылыстар», «Қайран ел» туындылары ел ішіндегі біраз ащы шындықтың, мемілекетіміз саралап берген экономикалық реформалар саясатының бұрмалану келеңсіздіктерін батыл, өткір сынайды:Өзеуреген жалғыз сөз, жалған ұран,Бейбастақтық жер- жерде салған лаң.Аласуан, зыптурын қайда барсаң,Талап жатыр қазақты жан- жағынан.Бұл жолдарда тек пұшайман күн кешу емес, болашақтан түңілу емес, намысты, жігерді ширата түсу ниеті жатыр. Сондықтан:                                                        Туған елім, о, сөнген жоқ шұғылаң,                   Қазақтың кім бар биік шоқтығынан?!- дей келіп,Елін сүйген әрбір перзенттің көкейіндегі шынайы ниетпен басталған өлең өркени дамыған шақтарға жетсек- ау деген кіршіксіз арманмен аяқталады:Қайран елім,Дүниенің бар сырын ұқсаң деп ем,Парасат биігіне шықсаң деп ем.Перзенттікпен ашынып айтты сөзді,Өтінемін, арыма нұқсан деме...Ей, менің қайран елім,Қайран елім!Мұндай жолдар елге, жерге деген кіршіксіз махаббат ұялаған жүректе ғана туа алса керек.Ақынның «Тағзым » өлеңіндегі:Күндер туса- бәріне шыдармын мен..Өйткені, беу, баһдүр бабаларым,Дарыған бізге өздерің баталарың.Жойқын қүат бұл күнде бізде де бар,Рухыңнан сендердің от алатын!-деген жолдары мен «Рухың асқақ туған ел!»(41-ші бет, 1976 ж.) өлеңіндегі:                   Беріспеген, болса да мың күн егес,                   Ер мүраты- бас қамы, құлқын емес.                   Ер Қосай мен Пір Бекет туған елдің,                   Рухын сөндіре алу мүмкін емес- деген шумақтардың алып тегеурінді пәрменін сезбеу қиын. Бұлар оқырманға тың серпін беретіндей мейлінше асқақ дүниелер.                    Дүниені сүйген үлкен жүрекпен,Туған елдің тірегі біз, жігіттер!- дейді Мырзағали «Біз , жігіттер»- деген өлеңінде(52бет, 1982ж.).Әрине, бұның бәрі ақын шығармаларындағы замандастардың жан-дүниесін, тұлғасын аша, сомдай түседі. Әрқайсысы небәрі бірнеше ғана жолдан тұратын «Құлпытастағы жазу», «Менен кейін», «Бұл күндердің арманына бөленген», «Өткен күн», «Риза емеспін» өлеңдері биік уақыт тұрғысынан сараланып өмірге келген дүниелер екенін аңғарамыз.Ақынның шығармаларынан шебер суреткерлікті аңғарамыз. Мәселен, мына бейнелерге, картиналарға зер салыңызшы:Күн батты жер бетіне көп қарайлай,Көкжиек алтынменен аптағандай.Шүйке бұлт күн соңынан үңіледі,Кемпірдей күйбеңдеген от жағалмай(«Кеш»)Жүзіне шулан бұлттың арай кіріп,Ішінен тамашалап қарайды жұрт.Толған ай толықсып бір көтерілді,Аспанның қақ төріне шарайна іліп («Дала кеші»)Немесе, Қияда жіңішкеріп жаңа ай туды,Қылыштайын шанышқан қыр басына. Тағы басқалар.                                                                                                                                                                                                       Ал, «буындары балқыған көк пен жерді», «аңғарынан таулардың тулап аққан» өзенді, иінағашпен судан қайтқан жанары толы жұмбақ гөзәл сұлуды, сол сұлуға телмірген қыр басындағы жирен атты жас жігітті, гүлжазира қазақ даласын тамашалағыңыз келсе, «Көктем» өлеңін оқыңыз. Немесе, ғашықтар жүрегін тілдестірген сиқырлы әуенді тыңдағыңыз келсе  «Баян үні» өлеңіне зер салыңыз.                   Әнді жәй серілікке балап қойып,                   Әкесі өткен күнге тартты ойын.                   Бәйбіше шайын ұзақ сораптады,                   Қызына ауық- ауық қарап қойып.Міне,  бұл жолдар, талас жоқ, бояуы қанық суреттер, психологиялық көркем портреттер...Ал, жайлау тақырыбындағы дүниелер:«Шығыр», «Жайлауға хат», «Ауылдан келген адамдар» туындыларын, өзімізге етене таныс болғасын ба, тебіренбей оқи алмадық. Он-онекі жасымдағы бала кезімде менің де шығыр тартып, жылқы баққан әкеме көмектескендігімнен болар, әсіресе, «Шығыр » өлеңіндегі сонша ма дәлдікпен берілген көрініс кинофильм көріп отырғандай көз алдымнан кетер емес. Сонымен қатар, Мырзағали Іңірбаев туған жер табиғатын құр мадақтамай, оны адамның ішкі әлемімен, әлеуметтік проблеммалармен, психологиялық, астыртын ой иірімдерімен бейнелеп суреттеуге де бейім.Ақынның күз тақырыбындағы қанық бояулы, жүректің алыс түкпірлеріндегі сезімдерге қозғау салатын туындыларын оқып үлкен ләззат алғанымды айтар едім.Күзгі далам , мұңлы бір сырласымдай,Саған деген сағыныш жүр басылмай.Немесе:    Ызыңдайтын секілді кең дүние,                   Көк желекті күндерін қимағасын!Сондай-ақ: Дөңдер жатыр дөңбекшіп,                     Қымтай алмай                     Қара күз ызғырынан жалаң төсін.Задында ақын табиғаты көбіміз көрмейтінді көріп, сезінбейтінімізді сезініп тұратын өзіндік бір жаратылыс қой деймін. Сонау сексенінші жылдың қысында кеңшар директоры Таушанбай Қорбақов, Мырзағали үшеуіміз ел аралап жүріп, Матайқұмдағы атақты жылқышылар Қалмырза Төлеев пен Итібай Сүйіновтың ауылында Матай түнінің бір көрінісін байқағанымыз бар-ды. Автор қаламынан сол көрініс оқырманға ерекше әсер беретін көркем дүние болып туыпты(«Матай түні»).Ақынның сүиіспеншілік, жастық тақырыбындағы туындылары шынайылығымен, кінәратсыз тазалығымен дараланады. Ал, бұл дегеніңіз дүние- әлемге ғашықтық, жан- тәнімен өмірді сүю деп білемін. «Арамызда- бейкүнә Ай...», «Қайшылық үндестігі», «Ұмытты сені деп пе едің?!», «Жүректің от күшімен», «Дауылдан барлық сая қыл», «Қазақтың сұлулары- ай!» Тағы басқа шығармалар, әлгі айтқанымыздай, сұлулыққа көзін сатып телмеңдеу емес, көркем жаратылыстың қаадір- қасиетін ардақ тұту, қадірлеу, алдында үнсіз бас ию деп түсіндім.Мырзағали өлеңдерінде , олар қандай тақырыпқа арналмасын мейлі, ерекше ықылас, ынтазарлық, ыстық құштарлық лебі есіліп тұрады. «Туған ел» жинағын қайта қарап отырсам мен айтарлықтай сүйсініп ерекшелік белгілерін қоймаған өлеңдер кем де кем екен. Ал, біразына міне, екіден, үштен леп белгісін қойып, «ғажайып туынды» деп жазыппын. Кітаптың соңына қол таңбамды қалдырып, «Мырзағалидың мына еңбегі оның айтулы ақын екенін барынша айқындай түскен. Менің пайымдауымша олқы тұстары жоққа тән, саф алтындай сараланған,  бояуы қанық, айтары анық жолдар көз алдыңнан мейіріңді қандырып өтіп жатқан шығарма »- деп бағалаппын. Демек, поэзия сүйетін әрбір оқырман  осы кітапты оқыса, алары мол демекпін.