ВЕРНУТЬСЯ

УА, ХАЛАЙЫҚ! Маңғыстау халқының қамқоршы басшысы, мұнай өндірісінің білгір ұйымдастырушысы , көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, есімі бүкіл қазақстан жұртшылығына белгілі тұлға, аяулы Нәсіпқали Әбуғалиұлының өмірден өткеніне, міне бүгін, 100 күн толып отыр.Уақыт шіркіннен жүйрік не бар, облыс әкімі жанындағы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Нәкеңнің Кеңестің бір жылдық жұмысынан есеп бергеннен кейін оны емделу орнына шығарып салғанымызға да 6 айдың жүзі болыпты. Үстіміздегі жылдың сол бір 8- ші маусым күнінің кешінде ақжарқын- тілектес көңілмен жолың болсын айтқан біздердің соншама сергек, денсаулығында кінәрат барын байқау мүмкін емес, нұрлы жүзі жайнап тұрған аяулы Нәкеңді соңғы рет көруіміз екенін кім білген.                          «Бибаян дүние                            Бибаян,                            Шегің- шетің                            Кімге аян»- деген міне, осы.Мейірімсіз ажал асқар таудай ардақтымызды ортамыздан алып кетті деген суық хабарды естігенде нанар- нанбасымызды білмей үнсіз қалғанымыз естен кетер ме?                                                                               Өмір- қайық, өлім- теңіз,                           Айрылмастай екеуі егіз.                           Сол қайыққа мінген болсаң,Қайрылмасқа кеттім деңіз- депті ғой бұрынғылар. Сол айтқандай, қимас жолдас, ақылшы басшы Нәкең қайрылмай кетті. Бүкіл әлемді жұтса да бір тоймайтын сауыры қалың қара жер өз қойынына алып тынды. Амал не?124 мың пайғамбар, 33 мың сахаба- бәрі де тірі қалмаған, не салса Алла               өз ісі, ешкімге ақыл салмаған- деп бір- бірімізге басу айтудан басқа амалымыз таусылып, қиналғаннан айтар сөзден жаңылып тұрған осы бір сәтте, Нәкеңді танитын, аянбай еткен еңбегін білетін  бүкіл жұрт қимастықпен қоштасуда.Біз өмірден кім өткенін білеміз бе ?, Нәкең қандай ісімен еліне қымбатты еді ?- деген сауалға онымен ұзақ жылдар жұмыстас, пікірлес болған, қадір- қасиетін жақсы білетін әріптесі ретінде былай деп жауап берген болар едім:Ол біріншіден, парасатты да әділ, таза қолды басшы; екіншіден, жан-жақты білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, биік деңгейдегі қайраткер; үшіншіден, «Ұлы адам ұлық болмайды, мәуелі ағаш биік болмайды»- дегендей, үлкенмен де, кішімен де тіл табыса білетін өте қарапайым,  кішіпейіл абзал азамат; төртіншіден, жетім- жесірлерге, мүгедектер мен қарттарға әр кез көмек қолын созып отыратын, «Жерде жетім жыласа, көкте періште налиды»- деген хадисті естен шығармаған, бүкіл болмысымен баршаға жанашыр қамқоршы; бесіншіден, «Ел ырыстың орманы, Ер ырыстың қорғаны» болып, ел экономикасын көтеруде, әсіресе, мұнай өнеркәсібін өркендетуде айырықша еңбек етіп, 33 мұнай алаңына бұрғы салған, 4 мың шақырым жер қыртысын қазуға тікелей араласқан және басшылық еткен, «Маңғыстаудың Марабаевы» атанған тұлға, алтыншыдан, он саусағы домбыраның құлағында ойнаған өнерпаз; жетіншіден осы заман- ғы хас батыр.Ақындық, жазушылық, әншілік адамға берілген табиғат сыйы десек, батырды, биді заман туғызады. Кәзіргідей бейбіт заманда кім батыр, кім қорқақ екенін айыра алмайсың, бұл тек істе сыналады. Нәкеңнің батылдығы-на, айта қалардай батырлығына куә болған кезім ойға оралады. Бұл сәт 1988-ші жылдың ақпанында Алматыда өткен партия активінде болған еді. Сол кезде Маңғыстау облысын Атырауға қосу туралы әңгіменің шарықтап тұрған шағы болатын. Активте осы мәселе қаралмақ.Шақырылғандар жиналып болысымен бюро мүшелерін бастап келген Колбин президиумға отырмастан, залдағы Нәсіпқали Әбуғалиұлын көре сала, ашулы- жойқын кейіппен: «Адайлар Атырауға қосылмаймыз деп арыздануда, оны ұйымдастырып жүрген өзі адай Марабаев көрінеді»-деді өктем дауыспен. Сол сәтте  Нәкең сабырмен орнынан көтеріле бере: «біріншіден, мен арыз ұйымдастырудан аманмын, екіншіден,  елді ру-жікке бөлген емеспін. Ал адай деген сөзді Сізден естіп тұрмын, артық сөздің қажеті қанша »-деді мізбақпастан. Залда отырғандар енді не болар екен деген дей үнсіз қалды. Таяу отырған обкомның бірінші хатшысы Ю. Казаченко: «Нәсіпқали Әбуғалиұлы қояқойыңызшы енді»- деп бәйек болып жатты. Колбин болса, бұндай қайсарлық- батылдықты тұңғыш рет естіп- көріп тұрса  керек, қапелімде тығылып қалып, басқа сөз таппай, беті нарттай қызара «қап бәлем, сені көрермін»-дегендей сұс көрсетіп мінбеге көтерілді.Әрине, ол кезде Колбинге әлгідей сөздер айтып меселін қайтару екінің бірінің қолынан  келмейтін асқан қайсар- батырлық еді.1986-шы жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты Колбинге қарсы осындай ерлік сөз айтқан зиялылар арасынан әйгілі ақын Жұбан Молдағалиев болса, облыс басшыларынан тек Нәсіпқали Марабаев болды. «Өзің үшін туыпсың, елің үшін күйіпсің»-деп Бөлтірік би айтқандай, Нәсіп- қали Әбуғалиұлы Маңғыстау елі үшін екі облыстың қайтадан қосылуы тиім- сіз екенін айтудай-ақ айтқан еді. Сол үшін күйетінін де білді.Соған қарамас- тан «Ердің туы намыс » деп өткен Бауыржан Момышұлы сияқты, намысына  қылап түсірмей, елдің туын биік көтере білді.Біз кәзір Нәкеңнің мәңгілік мекені- сәнді салынған Ақсарайы алдында тұрмыз. Сәулетті сарай құтты болсын!Өмірден өтерде Біржан сал:«Жылама енді анасы, босқа бекер,Біржанға уақыт болды алыс кетер.Артымда жастай қалған құлындарым,Тірлікте әлі-ақ бір күн өсіп жетер»- деген екен. Біржанның осы  айтқанын еске алсақ, қадірлі Ләйлә Оқанқызы, Сіздің ұл- қыздарыңыз өсіп- жетілген, әке  жолын қуып, мұнай өндірісін басқару істерінде өздерінің қол таңбаларын қалдырып келе жатқан мақтан тұтарлық азаматтар. Шүкіршілік етіп, осы бәйтеректеріңнің аясында өзіңізді күте біліңіз, немере-шөбереле-ріңіздің қызығы Сізге қайғы бұлтын сейілтіп, күш – қуат бергей!Уа, халайық!«Адам керуен, өмір жол,Жан баспаған із емес.Жолмен көшкен керуеннің,Алды- арты да біз емес.»- деген сөз қалған ғой бабалардан.Басқалай не айтуға болады?    Нәсіпқали Әбуғалиұлы арамыздан алыс кетіп, Ақсарайына мәңгіге оралды. Біздер үшін ендігі қолдан келері «Қош қимас дос, айтулы асыл тұлға, жатқан жерің жайлы болсын, алдыңнан пейіштің нұры шалқысын, әумин!»-деп  бет сипау, өнегелі өмірін артында қалған еліне жан-жақты жеткізе білу  болмақ.                                                                         25. 11. 2007.