ВЕРНУТЬСЯ

Өмір іздерінің жаңғырықтары

  (Алғы сөз орнына)Менiң көз алдыма Маңғыстау десе Әрiповтер әулетi, ал Әрiповтер десе Маңғыстау келетiнi бар. Бозашы түбегіндегі Қаламқас жерiн мекен етiп, нәпақасын теңiзден тапқан балықшы Әрiп ақсақалдың ұрпақтарының не сиқыры бар сонда.  Ол  сыйқыр қайнар бұлақтай тұнық адами-кісілік, халықтық қадір-қасиеттерде екен. Бір сөзбен айтқанда, ата-бабалардан тамырын тереңге тартып, жоғалмай, қайта керісінше, жаңғыра жалғасып келе жатқан нағыз тектілік үрдісте. Міне, бар гәп те осында.

Алыптың Ақтау арқылы сапарлары

 (Д.А.Қонаевтың туғанына 90 жыл)Қазақ халқының жан берiп, жан алысқан, ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтың сөзiмен айтқанда “Мың өлiп, мың тiрiлген” тарихында елi үшiн өмiрдiң ыстығына күйiп, суығына тоңған, халық қамын ойлаудан жалықпаған, шешендiк пен iскерлiктiң, ерлiк пен сұңғыла саясаткерлiктiң жоғары үлгiсiн көрсеткен, осы айырықша қабiлет-қасиеттерiмен ел тарихында өшпестей iз қалдырған игi жақсылар, айтарлықтай Алыптар аз болмаған.

Айтулы тұлғаның қабылдауында болғанда

Таяуда ғана Түркiстан қаласында Нұртас Дәндiбайұлы Оңдасыновтың 100 жылдық мерей тойы аталып өттi. Осыған орай өткен ғылыми- теориялық конференцияда белгiлi қоғам қайраткерi, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Парламентi Сенатының депутаты Әбiш Кекiлбайұлының “Нұртас мемлекет және қоғам қайраткерi” тақырыбында Нұрекеңнiң өмiр жолы мен атқарған мемлекеттiк, қоғамдық қызметi жайында терең де сындарлы баяндама жасағанын газет беттерiнен, телеарналардан естiп- бiлiп отырмыз.

Естен кетпес тұлға

Жылдар өткен сайын өмірде болған оқиғалар,  кездескен, жұмыстас болған кісілеріңмен бірге өткізген күндер, атқарылған істер біртіндеп көмескілене беретіні белгілі.Дегенмен де кісінің жүрек төрінен өшпестей орын алатын есімдердің  болатыны сөзсіз.

Елім деп соққан жүрегі

Үстіміздегі жылдың 20-шы қазанында Атырау, Маңғыстау облыстарында, республика басшылығында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, ел есінде қалған Саламат Мұқашұлы Мұқашев 80 жасқа толар еді. Мейірімсіз ажал аяулы ағамызды 2004 жылдың 18 маусымында арамыздан алып кетті. Қазақ халқының аяулы ұлы болған көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Саламат Мұқашұлы Мұқашев туралы бұдан бұрын «Өркенді өлке, өнегелі өмір» атты кітап жазған едім..

Страницы